5) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы жүргiзiледi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 50-бап өзгертілді
50-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
1. Декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салық тексеруі нәтижелері бойынша салық төлеушіге есептелген салық берешегінің сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық төлеушінің келісімінсіз салық берешегі сомасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға құқылы.
2. Салық төлеушінің банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу салық органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
3. Банк салық төлеушінің бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассолық өкімін орындаған кезде, банк салық органына салық төлеушінің аталған банкте ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассолық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассолық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол есепті кезең үшін ұсынса, салық органының инкассолық өкімдердің орындалғандығын растайтын төлем құжатын қоса тіркеп, салық органына орындаусыз қайтарады.
4. Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгіленген нысан бойынша ұсынылады және онда салық төлеушінің немесе салық агентінің салық берешегi сомаларын өндiрiп алу жүргiзiлетiн банк шоты көрсетiледi.
5. Салық төлеушiнiң теңгелiк банк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегi салық төлеушiнiң валюталық банк шоттарынан салық органдары теңгемен ұсынған инкассолық өкiмдерi негiзiнде өндiрiп алынады.
6. Клиентке қойылған талаптардың бәрін қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезекте және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.
7. Салық төлеушінің банк шотында ақшасы жеткіліксіз немесе жоқ болып, клиентке бірнеше талаптар қойылған жағдайда, банк осы шотқа ақша түсуіне қарай мынадай кезектілікпен:
1) бірінші кезекте өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру талаптарын, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша;
2) екінші кезекте еңбек келісімі бойынша, соның ішінде келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген адамдарға демалыс жәрдемақысы мен еңбегіне ақы төлеу жөнінде, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысу үшін ақша алу көзделетін атқарушылық құжаттар бойынша;
3) үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша клиенттің ақшасын алуды жүргізеді.
8. Салық органы салық берешегiн өндiрiп алу туралы инкассолық өкiм шығарған салық төлеушiнiң банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассолық өкiмдi орындауға қабылдаған банк заңдарға сәйкес салық төлеушiнің банк шоты жабылған кезде аталған инкассолық өкiмдi салық төлеушiнің банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бiрге тиiстi салық органына қайтарады.
51-бап. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу
1. Салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банк шотында ақша болмаған жағдайда жүргiзiледi.
2. Бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютамен) салық органының алып қоюы салық берешегi сомасын қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу деп танылады.
Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасы есебiнен салық берешегi сомасын өндiрiп алуды салық берешегiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану туралы хабарламаның негiзiнде салық органы жүргiзедi.
3. Қолма-қол ақшаны алып қою уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi.
4. Салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша алып қойылған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, кейiннен бюджетке аударатындай етiп салық төлеушiнiң банк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуға тиiс. Банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеушiден алынған қолма-қол ақша өндiрiп алынған күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бюджет есебiне алынуға тиiс.
52-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған жағдайда, салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқығы бар. Бұл ретте дебиторлар салық төлеушiнiң алдында шартқа сәйкес ағымдағы кездегi дебиторлық берешек сомасы ретiнде таныған сома шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама дебиторларға жiберiледi.
Дебитор хабарлама алған кезден бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей, хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етедi.
2. Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуға тиiс:
1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың тiркеу нөмiрлерi;
2) салық төлеушi мен оның дебиторы тiркеу есебiнде тұрған салық органының атауы;
3) салық төлеушi мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелерi;
4) дебитордың салық төлеушiге берешек сомасы;
5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрi және қойылған қолдары;
6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.
3. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассолық өкiмдi дебитордың банк шотына ұсынады.
4. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 50-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассолық өкiмдi орындауға мiндеттi.
5. Осы баптың ережелерiне сәйкес өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi бола отырып салық органының хабарламасын табыс еткен кезден бастап тоқсан жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң пайдасына дебитор төлем жүргiзген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлемдер сомасы шегінде салық төлеушінің салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассолық өкімін дебитордың банк шотына ұсынуға құқылы.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 53-бап өзгертілді
53-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебінен өндіріп алу
1. Салық төлеушінің - заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банк шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған жағдайларда салық органдары оның келісімінсіз салық берешегінің сомасы шегінде салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкінен өндіріп алуды жүргізуге құқылы.
2. Салық төлеуші билік ету шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын және тиісінше күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол орындалмаған жағдайда, салық төлеуші билік ету шектелген мүлікті аукционға дайындау жөніндегі шығындарды өтеуге міндетті және аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
54-бап. Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі
Билік ету шектелген мүлікті өткізу мамандандырылған аукционда жүзеге асырылады, оның жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР 16.05.03 ж. N 416-II Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
55-бап. Салық төлеушiнiң (акционерлiк қоғамның) жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару
Осы Кодекстiң 49-бабының 1)-4) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн салық төлеушi (акционерлiк қоғам) салық берешегi сомаларын өтемеген жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сотқа талап арызбен жүгiнуге құқылы.
56-бап. Салық төлеушіні банкрот деп тану
1. Осы Кодекстің 49-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын заңды тұлға, жеке кәсіпкер өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
2. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртiбi Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
10-тарау. Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері
57-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату
Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
1) қайтыс болғанда;
2) оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгенде тоқтатылады.
58-бап. Заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату
Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
1) толық таратылғаннан кейiн;
2) қосылу (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгу, бөлiну және қайта құрылу жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады.
2. Ерекше бөлім
3-бөлім. Жалпы ережелер
11-тарау. Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдердің түрлері
59-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер қолданылады.
2. Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.
3. Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
60-бап. Салықтар
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құн салығы.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.
6. Әлеуметтiк салық.
7. Жер салығы.
8. Көлiк құралдары салығы.
9. Мүлiк салығы.
61-бап. Алымдар
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
5. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
62-бап. Төлемақылар
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы.
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.
8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
63-бап. Мемлекеттiк баж
Мемлекеттiк баж
64-бап. Кеден төлемдерi
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
12-тарау. Салық есебінің ережелері және салық есептілігі
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Салық есебiнiң ережелерi
1. Салық төлеушiлер салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi осы Кодексте белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша есептеу әдiсiмен айқындайды.
2. Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция (төлем) жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен қайта есептеледі.
3. Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорлар есебi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
4. Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операциялар осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi түрде ресiмдей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу ретiнде қарастырылады.
66-бап. Есеп құжаттамасын жасау және сақтау
1. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есептiң тiркелiмдерi және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады.
2. Есеп құжаттамасы қағазда және (немесе) электрондық көздерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбiр салық түрi немесе басқа да мiндеттi төлем үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердің есеп құжаттамасы келiсiм-шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейiнгi салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
4. Тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша берiлген (алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетiн соңғы салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткiзiлген салық кезеңi үшiн осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
5. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн салық төлеушi мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасайды.
Шет тiлдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттiк тiлге немесе орыс тілiне аударылуын талап етуге құқылы.
6. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi мониторинг кезiнде және тексеру барысында салық органдарының талап етуi бойынша мұндай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
67-бап. Бөлек есеп және оны жүргiзу тәртiбi
1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердің бөлек есебiн жүргiзуге мiндеттi.
2. Салық төлеушiлер бөлек есептi бухгалтерлiк есеп деректерi негiзiнде есеп-қисапты жүзеге асыру арқылы жүргiзедi. Осы есеп-қисаптар әрбiр қызмет түрi бойынша (егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушылар үшiн әрбiр кен орны бойынша) бөлек жүргiзiледi.
3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есеп құжаттамасымен расталуға тиiс.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Салық есептiлiгi
1. Салық есептiлiгi дегенiмiз салық төлеушi, салық агенті салық органдарына табыс ететiн, салық мiндеттемелерiн есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
2. Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген мынадай құжаттар, сондай-ақ олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді:
салықтың әрбiр түрi және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салық төлеушi жасайтын салық декларациялары, есеп-қисабы;
резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш;
арнаулы салық режимдерiн қолдануға патент алуға өтiнiштер;
осы Кодекстiң 397 және 531-баптарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды тiркеу карточкаларын алуға өтiнiштер;
қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтiнiштер;
қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берiлген өтiнiштер;
шот-фактуралар тізілімі;
осы Кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын, салық төлеушiлер табыс ететiн құжаттама.
3. Салық есептілігі - салық төлеушiнiң, салық агентiнiң осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық органдарына берiлген жазбаша өтiнiшi және (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр деректер болмаған жағдайда, оған уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тиiстi қосымшалар табыс етiлмейдi.
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Салық есептiлiгiн жасау мен табыс ету тәртiбi
1. Салық есептiлiгiн салық төлеушi, салық агенті не олардың өкілдері осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
2. Салық есептiлiгi қағазда және (немесе) электрондық көздерде мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жасалады. Салық есептiлiгi электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеушi, салық агентi салық органдарының талап етуi бойынша осындай құжаттардың қағазға түсiрiлген көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
3. Қағазға түсірілген салық есептілігіне салық төлеушi, салық агентi (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ ол салық төлеушiнiң, салық агентiнiң мөрiмен расталуға тиiс. Салық есептiлiгi электронды түрде жасалған кезде электрондық құжат салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиiс. Салық төлеушi - жеке тұлғаның өзi болмаған не ол iс-әрекетке қабiлетсiз болған жағдайда салық есептiлiгiне оның өкiлi қол қойып, куәландырады.
4. Салық төлеушiнің, салық агентiнiң салық есептілігiн жасау жөнiнде қызмет көрсететiн өкiлi оған қол қойып, мөр басуға және өзiнiң салық төлеушi ретiнде тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
5. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн жасаған кезде, оның iшiнде мұндай есептiлiктi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есептiлiгiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауаптылық салық төлеушіге, салық агентiне жүктеледі.
6. Салық төлеушi, салық агентi салық есептiлiгiн тиiстi салық органдарына осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде табыс етедi.
7. Салық төлеушi (заңды тұлға) қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда қайта ұйымдастырылған, таратылған әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастырылу немесе тарату аяқталған күнге дейiн тиiсiнше бөлу, тарату және өткiзу баланстарының негiзiнде салық есептiлiгi бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептiлiк салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап он бес күн iшiнде табыс етiледi.
8. Салық төлеушiлер, салық агенттерi салық есептiлiгiн өз қалауы бойынша:
1) өзi келу тәртiбiмен;
2) хабарланатын етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жағдайларда ақпаратты компьютерлiк өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.
9. Құжаттарды салық органы қабылдаған күн немесе есептiлiк жөнелтiлiмi электрондық почта арқылы жеткiзiлгендiгi туралы хабарланған күн салық есептiлiгi салық органына табыс етiлген күн болып табылады.
Почта ұйымына немесе өзге де байланыс ұйымына осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiнде сағат жиырма төртке дейiн тапсырылған салық есептiлiгi почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдаған уақыты мен күнi қойылған белгiсi болса, мерзiмiнде табыс етiлген деп саналады.
10. Салық есептiлiгi алдын ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
Егер салық есептілігінде:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілмесе не дұрыс көрсетілмесе;
2) салық кезеңі көрсетілмесе;
3) осы баптың қолтаңба мен салық есептілігін куәландыруға қатысты талаптары бұзылса, салық есептілігі салық органына берілмеген болып есептеледі.
70-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту
1. Салық төлеушiден салық декларациясын табыс етудiң осы Кодексте белгiленген мерзiмiне дейiн жазбаша өтiнiш алынған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық декларациясын табыс ету мерзiмiн үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
2. Осы бапқа сәйкес салық декларациясын табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
71-бап. Салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
1. Салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге осы Кодексте көзделген талап қою мерзiмi iшiнде жол берiледi.
2. Салық төлеушiнің салық декларациясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi және (немесе) есеп-қисапты осы өзгерiстер мен толықтырулар жатқызылатын салық кезеңi үшiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап жасау жолымен жүргiзедi.
3. Қосымша салық декларациясындағы және (немесе) есеп-қисаптағы тиiстi жолдарда бұрын табыс етiлген салық декларациясымен және (немесе) есеп-қисаппен салыстырғанда анықталған айырманың сомасы ғана көрсетiледi.
4. Тексеру басталғанға дейiн қосымша салық декларациясын және (немесе) есеп-қисап табыс еткен кезде, салық төлеушi анықтаған салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасы бюджетке айыппұл есептелмей енгiзiлуге тиiс.
72-бап. Салық есептiлiгiн сақтау мерзiмi
1. Салық есептiлiгi осы Кодексте белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде салық төлеушiлерде, салық агенттерiнде және салық органдарында сақталады.
2. Салық төлеушi, салық агентi - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңi үшiн салық есептiлiгiн сақтау жөнiндегi мiндеттемелер оның құқық мирасқорына жүктеледi.
13-тарау. Операциялардың жекелеген түрлерінің
салық есебінің ерекшеліктері
§ 1. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi салық салу
ерекшелiктерi
73-бап. Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi бақылау
Салық қызметi органдары мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының трансферттiк бағалардың қолданылуын мемлекеттiк бақылау мәселелерiн реттейтiн заң актiсiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда бақылау жасайды.
Мәмiле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салу объектiлерi мен салық мiндеттемесiне түзету енгiзедi.
§ 2. Басқа жағдайларда салық салу ерекшелiктерi
ҚР 23.11.02 ж. N 358-II Заңымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Қаржы лизингi
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негiзгi құралдарды беру, егер ол мынадай талаптарға сай келсе:
1) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға негiзгi құралдарды тiркелген бағамен сатып алу жөнiнде құқық беру лизинг шартында белгіленсе;