«ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы № 72 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің «ФУМЭКС» республикалық мемлекеттік кәcіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., № 22, 221-құжат):
4-тармақта:
1) тармақшадағы «экономикалық» деген сөз алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) карантиндік зиянкестерге, өсімдіктердің ауруларына және арам шөптерге қарсы іс-шаралар жұргізу;";
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) аумақтардың фитосанитарлық жағдайы туралы ақпараттарды жинау мен дайындау;
2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату».
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі