«Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 Ққаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын.
Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;
статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;
маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1460 қаулысымен алып тасталды
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі