29. Егер бақылау-өлшеу құралдарының ақаулығының салдарынан шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
30. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.
8. Тараптардың жауапкершілігi
31. Тараптар осы Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейді.
32. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы төлемнiң әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн нақты орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, есептелген тұрақсыздық төлеудi талап етуге құқылы.
33. Төлемдердi осы Шартта көзделген мерзiмдерде төлемеген кезде Орындаушы 17-тармақтың 4) тармақшасына сәйкес бұл туралы Тапсырысшыны шектеудi енгiзгенге дейiн кемiнде 72 сағат бұрын хабарлап, жұмыс режимiн айқындауға құқылы.
34. Орындаушы Тапсырысшы алдында Тапсырысшы энергиясы көзiнiң жұмыс режимi:
1) форс-мажорлық жағдайлардың туындауымен;
2) осы Шартта қатыспайтын энергия рыногы субъектілерiнiң электр энергиясы объектiлерiндегi өндiрiстiк авариялар мен технологиялық бұзылулардың пайда болуымен;
3) Тапсырысшының кiнәсiнен салалық нұсқаулықтарда көзделген байланыстың немесе ақпараттың жоқтығынан;
4) Тапсырысшы персоналының дұрыс емес iс-әрекетiнен;
5) осы Шарттың 17-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда болған бұзылуға жауап бермейді.
35. Орындаушы Шарт бойынша Тапсырысшы өзiнiң мiндеттемелерiн толық немесе тиiстi дәрежеде орындамаған кезде техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі көрсетiлетiн қызметтер сапасына жауапкершiлiк жүктемейдi.
9. Форс-мажорлық жағдайлар
36. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi келтiрiлген залалдың орнын толтыруғa құқылары жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара жағдайлардың орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн пайда болған Шарт бойынша мiндеттерiнен босатылмайды.
37. Егер тараптардың бipeуi Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш пайда болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде орындауға шамасы келмесе, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
10. Басқа ережелер
38. Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтердi көрсету шарты Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
39. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
40. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
11. Шарттың қолданылу мерзiмi
41. Шарт 200_ жылғы "__ " 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__ " 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
42. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi қызметтер көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.
12. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы:___________ | Тапсырысшы:____________
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. N 278 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр. ред. қара)
Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiнде
қызметтер көрсетуге арналған
Yлгі шарт
__________________________ 200__жылғы "__"_________
(шарттың жасалатын орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын электр энергиясын өңіраралық
деңгейдің желілері арқылы беру жөніндегі қызметтердi беретiн
________________________________________________________атынан
(қызметті ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары,
мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган)
________________________________________________________негiзiнде
әрекет ететiн____________________________________________________
(лауазымы, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан әрi Тапсырысшы деп
аталатын_________________________________________________________
___________________________________________________________атынан
(пайдаланушының деректемелерi құрылтай құжаттары, мемлекеттiк
тiркеу туралы куәлiк, берген күнi мен орган.)
______________негiзiнде әрекет ететiн____________________________
(лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi -
Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
авариялық бронь - электрмен үздiксiз жабдықтау объектiсiне берiлуi ол үшiн маңызды құрылғылардың жұмыс iстеуiн сақтайтын және тiршiлiктi қамтамасыз ететiн объектiлер жұмысының бұзылуын, сондай-ақ апатты экологиялық, әлеуметтiк немесе экономикалық салдарды немесе адамдардың қырылуын болдырмайтын ең аз мөлшерде қажеттi электр қуаты;
Мемэнергияқадағалау - ұйымдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң техникалық талаптары мен электр энергетикасы саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптарды орындауына мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды, сондай-ақ электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыратын белгiленген тәртiппен құрылған мемлекеттiк ұйым;
теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасы - тараптардың меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе электр энергиясын берудiң соңғы пунктiнде теңгерiмдiк тиесiлiлiктi шектеу актiсiмен айқындалатын, заңмен белгiленген өзге негiздер бойынша электр желiлерi бөлiмiнiң шекарасы;
электр энергиясын берудiң шарттық бағыты - электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтердiң құнын есептеу үшiн қызмет ететiн Орындаушының электр желiлерi арқылы қабылдау пунктiнен Тапсырысшының тұтыну пункттерiне дейiн тараптармен келiсiлген электр энергиясын беру жолы;
өтiнiм - Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi қол қойған және Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын берудiң уақыт кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегi көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
электр энергиясының көлемi - Орындаушы мен Тапсырысшының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасында коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша қызметтiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тапсырысшының атына берiлген электр энергиясының саны;
электр энергиясын беру - Орындаушының электр желiлерi арқылы қабылдау пункттерiнен Тапсырысшы желiсiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасына дейiн электр энергиясын беруге байланысты энергия беретiн ұйым көрсететiн қызмет;
қабылдау пунктi - Орындаушыға электр энергиясының көлемiн кейiннен оны Орындаушының желiлерi арқылы жеткiзу пункттерiне дейiн беру үшiн Тапсырысшы беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасында (қосу жүйесi) қосу;
жеткiзу пунктi - Орындаушы электр энергиясын Тапсырысшыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасында (қосу жүйесi) қосу;
коммерциялық есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
есеп айырысу кезеңi - Орындаушының электр энергиясын беру жөнiндегi қызметiне есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiн бiр күнтiзбелiк айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең;
реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополияның қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
рыноктық оператор - электр энергиясын өндiру мен тұтыну режимдерiн коммерциялық диспетчерлеудi жүзеге асыратын ұйым;
өңiраралық деңгейдiң желiлерi - электр энергиясын берудiң ұлттық жүйесiн құрайтын және меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе қолданыстағы заңнамамен белгiленген өзге негiздер бойынша Орындаушыға тиесiлi 110-1150 киловольт жоғары кернеулi электр беру желiсi;
тәулiктiк кесте - Қазақстан Республикасының электр энергиясының рыногы субъектiлерiнiң әрбiр күнтiзбелiк тәулiктiң 00-00 сағатынан 24-00 сағатына дейiн электр энергиясын өндiрудiң, берудiң, жеткiзудiң және тұтынудың орташа сағаттық шамасын регламенттейтiн рыноктық операторлар жасаған және белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжат;
техникалық диспетчерлендiру - Қазақстан Республикасының Бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде (бұдан әрi - ҚР БЭЭЖ) электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқарудан тұратын Орындаушы көрсететiн қызмет;
техникалық оператор - жасалған шарттарға, қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер мен нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну режимдерiн жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыратын ұйым;
уәкiлеттi орган - электр энергетикасына байланысты қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
iс жүзiндегi теңгерiм - есеп айырысу кезеңiнде осы рынок субъектiлерi электр энергиясының көтерме рыногында өндiрген, жеткiзген және тұтынған электр энергиясының көлемiн атаулы бөлудi белгілейтiн құжат;
электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi - Орындаушы Тапсырысшының атына берген, коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде айқындалған және электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiмен не Қазақстан Республикасының электр энергиясы рыногының рыноктық операторы берген анықтамамен расталған электр энергиясының көлемi;
орталық диспетчерлiк басқару (бұдан әрi - ОДБ) - электр энергиясын беру жүйелерiн теңгерудi, оның сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мен сапасын қамтамасыз етудi қоса алғанда, ҚР БЭЭЖ пайдалануға жауап беретiн техникалық оператордың құрылымдық бөлiмшесi;
электр желiлерi - Орындаушыға да және/немесе Тапсырысшыға да және үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе заңда белгiленген өзге де негiздер бойынша тиесiлi кiшi станциялардың, бөлушi құрылғылардың және бiрiктiрушi электр желiлерiнiң жиынтығы.
2. Шарттың мәнi
2. Орындаушы Тапсырысшыдан осы Шартта айтылған қабылдау пункттерiндегi өз желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiгi шекарасында электр энергиясын қабылдайды және оны осы Шартта айтылған жеткiзу пункттерiне дейiн өзiнiң электр желiлерi арқылы Тапсырысшыға берудi жүзеге асырады.
3. Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары:
_________________________________________________________________
(осы тармақта нормативтiк-техникалық құжаттардың талаптарына
сәйкес келуге тиiс
_________________________________________________________________
Шарттың мәнiнiң техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделедi)
4. Тапсырысшы Орындаушыға электр энергиясын қабылдау пункттерiнде беруге және жеткiзу пункттерiнде қабылдауға, электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге уақтылы және толық көлемiнде төлеуге, сондай-ақ Шартта көзделген оны тұтыну режимiн сақтауға, оның қарамағындағы электр желiлерiн пайдаланудың қауiпсiздiгiн және электр энергиясын тұтынуға байланысты олар пайдаланатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
3. Электр энергиясын беру шарты
5. Электр энергиясын беру Шарттың 5 және 7-тармақтарына сәйкес жүргiзiлген мүмкiн түзетудi ескере отырып, тоқсандық немесе айлық өтiнiм негiзiнде және оған сәйкес жүргiзiледi.
6. Алдағы тоқсанға арналған өтiнiм тиiстi тоқсан басталғанға дейiн алпыс күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiледi.
7. Алдағы есеп айырысу кезеңiне арналған айлық өтінiм тиiстi есеп айырысу кезеңi басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей берiледi. Айлық көлемдi түзетуге электр энергиясын берудiң шарттасылған тоқсандық көлемiнiң шегiнде ғана жол берiледi.
8. Айлық және тоқсандық өтiнiмдi Тапсырысшы Орындаушыға факсимильдiк байланыс құралдарымен бередi.
9. Электр энергиясының тәулiктiк көлемiнiң және оларды тиiстi тәулiк iшiнде қуаты бойынша бөлудiң айлық өтiнiмiне Тапсырысшының түзетуiне жол берiледi. Түзету:
1) көлемi түзетiлетiн алдағы тәулiктерге тәулiктiң 10-00 сағатынан кешiктiрмей берiлетiн тәулiктiк өтiнiм;
2) көрсеткiштерi түзетiлетiн мерзiм басталғанға дейiн отыз минуттан кешiктiрмей берiлетiн жедел өтiнiм арқылы жүзеге асырылады.
10. Тәулiктiк өтiнiмдi Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi факсимильдiк байланыс құралдарымен бередi.
11. Телефонограмма нысанындағы жедел өтiнiмдi кейiннен оны мiндеттi түрде жазбаша ресiмдей отырып, Тапсырысшының уәкiлеттi өкiлi бередi. Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша хабарлама арқылы жедел өтiнiмдер берушi уәкiлеттi өкiлдiң тегiн, аты мен әкесiнiң атын уақтылы хабарлайды.
Орындаушыға Шартты орындау мақсатында Тапсырысшының айлық, тәулiктiк, жедел өтiнiмдерiн, сондай-ақ мереке және демалыс күндерi түсетiн жедел өтiнiмдер қабылдау тиесiлi телефондардың және/немесе факсимильдiк аппараттардың нөмiрлерi өзгерген кезде Орындаушы Тапсырысшыға бұл туралы жазбаша хабарлама беруге мiндеттi.
12. алынып тасталды
4. Электр энергиясын есептеу
13. Орындаушы жеткiзу пункттерiнде Тапсырысшының атына есеп айырысу кезеңi iшiнде берген электр энергиясының iс жүзiндегі көлемi теңгерiмдік тиесiлiлiк шекараларында белгiленген коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi негiзiнде есеп айырысу кезеңiнiң бiрiншi күнтiзбелiк күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнтiзбелiк күннiң 24-00 сағатына дейiн анықталады.
Есеп айырысу кезеңi iшiнде берiлген электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде жасалатын берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiмен расталады.
14. Тараптар көрсеткiштердi алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен коммерциялық есептеу жүйелерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру мақсатында бiр бiрiне тәулiк iшiндегi кез келген уақытта коммерциялық есептеу құралдарына рұқсат беруге мiндеттенедi. Есеп айырысу кезеңi аяқталғаннан кейiн коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алуды тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi. Егер тараптардың бiреуiнiң уәкiлеттi өкiлi болмаса не көрсеткiштердi алудан бас тартса, онда басқа тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткiштердi алуды дербес жүргiзуге рұқсат берiледi.
Коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн алу кезiнде тараптардың уәкілеттi өкiлдерi коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қоюға тиiс.
15. Тараптар тараптардың қолдары қойылатын және мөрлерiмен расталатын тиiстi есеп айырысу кезеңi үшiн берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн келесi есеп айырысу күнтiзбелiк айының бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде ресiмдейдi. Тараптардың бiреуi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, iс жүзiндегi теңгерiм берiлген электр энергиясының көлемiн растайтын құжат болып табылады.
16. Егер есеп Орындаушы мен Тапсырысшының теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлiмiнiң шекарасынан тыс жүргiзiлген жағдайда, берiлген электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi Тапсырысшының желiлерiндегi электр энергиясының ысырабын ескере отырып, Тапсырысшыда орнатылған коммерциялық есептеу құралдары бойынша анықталады. Үшiншi тұлғалардың электр желiлерi арқылы берiлетiн электр энергиясының ысырабын осы электр желiлерiнiң иелерi анықтайды.
17. Электр энергиясын беру және үшiншi тұлғалардың электр желiлерiндегi жедел-диспетчерлiк басқару жөнiндегi өзара қарымқатынастарды Тапсырысшы үшiншi тұлғалармен жеке шарт жасасу жолымен реттейдi.
18. Орындаушы үшiншi тұлғаның электр желiлерi арқылы берiлетiн электр энергиясының көлемi мен сапасы жөнiнде жауап бермейдi.
19. Тараптардың коммерциялық есептеу құралдары тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Телеөлшеуiштер тiзбектерiне пломба салынуға тиiс. Тараптардың әрқайсысы оның теңгерiмiндегi коммерциялық есептеу құралдарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексеру жүргiзедi. Тараптардың әрқайсысы басқа тараптан оның (басқа тараптың) коммерциялық есептеу құралдарына қосымша тексерулер жүргiзудi талап ете алады. Алайда, егер тараптардың бipeуi қосымша тексеру жүргiзудi талап етсе, онда ол қосымша тексеруге бастама көтерген тараптың есебiнен жүргiзiледі. Егер қосымша тексеру кезiнде коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi плюс-минус болып, олардың дәлдiк сыныбымен жiберiлген өсiру қатесi табылған жағдайда, онда қосымша тексеру жөнiндегi шығынды коммерциялық есептеу құралдарының иесi төлейдi.
20. Электр энергиясын есептеу сызбасында қателiктер табылған кезде, барлық қателiктер тiркелетiн тиiстi акт жасалады. Мұндай жағдайда, Орындаушы Тапсырысшыға берген электр энергиясының көлемi есеп айырысу кезеңi аяқталғаннан кейiн электр энергиясын өңiрдегi ағыс теңгерiмi негiзiнде, тараптар қол қоятын тиiстi актi жасай отырып, анықталады.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
21. Орындаушы шарттық талаптар бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын жеткiзiп берудi тоқтатуға құқығы бар.
22. Тапсырысшының:
1) электр қуатын, электр энергиясын жасалған шарттарға сәйкес алуға;
2) Орындаушыдан электр энергиясын кем жеткiзуден немесе сапасыз жеткiзуден туындаған залалдың өтемiн жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
3) шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына шағымдануға құқығы бар.
23. Орындаушы:
1) электр энергиясын көтерме рыноктың барлық қатысушыларына тең жағдайда ұсынуға;
2) электр энергиясын өңіраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi тарифтердi белгiлеу бөлiгiнде қызметтер көрсетудiң шарттарын жасау кезiнде реттеушi органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;
3) электр энергиясын беруде шартта белгiленбеген үзiлiстердi жiбермеуге мiндеттi.
24. Тапсырысшы:
1) тоққабылдаушының және коммерциялық есептеу құралдарының тиiстi техникалық жағдайын ұстауға, нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгiленетiн техникалық жағдайға қойылатын талаптарды орындауға;
2) тараптар келiсiмiмен белгiленген энергияны тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) электр энергиясының стандарттық жиiлігін бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiнде ұстауға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
4) жасалған шартқа сәйкес берiлген электр энергиясына уақтылы ақы төлеуге;
5) Орындаушының қызметкерлерiн, сондай-ақ Мемэнергияқадағалау қызметкерлерiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес электр құрылғылардың техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыру және пайдалану қауiпсiздiгi үшiн коммерциялық eceптeу құралдарына жiберуге мiндеттi.
6. Тараптарға қойылатын талаптар
25. Тапсырысшыға қойылатын талаптар:
1) қабылдау пункттерiнде тиiстi сападағы электр энергиясын оны электр желiлерi арқылы Тапсырысшының жеткiзу пункттерiне тәулiктiк кестеге сәйкес көлемде беру үшiн Орындаушыға беру;
2) электр тұтынудың режимiн жүргізу жөнiнде орталық диспетчерлiк басқармасының пәрменiн орындау;
3) күн сайын 10-00 сағатқа дейiн электр өндiрушi ұйымдармен келiсiлген жедел өтiнiмдi, онда Тапсырысшының келесi тәулiктерге арналған нақты тұтыну пункттерi үшiн жүктелiмнiң тәулiктiк кестесiн көрсете отырып, ұсыну. Өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайында (авариялық жағдай, жүктелiмдердiң технологиялық төмендеуi) түзету үшiн жедел өтiнiм Орындаушыға дереу жiберiледi;
4) күн сайын Орындаушыға 10-00 сағатқа дейiн өткен тәулiкте алынған электр энергиясының iс жүзiндегi көлемi туралы ақпарат беру;
5) Орындаушыға бiр энергия көзiнен басқасына өту туралы осындай өту басталғанға дейiн кемiнде 72 сағат бұрын ескерту;
6) Шарт жасасу кезiнде (егер Тапсырысшы энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiсi болып табылса) Орындаушыға авариялық бронь актiсi мен банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерiнiң энергияны авариялық броньмен тұтынғаны үшiн есеп айырысу жөнiндегi кепiлдiк мiндеттемелерiн ұcыну;
7) электр энергиясын импорттау жағдайында Тапсырысшы өзiне декларациялау және кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ осыған байланысты Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн электр энергиясының барлық объектiсi бойынша кейiннен Орындаушының желiлерi арқылы беру үшiн тиiстi салықтар мен алымдарды төлеу жөнiнде мiндеттеме қабылдайды. Бұл ретте Тапсырысшы Орындаушы үшiн электр энергиясын беруге арналған рұқсат болып табылатын кедендiк декларацияның төртіншi данасын Орындаушыға беруге мiндеттi;
8) оның басқаруындағы және қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясы мен қуатын тұтынуға байланысты олар пайдаланатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету;
9) тоқсан сайын, алған күннен бастап он бес күннiң iшiнде тоқсанның соңғы күнiндегi жағдай бойынша өзара есеп айырысуды салыстыру актісiне, келiспеушiлiктердi көрсете отырып және оларсыз, қол қою.
26. Орындаушыға қойылатын талаптар:
1) электр энергиясын электр желiлерi арқылы Тапсырысшының тәулiктiк кестесiне сәйкес тиiстi сапада беру;
2) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерi үшiн қажеттi көлемде электр энергиясын Шартқа жеке келiсiм негiзiнде банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) кепiлдiктi мiндеттемелерiн ескере отырып, авариялық бронь актiсiне сәйкес берудi қамтамасыз ету.
27. Орындаушы Шартта және электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамада белгiленген өзге де әрекеттер жасауға, сондай-ақ мынадай жағдайларда:
1) Шарт және (немесе) қолданыстағы заңнамамен ұсынылған талаптар бойынша ақшалай және өзге мiндеттемелердi соңғысы бұзған жағдайда;
2) авариялық жағдай туындаған кезде, егер сатушы босатқан, шығарылған қуаттарға алмастыру жүргiзуге және/немесе электр энергиясын Тапсырысшының атына Орындаушының электр желiлерi арқылы беру бағытын өзгерту мүмкiн болмаған жағдайда;
3) Орындаушының электр желiлерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу мерзiмiне арналған жылдық немесе айлық жөндеу кестесiнде көзделген жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде, егер электр энергиясын басқа бағыт бойынша беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
4) электр энергиясын 5%-дан астам тұтынудың келiсiлген көлемiнен артық алған жағдайда, Тапсырысшыға электр энергиясын бepуді шектеуге не толық тоқтатуға құқылы.
28. Тапсырысшының Шарт бойынша өзiнiң ақша мiндеттемелерiн бұзуына байланысты электр энергиясын беруге шектеулер енгiзiлген не беру тоқтатылған жағдайда не электр энергиясын келiсiлген шамадан артық тұтынған жағдайда, Орындаушы электр энергиясын беруге шектеулер енгiзiлгенге немесе беру тоқтатылғанға дейiн 72 сағат бұрын Тапсырысшыны хабардар етедi. Сонымен бiрге Орындаушы электр энергиясын берудi тоқтатудың мүмкiн салдарлары үшiн жауап бермейдi.
29. Егер электр энергиясын беру бағытын өзгерту/берудi шектеу қажеттiгi авариялық жағдайларға не Орындаушының электр желiлерiнде жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты болған жағдайда, соңғысы тапсырысшының атына дереу хабарлама жiбереді.
30. Орындаушының электр желiлерiнде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезiнде жоспарлы жөндеудi қоса алғанда, соңғысы Тапсырысшының атына электр энергиясын бepу бағытын өзгертуге құқылы. Бұл ретте Тапсырысшы электр энергиясын берудiң келiсiлген бағыты бойынша Орындаушы қызметiнiң құнын төлейдi.
31. Шарттың 27-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, электр энергиясын бepуді шектeу немесе тоқтату Орындаушының кiнәсiнен электр энергиясын кем жеткiзiлуiне қосылмайды.
32. Энергия өндiрушi ұйымның iстен шыққан қуатын алмастырумен туындаған электр энергиясын Тапсырысшының атына беру бағытын өзгерту кезiнде Тапсырысшы iс жүзiндегi беру бағыты бойынша Орындаушы көрсеткен қызметтiң құнын төлейдi.
7. Төлем тәртiбi
33. Орындаушының өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған қызметiне ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифке сәйкес жүргiзiледi.
34. Тариф өзгерген жағдайда Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралы арқылы жаңа тариф қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын хабардар етедi.