Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 5 наурыздағы № 278 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 148 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгі шартта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт»;
шарттың кiрiспесiндегі «энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бесiншi абзацтағы «электр қуатын,»деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзацтағы «қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын;
он бiрiншi абзацтағы «қуатын және/немесе» деген сөздер алынып тасталсын;
он үшiншi абзацтағы «электр қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы он төртiншi абзацпен толықтырылсын:
«нақты көлемi - желiлердiң тиесілілігіне қарамастан, кернеулердiң барлық сыныптарының желісіне (желiлерi арқылы), оның ішінде Тапсырысшының желісіне Тапсырысшы берген (импорттайтын) электр энергиясының көлемi;";
3-тармақтағы «Энергия көздерi шинынан электр энергиясын берудi» деген сөздер «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «қуатын» деген сөз «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «қуатын беру шамасының» деген сөздер «қуаты маңызының» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың екінші абзацында:
«Электр энергиясын берудің» деген сөздерден кейін «желiге берудiң және тұтынудың» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы «жеткiзiп берудi» деген сөздер «желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегі қызметтер көрсетудi» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
2) тармақшадағы «электр энергиясымен жабдықтау» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «электр энергиясын беруде» деген сөздер «электр энергиясын желiге беруде және тұтынуда техникалық диспетчерлендiру жөніндегі қызметтер көрсетудi» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың бекітілген тәулiктік кестесiн сақтауға;";
4) тармақша алынып тасталсын;
17-тармақта:
1) тармақшадағы «Тапсырысшының энергия құрылғылары шинынан келісім-шарттық жеткiзiлiмiн» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудiң және тұтынудың шартты шамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшаларда:
«энергия құрылғылары шинынан» деген сөздер «желiге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«алпыс минут» деген сөздер «жиырма минут» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 11) тармақшасындағы «киловатт» деген сөз «киловольт» деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақта:
1) тармақшада:
«беруге» деген сөзден кейiн «және/немесе тұтынуға» деген сөздермен толықтырылсын;
«өзiнiң тұтынушыларына» деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақшадағы «энергия құрылғы шинынан» деген сөздер «желiге» деген сөзбен ауыстырылсын;
24-тармақтың екiншi абзацындағы және 25-тармақтағы «берiлген электр энергиясы», «берiлген электр энергиясының» деген сөздер «көрсетілген қызметтердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
28-тармақтағы «Электр энергиясын беру» деген сөздер «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы «электр энергиясын өңiраралық деңгейдегi желiлер арқылы беру жөнiндегі» деген сөздер «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
38-тармақта:
«Энергия көзi шинынан электр энергиясын берудi» деген сөздер «Электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Тұтынушымен» деген сөз «Тапсырысшымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
42-тармақта:
«техникалық диспетчерлендiру» деген сөздердiң алдынан «электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұзартылады» деген сөзден кейiн «және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi» деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Электр энергиясын өңiраралық деңгейдiң желiлерi арқылы беру жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған үлгi шартта:
1-тармақта:
жетiншi абзац «Орындаушы мен Тапсырысшының» деген сөздерден кейiн «және/немесе үшіншi тұлғалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
он бесiншi абзацтағы «киловатт» деген сөз «киловольт» деген сөзбен ауыстырылсын;
он алтыншы абзацтағы «қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын;
он жетiншi және жиырма бiрiншi абзацтардағы «мен қуатын энергияны», «мен қуатын» деген сөздер алынып тасталсын, он жетiншi абзацтағы «энергиясы» деген сөз «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын;
жиырмасыншы абзацтағы «электр қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
26-тармақтың 1) тармақшасындағы «тұтынылған қуатының» деген сөздер алынып тасталсын;
27-тармақтың 2) тармақшасындағы және 32-тармақтағы «мен қуатын» деген сөздер алынып тасталсын, «энергиясы» деген сөз «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын;
46-тармақтағы «электр қуаты мен» деген сөздер алынып тасталсын;
49-тармақтағы «Тұтынушымен» деген сөз «Тапсырысшымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
50-тармақтың бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
51-тармақтың екiншi абзацында:
«өзге жағдайларда» деген сөздер «тәртiппен» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |