4) уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртiбiмен табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттерiне шағымдануға;
4-1) жария тыңдауларға қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн тұтынушының мiндеттерi
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiлерi белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға мiндеттi.
2. ҚР 09.12.04 ж. N 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган, егер бұл тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) төмендеуiне әкеп соғатын болса, осы бапта белгiленген шектеулердiң күшiн жоюға хақылы.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Уәкiлеттi орган
Уәкiлеттi органның қызметiн ұйымдастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Уәкiлеттi орган мынадай мiндеттердi атқарады:
1) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiн құрады және жүргiзедi, олардың iс-әрекетiн мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асырады;
2) өз құзыретi шегiнде осы Заңның және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады және жолсыздықтарды анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады;
3) табиғи монополиялар туралы заңдарды жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн кемсiтпей есептеу әдiстемелерiн әзiрлейдi, бекiтедi және қолданады;
5) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын қолдану практикасын жинақтайды, соның негiзiнде әдiстемелiк ұсынымдар шығарады.
ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
1. Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия аясында iс-әрекеттi жүзеге асыратын субъектiлердi Мемлекеттiк тiркелiмге кiргiзу туралы не одан шығару туралы шешiмдер қабылдауға;
2) осы Заңға және өзге де заң актiлерiне сәйкес табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттейтiн және бақылайтын шешiмдер қабылдауға;
3) мемлекеттiк реттеудi және бақылауды енгiзу, өзгерту немесе тоқтату туралы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
4) өз құзыретi шегiнде табиғи монополиялар аясында осы Заңды бұзу фактiлерi бойынша жолсыздықтарды тыю мен олардың салдарларын жою туралы шешiмдер қабылдауға;
4-1) қажет болған жағдайда табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiне қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзуге;
5) табиғи монополия субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiлерiнiң көрсететiн қызметтерiне тұтынушылармен шарттар жасасу туралы, жасалған шарттарға өзгерiстер енгiзу туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар енгiзуге;
6) табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұзған жағдайда оларға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар, соның iшiнде табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта ұйымдастыру туралы және (немесе) мүлiктi иелiктен айыру туралы ұйғарымдар енгiзуге;
7) осы Заң бұзылған жағдайларда сотқа жүгiнуге;
8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның iшiнде мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
9) өз бастамасымен, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары мен өздерiнiң қолында бар өзге де материалдардың негiзiнде, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың, азаматтардың, мүдделi адамдардың жазбаша арыздары мен хабарларының және табиғи монополия субъектiлерi өтiнiштерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңды тұрғысынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
9-1) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасасатын үлгi шарттарын әзiрлеуге және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынуға;
9-2) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк сметаларын өздерi белгiлеген тәртiппен өзгертуге бастамашылық жасауға;
9-3) шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн сатып алуға бақылауды жүзеге асыруға;
9-4) ҚР 09.12.04 ж. N 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9-5) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
9-6) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылу мерзiмдерiн кемiнде алты айға белгiлеуге;
9-7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң есебiн бөлек жүргiзу тәртiбiн бекiтуге;
9-8) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және табиғи монополиялар субъектiсiн оңалту жоспарын келiсуге;
9-9) мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде белгiлеген, сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге;
9-10) табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу әдiстемесiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен келiсуге;
9-11) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiткен кезде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды келiсуге, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң инвестициялық бағдарламаларды және инвестициялық жобаларды iске асыру тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүзеге асыру тәртiбiн бекiтуге;
9-12) бағалау қызметi саласында табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгi құралдарын қайта бағалауды жүргiзу тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бекiтуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы.
2. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк, коммерциялық және қызметтiк құпия болып табылатын мәлiметтердiң жария етiлгенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II ; 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 14-1-бап өзгертілді
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Уәкiлеттi орган:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн заңсыз арттыруынан және (немесе) нақты орындалмаған жұмыстар құнын тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгізуiмен, тарифтiк сметада көзделген амортизациялық аударымдарды мақсатсыз пайдалануынан, тарифтiк смета шығындары баптарын орындаудың бекiтiлген мөлшерден бес проценттен астам ауытқуынан тұтынушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу үшiн уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiм қабылдауға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге немесе өзгертуге өтiнiмiн қарауға қабылдаудан бас тартуын жазбаша негiздеуге;
3) ҚР 09.12.04 ж. N 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерi барынан басқа, табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мәселелерi бойынша қабылданған шешiмдермен таныстыруға;
5) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өтiнiмдерiн қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзуге;
6) мыналарды:
тарифтiк сметаларды, тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтудiң;
тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын табыс етудiң; уақытша төмендету коэффициентiн бекiтудiң тәртiбiн айқындауға мiндеттi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) 15-бап жаңа редакцияда; ҚР 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 15-бап өзгертілді
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу:
1) тарифтi (бағаны, алымдар ставкасын) бекiтумен;
1-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiтумен;
1-2) инвестициялық тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiтумен;
2) тарифтiк сметаны бекiтумен;
3) уақытша төмендету коэффициентiн бекiтумен;
4) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн бекiтумен;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындардың және қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiтумен;
6) есепке алу саясатын келiсумен;
7) уақытша өтемдiк тарифтi бекiтумен жүзеге асырылады.
2. Өндірістің құрамдастырылған үлгiсiндегi станцияларда жылу энергиясын өндiретiн табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жылу және электр энергиясын шығарудың технологиялық режимiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып, кешендi тәсiл және бәсекелес рынокта электр энергиясына бағаларды қалыптастыру негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудан түсетiн кiрiсi жылына үш жүз елу мың айлық есептiк көрсеткiштен немесе реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша жылына елу мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн мемлекеттiк реттеудiң жеңiлдетiлген тәртiбi қолданылады. Аталған табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тiзбесiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 15-бап өзгертілді
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртiбi
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уәкiлеттi орган бекiтетiн тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну (тауар өндiру, жұмыстар) үшiн қажеттi шығын құнынан төмен болмауға және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда табу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекiткен кезде шығындарды қалыптастырудың мынадай ережелердi:
1) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн шығындарды реттеудi;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бекiтiлген нормативтер шегiнде табиғи монополия субъектiсi шығыстарының баптарын шектеудi;
3) тарифтi (бағаны, алым ставкаларын) немесе оның шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде ескерiлмейтiн шығыстар тiзбесiн белгiлеудi;
4) тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне енгiзiлетiн пайданы шектеудi;
5) негiзгi құралдардың тозуын есептеудiң қолданылатын әдiстерiн келiсудi;
6) негiзгi құралдарды қайта бағалауды және табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметасында көзделген амортизациялық аударым қаражаттарын пайдалану бағыттарын келiсудi көздейтiн ерекше тәртiбiн қолданады.
Шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифке (бағаға, алым ставкасына) немесе оның шектi деңгейiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындары қосылады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртiбi
1. Ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiту қажет болған жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қарауға өтiнiм жасайды.
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтiк сметалардың және тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн алпыс күн iшiнде өтiнiммен бiрге табыс етуге мiндеттi.
Тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тарифтi (бағаны, алым ставкасын) қарауға өтiнiмдi ол қолданысқа енгiзiлуден бiр жүз сексен күн бұрын ұсынады.
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда табиғи монополия субъектiсi экономикалық жағынан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты бiр ай мерзiмде жаңа тарифтi (бағаны, алым ставкасын) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей көлемде табыс етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес экономикалық жағынан негiзделген есептер табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерi (бағалары, алымдар ставкалары) жобаларын қырық бес күн , ал тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн бекiткен жағдайда бiр жүз алпыс бес күн iшiнде қарайды. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын қараудың мерзiмi өтiнiм берiлген кезден бастап есептеледi.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II (бұр. ред. қара) ; 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-бап өзгертілді
17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын қарау тәртiбi
1. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қолданыстағы тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын өзгертуге өтiнiмдердi қарауға қабылдаған жағдайда уәкiлеттi орган қажет болған кезде тәуелсiз сарапшыларды, мемлекеттiк органдарды, тұтынушыларды және олардың қоғамдық бiрлестiктерiн, жобаны ұсынған табиғи монополиялар субъектiлерiн тарта отырып, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметалардың жобаларына қосымша қаржылық және (немесе) техникалық сараптама жүргiзедi.
1-1. Жария тыңдаулар өткiзген кезде уәкiлеттi орган кемiнде он күн бұрын оларды өткiзудiң күнi мен орны туралы мерзiмдi баспасөз басылымдарында ақпарат жариялауға мiндеттi.
Жария тыңдаулар:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейлерiн бекiту кезiнде - бекiту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде он бес күн бұрын;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, жұмыстарды) бекiту кезiнде бекiту туралы түбегейлi шешiм қабылдаудан кемiнде жетi күн бұрын өткiзiледi.
Жария тыңдаулар өткiзудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары уәкiлеттi органның төтенше реттеу шаралары түрiнде қабылдайтын шешiмдерiне қолданылмайды.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту туралы
2. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерiн (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту туралы түпкiлiктi шешiм табиғи монополия субъектiсiне олар күшiне енгiзiлетiн сәтке дейiн кемiнде 15 күн бұрын жiберiлуге тиiс.
3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту екi тоқсанда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тоқсанның бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде 10 күннен бұрын жеткiзуге мiндеттi.
5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне жүргiзiледi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) оңайлатылған тәртiппен бекiту тәртiбiн осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.
Оңайлатылған тәртiппен бекiтiлген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiтуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгiзу тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiткен айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.
Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу тиiстi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi шiлдесiнен бастап жүзеге асырылады.
ҚР 26.12.02 ж. N 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. N 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 18-1-бап өзгертілді
18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттiк бақылау
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органмен оның құзыретi шегiнде немесе табиғи монополия субъектiсi Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттiк тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлсе және (немесе) коммуналдық меншiкте болса, мемлекеттiк органды жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесiп бекiтедi.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келiсiм беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.