«Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» - «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 479 Ққаулысы
(2004.12.31. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұртшылықтың хабардар болу деңгейін көтеру, сондай-ақ статистикалық қызмет көрсетулерді тұтынушыларға сапалы жалпыға бірдей қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің Ақпараттық-баспа орталығы» «Қазстатақпарат» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және белгіленген тәртіппен оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сондай-ақ жарғылық қорын қалыптастырсын.
Аталған Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
статистикалық ақпаратты басып шығару, тарату және сату;
статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, статистикалық есептілік нысандарының бланкілерін басып шығаруға байланысты полиграфиялық қызметтер;
маркетингтік зерттеулер саласында қызметтер көрсету болып табылады.
3. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
реттік нөмірі 414-жол алынып тасталсын:
мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 480 және 481-жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі:
480 Қазақстан Республикасы Алматы қаласы; |
Статистика жөніндегі
агенттігінің Ақпараттық-
есептеу орталығы (шаруашылық
жүргізу құқығында),
4. ҚР Үкіметінің 2004.31.12 № 1460 қаулысымен алып тасталды
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі