3. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағыны олардың алған жиынтық жылдық табысы мен келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызметi бойынша шығарған шығыны арасындағы айырма ретiнде белгiленедi.
4. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы осы Кодекске сәйкес белгiленедi.
5. Жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарттың қолданылу шеңберiнде салық кезеңiнде жұмсаған шығынына мынадай нақты шығындар:
1) осы Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру барысында капиталға айналдырылатын және амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылатын шығындар (ашық кен орындары жөнiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша бiрiншi жылдың күрделi шығындарына жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi және келiсiм-шарт жасалған күнгi тiркелген активтердің қалдық құны жатады);
2) күрделi шығындар бойынша есептелген амортизациялық аударымдар сомасы мен заем қаражаттары бойынша сыйақыларды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын шығындар;
3) осы Кодекске сәйкес есептелген, салық кезеңi бойынша есептелген корпорациялық табыс салығы мен дивидендке салынған салық сомалары, сондай-ақ салық кезеңiнiң алдындағы кезеңнiң үстеме пайдасына есептелген салық сомалары жатады.
6. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағынын инфляция индексiне түзету жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт күшiне енген екiншi жылдан бастап мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
ҚАА (n)
ТАА (n) = ------------------------------------,
(1 + ИИ1) х (1+ ИИ2) х...х (1+ИИn - 1)
мұнда: ҚАА - есепті жылдың осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қолма-қол ақша ағыны;
ТАА - инфляция индексiне түзетiлген ақша ағыны;
ИИ - инфляция индексі;
1, 2,... n - уақыт кезеңi (жыл).
7. Тиісті жылға арналған инфляция индексін статистика жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
8. Пайданың ішкі нормасын белгілеудің осы бапта белгіленген тәртібі үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу, сондай-ақ ақша ағынының инфляция индексіне түзетуін есепке алмай, жасалатын келісім-шарттардың, жобалардың, техникалық-экономикалық есептеулері үшін пайданың ішкі нормасын есептеу кезінде қолданылады.
308-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары
Үстеме пайда салығының ставкалары салық кезеңіндегі таза кіріске проценттермен мынадай мөлшерде белгіленеді:
Пайданың iшкi нормасы (ПIН), % | |
20-дан кем немесе оған тең | 0 |
20-дан артық, бiрақ 22-ден кем немесе оған тең | 4 |
22-ден артық, бiрақ 24-тен кем немесе оған тең | 8 |
24-тен артық, бiрақ 26-дан кем немесе оған тең | 12 |
26-дан артық, бiрақ 28-ден кем немесе оған тең | 18 |
28-ден артық, бiрақ 30-дан кем немесе оған тең | 24 |
30-дан артық | 30 |
309-бап. Салық кезеңі
Үстеме пайда салығы үшін осы Кодекстің 136-бабында белгіленген салық кезеңі қолданылады.
310-бап. Салық төлеу мерзімі
Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
311-бап. Салық декларациясы
Yстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.
49-тарау. Өнімді бөлу туралы келісім-шарт
312-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың негiзгi талаптары
1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыға келiсiм-шарт аумағында ақылы негiзде пайдалы қазбаларды өндiруге және өзiнің есебiнен осыған байланысты жұмыстар жүргiзуге құқық беретiн шарт болып табылады және онда мынадай талаптар болуға тиiс:
1) бөлiнуге тиiс өнiмнiң жалпы көлемi;
2) Қазақстан Республикасының үлесiн және жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмiн анықтау;
3) пайдалы өнiмдi (өтемдiк өнiм шегерiлiп тасталғаннан кейiн бөлiнуге тиiс өнiм) бөлу нысаны (заттай, ақшалай);
4) өндiрiлген өнiмнің келiсiм-шарт бойынша жұмыстарды орындауға кеткен шығынды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының меншiгiне берiлетiн бөлiгiн белгілеу (өтемдiк өнiм);
5) өнiмнiң үлесiн ақшалай баламамен алған кезде өнiмнiң бағасын белгiлеу және құнын анықтау.
2. Күнтiзбелiк ай өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу жөнiндегi салық кезеңi болып табылады.
3. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң есебiн жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей табыс етедi.
4. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей төленедi.
313-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасу
кезiнде өтелетiн шығындардың құрамы
1. Жер қойнауын пайдаланушының жұмыс бағдарламасын орындау кезiнде нақты жұмсаған, негiзделген шығындары өтелетiн шығындар деп ұғылады. Жер қойнауын пайдаланушының орны толтырылатын шығындарды өтеуге жұмсалатын шектi үлесi қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескерiле отырып, әрбiр келiсiм-шарт бойынша жеке-дара белгiленедi, бiрақ ол жер қойнауын пайдаланушының есептi салық кезеңiнде өндiрген пайдалы қазбаларының жалпы көлемiнің 80 процентiнен аспауы керек. Орны толтырылатын шығындар келiсiм-шартта көзделген тәртiппен бекiтiледi.
2. Орны толтырылатын шығындардың құрамына мыналар енгiзiледi:
1) жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт күшiне енгенге дейiн нақты жұмсаған шығындары:
келiсiм-шарт жасасудың алдындағы кезеңде жобаның техникалықэкономикалық негiздемесiн әзiрлеу мен жасауға кеткен шығындар;
осы жобаға байланысты iздеу бағалау және барлау жұмыстарына кеткен және келiсiм-шарт күшiне енгенге дейiн жұмсалған шығындар;
2) осы баптың 3) тармақшасында аталған шығындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап және ол қолданылған бүкiл кезең iшiнде нақты жұмсаған шығындары.
3. Өтемдiк өнiм есебiнен орны толтырылмайтын шығындар:
жер қойнауын пайдалану құқығына конкурсқа қатысқаны үшiн жарна төлеу жөнiндегi шығындар;
геологиялық ақпарат алу жөнiндегi шығындар;
келiсiм-шартта шектеулер белгiленген баптар бойынша, оларды асырып жiберу бөлiгiндегi шығындар, соның iшiнде әкiмшiлiк шығындар;
жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi өтемдiк өнiмiн және пайдалы өнiм үлесiн өткiзуге байланысты шығындар, соның iшiнде осы өнiмдi жеткiзу (бөлу) пунктiнен өткiзу пунктiне дейiн жеткiзуге кеткен шығындар, тасымалдау кезiндегi шығындар, өнiмдi жеткiзiлетiн пунктке дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға кеткен шығындар, комиссиялық және басқа шығындар;
акционерлердiң (құрылтайшылардың) талап етуi бойынша қаржышаруашылық қызметке жүргiзiлген тексеруге (аудитке) байланысты шығындар;
жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шартта белгiленген өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағанына немесе тиiсiнше орындамағанына байланысты туындаған шығындар;
экскурсиялар мен саяхаттарға жолдама құнын төлеуге байланысты шығындар;
кредит үшiн және заем қаражаттарын пайдаланғаны үшiн процент төлеу;
сот талқылауына байланысты шеккен шығындар;
кез келген мемлекеттiк органдар жер қойнауын пайдаланушыдан өндiрiп алатын айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
келiсiм-шарт бойынша қызметке қатысы жоқ басқа да шығындар.
4. Жер қойнауын пайдаланушының орны толтырылатын шығындары:
келісiм-шарт бойынша жасалған не сатып алынған мүлiктi жалға бергенi үшiн жалдау ақысын алуға байланысты операциялық кiрiстер сомасына, оларды алуға байланысты шығындарды шегерiп тастағандағы сомаға;
келiсiм-шарт шеңберiндегi қызметтен алынған басқа да кiрiс (айыппұл, өсiмпұл, тұрақсыздық айыбы және т.б.) сомасына кемiтiледi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 314-бап өзгертілді
314-бап. Өнiмдi заттай нысанда бөлу бойынша роялтидi және
Қазақстан Республикасының үлесiн белгiлеу мен төлеу
тәртiбi
1. Роялтидi заттай нысанда төлеу келiсiм-шартына қосымша келiсiм жасалған жағдайда, оған қол қойылатын кезге дейiн келiсiмнiң құқықтық және салық сараптамалары мiндеттi түрде жүргiзiледi.
2. Өнiмдi бөлу бойынша роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн заттай нысанда төлеу осы төлемдер үшiн келiсiм-шартта белгiленген төлемнiң ақшалай нысанына баламалы болуға тиiс.
3. Өнiмдi бөлу бойынша роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн төлеудiң заттай нысанын белгiлеу кезiнде келiсiмде:
1) роялти мен республика үлесiне тиесiлi өнiм бөлiгiн мемлекет атынан алатын алушы (бұдан әрi - алушы);
2) өнiм беру пунктi мен шарттары мiндеттi түрде көрсетiледi.
4. Келiсiмдердегi жер қойнауын пайдаланушының роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу есебiне берiлетiн өнiмдi беру мерзiмдерi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта осы төлемдердi ақшалай нысанда төлеу үшiн белгiленген төлеу мерзiмiне сәйкес келуi тиiс.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы алушыға өнiмдi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген төлемдердi төлеу мерзiмiнен кешiктiрмей бередi.
5. Алушы төлемдi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта ақшалай нысанда төлеу үшiн белгiленген төлемдердi төлеу мерзiмiнде жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт талаптарына сәйкес есептеген ақшалай түрдегi роялти мен Қазақстан Республикасы үлесiнiң сомасын мемлекеттiк бюджетке аударады, сондай-ақ өзiне жер қойнауын пайдаланушының тиiстi өнiм көлемiн уақтылы және толық беруiне өз бетiнше бақылау жасайды.
6. Жер қойнауын пайдаланушы мен алушы салық органына заттай нысандағы өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттардағы роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу (беру) туралы есептiлiктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысанда, келiсiм-шартта белгiленген мерзiмдерде табыс етедi.
7. Алушы алынған өнiм үшiн бюджетке қаражат аударудың мерзiмдерi мен оның толық аударылуын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
11-бөлім. Әлеуметтік салық
50-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 315-бап өзгертілді
315-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
2) қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
3) жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңымен 316-бап өзгертілді
316-бап. Салық салу объектiсi
1. Осы Кодекстiң 149-бабының 2-тармағына сәйкес белгiленетiн кiрiстер, сондай-ақ өтемдi қызметтер көpceту шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке кәсiпкерлерге төлемдердi қоспағанда) түрiнде жұмыс берушiнің қызметкерлерге төлейтiн шығындары 315-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағында аталған төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi болып табылады, оларға осы Кодекстiң 144-бабының 1), 3), 6), 8), 10), 11), 14)-17), 23), 25)-29), 31)-34) тармақшаларында белгiленген төлемдер, сондай-ақ мыналар қосылмайды:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.
2. Осы Кодекстiң 315-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
3. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 317-бап өзгертілді
317-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
Қызметкердiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 15-тен 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары | салық салынатын табыс сомасынан 20 процент 15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 15 процент 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 12 процент 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент |
2. Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент еместер әкiмшiлiк-басқарушы, инженер-техник қызметкерлердiң
шетелдiк мамандары үшiн мынадай cтaвкa бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:
Қызметкердiң салық салынатын табысы | Ставкасы |
40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен бастап және одан жоғары | салық салынатын табыс сомасынан 11 процент 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 5 процент |
3. Жеке кәсiпкерлер, арнаулы салық режимiн қолданатындарды
қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен
басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн үш айлық есептiк көрсеткiш
және әрбiр қызметкер үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
әлеуметтiк салық төлейдi.
4. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту сөйлеу көру қабiлетiнен
айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң
121-бабы 2-тармағыныңәлеуметтiк салық төлейдi.
5. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер мен заңды
тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң
374-384-баптарында 51-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңымен 318-бап өзгертілді
318-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес белгiленген әлеуметтiк салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 317-бабында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiлiп отырады.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
319-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 321-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
3. Арнаулы салық режимдерiн қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
320-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты төлеу
ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк мекемелердiң есептi айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктiлiгi мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк жәрдемақылар сомасына кемiтiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 321-бап өзгертілді
321-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi.
2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.
52-тарау. Салық декларациясы
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (01.01.04 ж. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр. ред. қара) Заңымен 322-бап өзгертілді
322-бап. Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация және құрылымдық бөлiмшелер бойынша әлеуметтiк салық есеп-қисабы
1. Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 374-390-баптарында белгiленген тәртiппен тапсырады.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.
12-бөлім. Жер салығы
53-тарау. Жалпы ережелер
323-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елдi мекендер жерлерiне;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);
5) орман қорының жерлерiне;
6) су қорының жерлерiне;
7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.
2. Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiлерiмен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi;
2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;
2) орман қорының жерлерi;
3) су қорының жерлерi;
4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, оларға осы Кодекстiң 336-бабында белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.
5. Жер салығы:
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 324-бап өзгертілді
324-бап. Төлеушiлер
1. Мынадай:
1) жеке меншiк құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгiленген құқықтарда салық салынатын объектiлерi бар құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер деп танылады.
3. Мыналар:
1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша;
2) мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдар;
3) осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектің ата-анасының бiреуi:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гаражға арналған жер учаскелері бойынша;
6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар;
7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды.
4. Осы баптың 3-тармағының 2), 4)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушiлер пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 325-бап өзгертілді
325-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушiнi анықтау
1. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi (пайдалануындағы) жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
2. Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
326-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
1) елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқа да ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады.
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскелерi.
Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.
4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.