белгiлер тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттiк наградаларға атауы ұқсас немесе сырттай ұқсастығы бар белгiлердi тағайындау немесе жасау, -
белгiлер тәркiлене отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
531-бап. Айырым белгiлерi, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың,
құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар
нысанды киiмдi заңсыз киiп жүру
1. Айырым белгiлерi, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi бар нысанды киiмдi заңсыз киiп жүру, -
нысанды киiм, айырым белгiлер, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiленiп, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi жекеше детективтiк қызметтi немесе күзет қызметiн жүзеге асыруға арнайы рұқсаты (лицензиясы) бар адамның осы қызметтi жүзеге асырумен байланысты жасауы, -
нысанды киiм, айырым белгiлер, мемлекеттiк әскерилендiрiлген ұйымдардың, құқық қорғау немесе бақылаушы органдардың рәмiздерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттiк лауазымға не мемлекеттiк немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк лауазымдағы, сондай-ақ келеңсiз себептермен мемлекеттiк қызметтен босатылған адамдардың кiрiстер туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, мемлекеттiк қызметтен босатылғаннан кейiн үш жыл бойы жыл сайын берiп тұрмауы немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бiрнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
533-бап. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi жеке тұлғаларға
немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық
сыйақы беру
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. N 484-II Заңымен ескертумен толықтырылды
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаза қолданылғаннан кейiн жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
535-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және
заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. N 484-II Заңымен 536-бап өзгертілді
536-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу
жалған ақпарат беру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзетiн органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат беру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. N 484-II Заңымен 537-бап өзгертілді
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк
органдар басшыларының шара қолданбауы
Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша құқықтық статистика және ақпарат органдарына, салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарауға уәкілетті органдар
31-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 02.07.03 ж. N 451-II Заңымен 538-бап өзгертілді
538-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi мыналар қарайды:
1) мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық), қалалардағы аудандық комиссиялар;
3) iшкi iстер органдары, мемлекеттiк инспекциялар органдары және осы Кодекстiң 543-576-баптарымен осындай iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдары (олардың лауазымды адамдары).
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстiң 538-бабының 3) тармақшасында көрсетiлген органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстiң 541-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген баптарды қоспағанда, осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған iстердi қарайды және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, не қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмшiлiк жазалау шаралары мiндеттi түрде қолдануға жатпайтын жағдайларда, оларды қолдану қажеттiгi жоқ болған кезде, iстердi ведомстволық бағыныстылығына қарай тиiстi орган (лауазымды адам) осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген шараларды қолданбай қарауы мүмкiн.
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
540-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссияларды құру тәртiбi
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды жергiлiктi атқарушы органдар комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелерi және комиссияның жауапты хатшысы құрамында құрады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның төрағасы мен жауапты хатшысы тиiстi мемлекеттiк органдар аппараттарының штаттағы қызметiнде болады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияны құру мен оның қызмет iстеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.
32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің
қайта қарауға жататындығы, лауазымды
адамдардың істерді қарау және әкімшілік
жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
ҚР 28.03.03 ж. N 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. N 428-II; 02.07.03 ж. N 451-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. N 483-II (01.01.04 ж. күшіне енеді) (қолданыстағы ред. қара) Заңдарымен 541-бап өзгертілді
541-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы Кодекстiң 80-86, 95-112, 115, 117-119, 124, 129, 135-139, 140 (екiншi бөлiгiнде), 142, 143, 148-157, 158, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 162, 163, 168-1, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 179, 183, 184, 188, 190, 192, 194, 197, 199, 200, 202, 203, 205 (үшiншi бөлiгiнде), 211, 213, 214, 217, 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 293, 298 (екiншi-төртiншi бөлiктерiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 308, 315, 316, 318-322, 324-328, 329 (екiншi бөлiгiнде), 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 339, 340, 342-357, 362, 363, 366, 368 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 391 (екiншi бөлiгiнде), 393, 394, 396 (екiншi бөлiгiнде), 397, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413-419, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 436 (екiншi бөлiгiнде), 437, 442, 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 447 (екінші, үшінші бөліктерінде), 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (үшінші және 6-1 бөліктерінде), 462 (үшінші бөлігінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 466, 467 (бiрiншi үшiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 467-1, 468 (екiншi бөлiгiнде), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 491 (екiншi бөлiгiнде), 492 (екiншi бөлiгiнде), 493 (екiншi бөлiгiнде), 494, 496 (екiншi бөлiгiнде), 498 (екiншi бөлiгiнде), 501, 502, 513-537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
542-бап. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi
комиссиялар
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық комиссиялар кәмелетке толмағандар жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 543-бап толықтырылды
543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 113, 114, 116, 131-134, 144, 159, 160, 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 244, 247, 277, 283, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 314, 323, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 337, 338 (екiншi бөлiгiнде), 341, 364, 365, 367, 368 (бiрiншi бөлiгiнде), 369, 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377-380, 387, 395, 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 481 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 132, 159, 160, 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 165, 283, 311, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 159, 164, 165, 338 (екiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 130-132, 159, 164, 165, 283, 311, 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463, 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (екiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 468 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 472-475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 473, 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында (азаматтарға қатысты) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - арнайы шендерi бар жол полициясының қызметкерлерi;
8) осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 283, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 323, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау, санитариялық және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 113, 114, 116, 333 (екiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
544-бап. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдары
1. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдары осы Кодекстiң 249, 277, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметi органдарының атынан iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мыналар құқылы:
Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының өрт қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары және олардың орынбасарлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың, қалалар мен аудандардың өрт қадағалау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға.
545-бап. Темiр жол көлiгi органдары
1. Темiр жол көлiгi органдары осы Кодекстiң 439-441, 459, 460, 477 (бiрiншi бөлiгiнде), 479, 481 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға темiр жол көлiгi органдарының оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң бес мөлшерiнен аспауға тиiс.
546-бап. Су көлiгi органдары
1. Су көлiгi органдары осы Кодекстiң 441, 448-452, 453 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 454 (төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 455, 456, 458-460, 477 (екiншi бөлiгiнде), 479-481-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Су көлiгi органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
порттардың бастықтары, капитандары мен олардың орынбасарлары, порттардың жүк учаскелерiнiң (аудандарының) бастықтары, теңiз және өзен вокзалдарының, кемежайлардың бастықтары мен олардың орынбасарлары, вокзалдар мен өткелдер бойынша кезекшiлер, жолаушылар тасымалдау жөнiндегi ревизорлар мен бақылаушылар, кеме капитандары мен олардың көмекшiлерi (штурмандар);
байланыс басқармалары мен тораптарының бастықтары, байланыс басқармалары мен тораптары орналасқан жерлерден тыс жерлердегi байланыс цехтары мен учаскелерiнiң бастықтары;
Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органының әскерилендiрiлген күзетi отрядтарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, жекелеген командаларының бастықтары, отрядтары мен жекелеген командаларының өртке қарсы профилактика жөнiндегi аға инженерлерi, инженерлерi, аға нұсқаушылары мен нұсқаушылары;
гидротехникалық құрылыстар жолдары мен аудандары техникалық учаскелерiнiң бастықтары және олардың орынбасарлары, гидротораптар (шлюздер) бастықтары, күрделi түзеу және жол жұмыстарын жүргiзушiлер, сондай-ақ олардың көмекшiлерi және өздерiне бекiтiлiп берiлген учаскелерде күрделi түзеу және жол жұмыстарын жүргiзу мiндеттерiн орындайтын жол шеберлерi;
Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органының кеме қатынасы және теңiзде жүзу қауiпсiздiгi инспекциясының бас инспекторы мен оның орынбасарлары, инспекциялар бастықтары мен олардың орынбасарлары, аға инспектор-капитандары және инспектор-капитандары;
Қазақстан Республикасы теңiз және өзен тiркелiмiнiң директоры мен оның орынбасарлары, инспекциялар бастықтары мен олардың орынбасарлары, аға инженер-инспекторлары, инженер-инспекторлары;
Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органының су көлiгi департаментiнiң директоры мен оның орынбасарлары;
су көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету ережелерiн бұзушылық үшiн - порт бастықтары мен олардың орынбасарлары, кемежайлардың, шлюздердiң, порт аумақтарының бастықтары, кеме капитандары, сондай-ақ порттар (кемежайлар) орналасқан жердегi аға қызметкерлер, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамдары.
3. Ауысым бастығы, порт жүк учаскесiнiң (ауданының) бастығы, кемежай және вокзал бастығы, вокзал және өткел кезекшiсi, порт қадағалауының аға капитаны және капитаны, жолаушылар тасымалдау жөнiндегi ревизор және бақылаушы, жолаушылар кемесi капитанының көмекшiсi (штурман), гидроторап (шлюз) бастығы, күрделi түзеу және жол жұмыстарын жүргiзушi, сондай-ақ оның көмекшiсi және өзiне бекiтiлiп берiлген учаскеде күрделi түзету және жол жұмыстарын жүргiзушiнiң мiндеттерiн орындайтын жол шеберi, Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органының көлiк бақылау аға инспектор-капитаны, инспектор-капитаны, Қазақстан Республикасы теңiз және өзен тiркелiмiнiң аға инженер-инспекторы мен инженер-инспекторы, өртке қарсы профилактика жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы салатын айыппұл мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң он есе мөлшерiнен аспауға тиiс.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II; 03.07.03 ж. N 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 547-бап өзгертілді
547-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
548-бап. Қалалық жолаушылар көлiгi және қалааралық автомобиль көлiгi
және электркөлiгi органдары
1. Қалалық жолаушылар көлiгi және қалааралық автомобиль көлiгi және электркөлiк органдары осы Кодекстiң 477 (төртiншi бөлiгiнде), 478, 479, 480 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 481 (автомобиль көлiгiндегi және электркөлiктегi бұзушылық жасағаны үшiн), 488, 489-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға бақылаушы-ревизорлар, билет тексерушiлер және қалалық жолаушылар көлiгi және қалааралық автомобиль көлiгiнiң және электркөлiгiнiң (троллейбус, трамвай) iстердi қарауға және жаза қолдануға уәкiлеттiк берiлген басқа да қызметкерлерi құқылы.