Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 394 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 591 Қаулысымен күші жойылды
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы»;
1-тармақта:
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және» деген сөздер алынып тасталсын;
«Қоса берiлiп отырған» деген сөздерден кейiн «Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітiлген Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереже»;
1-тармақта:
«жылжымалы мүлiк кепілiн тiркеу және» деген сөздер алынып тасталсын;
"(бұдан әрі - тiркеушi орган)»деген сөздерден кейiн «жылжымалы мүлік кепiлi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ақпараттық қызметтер көрсеткені, соның iшiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзілiмiнен үзiндi көшiрме бергенi, сондай-ақ өтiнiш берушінің кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақыны көрсетiлген іс-әрекет мүддесi үшiн жасалатын заңды және жеке тұлғалар енгiзеді.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жылжымалы мүлiк кепілi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақының мөлшерi»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке және заңды тұлғалардан ақпараттық қызметтер ұсыну үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшін алынатын ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған айлық есептiк көрсеткiштi ескере отырып жарты айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Ереженiң 3-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, ақы алмастан ақпараттық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.»;
5-тараудың атауында «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн» деген сөздер «Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн ақы 50 проценті мөлшерiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне, 50 процентi тiркеушi органның есеп шотына аударылады;»деген сөздер алынып тасталсын;
5-1-тармақ алынып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тiркеушi органға түбіртек немесе ақпараттық қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшiрмесi ұсынылады.»;
7-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |