ҚР 07.01.03 ж. N 372-II; 03.06.03 ж. N 428-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 441, 443, 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 454 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 488-490, 491 (бiрiншi бөлiгiнде), 492 (бiрiншi бөлiгiнде), 493 (бiрiншi бөлiгiнде), 495, 497, 497-1, 497-2, 497-3, 499, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның Астана және Алматы қалалық және облыстық бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
550-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 89-94, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
облыстар, қалалар мен аудан бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi орталық атқарушы органының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк еңбек инспекторы азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
551-бап. Авторлық құқықтар жөнiндегi органдар
1. Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 128, 145-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға Авторлық құқықтар жөнiндегi комитеттiң төрағасы мен оның орынбасарлары, әдiлет басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
552-бап. Көшi-қон және демография жөнiндегi органдар
1. Көшi-қон және демография жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 398, 399 (өз құзыретi шегiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон және демография жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон және демография жөнiндегi органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
553-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi
орталық атқарушы органының органдары
1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының органдары осы Кодекстiң 89, 220, 221, 271, 272 (техникалық қауiпсiздiк бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлерде жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуi мен жарылғыш материалдарды сақтау, пайдалану және есепке алу жөнiндегi ережелердiң, нормалар мен нұсқаулықтардың бұзылуы жайындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы аумақтық органдарының құрамына кiретiн облыстық, облысаралық, теңiз, Астана және Алматы қалаларының инспекцияларының бастықтары мен олардың орынбасарлары, салалық инспекциялардың бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының төтенше жағдайларды мемлекеттiк қадағалау, техникалық және кен қадағалау жөнiндегi департаментiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор болып табылатын директоры мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының төрағасы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
554-бап. Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган
1. Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 122, 123, 240-249, 259-275, 291, 295-297, 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк аға инспекторлар мен аумақтық мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторлары, табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы;
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi аумақтық мемлекеттiк бас инспекторларының және мемлекеттiк аға инспекторларының ұсынуы бойынша заңды тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша барлық хаттамалары мен қаулыларын бекiтедi.
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 400-404, 405 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 406-408, 411, 412, 420, 422, 425, 431, 435, 436 (бiрiншi бөлiгiнде), 438-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503-512-баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503-512-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - аудандық (қалалық) әскери комиссарлар;
2) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 463, 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 470-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы, аға инспектор, сондай-ақ белгiленген тәртiппен әскери автомобиль полициясының штаттан тыс инспекторлары болып тағайындаған офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар - ескерту түрiнде әкiмшiлiк шаралар қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл ғана көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
557-бап. Мемлекеттiк санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттiк санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 323-бабында (бұл тәртiп бұзушылықтар, автокөлiк құралдарын шығаруға немесе пайдалануға байланысты тәртiп бұзушылықтарды қоспағанда, атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi санитариялық-гигиеналық ережелер мен нормаларды бұзу болып табылса) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, темiр жол және әуе көлiгi объектiлерiндегi және басқа да объектiлердегi мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер
министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң санитариялық
қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
559-бап. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi орган
1. Мал дәрiгерлiк қадағалау саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 310-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бас мал дәрiгерлiк инспекторы мен оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Мемлекеттiк шекара мен көлiктегi мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспектор, облыстардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мал дәрiгерлiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мал дәрiгерлiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
аудандардың, қалалардың мемлекеттiк бас мал дәрiгерлiк инспекторлары, селолық округтердiң мал дәрiгерлiк инспекторлары, жергiлiктi атқарушы органдардың мал дәрiгерлiк мекемелерi мен ведомстволық мал дәрiгерлiк қызметтiң мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыруға өкiлеттiк берiлген мал дәрiгерлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау органдары лауазымды адамдарының:
1) өткiзу орындарында - мал (соның iшiнде құс, балық және ара), азық-түлiк және мал өнiмдерi шикiзатын сатудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн бұзғаны үшiн;
2) темiр жол, су жолы және әуе көлiгiнде, тас жолдар мен қара жолдарда, мал айдайтын жолдарда - малды (соның iшiнде құсты, балықты және араны), азық-түлiк пен мал өнiмдерi шикiзатын тасымалдаудың мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелерiн, сондай-ақ мал айдау ережелерiн бұзғаны үшiн;
3) Мемлекеттiк шекарада - Қазақстан Республикасының аумағын шет мемлекеттерден малдың (соның iшiнде құстың, балықтың және араның) жұқпалы ауруларының әкелiнуiнен қорғау жөнiндегi мал дәрiгерлiк-санитариялық ережелердi бұзғаны үшiн айыппұлды сол жерде алуына болады.
560-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi органдары осы Кодекстiң 294, 307, 309-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi республиканың Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi облыстық және қалалық қызметтiң мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi аудандық қызметтер мен шекаралық посттардың мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға - беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
561-бап. Су ресурстары жөнiндегi органдар
1. Су ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 127, 276, 277, 278 (екiншi бөлiгiнде), 279-281, 314-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бас бассейн (аумақтық) инспекторлары мен олардың орынбасарлары; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган басшысының жерасты суларын қорғауды бақылау мәселелерiн басқаратын орынбасары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар; табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жүйесiнiң аумақтық өндiрiстiк геология бiрлестiктерiнiң бастықтары азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
суды пайдалануды реттеу және суды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
562-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi
органдар
1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 121, 125, 126, 282-290, 292, 294-297, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 299-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
орман қорының жерiнде, орман, балық және аңшылық шаруашылықтарында орманшылар, қорықшылар, орман шеберлерi, өрт-химия станцияларының ары, орман инспекторлары, орман күтушiлерi, орман шаруашылығының, орманды қалпына келтiрудiң және қорғаныш орман өсiрудiң барлық санаттағы инженерлерi, барлық санаттағы инженер-ормантанушылар, орман питомниктерiнiң бастықтары, аңшылық жүргiзушiлер, бас аңшылық жүргiзушiлер, бас орман күтушiлерi, директорлар;
орман қорғау станцияларында - барлық санаттағы техник-ормантанушылар, барлық санаттағы инженерлер, бастықтар;
орман селекциялық-тұқым өсiру орталықтарында - орман шеберлерi, орман күтушiлерiнiң көмекшiлерi, орман күтушiлерi, барлық санаттағы инженер-тұқым өсiрушiлер, бас тұқым өсiрушiлер, директорлар;
облыстардың орман және аңшылық шаруашылық органдарында - құрылымдық бөлiмшелердiң (бөлiмдердiң, секторлардың, инспекциялардың) орманды сақтау және қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары, бас аңшылық жүргiзушiлер, бас орман күтушiлерi, бас директорлар;
ормандарды авиациялық қорғау базасында, авиабөлiмшелерде, авиабазаларда, авиабуындарда - парашюттiк-өрттен қорғау және десанттық-өрттен қорғау топтарының, командаларының, қызметтерiнiң нұсқаушылары, аға нұсқаушылары, механикаландырылған отрядтардың бастықтары, бақылаушы ұшқыштар, авиабөлiмшелердiң бастықтары, авиабуындардың командирлерi, орман қорғау жөнiндегi инженерлер, авиабазаның ұшу қызметi жөнiндегi бастығының орынбасары, бастық;
ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, бiлiктiлiктi арттыру институтында, орман тұқымы станцияларында - құрылымдық бөлiмшелердiң орманды сақтау және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру, орманды пайдалану және орман орналастыру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман, балық және аңшылық шаруашылығын басқару органында - құрылымдық бөлiмшелердiң орманды сақтау және қорғау, орманды қалпына келтiру және қорғаныш орман өсiру, орманды пайдалану және орман орналастыру мәселелерiн жүргiзетiн мамандары мен басшылары, төрағаның орынбасарлары, төраға құқылы.
563-бап. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 120, 121, 250-258-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Жер ресурстарын және жер инспекцияларын басқару жөнiндегi республикалық, облыстық және аудандық органдарының басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
564-бап. Мемлекеттiк сынамалық қадағалау органдары
1. Мемлекеттiк сынамалық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 142-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк шаралар қолдануға:
мемлекеттiк сынамалық қадағалау инспекцияларының бастықтары - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
565-бап. Монополияға қарсы органдар
Монополияға қарсы органдар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекенi қорғау жөнiндегi заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер соттың қарауына жатқызылатын реттердi қоспағанда, осы Кодекстiң 147-бабында көзделген iстердi қарайды.
566-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi
мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 329 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде), 498 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк Бас инспекторы мен оның орынбасарлары; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының стандарттар мен өлшем құралдарын қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторлары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
567-бап. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган
1. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 461-бабының (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (тракторлар, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары жүргiзушiлерiнiң жасаған құқық бұзушылығы бөлiгiнде), ауылшаруашылық техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 468 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 474, 475, 483-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары ауылшаруашылық техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 567-1-баппен толықтырылды
567-1-бап. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 175-бабында (екінші бөлігінде) (өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер жасаған құқық бұзушылық бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.
568-бап. Құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдары
1. Құрылыс және сәулет-құрылыс бақылау органдары осы Кодекстiң 130, 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары, ал жергiлiктi жерлерде тексеру жүргiзген кезде осы органдардың инспекторлары (мамандары) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.