Ортақ пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнің қызметтiк және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады.
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімi бойынша консервацияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi.
4) осы Кодекстің 138-140-баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны іске асыру үшін иемденіп алынған және пайдаланылатын жер учаскелері.
327-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтау
1. Темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгi ұйымдары үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Электр беру желiлерi мен кiшi станциялар тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндiрудi, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берілген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
4. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желілерi бар байланыс ұйымдары үшiн осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады.
328-бап. Салық базасы
Жер салығын анықтау үшiн жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады.
54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
§1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын
салық ставкалары
329-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын
базалық салық ставкалары
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
2. Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт-сарғылт және сарғылт топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі аумақтардың күңгірт сұр (сұр-қоңыр), сарғылт (қоңыр) топырақты және тау бөктерінің қара топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түрде төмендегідей жер салығының базалық салық ставкалары белгіленеді:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 0,48 0,67 0,87 1,06 1,25 1,45 1,68 1,93 2,16 2,41 | 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 | 43,42 44,49 45,55 46,65 47,71 48,77 49,83 50,95 52,01 53,07 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 2,89 3,09 3,28 3,47 3,67 3,86 4,09 4,34 4,57 4,82 | 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 | 57,90 60,63 63,26 65,95 68,61 71,31 73,96 76,66 79,32 82,02 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 5,31 5,79 6,27 6,75 7,24 7,72 8,20 8,68 9,17 9,65 | 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 | 86,85 89,55 92,19 94,89 97,56 100,26 102,91 105,61 108,27 110,97 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 14,47 15,54 16,59 18,08 18,76 19,82 20,88 22,00 23,06 24,12 | 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 | 115,80 119,02 122,21 125,45 128,67 131,86 135,10 138,32 141,51 144,75 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 28,95 30,01 31,07 32,17 33,23 34,29 35,36 36,48 37,54 38,60 | 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 | 149,57 154,40 159,22 164,05 168,87 173,70 178,52 183,35 188,17 193,00 |
100-ден жоғары 202,65 |
3. Шөлейттi, шөлдi және тау бөктеріндегi шөлдi аумақтардың
ашық-сарғылт, құба, сұр-құба, ашық және кәдiмгi сұр топырақты, сондай-ақ
таулы аумақтардың таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы
альпілiк және субальпiлiк топырақты жерлерiне бонитет балына барабар
түрде жер салығының төмендегiдей базалық салық ставкалары белгiленедi:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 0,48 0,54 0,58 0,62 0,67 0,73 0,77 0,81 0,87 0,96 | 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 | 19,78 20,26 20,75 21,23 21,71 22,19 22,68 23,16 23,64 24,12 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 1,45 1,83 2,22 2,55 2,93 3,32 3,71 4,05 4,44 4,82 | 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 | 24,61 25,28 25,82 26,44 27,02 27,64 28,22 28,85 29,49 30,07 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 5,31 5,79 6,27 6,75 7,24 7,72 8,20 8,68 9,17 9,65 | 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 | 30,69 31,27 31,88 32,46 33,09 33,68 34,31 34,93 35,51 36,15 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 10,13 10,61 11,09 11,58 12,06 12,54 13,03 13,51 13,99 14,47 | 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 | 36,71 37,34 37,92 38,56 39,18 39,76 40,38 40,95 41,59 42,17 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 14,96 15,44 15,92 16,40 16,89 17,37 17,85 18,33 18,82 19,30 | 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 | 42,18 43,39 44,00 44,62 45,20 45,84 46,38 47,03 47,61 48,25 |
100-ден жоғары 50,18 |
330-бап.
Жеке тұлғаларға берiлген ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық
ставкалары
Жеке тұлғаларға өзiндiк (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшiн қора-қопсы салынған жердi қоса алғанда, берiлген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
көлемi 0,50 гектарға дейiн қоса алғанда - 0,01 гектар үшiн 20 теңге; көлемi 0,50 гектардан асатын алаңға - 0,01 гектар үшiн 100 теңге.
331-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылатын
ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаған жерлерге
салынатын салық ставкалары
Елдi мекендердiң, өнеркәсiптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кiретiн, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланылатын жер учаскелерiне осы кодекстiң 338-бабының 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
§ 2. Елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салық ставкалары
332-бап. Елдi мекендердiң жерлерiне (үй iргесiндегi жер
учаскелерiн қоспағанда) салынатын базалық салық
ставкалары
Елдi мекендердiң (үй iргесiндегi жер учаскелерiн қоспағанда) жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары алаңның бiр шаршы метрiне шаққанда мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
Елді мекеннің түрі | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыс- тар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) |
1 | 2 | 3 |
| | |
Алматы | 28,95 | 0,96 |
Астана | 19,30 | 0,96 |
Ақтау | 9,65 | 0,58 |
Ақтөбе | 6,75 | 0,58 |
Атырау | 8,20 | 0,58 |
Тараз | 9,17 | 0,58 |
| 9,65 | 0,58 |
8,68 | 0,58 |
Көкшетау | 5,79 | 0,58 |
| 6,27 | 0,58 |
Павлодар | 9,65 | 0,58 |
Петропавл | 5,79 | 0,58 |
Орал | 5,79 | 0,58 |
| 9,65 | 0,58 |
Шымкент | 9,17 | 0,58 |
Алматы облысы: | | |
Облыстық бағыныстағы басқа қалалар | 6,75 | 0,39 |
Аудандық бағыныстағы басқа қалалар | 5,79 | 0,39 |
| | |
5,79 | 0,39 |
5,02 | 0,39 |
Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 85 проценті | 0,2 |
Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 проценті | 0,19 |
Поселкелер | 0,96 | 0,13 |
Селолар (ауылдар) | 0,48 | 0,09 |
333-бап.
Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатнy базалық
салық ставкалары
Елдi мекендердiң тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi деп есептеледi.
Үй іргесiндегi жер учаскелерiне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиiс:
1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
көлемi 1000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге.
Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
2) басқа елдi мекендер үшiн:
көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге;
көлемi 5000 шаршы метрден асатын алаңға - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге.
Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық ставкалары 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.
§ 3. Өнеркәсiп жерiне салынатын салық ставкалары
334-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары
1. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға шаққанда бонитет балына барабар мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
Бонитет балы | Базалық салық ставкасы (теңге) | Бонитет балы Базалық салық ставкасы (теңге) |
1 | 2 | 3 4 |
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | 48,25 91,67 135,10 178,52 221,95 265,37 308,80 352,22 395,65 439,07 482,50 | 51 2634,45 52 2690,23 53 2745,95 54 2801,72 55 2857,46 56 2913,24 57 2968,96 58 3024,73 59 3080,47 60 3136,25 |
11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 | 530,75 592,41 654,08 715,68 777,35 839,01 900,67 962,29 1023,96 1084,66 | 61 3188,36 62 3247,75 63 3325,49 64 3364,61 65 3423,05 66 3489,25 67 3539,95 68 3598,39 69 3656,81 70 3715,25 |
21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 | 1138,70 1189,07 1239,35 1287,73 1340,29 1390,66 1441,07 1491,45 1541,88 1592,25 | 71 3769,29 72 3829,64 73 3890,53 74 3951,67 75 4012,79 76 4073,88 77 4135,02 78 4196,15 79 4257,23 80 4319,34 |
31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 | 1646,29 1693,03 1740,76 1788,47 1836,20 1883,87 1931,58 1979,31 2027,02 2074,75 | 81 4371,45 82 4432,57 83 4493,66 84 4554,80 85 4615,92 86 4677,01 87 4738,15 88 4799,27 89 4860,36 90 4921,50 |
41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 | 2126,86 2178,19 2228,61 2278,98 2329,41 2379,79 2340,22 2480,57 2531,00 2582,34 | 91 4975,54 92 5054,48 93 5134,32 94 5214,22 95 5294,09 96 5373,99 97 5453,83 98 5533,73 99 5613,59 100 5693,50 |
100-ден жоғары 5790,00 |
2. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер
пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жердi қоспағанда, қорғаныс мұқтажы
үшiн берiлген жерлерге осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар
бойынша салық салынуға тиiс.
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша
пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа жер
пайдаланушыларға берiлген жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының
талаптары ескерiле отырып, 329-бапта белгiленген ставкалар бойынша салық
салынуға тиiс.
4. Магистралды темiр жолдарды бойлай қорғаныштық екпе ағаштар
орналасқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң
338-бабы 1-тармағының329-баптаставкалар бойынша салық салынады.
335-бап. Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын салық ставкалары
1. Елдi мекендер шегiнде (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне осы Кодекстің 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
2. Елдi мекендер шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс (осы баптың 3-тармағында аталған жерлердi қоспағанда) орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңiрлерiне базалық ставкалар жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен төмендетiлуi мүмкiн. Осы Кодекстiң 338-бабының 1-тармағында белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 процентiнен аспауы тиiс.
3. Елдi мекендер шегiнде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елдi мекендер шегiнде орналасқан өнеркәсiп жерлерiне, аэродромдар алып жатқан жердi қоспағанда, әуежайлар алып жатқан жерлерге осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 332-бапта белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн әуе кемелерiнiң ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшiн арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесi аэродром деп ұғылады.
§4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су
қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
336-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 329-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
2. Жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне осы Кодекстiң 338-бабы 1-тармағының талаптары ескерiле отырып, 334-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға тиiс.
§ 5. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және
базарлар орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық
ставкалары
337-бап. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелерiне салынатын салық ставкалары
1. Елдi мекендердiң автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.
Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн осы Кодекстің 332-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс.
Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергілікті өкілді органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
2. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналасқан елдi мекендердiң базарлар аумағына бөлiнген жерлерiне, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында елдi мекендер жерлерiне белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген сауда орындары тiкелей орналастырылған базарлар аумағына бөлiнген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, осы Кодекстiң 332-бабында таяу орналасқан елдi мекендер жерлерi үшiн белгiленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиiс. Базарларға қызмет көрсету өңiрлерi алып жатқан өзге де базар аумағына осы Кодекстiң 332-бабына сәйкес белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жерлерiне базалық ставкалар салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергiлiктi өкiлдi орган белгiлейдi.
Жергiлiктi өкiлдi органның шешiмi бойынша салық ставкасы кемiтiлуi мүмкiн, бiрақ ол осы Кодекстiң 332-бабында белгiленгеннен кем болмауға тиiс.
Осы тармақтың ережесi мал сату жөнiндегi базарларға қолданылмайды, оларға жер салығы осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген ставкалар бойынша салынады.
3. Осы бапта аталған коэффициенттер жерлердi автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар үшiн iс жүзiнде пайдаланған кезден бастап қолданылады.
§6. Салық ставкаларын түзету
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 338-бап өзгертілді
338-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
1. Жергілiктi өкiлдi органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн жерлердi өңiрлерге бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде жер салығының ставкаларын осы Кодекстiң 329, 330, 332, 334-баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкаларынан елу проценттен аспайтындай етiп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушiлер үшiн жер салығының ставкасын жеке-дара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
2. Мынадай төлеушiлер салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0,1 коэффициенттi қолданады:
1) балалардың сауықтыру мекемелерi, мемлекеттiк табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi, мемлекеттiк табиғат парктерi, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
2) дiни бiрлестiктердi қоспағанда, осы Кодекстiң 120-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
3) осы Кодекстiң 121-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
4) қызметiнiң негiзгi түрi ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру жөнiндегi жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
5) балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттiк кәсiпорындар;
6) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
7) психоневрологиялық және туберкулез мекемелерi жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн немесе оның бiр бөлiгiн (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бiрге не оларсыз) жалға, өзге де негiздерде пайдалануға беру немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезiнде салықты 0,1 коэффициенттi қолданбай, жалпы белгiленген тәртіппен есептейдi.
4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар жер салығын осы Кодекстiң 140-2-бабының 4-тармағында және 140-5-бабының 3-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.
55-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
339-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы жүргiзіледi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесi берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.
3. Жер учаскесiн иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану кезеңi үшiн есептеледi.
4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi қоныстың бiр санатынан басқа санатына ауыстыру кезiнде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елдi мекендер үшiн бұрын белгiленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы - қоныстардың жаңа санаты үшiн белгiленген ставкалар бойынша алынады.
6. Елдi мекен таратылған және оның аумағы басқа елдi мекеннiң құрамына қосылған кезде, таратылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка тарату iске асырылған жылдан кейiнгi жылдан бастап қолданылады.
7. Салық төлеушiлер орналасқан жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, жер салығының мөлшерi шектесiп орналасқан жерлердiң бонитет балы негiзге алына отырып анықталады.
8. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы жер учаскесiндегi үлесiне барабар есептеледi.
9. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 385-390-баптарында белгiленген.
10. Қорғаныс қажетi үшiн берiлген жерлерге салынатын салықты алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II; 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 340-бап өзгертілді
340-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi мен төлеу
мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 324-бабының 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретiн тұлғаның жер учаскесiне iс жүзiнде иелiк еткен кезеңi үшiн төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеген кезде бюджетке енгiзiлуi тиiс.
Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келiсiм бойынша) бiрi енгiзуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
9. Салық төлеушi салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.
10. Осы баптың ережелері бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 341-бап өзгертілді
341-бап. Жекелеген жағдайларда салық есептеудiң ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиiс.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 342-бап өзгертілді
342-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi