36-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс
жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану
618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шаралары
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу;
2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау;
3) алып келу;
4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу;
5) құжаттар мен заттарды алып қою;
6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру;
7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау.
2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:
1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;
2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;
3) заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу.
3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен 619-бап өзгертілді және толықтырылды
619-бап. Жеткiзу
1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы мiндеттi болып, оны сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау мақсатында жеке адамды мына жағдайларда:
1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртiбi мен қауiпсiздiгiн қорғау жөнiндегi ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға);
2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттiк және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттiк және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;
3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);
4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, кеден режимi, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекеттерiндегi режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құрамалар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда - әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы басқа азамат бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы шекара қызметi органына, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;
5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға);
5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;
6) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттiк органға жеткiзудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кiруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бiрiне) жеткiзiлуге тиiс.
3. Жеткiзу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.
4. Жеткiзу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II Заңымен 620-бап өзгертілді
620-бап. Әкiмшiлiк ұстау
Әкiмшiлiк ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн тыю мақсатында белгiлi бiр уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды:
1) ұсақ бұзақылық жасалған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, әскери қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi өз мiндеттерiн орындау кезiнде олардың заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, шығармалардың даналарын немесе фонограммаларды сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда спирттiк iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсiздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi бұзылған, қызметiне тыйым салынған бiрлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киiм мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда - iшкi iстер органдары (полиция);
2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;
3) Мемлекеттiк шекара режимi бұзылған, шекара қызметi органдары әскери қызметшiсiнiң, өзге де әскерлердiң, әскери құрамалардың әскери қызметшiсiнiң, iшкi iстер органдарының қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбаған жағдайда - шекара режимi бұзылған жағдайда шекара қызметiнiң органдары;
4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда - күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;
5) балық қорғау органдары, аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
6) көлiк инспекциясы органдары, темiр жол, су, әуе жолы, жолаушылар таситын автомобиль көлiгi және электр көлiгi органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;
7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының көлiк құралдарын жүргiзетiн жүргiзушiлер мен басқа да адамдар жол қозғалысы ережелерiн бұзған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары;
8) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;
9) салықтық құқық бұзушылық жағдайында - салық қызметi мен қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;
10) Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қолданыстағы стандарттардың (нормалардың, ережелердiң) немесе континенттiк қайраңында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерi бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерi бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемелердi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, шекара қызметi органдарының, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органның, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;
11) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асыра алады.
621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады, онда жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.
622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимiн, кеден режимiн немесе Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өту бекетiндегi режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
3. Әкiмшiлiк айып шараларының бiрi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бiрақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн.
4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң 619-бабына сәйкес жеке адам жеткiзiлген кезден, ал мас адамға, - медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.
623-бап. Мерзiмдi есептеу
1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағатпен, тәулiкпен, айлармен және жылдармен есептеледi.
2. Мерзiмдi есептеу кезiнде мерзiм басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл ереженiң ұстау кезiндегi мерзiмдi есептеуге қатысы жоқ.
3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыстан тыс уақыт та қосылады.
4. Мерзiм тәулiкпен есептелген кезде мерзiм алғашқы тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептелiп, мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады.
5. Мерзiм айлармен немесе жылдармен есептелген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айда тиiстi күн жоқ болса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Әкiмшiлiк ұстау мен әкiмшiлiк қамауға алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс iстемейтiн (демалыс, мереке) күнге тура келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып есептеледi.
624-бап. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстау орны мен тәртiбi
1. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдар арнайы осыған бөлiнген, санитария талаптарына сәйкес келетiн және оларды өз еркiмен тастап кету мүмкiндiгiн болдырмайтын үй-жайларда ұсталады.
2. Әкiмшiлiк ұстауға тартылған адамдарды ұстаудың талаптарын, ондай адамдарды тамақтандыру нормасы мен оларға медициналық қызмет көрсету тәртiбiн атқарушы билiк органдары белгiлейдi.
3. Өздерiне қатысты әкiмшiлiк ұстау қолданылған кәмелетке толмағандар ересек адамдардан бөлек ұсталады.
625-бап. Алып келу
1. Осы Кодекстiң 618-бабында көзделген жағдайларда, өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзiлiп жатқан жеке адамды не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi.
2. Алып келудi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан соттың, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органы (полиция) жүргiзедi.
626-бап. Адамның жеке басын тексеру және оның қолындағы заттарды
тексеру
1. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Жеке басын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.
4. Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
5. Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
6. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.
7. Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.
8. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
9. Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
627-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру
1. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не оның тiкелей объектiлерiн табу мақсатында жүргiзiледi.
2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген осы Кодекстiң 620-бабында тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.
3. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға иесiнiң қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.
5. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
7. Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
8. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, куәгерлер қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
628-бап. Жеке адамның қолындағы заттар мен құжаттарды алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 618-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылық құралы немесе объектiлерi болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттi лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалып, оның көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады, не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен реквизиттерi, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, оқ-дәрiлердiң саны мен түрi, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер болады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам белгiлейтiн орындарда тиiстi атқарушы билiк органы белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi, немесе сатылады, немесе сақталады, немесе белгiленген тәртiппен жойылады.
8. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының омырауға тағатын белгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
629-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және
мас күйiн куәландыру
1. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзетiн жүргiзушi, кеме жүргiзушi, ол мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер болса, көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетiлiп, мас күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттетудi, мас күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi, тиiсiнше, жол полициясы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және Шағын көлемдi кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның көлiк құралын жүргiзушi адам құқық бұзушылық жасаған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi. Жол полициясының лауазымды адамдарымен қатар мас күйде деуге жеткiлiктi негiздер бар жүргiзушiнi көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге полицияның учаскелiк инспекторларының, одан басқа бұл жағдайда тәртiп бұзушылық фактiсiн құжатпен бекiтуге және жүргiзушi мен көлiк құралын таяу жердегi iшкi iстер органына жеткiзу жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi iшкi iстер органдарының басқа да қызметкерлерiнiң құқығы бар.