ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 113-бап өзгертілді
113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Осы топқа енетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған нақты шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға рұқсат етiледi.
2. Әрбiр топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында топтың құндық балансынан белгiленген мынадай шектерде шегерiледi:
Топ Топтың атауы Шектi N нормасы (%) |
I Үйлер, құрылыстар 15 II Ғимараттар 15 III Беріліс құрылғылары 15 IV Қуат машиналары мен жабдықтары 25 V Қызмет түрлерi бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары (икемдi көлiктен басқа) 25 VI Басқа машиналар мен жабдықтар (икемдi көлiктен басқа) 25 VII Ұтқыр көлiк 25 VIII Компьютерлер, шеткерi құрылғылар мен деректердi өңдеу жабдығы 20 IX Басқа топтарға енгiзiлмеген тiркелген активтер 15 |
Көрсетiлген шектен асатын сома тиiстi кiшi топтың құндық балансын iс
жүзiндегi шығыстарға тепе-тең арттырады.
3. Мемлекеттiк бюджеттен алынған субсидиялар есебiнен жөндеуге
жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтардың құн балансын
ұлғайтпайды.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, жалдаушы жалға алынатын
негiзгi құралдарға қатысты жүргізген және жалға берушi жалдау шартына
сәйкес өтемеген шығыстар осы бапта айқындалған тәртiппен шегерiмге
жатқызылуға тиiс.
5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетiлген шығыстар осы бапқа
сәйкес шегерiмге жатқызылмаған жағдайда, мұндай шығыстар жалға алушыда
тиiстi жекелеген амортизациялық кiшi топтар құрады және осы Кодекстің
107-бабында айқындалған тәртiппен жалдау шартының қолданылу мерзiмi
iшiнде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық табыстан
шегерiледi. Жалдау шартының қолданылу мерзiмi аяқталған соң жалға алушы
тиiстi кiшi топтың құндық балансын шығарып тастайды.
6. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген негiзгi
құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстардың сомасы кiшi топтың
тиiстi құндық балансын ұлғайтады.
§ 4. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша
табыстар мен шегерiмдер
114-бап. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша табыстар мен шегерiмдер
1. Ұзақ мерзімдi келiсiм-шарттарға қатысты табыстар мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлiгiнде салық кезеңi iшiнде ескерiледi.
Тауарларды тиеп жiберуге, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасалған, қолданылу мерзiмi бiр жылдан артық келiсiм-шарт (шарт) ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарт болып табылады.
2. Келiсiм-шарттың орындалу үлесi салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыстар сомасын осы келiсiм-шарт бойынша жалпы шығыстар сомасымен салыстыру арқылы анықталады.
16-тарау. Салық төлеушілердің кейбір санаттарына
салық салу жөніндегі жекелеген ережелер
§ 1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 115-бап өзгертілді
115-бап. Салық салу объектiсi
1. Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған) сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері:
1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;
2) инвестициялық кірістер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;
4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тәртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;
6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;
7) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға берілген заемдар бойынша кірістер;
8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер;
9) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарына беретiн өтемақы төлемдерi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектiсi болып табылмайды.
2. Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен осы тармақта белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы өзге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.
116-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстары мен шығыстарының есебi
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметiн қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталмаған өзге де қызметтiң табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
117-бап. Корпорациялық табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тiркелген аударымдар түрiнде корпорациялық табыс салығын:
1) жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 процентi;
2) жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша - алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 процентi мөлшерiнде төлейдi.
2. Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңi iшiнде алуға жататын (алған) табыстарға осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 118-бап өзгертілді
118-бап. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша салық органдарына есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей бiр ай iшiнде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етедi.
Осы Кодекстің 115-бабының 2-тармағында көрсетілген кірістер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын осы Кодекстің 126-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады.
2. Салық кезеңiнің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Кодекстiң 137-бабында белгiленген мерзiмде барлық табыстар жөнiнде декларация табыс етуге мiндеттi.
3. Түпкiлiктi есеп айырысу мен корпорациялық табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген мерзiмде жүргiзiледi.
119-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негiзiнде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есептi айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн төлейдi.
2. Осы Кодекстiң 115-бабының 1-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiнде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша осы Кодекстiң 126-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
§ 2. Басқа санаттардағы салық төлеушiлерге салық салу
29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 119-1-баппен толықтырылды
119-1-бап. Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салу
1. Осы баптың күші қолданылатын, мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
1) 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қамтитын аралықтағы кезеңде мемлекеттiк тiркеуден өткен;
2) өндiрiстiк мақсаттағы (толық технологиялық циклi бар) объектiлерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиялары осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген кезеңде пайдалануға қабылдаған;
3) жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қызмет түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауынан өндiрiлетiн мұнай және (немесе) газ өнiмдерiн өңдеуге негiзделген жеке өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
4) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлерiне (осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген) инвестициялардың ең төменгi көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген кемiнде бес миллион айлық есептiк көрсеткiштi құрайтын ұйымдар жатады.
2. Осы баптың күші қолданылмайтын ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарлар өндiретiн ұйымдар;
арнаулы салық режимдерiн қолданатын ұйымдар жатады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептер осы Кодексте белгiленген тәртiппен, осы баптың 4-тармағында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
4. Бюджетке төленуге тиiстi корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады.
Осы тармақта көзделген салық сомасының азайтылуы осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген талаптар сақталмаған жағдайда, мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
6. Осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiптi мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды сақтаған кезде) мемлекеттiк қабылдау комиссиялары өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл бойы қолданады.
7. Салық кезеңi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық есептілігiн табыс етудiң тәртiбi мен мерзiмдерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 120-бап өзгертілді
120-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтер (үй-жайлар) иелерi кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мәртебесi бар, өз қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) осындай қызметiне орай табыс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза табысты немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылады.
2. Коммерциялық емес ұйымның депозиттер бойынша сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, кондоминиумға қатысушылардың жарналары, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегі аударымдар мен қайырмалдық түрiнде алған табысы, осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталған жағдайда, салық салуға жатпайды.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған шарттар сақталмаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымның табыстарына жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстарға жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс. Бұл ретте коммерциялық емес ұйым осы бапқа сәйкес салық салудан босатылған табыстар бойынша және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
5. Белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағын негiзге ала отырып, барабарлық әдiсi бойынша анықталады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 121-бап өзгертілді
121-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Қызметiн әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға жылдық жиынтық табысының кем дегенде тоқсан процентiн грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ қызметтің мынадай түрлерiнен:
1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсетуден;
2) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қызметтiң осы түрлерiн жүргiзу құқығына тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласында қызмет көрсетуден;
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда) саласында қызмет, тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызмет көрсетуден;
4) кiтапхана қызметiн көрсетуден алынуға тиіс (алынған) кіріс құрайтын ұйымдар жатады.
2. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға, мынадай шарттарға сай келетiн:
салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 процентi болатын;
салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процент) құрайтын ұйымдар да жатады.
Осы баптың ережелерi акцизделетiн тауарлар өндiру мен өткiзу жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен табыстар алатын ұйымдарға қатысты қолданылмайды.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған ұйымдардың табыстары, сондай-ақ грант, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырмалдықтар түрiнде алынған қаражат аталған қызмет түрлерiн жүзеге асыруға жұмсалған кезде салық салуға жатпайды.
4. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, алынған табыстарға осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
17-тарау. Салық салынатын табысты түзету
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 122-бап өзгертілді
122-бап. Салық салынатын табысты түзету
1. Салық төлеушiнің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың екi процентi шегiнде мынадай шығыстар алып тасталуға тиiс:
1) әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауға салық төлеушiнiң нақты жұмсаған шығыстары;
2) коммерциялық емес ұйымдарға өтеусiз берiлген мүлiк;
3) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.
2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланатын салық төлеушiлер салық салынатын табысты мүгедектердің еңбегiне ақы төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселенген және мүгедектерге төленетiн жалақы мен басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомасынан 50 процент мөлшерiндегi соманы азайтуға құқығы бар.
3. Салық төлеушiлер салық салынатын табысты үш жылдан артық мерзiмге берiлген негiзгi құралдардың қаржы лизингi бойынша алынған сыйақы сомасына, кейiннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады.
4. Қызметiнiң айрықша түрi ауыл шаруашылығына кредит беру болып табылатын, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар салық салынатын табысты қызметтiң осындай түрiнен алынған табыс сомасына азайтады.
4-1. Қызметінiң айрықша түрі ауыл шаруашылығы саласында микрокредит беру болып табылатын микрокредиттiк ұйымдар салық салынатын табысты қызметтiң осы түрiнен алынған табыстардың сомасына азайтады.
5. Салық төлеушiнiң амортизациялық аударымдарды есептеп шығаруы осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес жүргiзiлген, пайдалануға алғаш енгiзiлген тiркелген активтердi үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн өткiзген жағдайда жасалған қосымша шегерiм сомасы салық төлеушiнiң тiркелген активтердi өткiзген салық кезеңiндегi салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады.
18-тарау. Залалдар
123-бап. Залал ұғымы
1. Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.
2. Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал мыналар:
борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша өткiзу құны мен иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;
борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 124-бап өзгертілді
124-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды өткiзуден шеккен залалдар кейiнгi салық кезеңдерiнiң салық салынатын табысы есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге, үшiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
Жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары бойынша жүзеге асырылатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жетi жылға дейiнгi мерзiмге, жетiншi жылы қоса есептелiп, ауыстырылады.
Салық төлеушi салық кезеңiнде осы Кодекстiң 110-бабының 2-тармағына сәйкес есептеп шығарылған амортизациялық аударымдарды шегерiмдерге жатқызу нәтижесiнде шеккен залалдарға осы баптың ережелерi қолданылмайды.
2. Өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткiзуден шегетiн залалдарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде туындайтын залалдар өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткiзу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтеледi.
Егер осы залалдар орын алған кезеңiнде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгi мерзiмге ауыстырылып, өткізу күніне қор биржасының "А" және "В" ресми тiзiмiндегi акциялар мен облигацияларды, мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткiзу кезіндегі құн өсімінен түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыс есебiнен өтелуге тиiс.
19-тарау. Корпорациялық табыс салығын есептеп
шығару тәртібі мен оны төлеу мерзімдері
125-бап. Корпорациялық табыс салығы сомасын есептеп шығару
Корпорациялық табыс салығы салық кезеңi үшiн осы Кодекстің 135-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы осы Кодекстiң 124-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысқа осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып қолдану жолымен есептеп шығарылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 126-бап өзгертілді
126-бап. Аванстық төлемдер сомасын есептеп шығару
1. Салық төлеушiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен аванстық төлемдердi енгiзу жолымен салық кезеңi iшiнде корпорациялық табыс салығын төлейдi.
2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеушi ағымдағы салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып, бiрақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етiп есептеп шығарады.
3. Өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасы өткен салық кезеңi үшiн аванстық төлемдер сомаларының есебiндегi аванстық төлемдер сомаларынан асып кеткен кезде, салық төлеушi өткен салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген iс жүзiндегі салық мiндеттемесi мөлшерiн негiзге ала отырып, декларация тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн аванстық төлемдер сомаларын есептеуге мiндеттi.
4. Салық төлеушi төлеуге тиiс аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi iшiнде тең үлестермен төленедi.
5. Салық төлеушi корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн жасап, есептi салық кезеңiнің 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органына табыс етедi.
6. Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейiн төленуге тиiс аванстық төлемдер сомаларының есебiн салық төлеушi декларацияны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бірақ есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірмей табыс етедi.
7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен немесе салық салынатын табысы жоқ салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде, сондай-ақ жаңадан құрылған салық төлеушілер құрылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде салық кезеңi iшiнде төленуге тиiс аванстық төлемдердiң болжамды сомасының есебiн салық органына табыс етуге мiндеттi.
8. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде, өткен салық кезеңi үшiн декларация тапсырғанға дейiн төленуге тиiс аванстық төлемдердiң сомаларын қоспағанда, түзетудің себептерiн жазбаша негiздей отырып, салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн беруге құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 127-бап өзгертілді
127-бап. Корпорациялық табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығын төлеудi өзiнiң тұрып жатқан орны бойынша жүзеге асырады.
2. Салық төлеушiлер корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 136-бабында белгiленген салық кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес анықталған мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын төлеп тұруға мiндеттi.
3. Салық кезеңi iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомалары салық кезеңi үшiн корпорациялық табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептеп шығарылған корпорациялық табыс салығын төлеу есебiне жатқызылады.
4. Салық төлеушi салық кезеңiнің қорытындысы бойынша корпорациялық табыс салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды (төлемдi) декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 128-бап өзгертілді; ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 128-бап алып тасталды
128-бап. алып тасталды