Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, сауда өкiлдiктерiнің, сауда-өнеркәсiптiк палаталарының белсендi өзара iс-қимылы нәтижесінде сауда дауларын болдырмаудың және реттеудің тетiктерi мен жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Дәстүрлi емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту жоспарында мынадай шаралар қабылдау алда тұр:
экономиканың нақты секторында инновациялық процестердi жандандыру, бұл батыстың дамыған елдерiнiң үлгiсi бойынша экспорттың жаңа құрылым құрайтын жоғары технологиялы элементiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi;
әлемдiк стандарттарға сәйкес жаңа өнімнің негiзгi түрлерiн сертификаттауды және стандарттауды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлердің құқықтарын қорғау, бәсекелестiктi дамыту, экспорттың жылжуына ықпал ету, сауда және инвестиция саласында (ақпараттық-консультациялық қызметтер желiсiн қалыптастыру) халықаралық шарттар мен келiсiмдерге қатысу жөніндегі мемлекеттiң iс-қимылы бөлiгінде рынок субъектілерiн ақпараттық қолдауды жүзеге асыру.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу отандық экспорттың шикiзат тауарларының әлемдiк рыноктарындағы бағаларының ауытқуына тәуелдiгiн төмендетiп қана қоймай, тұтастай алғанда, экономиканың шикiзаттық бағытталуы проблемаларын шешуге мүмкiндік бередi.
Осылайша, республиканың отандық өнеркәсiптi перспективалы дамытуға, экспортты ынталандырудың тиімдi саясатына және өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастар шарттарында әлемдік қоғамдастыққа кезекпен ықпалдасуға негiзделген саяси сауда режимiн жақсарту орташа мерзiмдi кезеңде сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу бағдары болады.
2003 жылы көршi елдердiң сыртқы рыноктарына агрессивтi экспорттық экспансияны ғана емес, шетелдiк өнеркәсiптiк меншiктi сатып алу және бiрлескен кәсiпорындар құру жолымен Қазақстанның ТМД елдерiнде экономикалық қатысуын күшейту басталатын болады.
Осы бағыттарды тиiмдi iске асыруда оң рөлдi Қазақстан Республикасының шетелдердегi сауда өкiлдiктерi атқаруы тиiс. Сауда өкiлдiктерiнiң жұмысы:
сыртқы рыноктарға қазақстандық өнімдi жылжыту жөніндегі қазақстандық компаниялар қызметiнiң тиiмділiгiн арттыруға;
сыртқы экономикалық қызметтiң негiзгi нысандарын дамытуға, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының құрылымын жақсартуға;
тауар номенклатурасын кеңейтуге және қазақстандық экспорттың бәсекеге қабілеттігiн арттыруға мүмкiндік бередi.
Аталған шаралар елдiң төлем теңгерiмiнiң құрылымына және экономикалық жағдайына оң әсер етедi.
Қазақстанның әлемдiк экономикаға трансформациясының басқа маңызды шарты сауда әрiптестерi елдерiн таңдауда икемдi саясатты жүргiзу: үшiншi елдер арқылы транзиттi ең аз мөлшерге келтiру мақсатында Еуропа мен Азия елдерiнiң жақын рыноктарын толық пайдалануға, өңiрлiк одақтармен өзара iс-қимылды күшейтуге, epкін сауда аймағының артықшылығын барынша пайдалануға бағытталған өткiзу нарығын саралау болып табылады.
8.3. ДСҰ-ға кiру
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi Қазақстанның әлемдiк экономикаға шоғырлануы жолындағы маңызды қадамдарының бiрi болып табылады және экономикалық өсу қарқынын арттыру мен тұрақтылығын қамтамасыз етудiң қуатты факторларының бiрi бола алады.
Мақсаты
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiнiң басты мақсаты - бұл сыртқы сауданы жүзеге асыру және осы ұйымның ережелерiне, нормалары мен тетіктерiне сәйкес тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiн дамыту есебiнен ұзақ мерзiмдi табанды экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн қолайлы сыртқы экономикалық жағдайлар жасау.
Мiндеттерi
ДСҰ-ға кiру шарттары бойынша келiссөз процесiне қол жеткiзу:
Қазақстан үшiн қолайлы ауыл шаруашылығын iшкi субсидиялау деңгейi;
Қазақстанға кеден тарифтерi ставкаларын одан әрi төмендету үшiн неғұрлым ұзақ бейімделу кезеңiн беру;
шетелдiк компаниялардың қызметтер көрсету рыногына қол жеткiзу жолындағы бар шектеулердi жою.
Алға қойылған мiндеттердi шешу үшiн мыналарды қамтамасыз ету қажет:
Қазақстанның заңнамасын әлемдiк стандарттарға сәйкес келтiру;
қазақстандық компанияларды Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiгi жағдайында жұмыс iстеуге дайындау жөнiндегi, атап айтқанда, өзiнің бәсекеге қабiлеттiгiн Қазақстанның ДСҰ-ға кiргенге дейiн арттыру жөнiндегi шараларды қабылдау.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу кезiнде өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылығы тауарларына кедендiк тарифтер ставкаларын арттыру, шетелдiк компаниялардың қызметтер көрсету рыногына қол жетiмдiлiгiн шектеулердi күшейту жолымен отандық тауар өндiрушілердi қорғау елдегi бәсекелi ахуалға терiс әсер ететіндігiнен шығу қажет.
Экономикалық өсудiң жоғары қарқынына және тұрақты дамуына жол ықпалдастықты дамытуда жатыр. Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясында инновациялық техника-технологиялық алға басу мiндеттерiн табысты шешу мынадай жағдайда:
ұлттық экономика экспортқа бағдарланған кезде, бұл оның жоғары бәсекеге қабiлеттiгiн болжайды;
шетелден жоғары технологиялардың қарқынды ағыны және Қазақстан экономикасына перспективалы шетелдiк өндiрiстер мен жоғары технологиялық қызметтер көрсетудiң енуi кезінде ғана мүмкін.
Мұның барлығы басты сәтi Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы болатын либералды сыртқы экономикалық саясатты кезекпен жүргiзудi болжайды. Қазақстан рыногының шетелдiк тауар өндiрушiлердің тарапынан бәсекелестiк үшiн ашықтығы отандық компаниялардың монополистiк үрдiстерiне қарсы iс-қимылдың негiзгi факторларының бiрi болып табылады.
Енудің ұзаққа созылуы Қазақстанның ДСҰ-да талқыланып жатқан сыртқы экономикалық саясаттың өзектi проблемаларына белсендi қатысу мүмкiндiгiн, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнiмiнің саудасын одан әрi ырықтандыру және ауыл шаруашылығын iшкi субсидиялаудан, инвестициялар мен бәсекелестiк саласындағы көп жақты ережелердi әзiрлеу мәселелерiнен, Үкіметтiк сатып алулардың анықтығын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардан бac тарту. Бұдан басқа, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру уақыты созылған сайын оған келiссөз процесi бойынша әрiптестің тарапынан қойылатын талаптар қатаң болады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi үшiн маңызды жағдай жасалған: оған нарықтық экономикасы бар елдiң мәртебесi берілдi, бұл оның өнiмiнің өзiндiк құнын "араласқан" өзiндiк құн бойынша емес, нақты шығындар бойынша бағалауға мүмкiндiк бередi.
Әлемнің 192 елiнен 146-сы ДСҰ мүшелерi болып табылады, ал тағы бiрнеше ондаған елдер кiру үшiн кезекте тұр. 135 мүше елдермен Қазақстан сыртқы сауда жүргізіледі
8.4. Халықаралық экономикалық ықпалдастыққа қатысу
Елдiң әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi ықпалдастығы, оның халықаралық еңбектi бөлу жүйесiндегi рөлiн оңтайландыру үшiн шарттарды қалыптастыру 2004-2006 жылдар кезеңiне арналған алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн сыртқы экономикалық саясаттың негiзгi басым бағыттарының бiрi болып табылады.
2003 жылдың басқа маңызды iс-шараларының қатарында Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (бұдан әрi - ЭЫДҰ) жекелеген комитеттерiнде қадағалаушы мәртебесiн алуды, Қазақстанның ЭЫДҰ желiсi бойынша кредиттiк рейтингiнiң артуы, сондай-ақ республиканың Ауғаныстанның экономикасын соғыстан кейiнгi сауықтыру процесiне кейiннен осы елге Қазақстанның сауда миссиясын жiбере отырып белсендi кiрiсуiн атап өту қажет.
Қазақстанның Ресейдегi жылын өткiзу екi елдің экономикалық ықпалдастығын күшейту болады. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық республиканың сыртқы экономикалық саясатындағы басым бағыт болып қалуды жалғастыруда және өз кезегінде осы ынтымақтастықта басты назар әскери-өнеркәсіптік кешендi қоса алғанда, экономиканың нақты секторында бiрлескен жобаларды жасауға бағытталатын болады.
Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк (БЭК) шеңберiнде кеден одағын құру, үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай сауда саясатын жүргiзу және тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капитал мен жұмыс күшiнiң epкін өтуiн қамтамасыз ету ұйғарылады.
Болжанып отырған нәтижелер
2004-2006 жылдарда экспорттың орташа есеппен жылына 6,4%-ға өсуi болжанып отыр. Әлемдiк сауда ахуалымен жақсаратын дамыған және дамушы елдердегi экономикалық өсумен қолдайтын әлемдiк рыноктағы шикiзат тауарларына тұрақты сұраныс қазақстандық экспорттың өсуiне ықпал ететiн болады. Өнiмнің бәсекеге қабілеттігiн арттыру, сондай-ақ жаңа рыноктардағы сауданы кеңейту тауар айналымын арттыруға ықпал ететiн болады.
Қазақстан экономикасының дамуының жоғары қарқыны және инвестициялық ахуалдың жақсаруы 2004-2006 жылдары импорттың өсуiне қолайлы ықпал етедi. Қазақстандық кәсiпорындарды жаңғырту процесi инвестициялық тауарлардың және бұрынғыдай импорттың құрылымындағы ең көп үлес салмағын алатын аралық тұтыну өнiмi импортының басып өсуiн негiздейдi (80%-ға жуық).
9. Адам капиталын дамыту
Yкiметтiң халықтың әл-ауқатының өсуi жөнiндегi саясаты бiлiм беру деңгейiн арттыруды, салауатты өмiр салтын жүргiзудi және елдiң әрбiр азаматының материалдық әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз еттi.
2000 және 2002 жылдары экономикалық өсудің жоғары қарқындарынан алынатын кiрiстердiң өсуi қаржыны нығайтуға және дағдарыс жылдары пайдалануға болатын бастаманы құруға пайдаланылды.
Қазiргi заманғы жағдайда Қазақстан үшiн түскен кiрiстiң деңгейi бойынша халықты саралауды тереңдетуге жол бермеу маңызды. Экономиканың объективтi ұлғайып отырған шикiзаттық бағытталуы жағдайында мұндай қатер өте жоғары. Осыған байланысты Үкiмет орташа кiрiстi халықтың үлесiн ұлғайту, яғни орташа класты дамыту үшiн жағдайлар жасау жөніндегі бағамды ұстанады.
Әлемдiк экономикадағы адам капиталын дамытудың жинақтаушы көрсеткiшi халықтың бiлiм беру деңгейi индекстерiнен, кiрiстерi мен өмiр сүру ұзақтығының орташа арифметикалық маңызын бiлдiретiн адам дамуының индексi (бұдан әрi - АДИ) болып табылады.
Индустриалды дамыған елдер қатарына жатқызылған елдерде адам дамуының индексi ең жоғары және 0,917-ден 0,935-ке дейін құрайды.
Дамушы елдерде бұл көрсеткiш экономикалық өсудiң қарқынды өтуiне және экономика құрылымының және халықтың кiрiс деңгейінің өзгеруiне қарай едәуiр ауытқиды. Осылайша, мысалы, Қытайда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда адам дамуының индексi 0,75-0,85 құрайды, ал шикiзаттық бағытталған елдерде бұл көрсеткiш 0,47-0,67 деңгейiнде тұр.
Бұрынғы КСРО елдерiнде өткен он жылдықта адам дамуының индексi құлдырау үрдiсiнде болды. Егер 1990 жылы оның деңгейi 0,78-0,815 құраса, онда 2000 жылы оның деңгейi 0,77-0,78 дейiн құлады, оның iшiнде Қазақстанда оның деңгейi 1990 жылы 0,784 құрады, 1995 жылы 0,726, ал 2001 жылы - 0,773.
ЖIӨ серпiнiн және адам дамуының индексi (АДИ) талдау осы көрсеткiштер арасындағы тiкелей тәуелдiлiктi көрсетедi.
Осы көрсеткiштердiң икемдiлiгiнiң коэффициентi 12 жыл iшiнде 5,8 құрайды. Яғни адам дамуы индексiнiң 1%-ға өзгеруі ЖІӨ-нің 5,8 %-ға өзгеруiне әкеледi. Бұл тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшiн бiз өмiрдiң ұзақтығын арттыру, бiлiм беру деңгейiн арттыру және халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ-нің өсуi үшiн жағдай жасауымыз керек екендiгiн көрсетедi.
ЖІӨ мен АДИ серпіні, 1991 жылға %-бен
диаграммасы
Макроэкономикалық деңгейде елдiң экономикалық әлеуетiн бағалау көрсеткіш - халықтың жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмi арқылы долларға баламалы жүргiзiледi. Бұл көрсеткiш елдiң орташа тұрғынының кәсiби дайындығының деңгейiн және қоғам өзiнің азаматтарының ғылымға, бiлiм беруге, денсаулық сақтауға, дене дайындығының дамуына және мәдени құрылуына сипаттайды.
Дамыған елдерде халықтың жан басына шаққандағы ЖIӨ мөлшерi 25-тен 37 мың АҚШ долларына дейiн ауытқиды, қарқынды дамыған елдерде - 3-тен 10 мың долларға дейiн. Дамушы елдерде экономиканың дамуының шикiзаттық бағытталуында бұл көрсеткiш адам басына 0,4-0,7 мың АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда халықтың басына шаққандағы ЖIӨ 1,6 мыңға жуық АҚШ долларын құрайды, оның iшiнде 900 доллар шамасында тұтыну шығыстарына пайдаланылады немесе айына 73 доллар.
Қазақстандағы тұрмыстың ең аз мөлшерi 31 АҚШ долларын құрайды, ал осы деңгейден төмен кiрiс алатын халықтың үлесi 24,2%-ды құрайды. Неғұрлым және кем қамтамасыз етiлген халықтың кiрiстерiнiң ара қатынасының 10% 2000 жылы 11,9 реттi құрады.
Ғылым мен инновациялардың озық дамуынсыз сапалы экономикалық өсу мүмкiн емес. Бұл даусыз фактор болып табылады. Бүгін дамыған елдер экономиканың дамуының индустриалды қалпынан ғылымның алдыңғы қатарлы жетiстiктерi мен инновацияларды қабылдауға негiзделген сервистiк-технологиялық қалпына көштi. Жыл сайын қоғам ғылыми-зерттеу тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргiзуге арналған шығындарды ұлғайтады және бұл шығындар жоғары табыс бередi.
Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландырудың көлемi ЖIӨ-ге 0,13% шамасын құрайды, бұл өте жеткiлiксiз.
2000 жылы ғылыми зерттеулерге мемлекеттiк шығыстар мыналарды құрады: - АҚШ-та - 246,2 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 2,9%);
- Жапонияда - 94,2 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 3,0%);
- Германияда - 45,8 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 2,35%);
- Францияда - 28,0 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 2,25%);
- Швецияда - 7,6 млрд. доллар (ЖIӨ-нiң 4,0%)
Еуроодақ өзiнің барлық мүшелерiне ғылымға салым деңгейiн ЖIӨ-нің 2,5%-на дейiн жеткiзудi ұсынады.
9.1. Бiлiм берудi дамыту және жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлау
Республикада 3135 мың бала оқитын жалпы орта бiлiм беру оқу орындарының тұрақты желiсi қалыптасты, 154 мың бала мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу алуда. Оқыту 7 ана тiлiнде жүргiзiлуде.
"Қазақстан Республикасының ауылдық мектептерi үшiн қашықтықтан оқыту" пилоттық жобасы шеңберінде қашықтықтан оқыту енгiзiлуде. Бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн құру жөнiндегi шаралар қабылдануда.
2003-2005 жылдардың iшiнде ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңмен нығайтуды және олардағы оқыту сапасын арттыруды жүзеге асыруды көздейтiн "Ауыл мектебi" бағдарламасы әзiрлендi және бекiтiлдi.
Жалпы орта бiлiм моделiн одан әрi жетілдіру жөнiндегi шаралар қабылдануда.
Елдің жоғары кәсіптiк бiлiм беру жүйесiн жоғары кәсiптiк бiлiм берудің 284 мамандығы бойынша дайындық жүзеге асырылатын 163 жоғары азаматтық оқу орындарында берiлген.
Ел Президентiнің 2003-2006 жылдарды ауылды көтеру кезеңi деп жариялауына байланысты ауыл шаруашылығы бейiнi мамандықтарына мемлекеттiк тапсырыс артты, ауылдық мектептердің мектеп бiтiрушiлерiн ауылды әлеуметтiк-экономикалық дамытуды белгiлейтiн мамандықтарға қабылдаудың 30%-дық квотасы сақталды. Педагогикалық мамандықтарға да мемлекеттiк тапсырыс ұлғайды.
Соңғы жылдары жоғары білiм берудiң мемлекеттік емес секторы кең даму алды.
Жоғары кәсiптік бiлiм жүйесiнде республикалық бюджеттiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, фирмалар мен халықтың қаражаты есебiнен оқытуға шығындарды көп арналы қаржыландыру қағидаты нығайтылуда.
Сонымен бiрге, бiлiм беру саласында рұқсатты талап ететiн проблемалар қатары бар.
Бiлiм беру саласының негiзгi проблемасы жеткілiксiз бюджеттік қаржыландыру болып табылады. Бiлiм беруге арналған мемлекеттiк қаржыландыру ЖIӨ-ге пайызбен халықаралық ұйымдар ұсынатын деңгейге жеткен жоқ. Егер 1995 жылы олар ЖIӨ-нің 4,5%-ын, 1999 жылы - 4,1%-ын, 2002 жылы 3,2%-ын құраса, 2003 жылдың бағалау бойынша мемлекеттiк бюджеттiң бiлiм беру шығыстарының серпiнi ЖIӨ-нің 3,4%-ын құрайды.
Мыналар:
бiлiм берудің халық үшiн, әсiресе, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқу жүйесiнде қол жетiмдiлiктiң төмендеуi;
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеу және мектептерде ыстық тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру проблемаларының өршуi;
білім беру қызметтерiнiң даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн қол жетiмділігінің төмендеуi;
берілетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасының төмендеуi;
педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгi мен қайта даярлығын арттыру жүйесi әлеуетiнiң төмендеуi, аудандық оқу-әдiстемелiк қызметтерiн, институттар мен жоғары оқу орындарының жанындағы бiлiктiлiктi арттыру факультеттерiнiң негiзсiз таратылуы;
бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының төмендеуi, бiлiм беру индустриясының болмауы;
қала мен ауыл тұрғындары арасындағы білiм беру деңгейiндегi алшақтықтың ұлғаюы кесiрiн тигiздi.
Жоғары бiлiм берудiң проблемалары:
жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық, оқу-зертханалық, әсiресе, техникалық базасының нашарлауы, студенттерге арналған өндiрiстiк практика базалары жоғалған дерлік;
жоғары оқу орындарының оқытушылар-профессор құрамы мен студенттерiнің ғылыми зерттеулердi жеткiлiксiз жүргiзуi, бұл мамандарды сапалы даярлауға керi әсер етедi;
оқу процесiн, әсiресе, мемлекеттiк тілдегi оқулықтармен және оқу құралдарымен әлсiз қамтамасыз етiлуi;
педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлаудың ұтқыр нысандарын, сондай-ақ бiлiм беру ұйымдары басшыларын жаңа басқарушылық ойлаумен мамандандырылған даярлауды әлсiз пайдалану;
оқу процесiне оқытудың компьютерлер технологиялары мен оқытуды ақпараттандыруды әлсiз енгiзу;
мемлекеттiк тілдегi, әсiресе, техникалық жоғары оқу орындары үшiн техникалық терминология мен анықтамалық оқулықтардың пысықталмағандығы болып табылады.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттары,
міндеттерi мен басымдықтары
Білім беру саласының мақсаты әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiне ықпалдасқан бiлiм берудiң ұлттық моделiн қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
барлық деңгейдегi бiлiм беру ұйымдарының жұмыс iстеуiнің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
"Бiлiм беру" мемлекеттiк бағдарламасын, "Ауыл мектебi" салалық бағдарламасын iске асыру;
оқыту сапасының өлшемдерi мен оқушылардың бiлiмi мен педагогтардың қызметiн бағалаудың өлшемдерi жүйесiн енгiзу, бiлiм беру бағдарламаларының сапасын жақсарту, білім беру қызметтер көрсетуiн таңдау құқығын беру;
бiлiм беру сапасын соңғы бағалауға субъективтi факторларды төмендетуге ықпал ететiн оқу жетiстiктерiн сыртқы тәуелсiз бағалау (бiрыңғай ұлттық тестiлеу) жүйесiн әзiрлеу және енгiзу;
оқушылардың сапалы бiлiм алуға, ал оқытушылардың бiлiм беру деңгейi мен шеберлiгiн тұрақты арттыруға ұмтылуын арттыру;
оқушылардың жеке қабiлеттерiн дамыту үшiн жағдайлар жасау;
материалдық-техникалық базаны және бiлім беру ұйымдарының кадр әлеуетiн кезекпен нығайту;
білім беру ұйымдарының қолданыстағыларын сақтау және жаңа түрлерi мен типтерін дамыту, әсiресе, даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн;
ауылдық және аз жиынтықталған мектептің тиімдi моделiн әзiрлеу және кезең-кезеңмен енгiзу;
оқу процесіне қашықтықтан оқыту әдiстерін әзiрлеу және игеру;
бiлім берудiң қол жетiмдiлiгiнiң мүлiктiк және аумақтық теңсiздiгiн жою;
мамандандырылған бiлiм беру ұйымдары желiсiн дамыту және талантты және дарынды балаларды дамыту үшiн жағдайлар жасау;
бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң әлеуметтiк мәртебесi мен кәсiби деңгейін арттыру;
педагогикалық қызметкерлердiң еңбегін моральдық-материалдық ынталандыру жүйесiн жетілдiру.
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру саласында студенттердiң өндiрiстiк практикадан өту және зертханалық және практикалық сабақтарды, кәсiпорындар базасында қазiргi заманғы технологиялармен оқу ғылыми-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру мәселелерiн түбегейлi шешу талап етіледi.
2004 жылы барлық елдерде қолданылатын бакалаврлық-магистрлық даярлыққа толықтай көшу жоспарланып отыр. Мұндай даярлық, сондай-ақ елдiң экономикасының қазiргi заманғы талаптарына сәйкес келедi.
Таяу жылдардың iшiнде ғылым мен бiлiмдi ықпалдастыруды жүргiзу, жоғары білiмдi мамандарды даярлаудың жоғары сапасына қол жеткiзу үшін негiзге алу қажет.
Жоғары кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
жоғары кәсіптiк білім берудi дамытудың тұжырымдамалық негiздерiн әзiрлеу;
мамандарды даярлаудың құрылымын бiлiм берудің екi деңгейлi құрылымына көшудi көздейтiн Халықаралық бiлiм берудi жiктеу стандарттарына сәйкес жетілдіру;
оқитындарды белсендi өздiгiнен жұмысқа ынталандыратын кредиттiк технологияларды енгiзу;
жоғары кәсiптік бiлiм берудiң барлық дәрежелерi мен бағыттары бойынша мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн стандарттарды енгiзу;
жоғары кәсiптiк бiлiм берудiң сапасын бiлiм беру бағдарламалардың саралануы және икемдiгi, жоғары оқу орындарын қайта құрылымдау және академиялық демалыстар негізінде арттыру;
жастарға мемлекеттiк бiлiм гранттары мен мемлекеттiк бiлiм кредиттерiн беру тетiгiн жетiлдiру;
әлемдік білім беру кеңiстiгiне кіру процестерін ескере отырып, жоғары оқу орындарын мемлекеттiк аттестаттауды жетілдіру;
студенттердi даярлауда, оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыруда және оларды қайта даярлауда халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
сондай-ақ бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу;
жоғары оқу орындарының жүйесiнде жоғары оқу орындарын бiтiрушілердi жұмыспен қамту жөніндегі орталықтарды құру;
жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде кәсіптiк бiлiм беруге қол жетімділікті кеңейтудi қамтамасыз ететiн тетiктi әзiрлеу;
республиканың жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытуды енгiзу;
бiлiм беру сапасын бақылау мен басқарудың ұлттық жүйесiн құру.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласында мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудiң мемлекеттік стандартын әзiрлеу;
жоғары бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы үрдiстерiне сәйкес (Ph.D.) жүйесi бойынша ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың бiр деңгейлi жүйесiне көшу жөнiндегi iс-шаралар белгiленетiн болады.
Белгiленген мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Жалпы орта бiлiм беру жүйесiн перспективалы дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
базистік оқу жоспарларының және білiм берудiң тиiстi деңгейлерi үшiн экологиялық, экономикалық, азаматтық білiм берудi, оқудың барлық дәрежелерi үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi, бiрiншi кезекте, мемлекеттік тілде бiрдей даярлауды ескеретiн пәндiк оқу бағдарламаларының жаңа түрлерiн әзiрлеу мен енгiзу;
бiлiм берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететiн оқу жетiстiктерiн сыртқы тәуелсiз бағалау жүйесiн енгiзу;
мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету және бiрыңғай өлшеуiштердің көмегiмен бiлiм беру сапасын басқару;
бiлiм беру ұйымдары және дарынды және талантты балалармен жұмыс жөнiндегi өңiрлiк орталықтар желiсiн кеңейту;
бiлiм беру ұйымдарын қазiргi заманғы жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлiк техникамен жарақтандыру.
Әртүрлi деңгейдегi бағдарламаларды және жеке бағдарланған оқытуды енгiзу, бiлiм берудiң мазмұны бөлiгінің басқа нұсқалы, мiндеттi (оқу жүктемесiнiң мемлекеттiк стандарты көлемiнде) және вариативтi (оқушы өзi таңдайтын) қатынастарын өзгерту көзделуде. Қазiргi уақытта бейiндi мектептер, пәндердi тереңдетiп оқытатын мектептер үшiн оқу жоспарлары әзiрленуде.
Бiлiм берудiң мемлекеттiк емес ұйымдары одан әрi даму алады. Олардың болуы азаматтардың оқу орындары мен бiлiм беру бағдарламаларын таңдау бостандығына құқықты iске асыруға мүмкiндiк бередi.
Басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын Жоғары кәсiптiк бiлiм беру даярлықтары мен мамандықтары бағыттарының сыныптауыштарына сәйкес келтiрiлетiн болады.
9.2. Орташа техникалық бiлiм бар мамандар
мен жұмысшы кадрларды даярлау жүйесiн дамыту
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн оқитындардың жалпы саны 297 497 адамы бар 694 оқу орны, оның ішінде 312 кәсiби мектептер (лицейлер) және 382 колледж білдiредi.