халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдіру;
елдегi кедейлiктi азайтуда мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлігiн арттыру;
жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту, iшкi еңбек рыногын қорғау, елдiң еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану бағытында нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
халықтың нысаналы топтарына енетiн адамдарды тиiмдi қолдауды қамтамасыз ету;
азаматтардың еңбек және кәсiпкерлiк бастамашылығын қолдау;
жұмыс орындарын құру республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезінде қазақстан азаматтарын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi ақпараттық базаны жасау;
еңбек қатынастарын жария ету, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсiптiк даярлауды арттыру.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру базалық бiлiм беру мен денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетiмдiктi жақсарту, әлеуметтiк көмектің атаулылығын арттыру және басқа да шараларды іске асыру жолымен осы проблеманы шешуге кешендi көзқарасты көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жалғастырылады.
Бағдарлама шеңберiне халықтың әлеуметтiк осал топтарын мемлекеттік қолдау жөнiнде мынадай шаралар көзделедi:
зейнеткерлер - зейнетақылар мөлшерiн жыл сайын көтеру әрi уақтылы төлеу;
аз қамтылған азаматтар - отбасының жан басына шаққандағы табысына қарай атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
жетiм балалар, әл-ауқаты нашар отбасылардың балалары - нысаналы топтар бойынша бiлiм беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiледi;
еңбек етуге қабiлетi жоқ, халық - мүгедектердi қоғамға кiрiктiру, қызметкерлердің көпшiлiгiн мүгедектер құрайтын мамандандырылған кәсiпорындарда мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру, протез-ортопедия бұйымдарын шығаруды ұйымдастыру, жәрдемақыларды уақтылы төлеу жөнiндегi шараларды iске асыру.
Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерi, сондай-ақ табыс деңгейiн бағалау әдiсiн жетілдіру жалғастырылады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды, қайта оқу бағдарламаларын және жұмысқа орналасуға көмек көрсетудi қаржыландыру арқылы еңбек етуге қабiлеттi халыққа әлеуметтiк көмек көрсетiледi.
2005 жылдан бастап әлеуметтiк қатерлер: еңбек ету қабiлетiнен айырылуы, асыраушысынан айырылуы және жұмыстан айырылуы жағдайларына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгiзудi көздейтiн "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгiзiледi.
Мынадай әлеуметтiк нормативтердi: ең төменгi күнкөрiс, ең төменгi еңбекақы, ең төменгi зейнетақы айқындау әдiстемесiн одан әрi жетілдіру жоспарлануда.
Институционалдық көмектiң дәстүрлi нысандары - қарттар үйлерiн және мүгедектер үйлерi ұстаумен қатар, белгілі бiр тұрағы жоқ азаматтар үшiн әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарын ашу, әлеуметтiк қонақүйлер ашу, аз қамтылған адамдар үшін асханалар ашу сияқты атаулы институционалдық көмек түрлерiн дамыту көзделедi.
Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғастырылады. Онда:
Медициналық-әлеуметтiк сараптама институтын одан әрi жетілдіру;
Протез-ортопедия бұйымдарын өндiру индустриясын дамыту;
Мүгедектердi оңалту және қоғамға кіріктіру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған әлеуметтiк қызметтер саласын дамыту көзделедi.
2005 жылы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтiк құқықтарын қорғау, жұмыс берушiлердің мүдделерiн ескеру, еңбек жағдайын жақсарту үшiн Еңбек кодекci қабылданатын болады.
Еңбек заңнамасын одан әрi жетілдіру еңбекшiлер құқықтарын қорғауға, азаматтардың ерiктi еңбек ету конституциялық құқығын iске асыру үшiн жағдай жасауға бағытталады. Жеке және ұжымдық шарттар жасасу тетiгiн жетілдіру, қысқа мерзімдi еңбек шарттарын жасасуды, белгiленген мерзiмнен тыс жұмыс iстеудi шектеу, еңбек жағдайларын жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.
Гендерлiк тең құқықтарға қол жеткiзу үшiн әйелдердің еңбек ету жағдайларын жақсартуға, әйелдердiң бала туу функцияларын және елдегi демографиялық ахуалды жақсартуды ескере отырып, оларды құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы нормалар жасалады.
Жастар мен халықтың әлеуметтiк осал топтары мүдделерiн қорғау жөніндегі шараларды алдын ала қабылдау жоспарланады.
Әлеуметтiк әрiптестiктің рөлі арттырылады әрi саласы кеңейтiледi. Әлеуметтiк диалог еңбек жанжалдарының алдын алуға және шешуге, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау мәселелерiн шешуге көмек көрсетуге бағытталады.
2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданады.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын, Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Каспий теңiзi қайраңының қазақстандық секторын игерудiң 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру есебiнен жұмыс орындарын құру.
Болжанатын нәтижелер
2006 жылы экономикада жұмыспен қамтылатындар саны 7129,6 мың адамға дейiн өседi және 2002 жылмен салыстырғанда 420,7 мың адамға көбейедi, соның ішінде жалданып жұмыс iстейтіндер 348,4 мың адамға көбейедi әрi 4378,0 мың адам құрайды немесе жұмыспен қамтылғандар жалпы санының 61,4 %. Күнкөрiсi кедейлiк шегiнен төмен адамдар саны орташа жылдық есеппен 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 54,3% азаяды.
9.6. Халықты әлеуметтiк қамсыздандыру
2003 жылдың iшiнде ортақ зейнетақы жүйесiнен төленетiн зейнетақылар мөлшерiнiң өсуi жалғастырылды. 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексiнiң озыңқы өсу қарқыны ескерiле отырып, зейнетақылар мөлшерiн 12 % арттыру жүргiзiлдi. Ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап зейнеткерлердің еңбек үлесiне қарай зейнетақы төлемдерi мөлшерiн саралап көтеру жүзеге асырылды. Соңғы жылдары әлеуметтiк нормативтердің өзгеру үрдiсi тұрақты өсу серпiніне ие. Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау кезінде әлеуметтiк бағдарламаларға қосымша 20 млрд.теңгеден астам бөліндi.
2003 жылғы 1 шілдеден бастап 1 млн. 15 мың зейнеткерге (олардың жалпы санының 60%) зейнетақы мөлшерi көтерiлдi. Зейнетақының ең жоғары көтерілу 4800 теңге құрады, республика бойынша орташа қосылуы 2300 теңгеге жуық құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамыту жалғастырылуда. 2003 жылғы 1 шілдедегi жағдай бойынша зейнетақы қызметтерiн көрсету рыногында 16 жинақтаушы зейнетақы қоры болды. 5,7 млн. адам жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушыға айналды. Алайда экономикалық белсендi халықтың көпшiлiгi зейнетақы жүйесiне iс жүзінде қатыспауда. Қазiргi уақытта жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде белсендi (жылына кемiнде 1 рет зейнетақы аударатын), сондай-ақ енжар (зейнетақы шарттарын жасасқан, бiрақ аудармайтын) салымшылар да бар. Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың мәлiметтерi бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарында белсендi салымшылардың саны 3,3 млн.адам құрады, енжарлары - 2,4 млн.
Зейнетақымен қамсыздандырудан басқа мүгедектiгі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты, жасы жетуiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу жүйесi, сондай-ақ жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында ерекше зиянды және ерекше ауыр еңбек жағдайларында жұмыс iстеген адамдарға мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар төлеу жүйесi жұмыс iстеуде.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттар, мiндеттер мен басымдықтар
Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгi мақсаты азаматтарға ең төменгi күнкөрiс шамасынан асатын табыс алуға мүмкiндiк беретiн мөлшерге әлеуметтік төлемдер мөлшерiн жеткiзу болып табылады.
Осы тұрғыда:
ортақ және жинақтаушы зейнетақы жүйесiн одан әрi жетілдiру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектiлерiн тиiмдi дамыту үшін жағдайлар жасау;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдер тетiгiн жетілдіру;
зейнетақылар мен мемлекеттiк жәрдемақылар болжау бөлiгiнде актуарлық зерттеулер жүргiзу.
Қойылған мақсаттарға жету
2004-2006 жылдары ортақ зейнетақыдан, мiндеттi және ерiктi аударымдар есебiнен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төленетiн зейнетақы жүйесiн жетілдіру жалғастырылады.
"2002 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi одан әрi iске асыру қамтамасыз етіледi.
"Қызметкердің еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданады.
Еңбек ету қабiлетiнен айрылған, асыраушысынан айрылған және жұмысынан айрылған жағдайларда әлеуметтiк қателер туындауы салдарынан айрылған табыстың бiр бөлiгiн өтеу жолымен әлеуметтiк қорғаудың үш деңгейi жүйесiн құру көзделедi.
Кепілдiк берiлген әлеуметтiк қорғаудың бiрiншi деңгейi - әлеуметтiк қатерге қарай барлық азаматтарға бiрдей деңгейде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн мемлекеттiк төлемдер.
Екiншi деңгей - әлеуметтiк сақтандыру қорына жұмыс берушiлердің аударымдары есебiнен мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру.
Үшiншi деңгей - жұмыс берушi қаражаты есебiнен қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру.
Болжанатын нәтижелер
Зейнетақымен қамсыздандыруды жақсарту 2006 жылы зейнетақылардың орташа айлық мөлшерiн 10962 теңгеге дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi немесе 2002 жылға қарағанда 1,9 есе артық.
Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылуына байланысты, жасы жетуiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың және басқа да мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылардың мөлшерi арттырылады.
9.7. Денсаулық сақтау
Республикада нәресте өлiмi деңгейiнің төмендеуi тұрақты үрдiсi қалыптасты. Бұл көрсеткiш 2001 жылғы 19,4 қарағанда 2002 жылы тiрi туған 1000 балаға 17-гe дейiн азайды.
Нәресте өлiмiнiң азаюына тыныс алу ағзалары, өткiр iшек инфекциялары және вакциналық басқарылатын аурулармен күресу жөнiндегi бағдарламаларды табысты iске асыру есебiнен қол жеткiзілдi.
Ауылдағы денсаулық сақтаудың жұмыс iстеп тұрған объектiлерiн паспорттау аяқталды. Ауылдық медициналық ұйымдарын нығайту және мамандарды тарту жөнiндегi жұмыс жүргiзiлуде.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегi жұмыс жүргiзілдi. Халықты вакциналармен қамту егудің жылдық жоспарындағы 95,0 % жеттi.
Денсаулық жылын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл халқын, балаларды, жеткiншектер мен әскери қызметшiлердi профилактикалық қарау өткiзiлдi. Профилактикалық қараудың нәтижелерi бойынша оңалту iс-шаралары жүргiзiлуде. Дәрiлiк заттардың жергiлiктi жерлерде қол жетiмдiлігiн қамтамасыз ету мақсатында оларды ауылдық медицина ұйымдарында сату ұйымдастырылды.
Сонымен бiрге, денсаулық сақтау саласында шешудi талап ететiн бiрқатар проблемалар орын алып отыр.
Ана өлiмi көрсеткiшiнiң өсуi байқалуда. 2002 жылы республикада ол 2001 жылғы 48,6 қарағанда 100 мың тiрi туған нәрестеге 50,5 құрады.
Қант диабетімен науқастанудың өсу үрдiсi сақталуда. Жыл сайын науқастану қарқынының өсуi орташа есеппен 10-12 % құрайды. Республикада туберкулезбен науқастанудың көрсеткішi 2001 жылғы 100 мың халыққа 155,7 жағдайынан 2002 жылы 165,1 өстi. Психикалық белсендi заттарды қолдану салдарынан наркологиялық тұрғыда денсаулығы бұзылуынан аурулар саны өскенi байқалуда. Бұл ретте балалар мен жеткiншектер арасында науқастанушылар саны 3 есе өскенi байқалуда.
Онкологиялық қызметтi ұйымдастыруды жетiлдiру, оның материалдық-техникалық базасын нығайту, аурудың алдын алу, ерте диагноз қою және емдеудің қазiргi заманғы әдiстерi практикаға енгiзу талап етіледi.
Олардың 80% қойылатын талаптарға сай емес бейiмделген құрылыстарда орналастырылған жедел медициналық көмек көрсету станциялары мен бөлiмшелерінің материалдық-техникалық базасы ерекше назар аударуды талап етедi.
Жоғары бiлiмдi мамандар даярлауда медициналық бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының нашар болуы, медициналық жоғары оқу орындарын тәмәмдаушыларды жұмысқа орналастыру мәселелерi проблема күйiнде қалуда.
Аса зәру мамандықтар бойынша кадрлардың жетiспеуi әрi оларды Қазақстан Республикасы аумағында даярлауға мүмкiндiктiң жоқтығы осындай мамандарды шетелде оқыту қажеттiгiн талап етедi.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттар, мiндеттер мен басымдықтар
Денсаулық сақтау саясатын iске асырудың мақсаты медициналық және дәрiлік көмектің сапасын арттыру және қол жетiмділiгiн жақсарту арқылы халықтың денсаулығын жақсарту болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшiн мынадай міндеттердi шешу қажет:
денсаулық сақтау қызметiнің атап айтқанда, ана мен бала денсаулығын сақтау, әлеуметтiк маңызы бар әрi қоршаған адамдар үшiн қауiптi аурулардың алдын алуға бағыттауға баса назар аудару;
перинатальдық көмек көрсетудi дамыту және жетілдіру;
балаларды, жеткiншектердi, әскери қызметшiлердi, әйелдердi, ауыл халқын профилактикалық қарау нәтижесiнде анықталған сауықтыру жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру;
сапалы медициналық және дәрілік көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
халықтың инфекциялық аурулармен науқастануын, атап айтқанда вакциналық басқарылатын инфекциялармен науқастануын азайту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; орта және жоғары медициналық әрi фармацевтикалық бiлiмi бар мамандар даярлаудың сапасын одан әрi арттыру;
перспективалық ғылыми бағыттарды дамыту;
халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Денсаулық саласындағы басымдықтар ауылдағы денсаулық сақтаудағы және бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi дамытуға, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, сапалы медициналық және дәрiлiк көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталады.
Қойылған мiндеттердi шешу жолдары
Кепілдiк берiлген тегiн медициналық көмек көлемiнде көмек көрсетуге қосымша қаражат бөлу жолымен денсаулық сақтау саласын қаржылық қамтамасыз етудi одан әрi жетілдіру;
бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудi жетілдіру жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
әйелдер консультациялары қызметi, соның iшiнде жылжымалы әйелдер-консультациялары қызметін қалпына келтiру және ұйымдастыру;
тұқым қуалаушылық және нәрестелердің туа бiткен ауруларының скринингiн қамтамасыз ету;
тууға көмектесу және балаларды емдеу ұйымдарын қазiргi заманғы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету;
ведомстволық тиесiлiгіне қарамастан, туберкулезбен ауырғандардың бiрыңғай тiзiлiмiн жасау;
Ақтөбе, Семей, Шымкент қалаларында Туберкулез проблемалары ұлттық орталықтарын ашу;
Есiрткiге тәуелдi адамдарды, соның iшiнде кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтiк оңалтудың өңiрлiк орталықтарын ашу, наркологиялық диспансерлер санын көбейту;
онкологиялық қызметтi ұйымдастыруды жақсарту және терiс сапалы жаңа құралымды iсiктермен ауруларға медициналық көмек көрсету сапасын көтеру;
медициналық ұйымдарда ауруларды диагностикасы және оларды емдеу хаттамаларын енгiзу;
дәрiлік заттарды өндiру жөнiндегi бiрлескен кәсiпорындар құру жолымен отандық фармацевтика индустриясын дамыту;
сапаны басқарудың бiрыңғай жүйесiне кезең-кезеңiмен саланың көшуiн көздейтiн Қазақстан Республикасы фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн дамытудың салалық бағдарламасын әзiрлеу және бекiту;
мемлекеттiк шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантин пунктiлерi желiсiн дамыту әрi олардың жұмысын жетiлдiру;
су құбыры құрылыстарының, азық-түлiк рыноктарының, қоғамдық тамақтандыру және сауда, ауыз су және тамақ өнiмдерi объектiлерiнiң санитарлық нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету;
ауылдық денсаулық сақтауда перзентханалар, туберкулезге қарсы және орталық аудандық ауруханалар салу жөнiндегi инвестициялық жобаларды iске асыру;
республиканың бiрқатар перспективалық және тұрақты аудандарында ұтқыр және телемедицина құру мүмкіндігі қаралады;
орта және жоғары медициналық әрi фармацевтикалық бiлiмi бар мамандарды көп деңгейлi даярлауды енгiзу.
Болжанатын нәтижелер
Қабылданатын шаралар нәтижесiн халыққа, әсiресе ауылда бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, бала мен анаға емдiк көмек көрсету, әлеуметтiк маңызы бар ауруларды анықтау жақсартылады.
2004 жылы аурулар диагностикасы мен оларды емдеу хаттамаларын енгiзу, солардың негiзінде медициналық көмектiң сапасын және уақытылығын жетілдіру көзделедi.
2005 жылдан бастап дәрілік заттарды өндiру және сату кезiнде халықаралық сапа стандарттарын кезең-кезеңiмен енгiзу көзделедi.
9.8. Мәдениеттi, туризм мен спортты дамыту
9.8.1. Мәдениет
Экономикалық өсу және республикалық әрi жергiлiктi бюджеттің кiрiс бөлiгінің ұлғаюы нәтижесiнде мәдениет мекемелерiн салу, белсендi жастар және тіл саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды. Қазақстан үшiн ерекше тарихи құндылығы бар құжаттарды шет елдердегi мұрағаттардан және ғылыми мекемелерден iздестiру және қайтару жөнінде белсендi жұмыс жүргiзуде.
Мәдениет саласындағы проблемалар кешенi, негiзiнен нормативтiк құқықтық және қаржы сипаттағы себептермен айқындалады. Саланың бiрқатар секторларында материалдық-техникалық база нашар.
Халықты мемлекеттiк теледидар және радио бағдарламаларымен толық қамтылмаған. Қоғамдық өмiр салаларындағы мемлекеттiк тілдің әлеуетi толық көлемде iске асырылмаған. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың және жастардың өзiн-өзi iске асыруының бағдарламалық тетiктерiн одан әрi iске асыру талап етiледi. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша шығарылатын кiтап өнiмдерiнiң ассортиментi жеткiлiксiз.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттар, мiндеттер мен басымдықтар
Мәдениет саласындағы, негiзгi мақсат бiрыңғай мәдени ақпараттық кеңiстiктi нығайту, тарихи-мәдени мұраны, әлеуметтiк мәдени инфрақұрылымды, әсiресе ауылда сақтау және дамыту кәсiптiк өнердi және халық шығармашылығын дамыту жағдайларын қамтамасыз ету арқылы қоғамның рухани әлеуетiн iске асыру болып табылады.
Мәдениет саласындағы басым мiндеттер:
"Қазақстан - 2030" стратегиясының ережелерiн, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң негiзгi бағдарламалық құжаттарын белсендi насихаттау;
Қазақстандағы Ресей жылын өткiзу шеңберiнде iс-шаралар ұйымдастыру;
халықтың рухани-бiлiм беру және зияткерлiк мәдени деңгейiн көтеру;
мұрағат iсi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;
мемлекеттiк органдар мен үкіметтiк емес ұйымдар арасындағы әрiптестiк қатынастардың тұрақты әрi тиiмдi жүйесiн құру жөнiндегi заңнамалық негiз жасау;
шетелде тұратын отандастарды мәдени ағарту және тілдiк қолдау көрсету;
мәдениет, мұрағат iсi ақпарат және қоғамдық келiсім саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру;
ұлттық әдебиет пен жазба әдебиеттің көптеген ғасырлар бойғы тәжiрибесiн қорыту, әлемдiк ғылыми ой, мәдениет пен әдебиеттiң үздiк жетiстiктерi негiзiнде мемлекеттiк тілдегі әдебиеттiң толыққанды қорын құру;
тарих, археология мен сәулет ескерткіштерінің, тарихи орталықтарын сақтауын қамтамасыз ету.
Белгiленген мақсаттар мен міндеттерге жету жолдары
Қойылған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу үшiн мыналар қажет:
бұқаралық ақпарат құралдарында ұйымдастыру-насихат iс-шараларын неғұрлым жоғары әрi кәсiби деңгейде жүргiзу қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмiрi туралы телерадиокомпаниялар жасайтын бағдарламалардың сапасын жақсарту, ұлттық теледидар арналарын тарату желiсiн кеңейту, бұл ретте мемлекеттiк тілде хабар таратудың жалпы көлемiн ұлғайту;
теледидар, радио хабарларын таратуды дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыруды бастау;
қоғамдық-саяси, әлеуметтiк-экономикалық, ғылыми-бiлiм беру және мәдени өмiр салаларындағы өзгерiстердi көрсететiн әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттi шығару әрi ықтимал оқырмандарға жеткiзудi, кеңiнен өрiстетiлген көркем, ғылыми, публицистикалық және ғұмырнамалық сериялар шығаруды қамтамасыз ету;
қоғамның әлеуметтiк маңызы бар проблемаларын шешуге үкіметтiк емес ұйымдарды дамытып, олардың қатысудың маңызды шарты ретінде заңнамалық база жасау жолымен азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру мен дамытуға, iшкi саяси тұрақтылықты нығайтуға жәрдемдесу;
жастардың қалыптасуы әрi әлеуметтiк өзiн-өзi iске асыруы үшiн әлеуметтiк-экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын жасау жолымен жастар ұйымдарын қолдауды күшейту және дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
ауылды өркендету және Мемлекеттiк аграрлық азық-түлік бағдарламасын насихаттау, бұқаралық ақпарат құралдарында ауылды өркендетуге арналған тақырыптық материалдар жариялау, ақпараттық-насихат басылымдарын шығару, теледидар және радиохабарларын жасау әрi бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жолымен ауылды одан әрi өркендету әрi дамыту жөнiндегi жұмыс шеңберiнде ақпараттық-насихат iс-шаралар жүйесiн ұйымдастыру;
мәдениет инфрақұрылымды одан әрi дамыту, халықаралық ынтымақтастық үшiн жағдай жасау, мәдениет саласындағы қызметтің нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру жөнiндегi жұмысты жандандыру;
ескерткiштердi қайта жаңарту, консервациялау, жөндеу, қалпына келтiру және жаңғырту жолымен тарихи-мәдени мұраның сақталуын және олардың пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзу;
"Мәдени мұра" бағдарламасын әзiрлеу және iске асыруды бастау;
мұрағат саласының жұмыс iстеуiне арналған нормативтiк құқықтық базаны кеңейту, жаңа автоматтандырылған технологиялар әзiрлеу және енгiзу;
шетелде тұратын отандастарды қолдаудың бағдарламасын әзiрлеу;
қазақ тiлiнің терминологиялық базасы мен ономастика жұмысын дамытудың тұжырымдамалық негiздерiн жетiлдiру, оларды iске асыру жөнiнде жүйелiк шаралар қабылдау.
Болжанатын нәтижелер
2006 жылы елде белгiленген шараларды iске асыру нәтижесiнде мәдениет ұйымдарының санын 11%, оның iшiнде мемлекеттiк 14,7%, кiтапханаларды 8,5%, мұражайларды - 8,1% көбейту көзделуде.
9.8.2. Туризм
2002 жылы туризм бойынша туристiк қызмет рыногын одан әрi дамыту, туристiк саланың нормативтiк және құқықтық базасын жетілдіру жөнінде дәйектi жұмыс жүргiзілдi.
Сонымен бiрге, қазiргi таңда туристiк саланың одан әрi дамуына кедергi келтiретiн бiрқатар факторлар қалыптасты. Бұлар:
туристiк индустрия мен онымен сабақтас салалардағы менеджменттің нашар болуы;
туристiк инфрақұрылымның қолда бар объектiлерi негiзгi қорларының тозуы.
Мақсаттары мен мiндеттерi
Туризм саласындағы басты мақсат экономикалық өсу мен халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға көмек көрсету үшiн елдiң туристiк кешенiн одан әрi дамыту болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай міндеттердi шешу ұсынылады:
туристік саланы экономиканың табысты саласына айналдыру;
туризмнiң жоғары рентабельдi индустриясын құру;
бәсекеге қабiлеттi ұлттық туристік өнiмдi туристiк қызметтiң халықаралық рыногына жылжыту және сату.
Қойылған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу жолдары
2003-2006 жылдар кезеңiнде туристiк саланы дамыту мiндеттерiн шешу және қойылған мақсаттарға жету үшiн мынадай шараларды орындау көзделуде:
Қазақстан Республикасында туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған орта мерзiмдi бағдарламасын iске асыру;
Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлік бағдарламаларын iске асыру;
қазақстанның халықаралық туристік жәрмеңкелерге және шет елдердегi көрмелерге қатысуын қамтамасыз ету;