Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 29 маусымдағы № 888 қаулысы
(2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 591 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшері мен тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 29 маусымдағы
№ 888 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер
көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 (бұр. ред. қара); 2008.28.03. № 300 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы ереже "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254-1 Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Жылжымалы мүлік жөніндегі орталығының (бұдан әрі тіркеуші орган) жылжымалы мүлік кепiлi бойынша ақпараттық көмек көрсету үшін ақы алуының мөлшері мен тәртібін айқындайды.
2. Төлеушілер
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Ақпараттық қызметтер көрсеткені, соның iшiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзілiмiнен үзiндi көшiрме бергенi, сондай-ақ өтiнiш берушінің кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақыны көрсетiлген іс-әрекет мүддесi үшiн жасалатын заңды және жеке тұлғалар енгiзеді.
3. Ақы енгізуден босату
3. Олардың іc жүргізуіндегі істер бойынша прокуратура органдарының, соттардың, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдің тізіліміне көшірмені тегін алу құқығы берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепілдің тізілімінен көшірме ақы алынбастан беріледі.
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Жылжымалы мүлiк кепілi бойынша ақпараттық
қызметтер көрсету үшiн ақының мөлшерi
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Жеке және заңды тұлғалардан ақпараттық қызметтер ұсыну үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшін алынатын ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған айлық есептiк көрсеткiштi ескере отырып жарты айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Осы Ереженiң 3-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, ақы алмастан ақпараттық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 5-тараудың атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер
көрсету үшiн ақы енгізудің тәртібі мен мерзімдері
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы өтініш берілгенге дейін тіркеуші органның есеп шотына аударылады.
ҚР Үкіметінің 15.05.03 ж. № 453 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Тiркеушi органға түбіртек немесе ақпараттық қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшiрмесi ұсынылады.
7. ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 394 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)