3. Мас күйiн куәландыруға жiберу, мас күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда ол медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету туралы, сондай-ақ мас күйiн куәландыруға жiберу туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамасында белгi жасалады.
5. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн медициналық куәландыруға жiберу туралы хаттамада жүргiзуден шеттету, куәландыруға жiберу күнi, уақыты, орны, негiздерi, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушiнiң, кеме жүргiзушiнiң жеке басы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
6. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету, мас күйiн куәландыруға жiберу туралы хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, сондай-ақ жүргiзуден шеттетiлген, куәландыруға жiберiлген жүргiзушi, кеме жүргiзушi қол қояды. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
7. Мас күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 630-бап толықтырылды
630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау
1. Осы Кодекстiң 451, 453, 457, 460, 462, 466-469-баптарында, 470 (үшінші бөлігінде) аталған тәртiп бұзу жасалған жағдайда осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау себептерi жойылғанға дейiн көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi ұстауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Шағын көлемдi кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияның көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда - көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды жол полициясының, әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсiн алып қою туралы белгiленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды,
өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету
шараларына шағым беру
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.
2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.
3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.
4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.
5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.
6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.
37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен
негiздемесi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) уәкiлеттi лауазымды адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар себеп болады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.
635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; iс қозғалған адам туралы мәлiметтер; әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбiрленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.
5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
6. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге оның өтiнiшi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн оның көшiрмесi алған қолы қойылып, дереу тапсырылады.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II; 28.03.03 ж. N 398-II 636-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) Заңдарымен 636-бап өзгертілді; ҚР 03.06.03 ж. N 428-II Заңымен 636-бап толықтырылды
636-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар
лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша мыналардың құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар:
1) iшкi iстер органдарының (86, 96, 111, 112, 115, 135, 136, 162, 163, 298 (екiншi-төртiншi бөлiктерi), 318-321, 330-332, 335, 336 (үшiншi бөлiгi), 338 (бiрiншi бөлiгi), 339, 340, 355-357, 362, 363, 366, 368 (екiншi бөлiгi), 370 (екiншi бөлiгi), 371 (екiншi бөлiгi), 372-374, 388, 394, 446 (екiншi бөлiгi), 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (үшiншi бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi), 484, 501, 518, 521, 531-баптар);
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының (356-бап);
жекелеген жерлер комендатураларының (362, 363-баптар);
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының: әскери автомобиль полициясының (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылық туралы, (388, 461 (үшiншi бөлiгi), 462 (үшiншi бөлiгi), 464 (екiншi бөлiгi), 465, 466, 467 (бiрiншi-үшiншi, бесiншi бөлiктерi), 468 (екiншi бөлiгi), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгi)-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушi (жиынға шақырылған әскери қызметшiлер мен әскери мiндеттiлерден басқа) адамдар жасаған барлық жол қозғалысы ережелерiн бұзушылық туралы;
су ресурстары жөнiндегi органдардың (124, 278 (бiрiншi бөлiгi), 356-баптар);
орман, балық және аңшылық шаруашылығы органдарының (293, 298 (екiншi-төртiншi бөлiктерi), 356-баптар);
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (124 (бұл құқық бұзушылық санитариялық-гигиеналық ережелер мен атмосферадағы ауаны қорғау жөнiндегi нормаларды бұзу болып табылмаса), 356-баптар);
денсаулық сақтау органдарының (85, 322, 324-328, 329 (екiншi бөлiгi)-баптар);
мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм саласындағы уәкiлеттi органның (81, 82, 342-352-баптар);
көшi-қон және демография жөнiндегi органдардың (396 (екiншi бөлiгi), 397-баптар);
жер ресурстарын басқару жөнiндегi органдардың (118, 119-баптар);
өсiмдiктер карантинi жөнiндегi органдардың (308-бап);
энергетика, және минералды ресурстар саласындағы уәкiлеттi органның (140 (екiншi бөлiгi), 142, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 162, 163, 223, 224-баптар);
мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау органдарының (231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 278 (бiрiншi бөлiгi), 494, 502-баптар);
төтенше жағдайлар жөнiндегi органдардың (229-бап);
мемлекеттiк санитариялық және мал дәрiгерлiк қадағалау органдарының (308, 356-баптар);
мемлекеттiк электр байланысы инспекциясы органдарының (356, 492 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 494, 496 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi) - баптар);
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi көлiк бақылау органының (137, 356, 442, 445, 477 (үшiншi бөлiгi), 491 (екiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi), 496 (екiншi бөлiгi), 498 (екiншi бөлiгi), 502-баптар);
су көлiгi органдарының (453 (екiншi бөлiгi), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерi), 477 (үшiншi бөлiгi) - баптар);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (172, 179, 183, 184, 188, 203-баптар);
қаржы бақылау органдарының (172, 188-баптар);
бухгалтерлiк есеп және аудит жөнiндегi уәкiлеттi органының (175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 179, 183, 184, 188-баптар);
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы органдарының (172, 190-202-баптар);
алкогольдi өнiмдер өндiру және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (137, 163-баптар);
қаржы полициясы органдарының (137, 138, 140 (екiншi бөлiгi), 142, 143, 148-158, 161 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 162, 163, 176 (бiрiншi бөлiгi), 179, 195, 200, 203, 211, 213, 214, 217, 355, 514-519, 521, 522, 529, 532-535-баптар);
салық органдарының (138, 140 (екiншi бөлiгi), 143, 148, 154-157, 163, 168-1, 205 (үшiншi бөлiгi), 211, 213, 214, 217, 229, 532-535-баптар);
кеден органдарының (140 (екiншi бөлiгi), 203, 405 (бiрiншi бөлiгi), 409, 410, 413-419, 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 436 (екiншi бөлiгi), 437-баптар);
әдiлет органдарының (129, 148, 175 (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 353, 354, 356, 376, 513, 516, 517, 524, 525, 528-баптар);
белгiлi бiр қызмет түрiне лицензия берген органдардың (138, 139, 140 (екiншi бөлiгi), 149, 150, 152, 184, 192, 193, 196, 231 (екiншi бөлiгi), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгi), 237, 302 (үшiншi бөлiгi), 356, 396 (екiншi бөлiгi), 436 (екiншi бөлiгi), 437, 477 (үшiншi бөлiгi), 493 (екiншi бөлiгi) - баптар);
табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi органдардың (149, 150, 153, 356-баптар);
стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органдар мен оның аумақтық органдарының (142, 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар); авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi органдардың (129, 356-баптар);
қарамағында электр желiлерi бар ұйымдардың (223, 224-баптар);
қарамағында жылу желiлерi бар ұйымдардың (225-бап);
қарамағында газ құбыры бар ұйымдардың (226-229-баптар);
атом энергетикасы жөнiндегi органдардың (139, 222, 315, 316-баптар); шекара қызметi органдарының (303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 391 (екiншi бөлiгi), 393-баптар);
мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының (386 (үшiншi бөлiгi) бап);
Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнiң, Республикалық Ұланның, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (388-бап) соған уәкiлеттi лауазымды адамдары;
2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген сот орындаушылары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513-531-баптар);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктiк қадағалауды, сондай-ақ валюталық операциялар жүргiзуге бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi қызметкерлерi (138, 158, 179, 183, 184, 188-баптар).
2. Осы Кодекстiң 543-576-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның көлiк бақылау инспекторының (175-баптың екінші бөлігі (осы бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451-баптың екiншi бөлiгi, 452-бап, 453-баптың екiншi және үшiншi бөлiктерi, 454-бап, 455-баптың үшiншi бөлiгi, 457-бап);
тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң (98-101-баптар);
кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия мүшесiнiң (111-117-баптар) құқығы бар.
ҚР 09.08.02 ж. N 346-II; 13.03.03 ж. N 394-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 637-бап өзгертілді
637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110, 150, 151, 152, 344-347, 353, 366, 375, 513, 521-1, 531, 536, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.
2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiндегi қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.
ҚР 12.07.01 ж. N 240-II Заңымен 638-бап өзгертілді
638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, ал салық тексерісі барысында анықталған салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша - ол аяқталғаннан кейін жасалады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның өз басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған кезден бастап үш тәулiк iшiнде жасалады.
639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын
жағдайлар
1. Ескерту немесе бiр айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды, қайта осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ескертудi ресiмдейдi немесе айыппұл салады. Айыппұл алынған жағдайда бұзушыға қатаң қаржылық есеп-қисап құжаты болып табылатын белгiленген үлгiдегi түбiртек берiледi.
2. Азаматтар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арыз жазған жағдайда осы Кодекстiң 80-113-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай-ақ қарайды. Хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалған жағдайларда да жасалмайды.
3. Егер адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен өзiне қолданылған жазаға дауласса, осы Кодекстiң 635-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.
640-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн жiберу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлдiк берiлген судьяға, органға (лауазымды адамға) бiр тәулiк iшiнде жiберiледi.
2. Жасағаны үшiн жауаптылығы әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн дереу судьяға жiберiледi.
3. Хаттаманы құқығы жоқ адам жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ осы Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судья, орган (лауазымды адам) алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстерiмен қоса әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды адамға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi.
641-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi iстi қарауға
бергенге дейiн қысқарту
Осы Кодекстiң 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлардың тым болмаса бiреуi болған жағдайда iстi жүргiзiп жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқарту жөнiнде қаулы шығарады.
38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау
642-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын орын
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс оның жасалған жерi бойынша қаралады.
2. Осы Кодекстiң 246, 247, 461-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер көлiк құралдары, кемелер, соның iшiнде шағын көлемдi кемелер есепке алынған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша да қаралуы мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 335 және 336-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер олар жасалған жер бойынша немесе өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралуы мүмкiн.
4. Кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе ата-аналарын ауыстыратын адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы iстер өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның тұрғылықты жерi бойынша қаралады.
643-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу
Судья, алқалы орган мүшесi, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға әзiрлеу кезiнде мына мәселелердi:
1) бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жататынын;
2) бұл iстi судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның қарау мүмкiндiгiн болдырмайтын мән-жайлардың болуын;
3) осы Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама мен басқа хаттамалардың дұрыс жасалғанын, сондай-ақ iстiң өзге де материалдарының дұрыс ресiмделгенiн;
4) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың, сондай-ақ адамды әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлардың болуын;
5) өтiнiштердiң және бас тартудың болуын;
6) осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдарға iс қаралатын орын мен уақыт туралы хабарланғанын анықтайды.
644-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау мүмкiндiгiн
болдырмайтын мән-жайлар
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға берiлген судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам, егер ол адам:
1) жауапқа тартылып отырған адамның немесе жәбiрленушiнiң, олардың заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының немесе өкiлiнiң туысы болса;
2) iстiң шешiлуiне жеке басы, тiкелей немесе жанама түрде мүдделi болса, бұл iстi қарай алмайды.
645-бап. Судьяның, алқалы орган мүшесiнiң, лауазымды адамның