Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорынын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 26 мамырдағы № 649 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығының 2-бабына және Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.12.02 ж. № 1325 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ФУМЭКС» өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында iс-шаралар жүргiзу жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451; 19.12.02 ж. № 1325 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 24.09.99 ж. № 1451 қаулысымен 3-тармағы өзгертілді
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде:
1) Кәсіпорынның жарғысын әзірлесін және бекітсін;
2) оны мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 13.01.00 ж. № 72; 19.12.02 ж. № 1325 қаулыларымен 4-тармағы өзгертілді және толықтырылды
4. Заңдарға сәйкес Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
1) ҚР Үкіметінің 2006.09.01. № 28 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) карантиндiк объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою жөніндегі iс-шаралар жүргiзу және карантинге жатқызылған өнiмдi залалсыздандыру оның iшiнде фумигациялау;
2-1) алып тасталды
2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату.
2-3) тiркеуге ұсынылған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрiстiк жағдайда сапасын анықтау үшiн өндiрiстiк сынақтан өткізу;
2-4) ауыл шаруашылығы өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың), нитраттардың, нитриттердiң және ауыр металдар тұздарының қалдық сандары болуын тексеру.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі