236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген
тәртiбiн бұзу
Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттiк нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -
лауазымды адамдарға - мемлекеттiк қабылдау комиссиясының мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
237-бап. Өз бетiмен құрылыс салу
Белгiленген тәртiпте алынған лицензиясыз, рұқсатсыз өндiрiстiк, тұрғын-үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылық) немесе тұрмыстық объектiлер құрылысын өз бетiмен салу, -
өз бетiмен тұрғызған немесе тұрғызылып жатқан құрылысын мәжбүрлеп құлата отырып немесе онсыз, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
238-бап. Тұрғын үй-жайларды өз бетiмен қайта жабдықтау және қайта
жоспарлау
1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөнiндегi уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өз бетiмен қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде мемлекеттiк стандарттардың, техникалық шарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.
2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiлiк деп ұғынылады.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенiмдiлiк деп ұғынылады.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.
239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен
кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды
пайдалану саласындағы әкімшілік құқық
бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 240-бап өзгертілді
240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-
эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
1. Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген стандарттарды, нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген стандарттарды, нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
241-бап. Экологиялық ластану зардаптарын жою жөнiнде шаралар
жүргiзуден жалтару
Ластануға ұшыраған жерлерде залалсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi, егер бұл iс-әрекеттер адам немесе қоршаған орта үшiн ауыр зардаптарға әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 242-бап өзгертілді
242-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен
шығарылуы туралы хабарламау
Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық заңдарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға ластаушы заттардың өндiрiстiк нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсерi туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 243-бап жаңа редакцияда
243-бап. Атмосфераға шығарындыларды, сарқынды суды ағызуды
жол берiлетiн шектi нормативтерден асырып жiберу,
не рұқсат алмай ластаушы заттарды шығару, сарқынды
суды ағызу, өндiрiс қалдықтарын орналастыру және тұтыну
Шығарындыларды, ағындыны, зиянды физикалық әсердi жол берiлетiн шектi нормативтерден асырып жiберу, сондай-ақ осыған арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың рұқсатын алмай ластаушы заттарды атмосфераға шығару, сарқынды суды ағызу, өндiрiс қалдықтарын орналастыру және тұтыну, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
244-бап. Атмосфераға шығарылған қалдықтарды тазалауға арналған
жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ пайдаланбау
Атмосфераға шығарылған қалдықтардан тазарту және оларды бақылау үшiн орнатылған құрылғыларды, жабдықтар мен аппаратураларды пайдалану ережелерiн бұзу, сондай-ақ пайдаланбау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
245-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу
туралы заңдар талаптарын орындамау
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде өткiзу туралы заңдар талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында айтылған талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 246-бап өзгертілді
246-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы
нормативтерден асып кететiн көлiк және басқа да жылжымалы
құралдарды пайдалануға шығару
1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомобильдердi, ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға шығару, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 247-бап өзгертілді
247-бап. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы
нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да
жылжымалы құралдарды пайдалану
1. Шығарылған қалдықтарында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде туғызатын шуылдың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететiн автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды азаматтардың пайдалануы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
248-бап. Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды сақтамай
кәсiпорындарды пайдалануға беру
Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптарды қанағаттандырмайтын жаңа және қайта жаңғыртылған кәсiпорындарды, ғимараттарды және басқа да объектiлердi пайдалануға беру, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
249-бап. Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен жағу кезiнде
атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi
талаптарды сақтамау
Өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерiн бұзу, аталған қалдықтарды жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарды сақтамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
250-бап. Жердi бүлдiру
1. Сату немесе оны басқа адамдарға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын жою немесе өз бетiмен алу, бұлай алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болдырмау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
251-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе
пайдаланбау
Топырақ құнарлылығының төмендеуiнен көрiнетiн ауыл шаруашылық мақсатындағы жердi тиiмсiз пайдалану немесе пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
252-бап. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимiнiң талаптарын
орындамау
1. Жердi пайдаланудың табиғат қорғау режимiнiң талаптарын орындамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iсәрекеттер, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
253-бап. Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау
Жердi нысаналы мақсатында пайдаланбау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
254-бап. Уақытша иеленген жердi қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оны
мақсатына орай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру
жөнiндегi мiндеттердi орындамау
Уақытша иеленген жердi қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оны мақсатына орай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
ескерту жасауға немесе азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
255-бап. Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз
жүргiзу
Iздестiру жұмыстарын жер учаскесiн пайдалануға рұқсатсыз жүргiзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 256-бап өзгертілді
256-бап. Жер учаскелерiн беру туралы өтiнiмдердi қараудың белгiленген
мерзiмдерiн бұзу
Азаматтардың және заңды тұлғалардың өздерiне жер учаскелерiн беру немесе меншiк немесе жер пайдалану құқығына құжаттарды қайта ресiмдеу туралы өтiнiмдерiн (өтiнiштерiн) қараудың белгiленген мерзiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
257-бап. Тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi бар екендiгi туралы
ақпаратты жасыру
Жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерi бар екендiгi туралы ақпаратты жасыру, оны бұрмалау, жер учаскелерiн бөлуден негiзсiз бас тарту, -
жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
258-бап. Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау
мәлiметтерiн бұрмалау
Жердi мемлекеттiк тiркеу, есепке алу және бағалау мәлiметтерiн қасақана бұрмалау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
259-бап. Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу
жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу
Келiсiм-шарт жасаспай жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
260-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын бұзу
Жер қойнауын геологиялық зерттеу құқығын беруге арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдаудан негiзсiз бас тарту, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
261-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру, сарқынды суды
ағызып жiберу ережелерiн бұзу
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру, сондай-ақ сарқынды суды ағызып жiберу ережелерiн бұзу, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
262-бап. Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi
ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде ережелердi бұзу
Минералды шикiзатты өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың жобаларын әзiрлеу кезiнде белгiленген ережелердi бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
263-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi
ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер
қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу
Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi ұйымдардың құрылысын салу және пайдалануға қосу кезiнде жер қойнауын қорғау ережелерiн қамтамасыз етпеу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
264-бап. Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық
шешiмдердi сақтамау
Минералды шикiзат өндiру мен қайта өңдеу жөнiндегi жобалық шешiмдердi пайдалы қазбаларды және компоненттердi алудың толықтығы мен пайдаланудың кешендiлiгi, өндiрiс қалдықтарын бөлек жинау және сақтау бөлiгiнде сақтамау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
265-бап. Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу
кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу
Жер қойнауын пайдалану және минералды шикiзатты қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердi бұзу, егер бұл әрекет елеулi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
266-бап. Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi
ережелердi бұзу
Пайдалы қазбаларды ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi ережелердi бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
267-бап. Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының
бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу
Жер қойнауының жай-күйiн және пайдалы қазбалар қорларының бар екендiгiн есепке алу жөнiндегi ережелердi бұзу, -
Лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу
жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау
Минералды шикiзатты өндiру мен қайта өңдеудi есепке алу жөнiндегi бастапқы және мемлекеттiк есептеменi бұрмалау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
269-бап. Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi
мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу
Өндiру және қайта өңдеу кезiнде пайдалы қазбалардың мөлшерi мен сапасын дұрыс анықтау ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
270-бап. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және
залалсыздандыру ережелерiн бұзу
Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге асыру және залалсыздандыру ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
271-бап. Кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын олардың сақталуын және
халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге
келтiру ережелерiн бұзу
Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, таратылған немесе уақытша тоқтатылған кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiндей жай-күйге келтiру жөнiндегi ережелердi, сондай-ақ уақытша тоқтатылған кезде кен орындары мен бұрғылау ұңғыларын сақтау жөнiндегi ережелердi бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
272-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша
тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу
Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату мен уақытша тоқтатып қою жөнiндегi ережелердi бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
273-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына
минералды шикiзатты пайдалану туралы ақпарат беруден бас
тарту немесе жалтару
Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералды шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және сенiмдi ақпарат беруден бас тарту немесе жалтару, -
лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
274-бап. Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты
қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын
нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi
Лауазымды адамдардың жер қойнауы және минералды шикiзатты қайта өңдеу туралы заңдардың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
275-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу
ережелерiн бұзу
Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардың талаптарын бұзу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
276-бап. Су ресурстарын қорғау ережелерiн бұзу
1. Жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Судың ластануын және былғануын немесе оның зиянды әсерiн болдырмайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi iске қосу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимi жай-күйiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу, -
лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
277-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен
жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн зақымдау, оларды