1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықты берген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
2. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
3. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 340-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
56-тарау. Салық кезеңі және салық есептілігі
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 56-тараудын тақырыбы өзгертілді
343-бап. Салық кезеңi
Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 344-бап жана редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 344-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
344-бап. Салық есептілігі
1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
4. Осы Кодекстің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есебін осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
6. Осы баптың ережелері бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруа-шылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.
13-Бөлім. Көлік құралдары салығы
57-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 345-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
345-бап. Салық төлеушiлер
1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
1-1) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 346-бап өзгертілді
346-бап. Салық салу объектiлерi
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.
58-тарау. Салық ставкалары
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Салық ставкалары
1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса 1500-ден жоғары 2000-ды қоса 2000-нан жоғары 2500-ді қоса 2500-ден жоғары 3000-ды қоса 3000-нан жоғары 4000-ды қоса 4000-нан жоғары 2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса 5 тоннадан жоғары 3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер 4. Автобустар: 12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда 12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса 25 отыратын орыннан жоғары 5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес) Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары) 6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса 500-ден жоғары 1000-ды қоса 1000-нан жоғары 7. Ұшу аппараттары | 4,0 6,0 7,0 12,0 17,0 22,0 117,0 6,0 9,0 12,0 15,0 3,0 90, 14,0 20,0 1,0 10,0 6,0 18,0 32,0 55,0 әрбір киловатт қуатта айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
2. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы
бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше
сантиметрді қоса, он екi айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық
салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық
есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000
текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткiш ставкасы
бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше
сантиметрдi қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң
аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің
белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан
асқан жеңiл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi
қолданылады:
ТМД елдерiнде шығарылған автокөлiк құралдары үшiн:
6 жылдан - 15 жылға дейiн қоса алғанда - 0,3;
15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;
25 жылдан жоғары - 0,1;
двигатель көлемi мынадай басқа автокөлiк құралдары үшiн:
3000 текше сантиметрге дейiн қоса алғанда - 0,5;
3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса - 0,7;
4000-нан жоғары - 1,0.
Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңіл
автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету
коэффициентi 0.
4. Белгiленген салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу
мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы
автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
7 жылдан - 14 жылға дейiн қоса алғанда - 0,5;
14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0,3;
20 жылдан жоғары - 0,1.
5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық
ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан
Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;
1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1
сәуiрден кейiн алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1
cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.
6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының
паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген
көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
7. Осы баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік
құралдарының пайдаланылу мерзiмiне қарай салық ставкаларына мынадай
түзету коэффициенттерi қолданылады:
5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
5 жылдан жоғары - 10 жылды қоса алғанда - 0,5;
10 жылдан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0,3;
20 жылдан жоғары - 30 жылды қоса алғанда - 0,2;
30 жылдан жоғары - 0,1.
59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу
мерзімдері
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 348-бап өзгертілді; ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Салықты есептеу тәртiбi
1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.
2. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметiнде пайдаланатын салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) беретiн тарап үшiн:
салық кезеңiнiң басында қолда бар көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
салық кезеңiнiң iшiнде сатып алынған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;
2) алушы тарап үшiн - салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бiрiншi күнiнен бастап, салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап одан кейiн аталған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезеңге есептеледi.
3. Салық кезеңi iшiнде жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:
1) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп, бюджетке енгiзедi;
2) көлiк құралына меншiк құқығын жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиiстi салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II Заңымен 348-1-баппен толықтырылды; ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-1-бап өзгертілді
348-1-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
1. Егер меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шiлдеге дейiн болған көлiк құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгiленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша, ағымдағы төлемдердi енгiзу арқылы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Осы Кодекстiң 348-бабының 4-тармағында көрсетiлген көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен кейiн алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.
3. Алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару құқығын 1 шiлдеден кейiн алған жағдайда жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiнгi он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде көрсетiлген көлiк құралдары бойынша салық төлеудi жүргiзедi.
4. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүргiзетiн заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салық төлеуi осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырылады.
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен көлiк құралын иеленушi тұлғаның көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
60-тарау. Салық кезеңі және салық декларациясы
349-бап. Салық кезеңi
Көлiк құралдары салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 350-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 350-бап өзгертілді
350-бап. Салық есептiлiгi
Салық төлеушiлер (жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебiн ағымдағы салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде, сондай-ақ көлiк декларацияны есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарына табыс етедi.
14-бөлім. Мүлік салығы
61-тарау. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге
салынатын мүлік салығы
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 351-бап өзгертілді
351-бап. Салық төлеушiлер
1. Мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.
2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi салық төлеушiлер ретiнде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
4. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.
Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;
2) салық салу осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
3) мемлекеттiк мекемелер;
4) алып тасталды
5) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
6) дiни бiрлестiктер.
Осы тармақтың 5) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.
352-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi анықтау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келiсiм бойынша салық төлеушi сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн.
Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалға алушының салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша осы салық салу объектiлерiнің меншiк иелерiнің бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi бола алады.
4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 353-бап өзгертілді
353-бап. Салық салу объектiсi
1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп жөнiндегi заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте белгiленген материалдық емес объектiлер материалдық емес активтер болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) осы Кодекстiң 326 және 327-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;
2) осы Кодекстiң 346-бабына сәйкес көлiк құралдарына салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияда тұрған негiзгi құралдар;
4) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:
бұрылу белдеуi;
жолдардың конструкциялық элементтерi;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпiрлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
суды бұрып жiберетiн және су өткiзгiш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желiлiк өндiрiстiк кешендер, үйлер мен ғимараттар, тұрғын үйлер;
5) осы Кодекстiң 138-140-баптарында белгiленген тәртiппен инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлетiн негiзгi құралдар;
6) қайта тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстар түрiндегi аяқталмаған құрылыс объектiлерi, сондай-ақ көрсетiлген объектiлерде монтаждауды талап ететiн жабдықтар.
354-бап. Салық базасы
1. Бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша анықталатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады.
3. Осы Кодекстiң 351-бабы 4-тармағының 3)-5) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы пайдалануға немесе жалға берiлген осы салық салу объектiлерiнің үлесiн негізге ала отырып анықталады.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 355-бап өзгертілді
355-бап. Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда) мен жеке кәсiпкерлер салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi.
2. Төменде аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 процент ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстің 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы бойынша есептейдi және төлейдi.
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 356-бап өзгертілді
356-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салық төлеу тәртiбi осы Кодекстің 385-390-баптарында белгiленген.
3. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығы әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнің басындағы бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
5. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.