35. Түпкiлiктi есеп айырысуды Орындаушының берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде төлемге шот-фактурасын iс жүзiнде ұсынған сәттен бастап Тапсырысшы бес банктік күн ішінде жүргізеді.
36. Тапсырысшы Шарттың 15-тармағында көзделген мерзiмде оған берiлген электр энергиясы көлемiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi үшiн Орындаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерi берiлген электр энергиясының көлемi туралы Орындаушыда бар жедел деректерге сәйкес, кейiннен берiлген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн ұсыну кезiнде келесi есеп айырысу кезеңiндегi Орындаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерiн түзете отырып анықталады.
37. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберiледі. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзiндегiден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде есептеледi (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса). Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiне арналған қызметiнен бас тартса, Тапсырысшының өзге, оның iшiнде Орындаушының алдындағы (егер осындай болса) ақшалай мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалған соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
38. Егер Тапсырысшы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде дауласпаған шоттың бөлiгiн төлеуге мiндеттi.
39. Егер бақылау-өлшеу құралдарының ақаулығының салдарынан шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
40. Орындаушының қызметiне электр энергиясын беру бойынша ақы төлеу жөнiндегi Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындау шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына немесе Тапсырысшыға жiберiлген хабарламада Орындаушы көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу болып танылады.
41. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.
8. Тараптардың жауапкершілiгі
42. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгі келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы Тапсырысшыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзiнде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасына сүйене отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.
Шотты ол бойынша төлем мерзiмi келген сәттен бастап бiр ай iшiнде төлемеген жағдайда, Орындаушы осы Шарттың 28-тармағында белгiленген тәртiппен электр энергиясын шектеуге не тоқтатуға құқылы.
43. Есеп айырысу кезеңi iшiнде электр энергиясын берудiң iс жүзiндегi айлық көлемi Тараптармен келiсiлгеннен Орындаушының кiнәсi бойынша төмендеген кезде, соңғысы кез келген көздерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тапсырысшы электр энергиясын беру жөнiндегi қызмет көрсету құнының мөлшерiнде кем жеткiзiлген электр энергиясының көлемiне сүйене отырып, айыппұл салуға құқылы.
44. Егер энергия өндiрушi ұйым Тапсырысшының атына келiсiлгеннен төмен қуат берген жағдайда, онда Орындаушы сатушы берген қуатқа теңгерiлетiн шамаға дейiн Тапсырысшының атына берiлген қуатқа шектеу жүргiзедi.
45. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын/қуатын кем бергенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындаған салдарға жауапкершiлiк толығымен Тапсырысшыға жүктеледi.
46. Шартта көзделмеген электр энергиясын берудiң үзiлiсi, тоқтатылуы немесе шектелуi үшiн Тапсырысшының алдындағы Орындаушының жауапкершiлігі осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
9. Форс-мажорлық жағдайлар
47. Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалдың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш жағдайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттерден босатылмайды.
48. Егер Тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға шамасы келмейтiн болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
10. Басқа ережелер және дауларды шешу
49. Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiндегi қызмет көрсету шарты Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
50.
Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн барлық күш-жігерін жұмсайды.
51. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауапкердiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Тараптардың Шартты бұзуға құқығы бар.
52. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
53. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және шарт ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.
11. Шарттың қолданылу мерзiмi
54. Шарт 200_ жылғы "__" 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "__ " 24-00 сағатты қоса қолданылады.
55. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бipeуi бұл туралы мәлiмдесе электр энергиясын беру көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.
12. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы:_________ | Тапсырысшы:___________
|
ҚР Үкіметінің 23.04.04 ж. N 458 қаулысымен үлгі шартпен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтердi
көрсетудi ұсынуға арналған
үлгі шарт
__________________ 200_ж. "___" _____________
(шарт жасасу орны)
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, табиғи газды тасымалдау
жөнiнде қызметтер көрсетудi ұсынатын (бұдан әрi - Қызметтер)
___________________________________________________________________
(қызметтi ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтайшылық құжаттары,
___________________________________________________________________
мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берілген күнi мен берген орган)
____________________________________________________________ атынан
(лауазымы, т.а.ж.)
бұдан әрi, Қызмет берушi деп аталатын _____________________________
(құжаттың aтауы)
негiзiнде iс-қимыл жасаушы, бiр тараптан және _____________________
(тұтынушының атауы)
__________________________________________ бұдан әрi Тұтынушы деп
аталатын, __________________________________________________ атынан
(лауазымы, т.а.ж)
екiншi тараптан, төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
газ тасымалдау жүйесi - газ тасымалдайтын, газ бөлетiн ұйымның меншiгiндегi немесе өзге де заңды негiзде олардағы құрылысты магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-ағытқылары, газ бөлетiн желiлердi қамтитын газ құбырларының жүйесi;
табиғи газ - Тұтынушының меншiгi болып табылатын немесе кез келген заңды негiзде оның билiгiндегi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн және сатып алынатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынатын газ;
газды есепке алу аспаптары - нормаланған техникалық сипаттамасы бар және көлемiнiң және (немесе) энергия құрамы бiрлiгiнде газ мөлшерiн өлшеуге арналған өлшеу құралы;
беру пунктi - табиғи газды Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне беру жүргiзiлетiн табиғи газды тасымалдаудың түпкiлiктi пунктi;
газды қабылдау (бepу) пунктi - шарттарда Қызмет берушi, газ тасымалдаушы, газ бөлуші ұйымдар мен тұтынушы арасында айқындалған, әдеттегiдей газ есептеу аспабымен жарақталған газ жеткiзушi пунктi;
есеп айырысу кезеңi - жеткiзiлген газдың көлемi айқындалатын, Қызмет берушi, гaз тасымалдаушы, газ бөлушi ұйымдар мен тұтынушылар арасында жеткiзiлген газ үшiн өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн кезең. Тараптармен келiсiлген есеп айырысу кезеңi шартта көрсетiледi;
реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган.
2. Шарттың мәнi
2. Шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша табиғи газды қабылдау пунктiнен беру пунктiне тасымалдау жөнiндегi қызметтердi көрсету бойынша Қызмет беруші өзiне мiндеттеме қабылдайды, ал Тұтынушы мiндеттеме тапсырады.
3. Табиғи газды тасымалдау көлемi, айлар бойынша бөлiнген тасымалдау кестесi, қабылдау пунктi мен беру пунктi Тараптармен қосымша келiсiледi және Шартқа қоса берiледi.
4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының өз өкiлеттiгiн Шарт жасасу бойынша үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.
Қызметтер ұсынудың режимi - тәулiк бойы.
5. Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтердi беру бойынша қызметтер ұсынудың техникалық шарттары мен сипаттамалары:
___________________________________________________________________
(осы тармақта нормативтiк техникалық құжаттардың
___________________________________________________________________
талаптарына сай болуы тиiс Шapт мәнiнiң техникалық
___________________________________________________________________
талаптары мен сипаттамалары көзделедi)
6. Газды тиiсiнше жеткiзу үшiн құқықтық, техникалық (технологиялық) және ұйымдастыру жағдайларының болуы, оның iшiнде:
1) Тұтынушы тарапынан - газ жабдығын пайдалану жөнiнде рұқсат беретiн құжаттардың, газ тұтынылатын қондырғылардың, жабдықтардың жарамдылығын растайтын құжаттардың болуы;
2) Қызмет берушi тарапынан - газдың тиiстi көлемi туралы растайтын құжаттың (ресурстық анықтаманың, газды сатып алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң) болуы шарт жасасудың талаптары болып табылады.
3. Қызметтердiң құны мен ақы төлеу тәртiбi
7. Табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiле отырып, қызметтер ұсыну жағдайларынан басқа, барлық тұтынушыларға бiрдей белгiленедi.
8. Ақы төлеудi Тұтынушы екi жақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап 5 банк күнi iшiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргізеді.
4. Табиғи газды тасымалдау және есепке алу шарттары
9. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдерде өзгеше белгiленбесе, Қызмет берушi Тұтынушының газ тасымалдaу жүйесiне беретiн табиғи газдың сапасы физикалық-химиялық көрсеткiштерi бойынша Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттар мен нормативтерге сай болуы тиiс.
10. Табиғи газды тасымалдау Қызмет берушi мен Тұтынушының арасында келiсiлген тасымалдау кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
11. Тұтынушыға берiлетiн табиғи газдың көлемiн Қызмет берушi Шартта белгiленген тәртiппен әрi талаптармен тiркейдi және өлшейдi.
12. Қызмет берушi технологиялық жабдықтың авариялық зақымдануы туындаған жағдайда, газ шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде және нормативтiк-техникалық құжаттарда белгiленген тәртiппен Қызметтi резервте сақтауды қамтамасыз етедi.
5. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
13. Тұтынушының:
1) жасалған шарттарға сәйкес қызметтер көрсетiлуiне;
2) Қызмет берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз жеткiзгендiктен шеккен залалды өтеудi жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгінуге;
4) Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға, бұл туралы Қызмет берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда бұзуға, құқығы бар.
14. Тұтынушы:
1) табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтер үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргізуге;
2) Қызмет берушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарын орындауға;
3) қабылдау пунктiне жеткiзiлетiн табиғи газдың сапасы мен мөлшерi үшiн жауап беруге мiндеттi.
6. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
15. Қызмет берушiнiң:
1) Тұтынушыдан Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда ұсынылған қызметтер үшiн ақыны уақтылы әрi толық көлемде алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;
3) барлық тұтынушылар үшiн реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданылуы кезеңiнде көрсетiлген қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бар.
16. Қызмет берушi:
1) табиғи газды Тұтынушымен келiсiлген көлемде газ қабылдау пунктiне қабылдауға және табиғи газдың Шартта белгiленген тәртiппен әрi жағдайларда газ беру пунктiне бiрқалыпты және үздiксiз тасымалдануын қамтамасыз етуге;
2) Тұтынушыны кез келген төтенше жағдайлар немесе табиғи газды тасымалдауға әсер етуi ықтимал авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ табиғи газды тасымалдауды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-әрекет қолдануға;
3) Тұтынушыны табиғи газды тасымалдау жөнiндегi қызметтерге арналған тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табиғи газды тасымалдау мәселелерi жөнiнде ақпарат ұсынуға мiндеттi.
7. Тараптарды шектеу
17. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше үлгіге Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-әрекет жасауға тыйым салынады.
8. Тараптардың жауапкершiлiгi
18. Осы Шарт бойынша мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
19. Осы шартта көзделген мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi еткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақшалай мiндеттемелердiң нақты орындалуы күнiне қолданылатын әрбiр мерзiмi еткен күнi үшiн қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi қарыздың сомасынан аспайтын сомада тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы болып табылады.
20. Егер Тұтынушыға табиғи газды тасымалдау жөнiнде қызмет көрсету Қызмет берушi үшiн мүмкiн болмауы Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауапты болады.
21. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
9. Форс-мажорлық мән-жайлар
22. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң салдарынан болған мән-жайлар болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтетуге құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бір де бiреуi шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайларда Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайларының басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен бере отырып не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
23. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлары Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiрген дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Егер еңсерілмес күш мән-жайлары 3 және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
10. Жалпы ережелер және дауларды шешу
24. Тараптар көрсеткiштердi алу, телеөлшемдер мен коммерциялық есепке алу жүйелерi тiзбектерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру мақсатында тәулiк iшiндегi кез келген уақытта коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткiзуге бiр бiрiне рұқсат беруге мiндеттенедi. Есеп айырысу кезеңi аяқталысымен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алуды Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi жүргiзедi. Егер Тараптардың бiрiнiң уәкiлеттi өкiлi болмаса не көрсеткiштердi алудан бас тартса, онда басқа тараптың уәкiлеттi өкiлiне көрсеткiштердi дербес алуды жүргiзуге рұқсат етiледi.
Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн алған кезде, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн салыстыру актiсiне қол қойылуға тиiс.
25. Тараптар келесi есеп айырысу айынан кейiнгi күнтiзбелiк айдың бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде көрсетiлген қызметтердiң, Тараптардың қолдары қойылып, мөрлерiмен расталатын тиiстi есеп айырысу кезеңi iшiнде көрсетiлген көлемдерiн салыстыру актiсiн ресiмдейдi. Тараптардың бiрi актiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда, көрсетiлген қызметтердiң көлемiн растайтын құжат нақты теңгерiм болып табылады.
26. Өздерiнiң құқықтық қатынастарында Тараптар Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
27. Шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздеме бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
28. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай не қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-әрекетке байланысты қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптардың кез келгенi басқа тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.
Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды.
29. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
30. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
31. Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар Шарт 2 данада жасалады.
Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастaп қолданысқа енгізiледi.
11. Шарттың қолданылу мерзiмi
32. Шарт 200_ жылғы "___" _______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы "___" ______ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
33. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бiрi бұл туралы мәлiмдесе, қызмет көрсету көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.
12. Тараптардың деректемелерi
Қызмет беруші:____________ Тұтынушы: ____________
ҚР Үкіметінің 23.04.04 ж. N 458 қаулысымен үлгі шартпен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
N 1194 қаулысымен
бекiтiлген
Табиғи газды сақтау жөнiндегi қызметтер көрсетудi
ұсынуға арналған
ҮЛГI ШАРТ
______________________ 200_ жылғы "___"_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан
(қызметтi ұсынатын субъектiнiң деректемелерi)
_________________________________________________ бiр тараптан және
(лауазымы, аты-жөнi)
бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы
____________________________________________________________ атынан
(қызметтi пайдаланатын субъектiнiң деректемелерi)
___________________________________________________ екiншi тараптан
(лауазымы, аты-жөнi)
төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
табиғи газ - Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде сатып алынатын табиғи, мұнайлы (iлеспе) және құрғақ газ;
жер асты газ сақтау орны - табиғи газды маусымдық әркелкi тұтыну кезеңiнде жеткiзудi қамтамасыз ету үшiн газдың технологиялық қорына қолда көрсетiлетiн магистральдық газ құбырының бөлiгi болып табылатын жep үстi жабдықтары кешенiндегi жер асты құрылыстары;
табиғи газды қабылдау пунктi - әдетте Тұтынушы табиғи газды жеткiзетiн, жер астында газды сақтау орнындағы табиғи газды есепке алу приборымен жарақтандырылған, одан кейiн табиғи газды сақтау үшін тікелей жер асты газ сақтау орнына (бұдан әрi - ЖГС) айдап құятын газ жеткiзу пунктi;
уәкiлеттi орган - табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2. Шарттың мәнi
2. Қызмет берушi Шарттың талаптары бойынша мемлекеттiк стандарттармен, нормативтiк кесiмдермен және өзге де техникалық талаптармен белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып, оған берiлген табиғи газды сақтауға мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеуге мiндеттенедi.
3. _____ текше метр көлемдегi табиғи газды ЖГC-де сақтау 200 __ жылғы ____ бастап 200_ жылғы ______ (қоса алғанда) кезеңде оны айдап құю және 200_ - 200_ жылдар кезеңiнде iрiктеп алу арқылы жүзеге асырылады.
4. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушының Шарт жасасу жөнiндегі өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға табыстауға құқығы бар.
5. Қызметтер көрсетудi ұсынудың режимi - тәулiк бойы.
3. Қызметтер көрсетудiң құны және ақы төлеу тәртiбi
6. Табиғи газды жер асты газ сақтау орнында сақтау жөнiндегi қызметтер көрсетуге ақы төлеу уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
7. Тұтынушы ақы төлеудi екi жақты актiнiң негiзiнде нақты ұсынылған қызметтер көрсету үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап үш күн iшiнде, егер Тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргiзедi.
8. Тоқсан iшiндегi қорытындылар бойынша қаржылық есептердi салыстырудың бухгалтерлiк актiлерiн, актiлерге қол қоятын, мөрмен растайтын және есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Тұтынушыға жiберетiн Қызмет берушi ресiмдейдi. Актiлерге Тұтынушы қол қояды, мөрмен растайды және қайтадан Қызмет берушiге жiбередi.
4. Табиғи газды сақтау және есепке алу шарттары
9. Шарт бойынша сақтауға берiлетiн табиғи газ Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнде белгiленген талаптарға сай болуы тиiс.
10. Табиғи газ ай бойы бiрдей бөлiктермен жеткiзiледi.
11. Табиғи газдың ағыны табиғи газды сақтауға жеткiзу және қабылдау актiлерiн, табиғи газды iрiктеп алу актiсiн және табиғи газды сақтаудың орташа айлық көлемi туралы актiсiн жасау жолымен ЖГС-ның өлшеу тораптарында ай сайын есепке алынатын болады, ол мынадай формула бойынша есептеледi:
V орт.ай. сақ.=V айдың басында + 1/2V айдап құю - 1/2V iрiктеп алу.
12. Актiлер екi данада жасалады және есеп жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi оған қол қояды.
13. Тараптардың сақтауға қабылданған табиғи газдың мөлшерiн айқындауға байланысты наразылықтары екi жақты актiлерге қол қойылғаннан кейiн он күн iшiнде жасалады.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
14. Тұтынушының:
1) ИM-74 кеден декларациясында көрсетiлген көлемде ЖГС-да сақтаулы табиғи газға билiк етуге;
2) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға және Қызмет берушiден мемлекеттiк стандарттар мен өзге де нормативтiк құжаттарда белгiленген талаптарға сай келмейтiн қызметтер көрсетудi ұсынған жағдайда, қызметтер көрсетудің құнын қайта есептеудi талап eтугe;
3) Қызмет берушi бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды ЖГС-да сақтау жөнiндегi қызметтер көрсету үшiн толық ақы төленген жағдайда, Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.