Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі 2000 ж. 10 шілдедегі N 707 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 15 наурыздағы N 157 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы "Білім туралы" Заңына сәйкес
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының орта кәсіптік оқу орындарына қабылдаудың Үлгі ережесі бекітілсін (қосымша).
2. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары (департаменттері) осы бұйрықты меншік нысандарына қарамастан барлық орта кәсіптік оқу орындарына жеткізсін.
3. Бастауыш және орта кәсіптік білім департаменті (Қ. Лекер) белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен тіркеуден өткізсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің
10 шілде 2000 ж. N 707
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының орта кәсіптік
оқу орындарына қабылдаудың
Үлгі ережесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк орта оқу орындарына Қазақстан Республикасының азаматтары; Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарымен жасалған халықаралық шарттар, келiсiмдер, сондай-ақ келiсiм шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы негiзгi, жалпы орта немесе кәсiптiк бастауыш бiлiмi бар басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.
Кәсiптiк орта оқу орындарына басқа шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдермен қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Орта кәсіптік оқу орындарына оқуға түсушілер қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжатының түпнұсқасын, N 0-86 үлгі бойынша дәрігерлік анықтамасын ( І және ІІ топтағы мүгедектер үшін және балалық шақтан мүгедек - дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы), 3х4 мөлшері 4 суретін қоса тіркейді. Еңбек өтілі барлар куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса тіркейді.
Талапкерлер жеке басының куәлігін, төлқұжатын немесе тууы туралы куәлігін немесе оның орнын ауыстыруға болатын құжатын көрсетеді.
Келiсiм (ақылы) негiзiнде оқуға түсушiлердiң өтiнiштерi жеке тiркеледi және есептеледi.
3. Кәсiптiк оқу орнында қабылдау мәселелерiн шешу үшiн қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады, ол өзiнiң жұмысын маусымнан кешiкпей бастауы керек.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж N 393 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде азаматтарды қабылдау, қабылдау емтихандары бiткеннен кейiн жүргiзiледi, ол күндiзгi оқыту нысанына түсушiлер үшiн 25 тамыздан және сырттай оқыту нысанына түсушiлер үшiн 25 қыркүйектен кешiктерiлмей аяқталады.
Төлем ақысы негiзiнде оқуға түсушiлердi қабылдау, күндiзгi оқыту нысанына 30 тамыздан және сырттай оқыту нысанына 30 қыркүйектен кешiктiрiлмей аяқталады.
5. Колледждерге түсушiлер қабылдау емтихандарын мемлекеттiк тiлде немесе ресми қолданылатын тiлде тапсыра алады.
6. Қабылдау емтихандарының түрiн (тестiлеу немесе емтихан билеттерi мен тапсырмалары бойынша) оқу орны шешедi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді
7. Жалпы бiлiм беретiн оқу орындардың жоғары сатысын бiтiрушiлер үшiн қабылдау емтихандары жалпы орта бiлiм беретiн оқу бағдарламалары көлемiнде үш пәннен, ал негiзгi сатыдағы оқушыларға негiзгi бiлiм беретiн оқу бағдарламалары көлемiнде екi пәннен жүргiзiледi. Негiзгi сатыдағылар үшiн қазақ тiлi немесе орыс тiлi, жоғары сатыдағылар үшiн қазақ тiлi немесе орыс тiлi, Қазақстан тарихы пәндерi болуы мiндеттi. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (2-ден көп емес) мамандықтардың ерекшелiктерiне қарай белгiленiп, қабылдау емтихандарының алдында орта кәсiптiк оқу орындары бекiткен бағдарламаға сәйкес жүргiзiледi.
Тестiлеу кезiнде әрбiр пән бойынша 25 сұрақтан болады. Тест тапсырмасының әрбiр дұрыс жауабына 1 ұпай саны беріледi. Арнайы және шығармашылық пәндерден алған "3", "4", "5" деген бағаларды қабылдау комиссиясы тиiстi ұпай сандарына ауыстырады. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша тест сынағынан жалпы саны 30-дан кем ұпай жинаған азаматтар оқушылар қатарына қабылданбайды.
Кешендi тестiлеуге үш пәннен 1,5 ал екi пәннен 1 астрономиялық сағат бөлiнедi.
Дұрыс жауаптардың коды тестiлеу бiткеннен кейiн бiрден iлiнедi. Емтиханның нәтижесi кешендi тестiлеу бiткеннен кейiн бiр тәулiк iшiнде талапкерлердiң назарына жеткiзiлу керек.
Жалпы бiлiм беретiн мектепте немесе кәсiптiк мектепте /лицейлерде/ шетел тiлiн меңгермеген талапкерлер ол мамандық бойынша белгiленген негiзгi пән болып табылмаса, колледждiң қабылдау комиссиясы белгiлеген басқа пәннен тапсырады.
8. Көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқушылар қатарына қабылдануға:
жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың, дәрiгерлiк-санитарлық сарапшы комиссияларының қорытындысы бойынша колледждерде оқу денсаулығына зиянды болмайтын I, II топтағы мүгедектер мен балалық шақтан мүгедектер мен бiлiмi туралы үздiк белгiге бiтiрген құжаты бар тұлғалар (куәлiктер, аттестаттар, дипломдар).
9. Орта кәсiптiк оқу орнымен бiр оқу-тәрбие кешенiне немесе ғылыми-өндiрiстiк-оқу бiрлестiкке (ассоциация) кiретiн мектептер мен кәсiптiк мектептердiң (лицейлердiң) емтихан комиссияларының құрамына орта кәсiптiк оқу орнының оқытушылары енгiзiлген жағдайда олардың бiтiру емтихандарының нәтижелерi қабылдау емтихандарына теңгерiледi.
10. Арнайы немесе шығармашылық емтихандардан "екi" деген баға алған тұлғалар немесе себепсiз емтиханға келмегендер қалған емтихандарға жiберiлмейдi.
11. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
ҚР Білім және ғылым министрінің 16.05.02 ж. N 393 бұйрығымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Қабылдау емтихандарының нәтижелерiмен келiспеген азамат шағым беруге құқылы.
Шағым қабылдау комиссиясына қабылдау емтихандарының нәтижелерi жарияланғаннан кейiн берiледi және оны бiр тәулiк iшiнде қабылдау комиссиясының төрағасы бекiткен шағым комиссиясы қарайды.
12. Орта кәсiптiк оқу орындарына оқушылар қатарына қабылдау қабылдау комиссиясының ашық мәжiлiсiнде мамандықтар, бөлiмдер, оқыту тiлi бойынша жеке жүргiзiледi.
Азаматтардың жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген жеңiлдiктерге сәйкес бөлiнген орындарға жеке конкурс болады.
Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiне сәйкес қабылдануға жеңiлдiк құқығы бар талапкерлер тиiстi құжаттарын тапсырады.
Қабылдау емтихандарынан жинаған ұпайлары тең болған жағдайда артықшылық:
ең бiрiншi кезекте жалпы орта мектептi (лицейдi) үздiк аттестатпен және кәсiптiк мектептi орта мектептiң негiзгi сатысында үздiк дипломмен бiтiргендерге берiледi. Бұл тәртiп кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сатысы негiзiнде үздiк бiтiргендерге, алған кәсiбiне сәйкес мамандыққа түскен жағдайда қолданылады.
13. Орта кәсiптiк оқу орны Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдаудың осы Үлгi Ережесiне сәйкес өздерiнiң нақты қабылдау Тәртiбiн меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi, бiлiм беру ұйымдары құрылтайшыларымен келiседi, құжат қабылдаудан бiр ай бұрын баспасөз бетiнде жариялайды.
14. Қабылдау тәртiбi туралы мәлiмдеме, сонымен бiрге қабылдау жұмысын ұйымдастыру мен жүргiзу жөнiндегi қабылдау комиссиясының шешiмi, емтихандар кестесi, оқушылар қатарына қабылдау мерзiмi түсушiлердiң назарына уақтылы жеткiзiлуi тиiс.
15. Орта кәсiптiк оқу орындары аймақтарда көшпелi комиссиялардың қабылдау емтихандарын меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан бiлiм беру ұйымдарының құрылтайшыларымен келiсiп ұйымдастырады.
16. Орта кәсiптiк оқу орындарының қабылдау комиссияларына оқу орнында қабылдау емтихандарынан өткен талапкерлердiң барлығы қабылданып болғаннан кейiн, қалған бос орындарға басқа колледждер мен жоғары оқу орындарынан конкурстан өтпей қалған тұлғаларды белгiленген үлгiдегi анықтама негiзiнде қабылдауға құқық берiледi.
17. Барлық орта кәсiптiк оқу орындары облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармаларына (департаменттерiне) белгiленген үлгi мен мерзiмде жедел статистикалық, ал қабылдау бiткеннен кейiн он күн мерзiм iшiнде колледжге қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзудiң жиынтық мәтiндiк нысандағы есептерiн бередi.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық бiлiм басқармалары (департаменттерi) белгiленген үлгiде 1 қазанға дейiн қабылдаудың қорытындылары туралы есептi жинақтап, қорытып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне тапсырады.
18. Қабылдаудың осы Үлгi тәртiбiнде кесiмделмеген мәселелердi колледждердiң қабылдау комиссиялары өздерi шешедi.