Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі 2000 ж. 10 шілдедегі N 707 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393; 15.03.03 ж.
N 157; 30.05.03 ж. N 364 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрінің 16.04.04 ж. N 327 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңына сәйкес
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан барлық орта кәсіптік оқу орындарына жеткізсін.
3. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ. Лекер) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
10 шілде 2000 ж. N 707
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының орта кәсіптік
оқу орындарына қабылдаудың
Үлгі ережесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келiсiмдер, сондай-ақ келiсiм шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары қабылданады.
Кәсiптiк орта оқу орындарына басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдермен қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.03 ж. N 157 бұйрығымен 1-1-тармағымен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-1. Кәсiптiк орта бiлiм беретiн оқу орындарына қабылдау кезiнде мемлекеттiк тапсырыстан ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшiн 1-қосымшаға сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша 30 пайыз, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға 2 пайыз мөлшерiнде квота белгiленедi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен Ереже 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік құпиямен жұмыс істеуді талап ететін кәсіптік орта білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша қабылдау 2-қосымшаға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік кәсіптік орта оқу орындарында және кәсіптік орта білім беретін басқа да мемлекеттік оқу орындарының мамандандырылған бөлімдерінде ғана жүзеге асырылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен Ереже 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Азаматтарды қабылдау тәртібін:
кәсіптік бастауыш білімі барларды қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
кәсіптік орта білімі барларды ақылы негіздегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға, екінші кәсіптік орта білім алу үшін кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Орта кәсіптік оқу орындарына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, N 0-86 үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын ( І және ІІ топтағы мүгедектер үшін және балалық шақтан мүгедек - дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы), 3х4 мөлшері 4 суретін қоса тіркейді. Еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді.
Талапкерлер жеке басының куәлігін, төлқұжатын немесе тууы туралы куәлігін немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын көрсетеді.
Келiсiм (ақылы) негiзiнде оқуға түсушiлердiң өтiнiштерi жеке тiркеледi және есептеледi.
3. Кәсiптiк оқу орнында қабылдау мәселелерiн шешу үшiн қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады, ол өзiнiң жұмысын маусымнан кешiкпей бастауы керек.
ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.03 ж. N 157 бұйрығымен 3-1-тармағымен толықтырылды; ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
3-1. Кәсіптік орта оқу орындарына түсетін азаматтардан өтініштер қабылдау 20 маусымнан 15 тамызға дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына 15 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Сырттай оқу нысаны бойынша түсу емтихандары 2 шілдеден 28 шілдеге дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
Мәдениет пен өнер мамандықтары (0604002, 0605002, 0606002, 0607002, 0608002, 0609002, 0610002, 0611002, 0612002, 0613002, 0614002, 0615002, 0616002, 0619002, 0630002, 0639002, 0640002) бойынша өтініштер қабылдау 20 шілдеге дейін, арнайы (шығармашылық) емтихандар 21 шілдеден 28 шілдеге дейін жүргізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж N 393; 15.03.03 ж. N 157 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
4. Азаматтарды қабылдау түсу емтихандары аяқталғаннан кейін және күндізгі оқу нысанына түсетіндер үшін 30 тамыздан кешіктірілмей, кешкі және сырттай оқу нысанына түсетіндер үшін 30 қыркүйектен кешіктірілмей жүргізіледі.
ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.03 ж. N 157 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді
5. Колледждерге түсушiлер қабылдау емтихандарын мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылатын тiлде тапсыруға құқығы бар.
6. Қабылдау емтихандарының түрiн (тестiлеу немесе емтихан билеттерi мен тапсырмалары бойынша) оқу орны шешедi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж N 393; 15.03.03 ж. N 157 (бұр. ред. қара); 30.05.03 ж. N 364 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 7-тармақ өзгертілді
7. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандары жалпы орта білімнің оқу бағдарламалары көлемінде - үш пән, ал жалпы негізгі білімі бар азаматтар үшін жалпы негізгі білімнің оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша жүргізіледі.
Мiндеттi түсу емтихандарының тiзбесiне жалпы негiзгi бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi, ал жалпы орта бiлiмi бар тұлғалар үшiн қазақ немесе орыс тiлдерi және Қазақстан тарихы енгiзiледi. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (2-ден көп емес) талапкерлердiң таңдауына байланысты мамандықтардың ерекшелiктерiне қарай белгiленiп, түсу емтихандарының алдында орта кәсiптiк оқу орындары бекiткен бағдарлама бойынша жүргiзiледi.
Тестiлеу кезiнде әрбiр пән бойынша 25 сұрақтан болады. Тест тапсырмасының әрбiр дұрыс жауабына 1 ұпай саны беріледi. Арнайы және шығармашылық пәндерден алған "3", "4", "5" деген бағаларды қабылдау комиссиясы тиiстi ұпай сандарына ауыстырады. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша тест сынағынан жалпы саны 30-дан кем ұпай жинаған азаматтар оқушылар қатарына қабылданбайды.
Кешендi тестiлеуге үш пәннен 1,5 ал екi пәннен 1 астрономиялық сағат бөлiнедi.
Дұрыс жауаптардың коды тестiлеу бiткеннен кейiн бiрден iлiнедi. Кешенді тестілеудің нәтижелері ол өткізілген күні жарияланады.
Жалпы бiлiм беретiн мектепте немесе кәсiптiк мектепте /лицейлерде/ шетел тiлiн меңгермеген азаматтар ол мамандық бойынша белгiленген негiзгi пән болып табылмаса, колледждiң қабылдау комиссиясы белгiлеген басқа пәннен тапсырады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
8. Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттары болған жағдайда): жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларының қорытындысы бойынша орта кәсіптік оқу орындарында оқуға болатын І, ІІ топтағы мүгедектер мен бала кезден мүгедектерге және үздік білімі туралы құжаты бар азаматтарға оқуға қабылдаудың артықшылық құқығы беріледі (куәліктер, аттестаттар, дипломдар).
9. Орта кәсiптiк оқу орнымен бiр оқу-тәрбие кешенiне немесе ғылыми-өндiрiстiк-оқу бiрлестiкке (ассоциация) кiретiн мектептер мен кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) емтихан комиссияларының құрамына орта кәсiптiк оқу орнының оқытушылары енгiзiлген жағдайда олардың бiтiру емтихандарының нәтижелерi қабылдау емтихандарына теңгерiледi.
10. Арнайы немесе шығармашылық емтихандардан "екi" деген баға алған тұлғалар немесе себепсiз емтиханға келмегендер қалған емтихандарға жiберiлмейдi.
11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 11-1-тармақпен толықтырылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 15.03.03 ж. N 157 (бұр. ред. қара) бұйрығымен 11-1-тармақ өзгертілді
11-1. Қабылдау емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген азамат шағым беруге құқылы.
Шағым қабылдау комиссиясына қабылдау емтихандарының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн берiледi және оны бiр тәулiк iшiнде шағым комиссиясы қарайды.
ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
12. Орта кәсiптiк оқу орындарына оқушылар қатарына қабылдау қабылдау комиссиясының ашық мәжiлiсiнде мамандықтар, бөлiмдер, оқыту тiлi бойынша жеке жүргiзiледi.
Азаматтардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген жеңiлдiктерге сәйкес бөлiнген орындарға жеке конкурс болады.
Қабылдау емтихандарынан жинаған ұпайлары тең болған жағдайда артықшылық:
ең бiрiншi кезекте жалпы орта мектептi (лицейдi) үздiк аттестатпен және кәсiптiк мектептi орта мектептiң негiзгi сатысында үздiк дипломмен бiтiргендерге берiледi. Бұл тәртiп кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сатысы негiзiнде үздiк бiтiргендерге, алған кәсiбiне сәйкес мамандыққа түскен жағдайда қолданылады.
13. Орта кәсiптiк оқу орны Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың осы Үлгi Ережесiне сәйкес өздерiнiң нақты қабылдау Тәртiбiн меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi, бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларымен келiседi, құжат қабылдаудан бiр ай бұрын баспасөз бетiнде жариялайды.
14. Қабылдау тәртiбi туралы мәлiмдеме, сонымен бiрге қабылдау жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қабылдау комиссиясының шешiмi, емтихандар кестесi, оқушылар қатарына қабылдау мерзiмi түсушiлердiң назарына уақтылы жеткiзiлуi тиiс.
15. Орта кәсiптiк оқу орындары аймақтарда көшпелi комиссиялардың қабылдау емтихандарын меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келiсiп ұйымдастырады.
16. Орта кәсiптiк оқу орындарының қабылдау комиссияларына оқу орнында қабылдау емтихандарынан өткен талапкерлердiң барлығы қабылданып болғаннан кейiн, қалған бос орындарға басқа колледждер мен жоғары оқу орындарынан конкурстан өтпей қалған тұлғаларды белгiленген үлгiдегi анықтама негiзiнде қабылдауға құқық берiледi.
17. Барлық орта кәсiптiк оқу орындары облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне) белгiленген үлгi мен мерзiмде жедел статистикалық, ал қабылдау бiткеннен кейiн он күн мерзiм iшiнде колледжге қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзудiң жиынтық мәтiндiк нысандағы есептерiн бередi.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) белгiленген үлгiде 1 қазанға дейiн қабылдаудың қорытындылары туралы есептi жинақтап, қорытып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне тапсырады.
18. Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiнде кесiмделмеген мәселелердi колледждердiң қабылдау комиссиялары өздерi шешедi.
1 қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 1 қосымша бекітілді
Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын
Кәсіптік орта білім беру мамандықтарының тізбесі
N | Мамандық топтарының атауы (шифр) | ҚР кәсіптік білім мамандықтарының (кәсіптерінің) коды | Білім беру профилі Мамандықтың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 | 0100000 Жаратылыстану- ғылыми мамандықтар 02000002 Гуманитарлық мамандықтар 0300000 Білім беру мамандықтар 0400000 Медициналық мамандықтары 0500000 Ветеринарлық мамандықтары 0600000 Өнер және мәдениет мамандықтары 0700000 Экономикалық мамандықтар 0800000 Қызмет көрсету саласы 1600000 Метрология, стандарттау және сапаны бақылау 1700000 Тіршілік қауіпсіздігі 1900000 Тау-кен ісі 2000000 Мұнай-газ ісі 2100000 Электро. энергетика 2200000 Энергетика 2400000 Металлургия Машина жасау технологиясы 2600000 Авиациялық техника 2700000 Теңіз техникасы 2800000 Көлік техникасы 2900000 Машиналар мен жабдықтар технологиясы 3000000 Көлікті пайдалану 3300000 Электр машиналарын жасау, электр технологиялары және электр механикасы 3500000 Электронды техника 3600000 Автоматика және басқару 3700000 Информатика және есептеу техникасы 3800000 Байланыс, радиоэлектро. ника және телекоммуни. кация 3900000 Химикалық өнеркәсіп 4000000 Көпшілік тұтынатын тауарлар мен бұйымдардың химикалық технологиясы 4100000 Көпшілік тұтынатын тауарлар мен бұйымдардың технологиясы 4200000 Азық-түлік тағамдарын өндіру технологиясы 4300000 Құрылыс және сәулет өнері 4400000 Ауыл және орман шаруашылығы | |
2 қосымша
ҚР Білім және ғылым министрінің 30.05.03 ж. N 364 бұйрығымен 2 қосымша бекітілді
Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін
Кәсіптік орта білім мамандықтарының тізбесі
0202002 Құқық қорғау қызметі
1701002 Өрт қауіпсіздігі