2. Лотерея билеттерiн сатуға шығарудың әрбiр шығарылымы және оның ақша түрiндегi көлемi лотерея билеттерiн өткiзу басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей салық органдарында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
Лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. N 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 268-бап өзгертілді
268-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу кезiнде осы Кодекстiң 259-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi тiркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күнiнің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге шартты (келiсiм-шартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар кедендiк жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден ресiмдеуiн жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi соғылған тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетiн тауарлар өткізуден түскен нақты түсiмді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетiлген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткiзу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткiзуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткiзу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға тиiс.
269-бап. Акциз сомасын есептеу
1. Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Ойын бизнесi бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңiне белгiленген акциз ставкасын салық салынатын объектiлердiң санына қолдану арқылы анықталады.
Салық кезеңiнде салық салынатын объектiлердiң саны өзгерсе, енгiзiлген (шығып қалған) объектiге акциз сомасы толық көлемде төленедi.
270-бап. Салықтан шегеру
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 269-бабына сәйкес белгiленген салық сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге кемiтуге құқығы бар.
2. Акцизделетiн тауарларды (спирттiң барлық түрiн және газ конденсатымен бiрге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрi акцизделетiн тауарлар өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерiлуге тиiс.
Осы тармаққа сәйкес салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзге алынып анықталған акциз сомасына шегерiм жасалады.
Осы баптың ережелерi акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде де, акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарының меншiк иесi акциздiң төленгенiн растаған жағдайда қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 271-бап өзгертілді
271-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз:
1) салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
2) салық кезеңінің екiншi он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнінен;
3) салық кезеңiнiң қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнінен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.
2. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға өнiм берiлген күнi төленедi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген газ конденсатын қоса алғанда шикi мұнайды өнеркәсiптiк ұқсатуға берген кезде акциз ол берiлген күнi төленедi.
4 алып тасталды
1) салық кезеңiнiң алғашқы он күнiнде жасалған операциялар бойынша айдың он үшiншi күнiнен;
2) салық кезеңiнiң екiншi он күнiнде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнiнен;
3) салық кезеңiнiң қалған күндерiнде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.
5. Өз өндiрiсiнің акциз салынуға тиiстi шикiзатынан акцизделетiн тауарлар өндiрген кезде осы шикiзатқа акцизделетiн дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгiленген мерзiмде акциз төленедi.
6. Ойын бизнесi бойынша акциз осы Кодекстiң 395-бабында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде төленедi.
7. Лотерея ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудан түскен акциз осы Кодекстiң 267-бабына сәйкес жүзеге асырылатын лотерея билеттерiн сатуға шығару тiркелген күнге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.
272-бап. Акциз төленетiн жер
1. Акциз төлеу осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер, егер олар:
1) осы Кодекстiң 257-бабы 1-тармағының 1)-2) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды өндiрудi және (немесе) оларды құюды;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын болса, осы Кодекстiң 273-бабында көзделген тәртiппен құрылымдық бөлiмшелердің орналасқан жерi бойынша акциз төлейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 273-бап өзгертілді
273-бап. Салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн акциз есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 272-бабының 2-тармағында көрсетiлген және құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелердi олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарында тiркеу есебiне қоюға және өзiнің құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу есебiне қойғаны туралы өзi тiркелген жерi бойынша салық органына хабарлауға мiндеттi.
2. Құрылымдық бөлiмше үшiн төленуге тиiс акциз сомасы әр құрылымдық бөлiмше бойынша жасалған құрылымдық бөлiмше жөнiндегi акциз есебi негiзiнде анықталады.
3. Акциз есебiн құрылымдық бөлiмшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңi iшiнде құрылымдық бөлiмшелер жүргiзген операциялар ескерiледi.
4. Акциз төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төлеуге тиiс акциз сомалары бойынша есептi құрылымдық бөлiмшенің тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстің 275-бабында белгiленген мерзiмдерде табыс етуге мiндеттi.
5. Ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз төлеудi акциз төлеушi заңды тұлға тiкелей өзiнiң есеп шотынан төлейдi немесе ол құрылымдық бөлiмшеге жүктеледi.
6. Осы бапта белгiленген тәртiп осы Кодекстiң 272-бабының 2-тармағында аталған қызметтi өзi тiркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады. Жеке кәсiпкер, ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, акциз төлеудi өзi қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша жүргiзедi.
274-бап. Салық кезеңi
Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
275-бап. Салық декларациясы
1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң, салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төлеушi өзi тiркелген жерi бойынша салық органдарына акциз жөнiндегi декларация табыс етуге мiндеттi.
2. Осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағында аталған акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есептi табыс етедi.
3. Декларация мен құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
44-тарау. Акцизделетін тауарлардың импортына салық салу
276-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарлардың салық базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде белгiленедi.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық салынатын база импортталатын акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендiк құны ретiнде анықталады.
277-бап. Импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз төлеу
мерзiмдерi
1. Импортталатын тауарларға акциздер, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерiн төлеу үшiн белгiленген күнi төленедi.
2. Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес таңбалануға тиiстi импортталатын акцизделетiн тауарларға акциздiк маркаларын алған күнге дейiн немесе алған күнi акциз төленедi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған акцизделетiн тауарларды iс жүзiнде импорттауды жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 278-бап өзгертілді
278-бап. Акцизден босатылған акцизделетiн тауарлардың импорты
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз төленбейдi.
2. Төмендегi тiзiп көрсетiлген импортталатын тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi, сондай-ақ аварияны (сынып қалуды) жою үшiн шет елден сатып алынған акцизделетiн тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйым және материал ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнің, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар;
4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, "Еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кеден режимi шеңберiнде акцизден босатылатын тауарлар;
5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
10-бөлім. Жер қойнауын пайдаланушыларға
салық салу
45-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 279-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
279-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар
1. Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөнiндегi қызметке салық салудың ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:
1) үстеме пайда салығын;
2) экспортталатын шикi мұнайға рента салығын;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.
Осы Кодексте "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келiсiм-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу жөнiндегi қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 280-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)
280-бап. алып тасталды
281-бап. Жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттар жасалғанға дейiн салық салу
Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 282-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу
1. Салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.
2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық салу шарттары олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық салу шарттары келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.
Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
4. Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:
1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;
2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға қолданылмайды.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 283-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
283-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм- шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екi үлгiге бөлiнедi:
1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
экспортталатын шикi мұнайға салынатын рента салығы;
газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға салынатын акциз;
үстеме пайда салығы;
жер салығы;
мүлiк салығы қосылмайды.
2. алып тасталды
3. алып тасталды
4. алып тасталды
284-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi
Келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 285-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
285-бап. Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша салық салу шарттары
1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.
Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 286-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
286-бап. Салық сараптамасы
1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасаған өнiмдi бөлу туралы келісiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, салық салу шарттарын анықтау, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеу мақсатында өткiзiлетiн мiндеттi сараптама.
2. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
46-тарау. Бонустар
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 287-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
287-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер
1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:
1) қол қойылатын;
2) коммерциялық табу бонусын төлейдi.
§ 1. Қол қойылатын бонус
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 288-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
288-бап. Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртiбi
1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.
2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келiсiм-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келiсiм-шартта бекiтiледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 289-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
289-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi
Қол қойылатын бонус келiсiм-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.
290-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 291-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
291-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртiбi
1. Коммерциялық табу - келiсiм-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.
2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 292-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
292-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi
Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 293-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
293-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
294-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
47-тарау. Роялти
295-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.
2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.
3. Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
296-бап. Төлеушiлер
Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан, роялти төлеушiлер болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. N 500-II Заңымен 297-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
297-бап. Роялти төлеу тәртiбi
1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, eceптeу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.
2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Мыналар:
1) пайдалы қазбалардың өзi:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмiр және жанғыш тақтатастар;
тауарлы кендер;
жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;