Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006
жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 926 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. N 402; 13.04.04 ж. N 408
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 7 мамырдағы N 514 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеу ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мынадай құрамда бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi және 2004-2006 жылдарға арналған перспективалары туралы баяндама (1-бөлiм);
қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар тiзбесi (2-бөлiм);
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың 2004-2006 жылдарға арналған тiзбесi (3-бөлiм);
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк реттеуiштерi (4-бөлiм).
2. Жоспар құрамында Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы (5-бөлiм) бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Жоспарды дайындау процесiнде әзiрлеген ұлттық компанияларды дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған негiзгi бағыттары (6-бөлім) назарға алынсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi облыстар мен қалалардың мәслихаттарына заңнамада белгіленген тәртiппен әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарларының бекiтуге уақтылы енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Жоспардың іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін тоқсан сайын хабардар етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 926 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк
жоспары
1-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2004-2006 жылдарға арналған жай-күйі мен перспективалары туралы
баяндама
Кiрiспе
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары (бұдан әрi - Жоспар) "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Жоспар сыртқы және iшкi факторларға қарай 2004-2006 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындарын негiздейдi және орталық және жергiлiктi органдардың экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс-қимылын айқындайды.
Жоспар стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған міндеттерге қол жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2004-2006 жылдарға арналған мiндеттердi және оларды шешу жолдарын айқындайды.
Құжат мынадай бөлiмдерден тұрады:
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған жай-күйі мен перспективалары туралы баяндама;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы;
Жоспарланып отырған кезеңде оларды қаржыландыру көлемдерiн анықтай отырып, қолданыстағы және әзiрленетін мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi;
Қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесi;
Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешiмдерiмен айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi.
Жоспарды iске асыруды орталық және жергіліктi бacқapу органдары қабылданған мемлекеттiк, салалық (секторалдық) даму бағдарламаларына сәйкес қамтамасыз етедi. Бұл ретте Үкiметтiң құзыретiне енетiн iс-шаралар 2004 жылдың басына дейiн Үкiметтің Iс-шаралар жоспарында, ал министрлiктердiң, агенттiктердiң, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнің құзыретіне енетiн мәселелер бойынша - нақты даму бағдарламаларын iске асыру жоспарларында жүйелендiрiлетiн болады.
Республикалық бюджеттен инвестицияларды және оларға теңестiрiлген қаражатты 2004-2006 жылдарға арналған әрбiр даму бағдарламалары бойынша даму бюджетi қаражатының лимитi шеңберiнде Республикалық бюджет комиссиясы қарады. Кейiнгi жылдары 2005-2006 жылдарға арналған инвестициялардың мөлшерi Жоспарларды қалыптастыру шеңберiнде нақтыланатын болады.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2005-2006 жылдарға арналған маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы 2004 жылдарда экономиканың жұмыс iстеу нәтижелерi бойынша қайта қаралуы мүмкін.
1. 2004-2006 жылдары әлемдiк экономиканың дамуын талдау
және ел экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерiн бағалау
Ifo Германия қаржы-экономикалық зерттеулер институтының бағалауы бойынша ағымдағы жылдың II тоқсанында әлемдiк экономика ахуалы қолайсыз күйiнде сақталды: оның өсу белгiлерi байқалған жоқ. Ирактағы соғыстың аяқталуы әлемдiк экономиканың дамуына импульс әкеледi деген үмiт ақталған жоқ, ал типтiк емес өкпе қабынуы эпидемиясы, әсiресе Азияда, мазасыздық толқынын әкелдi, ол таяу айларда жекелеген салалардың қызметiне терiс ықпал ететiн болады.
Әлемдік экономиканы өсірудің 2003 жылға арналған
болжамдары туралы көрсеткіш
Word Economic Outlook сәуірдегі баяндамасында Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) сол сияқты 2003 ж. әлемдік сауданы өсіру қарқындарының болжамын 6,1 %-дан 4,3 %-ға дейiн төмендеттi, 2004 жылы бұл көрсеткiш 6,1 % деңгейiнде күтiледi.
Сонымен қатар Conference Board беделдi талдау орталығының бағалауы бойынша Американың экономикасы белсендiлiктi қалпына келтiру белгiлерiн көрсете бacтады.
Conference Board есептейтiн, Америка экономикасының негiзгi көрсеткiштерi серпінін сипаттайтын индекс мамырда 1 %-ға өстi (талдаушылар 0,7 %-ға өсiмдi болжаған болатын). Осы айдың қорытындылары бойынша он индикатордың сегiзi өстi, жұмыспен қамтудың өсуi сияқты көрсеткiштер жай-күйiнің негiзiнде жұмыс iстелген сағаттардың жалпы санын Conference Board индексi есептеп шығарады. Бұл ретте, алдыңғы айдың қорытындылары бойынша индекстің өсуi 0,1 %-ды құрады.
Америка Құрама Штаттарының Федералдық резервтiк жүйесi есептеп шығаратын доллардың "күш индексi" сауда ағындарының серпiнi негiзiнде наурыз айынан бастап 5 %-ға құлдырап үлгердi. Америка Құрама Штаттары (бұдан әрi - АҚШ) сыртқы сауда әріптестерiнің ұлттық валюталарына қатысы бойынша доллар одан да жылдам құлдырады. Мәселен, мамыр айынан бастап доллар евроға қатысы бойынша өз құнының 25 %-ын жоғалтты.
Америка компанияларының акцияларына келсек, олардың белгiленiмдерi керi бағытта, яғни жоғары жылжуда. Мәселен, осы жылдың мамыр айынан бастап S&P индексi 6 %-ға өстi.
Еуропа орталық банкiнің болжамына сәйкес 2003 жылы Еуроаймақ экономикасының өсуi 0,4-1 %-ды құрайды. Алдыңғы болжам 1,1 - 2,1 %-ға өсiмдi ұйғарған.
Евро ұстанымын мүлтiксiз нығайту еуропалық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін төмендете отырып өңiр экономикасына қауіп төндiре бастады. Осы жылдың II тоқсанында евро бағамы 1,1911 долл. жеттi, ал өткен жылдың соңғы 12 айы iшiнде евро долларға қатысы бойынша 28 %-ға өстi. Талдаушылардың бағалауы бойынша евро бағамының ағымдағы өсiмi Еуроаймақ елдерінің мемлекеттiк облигацияларына өспелi сұранымға негiзделген.
"Business Week" жариялаған ақпарат бойынша Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерi (бұдан әрi - АТӨ) 2002 жылы халықаралық экономикалық процесте жетекшi жағдайда ие болды. Бұл ретте Оңтүстiк Азия елдерінің экономикасы 2002 жылы орта есеппен 5,4 %-ға, яғни әлемдiк экономиканың өсiмiне қарағанда, үш еседен асаға артты.
Перспективада бәрiнен бұрын оның бәсекеге қабiлеттiлiгiне, тиiмдi және сауатты экономикалық саясатты қолдау кезінде iшкi рыноктағы жақсы сұранысқа негiзделген өңiр экономикасын одан әрi дамыту қарқыны ұйғарылып отыр.
Сарапшылардың пiкiрi бойынша, өңiрдiң болашағы мұнайға қойылатын бағаға және Америка экономикасын дамыту қарқындарына байланысты, бұл ретте екi фактор да Ирактағы ахуалмен тығыз байланысты.
Типтiк емес өкпе қабынуының шығуы АТӨ-нi, әсiресе шетелдiк туристерге қызмет көрсетуге маманданып жатқан мемлекеттердi экономикалық дамытудың таяу перспективаларын едәуiр нашарлатты.
Жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрi - ЖIӨ) 30 %-ына баламалы 800 млрд. долл. жететiн АТӨ-нің бар валюталық резервтерi өңiрдiң iрi елдерiнің көпшiлiгiне жаппай науқастану салдарын және Ирактағы соғысты жеңуге көмектесуi тиiс. 2004 жылы Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкiнің сарапшылары негiзiнен типтiк емес өкпе қабынуына байланысты көңiл-күйдi тоқтатуға энергия жеткiзгiштерге әлемдiк бағаларды төмендету нәтижесiнде 5,7 %-ға өсімді күтіп отыр.
Өткен жарты жылдықтың қорытындылары бойынша The Economic журналы өзiнiң 2003-2004 жылдары әлемнің жетекшi елдерiнің экономикалары өсуiнің алдыңғы болжамын қайта қарады.
2003-2004 жж. әлемдiк экономиканың өсу болжамдары
Елдер | ЖІӨ-нің өсуі, % | Тұтыну бағасы индексінің өсуі, % |
2003 | 2004 | 2003 | 2004 |
АҚШ +2,3 (2,2) +3,4 (3,3) +2,2 (2,3) +1,5 (1,7) Еуроаймақ +0,6 (0,8) +1,7 (2,0) +1,8 (1,9) +1,3 (1,5) Германия 0 (+0,2) +1,2 (1,4) +0,8 (1,0) +0,5 (0,9) Жапония +0,8 (0,9) +0,8 (0,9) -0,4 (-0,5) -0,5 |
Кестенің жалғасы
Елдер | Ағымдағы штаттың сальдосы, ЖІӨ-ге % |
2003 | 2004 |
АҚШ -5,3 -5,5(-5,4) Еуроаймақ +0,7 +0,6 Германия +2,1(2,0) +1,9,(1,6,) Жапония +2,2(2,5) +2,4(2,6) |
Көзi: The Economist. Жақшада ( ) алдағы болжам берiлген.
ХВҚ-ның баяндамасында айтылғандай, соңғы уақытта Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiнің экономикасындағы жағдай барынша тұрақты болды, алайда инвестициялардың өсiмi қарқындарының бәсеңдеуi осы елдердің шаруашылық дамуының орта мерзімдi перспективаларын нашарлатуы мүмкiн. Yлесiне ТМД жиынтық ЖIӨ-нiң 75 %-дан астамы келетiн энергия жеткiзгіштердi экспорттаушы елдер өткен жылы мұнай экспортын (құны мен көлемi бойынша), сондай-ақ әлемдiк мұнай рыногындағы өзiнің үлесiн арттырды.
Қаржы саясатының мұнайға бағалардың ауытқуына тығыз байланыстылығын болдырмау мақсатында Әзiрбайжан мен Қазақстанда әрекет ететiн мұнай қорларын құру маңызды болып табылады.
Егер 2002 жылы энергия жеткiзгiштерге жоғары бағалармен ынталандырылатын ТМД елдерiнiң нақты ЖIӨ-сi 4,8 %-ға артқан болса, 2003 жылы ТМД елдерi экономикасын дамыту қарқындары бiрқатар төмендейдi. Бұл мұнайға жоғары бағалардың оң әсерi мұнай секторларына инвестициялардың өсуiн бәсеңдетумен бейтараптандырылатындығына негiзделген.
1.1. Тауар рыноктарының дамуы
1.1.1. Мұнай рыногы
Мұнай рыногындағы ахуал мұнайға бағаның елеусiз ауытқуымен сипатталады. 2003 жылдың 1-тоқсанында Лондон биржасында брент маркасында мұнай бағасы 1 баррель үшін 31,41 долларды, екiншіде - 26,12 долларды құрады. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанындағы бағаның жоғары деңгейi Ирактағы соғыс қимылдарына байланысты. 2003 жылдың екiншi жарты жылдығында бағаның елеусiз төмендейтiндiгi анық. Тұтастай алғанда, 2003 жыл iшінде халықаралық экономикалық ұйымдар мұнайға әлемдiк бағаның деңгейi 1 баррель үшiн 26 - 26,5 доллар болады деп болжамдап отыр.
Мұнайға баға АҚШ-та мұнай қорларын өзгерту және өзгерiстi күту аясында ауытқуда, ол қазiргi уақытта 286 млн. бapp. деңгейiнде тұр.
2003 жылы мұнайға орта мерзімдi бағалардың ceрпінi
| Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуiр | Мамыр | Маусым |
WIT Brent | 32,95 31,18 | 35,83 32,77 | 33,51 30,61 | 28,17 25,07 | 28,11 25,81 | 30,87 27,69 |
Көзi: АҚШ Энергетика министрлiгiнiң деректерi, 2002-2003 жж.
2003 жылғы 1 маусымнан бастап жаңа квоталар (25,4 млн. барр./тәулiк)
күшiне ендi, оларға сәйкес Мұнайды экспорттаушы елдер ұйымының (бұдан әрi
- ОПЕК) елдерге өндiрудi 950 мың барр./тәулiкке қысқартуына тура келедi.
Квотаға сүйене отырып, мамырда өндiрудi қысқартқан Сауд Арабиясы әзiрге
жалғыз ғана картель елi болып табылады. Квоталар шеңберiнде сол сияқты
Индонезия, Нигерия, Венесуэла қалып отыр.
ОПЕК-тің болжамы бойынша 2003 жылы мұнайға сұраныс 77,45 млн.
барр./тәулiктi құрайды. Алдағы жылдың I тоқсанында сұраныстың едәуiр
артуы - 78,57 млн. барр./тәулiк күтiлiп отыр.
Ағымдағы жылы картельге кiрмейтiн елдерден экспортты 1 млн.
барр./тәулiктен 48,9 млн. барр./тәулiкке ұлғайту күтiледi.
Халықаралық энергетикалық агенттiктiң (IЕА) болжамдары бойынша
кейiнгi 2-3 жылда ОПЕК-ке кiрмейтiн елдерден мұнай тасымалының өсуiнен
мұнайға бағаның төмендеуi күтiледi. Тәуелсiз жеткiзушiлердің қысым
жасауымен картельдің үлесi қысқартылатын болады. Өндiрудi өсiретiн елдер
арасында, бiрiншi кезекте, Ресей аталады (қазiргi уақытта оның үлесi
мұнайды әлемдiк жеткiзудiң шамамен 8 %-ын құрайды).
ОПЕК-тiң жағдайы және мұнай рыногының конъюнктуралары елеулi
дәрежеде Ирактың бұрынғы экспорт көлемiн қашан қалпына келтiретiндiгiне
байланысты болады.
2004-2006 жылдары мұнайға бағаның болжамы
| 2003 бағалау | 2004-2006 жж. Орта есеппен 1 жылғы |
Әлемдiк баға (Брент сұрыпы), дол/барр Қазақстандық мұнайға экспорттық баға, долл/барр | 26 19,5 | 21,5-22 16,1-16,5 |
Көзi: Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
1.1.2. Астық рыногы
Астық жөнiндегi Халықаралық Кеңес (АХК) сарапшыларының 2003/04 жылдарға арналған соңғы бағалауы Қытайда қорлардың неғұрлым елеулi қысқаруы кезінде астықты әлемдiк өндiрудің тұтынудан үдеп бара жатқан артта қалуын көрсетедi. ТМД мен Yндiстаннан экспорт көлемдерi 2002/03 жылдардағыдан айтарлықтай аз болатынын ескере отырып, бес негiзгi экспорттаушы елдердің қорлары импортқа төмендеген әлемдiк қажеттiліктердi қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болуы тиiс.
Ресей мен Украинадағы қолайсыз ауа-райы жағдайынан астықтың әлемдiк өндiрiсi болжамы 8 млн. т. (582 млн. т. дейiн) азайтылды. Бұл болжам 2002 жылы өндiрiлгенiнен 16 млн. т. көп, өйткенi Австралияда, Канадада және АҚШ-та өткен жылғы құрғақшылықтан кейiн өндiрiс қалыпты деңгейiне оралып келедi.
АХК-ның сарапшылары өткен жылдың болжамымен салыстырғанда, әлемдiк тұтыну көлемiнің 3 млн. т. 599 млн. т. дейiн, төмендеуiн болжамдайды. Бұл Еуропа мен ТМД-да бидайды мал азығы мақсатында пайдалануды төмендету салдарына айналды, ол оның дамушы елдердi азық-түлiк мақсатында өсуiн өтейдi.
2003 жылы астықты әлемдiк сату болжамы 99 млн. т. дейiн азайтылды, бұл 2002 жылға қарағанда 4 млн. т. төмен. Солтүстiк Африка мен Таяу Шығыс Азиядағы жақсы егiн шығымы осы өңiрлердiң импорттық қажеттіліктерін шектеуге мүмкіндiк бередi. Өз кезегінде ағымдағы жылғы қаңтардан бастап қолданыстағы Еуропалық одақтағы (бұдан әрi - EO) жаңа импорт жүйесi сол сияқты EO-да импортты төмендету арқылы әлемдік саудаға әсер етедi.
1.1.3. Металдар рыногы
Түрлi-түстi металдардың әлемдiк рыногында ағымдағы жылғы маусымда мамырда байқалған бағаның өсу үрдiсi жалғасты. Юником Руф компаниясының макроэкономикалық зерттеулер орталығы талдаушыларының деректерi бойынша 2003 жыл мамырының қорытындылары алюминийге, мысқа, қорғасынға, никелге, болатқа және мырышқа бағаның артуымен сипатталды. Мамырда никельге әлемдiк баға сәуiрмен салыстырғанда 5,3 %-ға, алюминийге баға 5 %-ға дерлік өсті.
2002 жылдың осындай айымен салыстырғанда түрлi-түстi металдардың әлемдік рыногында 2003 жылғы мамырда никельге баға айтарлықтай артты (+23,2 %), сондай-ақ алюминийге (+4,1 %), мысқа (+3,3, %) және мырышқа (+0,8 %) баға шамалы көтерілдi.
Сарапшылардың пiкірi бойынша, орта мерзiмдi перспективада түрлi-түстi металдарға бағаның айтарлықтай өсуi күтiлмейді.
Экспорттық жеткiзілiмдердiң өсуi рыноктың қолайлы конъюнктурасына және әлемде болат өндірiсiнің ұлғаюына байланысты.
Темiр мен болат халықаралық институтының есептеуіне сәйкес болаттың әлемдiк өндiрiсi 2003 жылғы мамырда рекордтық деңгейге дейiн 7 %-ға өсiп, 80,7 млн. т. құрады. Қаңтар-мамырда болат өндiру 2002 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,6 %-ға ұлғайды. Қытайда болат өндiру көлемi мамырда 20,9 %-ғa немесе 14,2 млн.т. ұлғайды. Ресейге болат өндiрiсi мамырда 6,9 %-ға өсiп, 5,3 млн.т. құрады.
Болжамдар бойынша, 2004-2005 жылдары әлемдiк рыноктарда қара металдарға сұраныс құлдырайды. Еуропалық және америкалық компаниялар 5-7 %-ғa пайданың төмендеуiн күтуде, ал кейбiреулерi шығынмен жұмыс iстейтiн болады.
2. 2002-2003 жылдарда Қазақстан экономикасының дамуын талдау
2002 жылдың екіншi жарты жылдығынан бастап ішкі және сыртқы факторлар еліміздің экономикасы үшін оптимистік сценарий бойынша қалыптасты. Соның нәтижесiнде 2002 жылы ЖIӨ-нің нақты өсуi 2001 жылмен салыстырғанда индикативтiк жоспардың болжамы бойынша 7 %-дың орнына 9,5 %-ды құрады.
Мұнайға қолайлы әлемдiк конъюнктураның салдарынан оны өндiру индикативтiк жоспардың болжамы бойынша 11 %-дың орнына 17 %-ға өстi. 2002 жылғы жаз бен күздегi қолайлы ауа райы жағдайы болжамдалғанынан 4 млн. тоннаға жоғары бидай астығын жинауға мүмкiндiк бердi. Тек екі фактордың есебiнен ЖIӨ-нің қосымша өсiмi 2002 жылы 1,6 %-ды құрады, өсiмнiң қалған 0,9 %-ы сабақтас салалардан алынды. 2002 жылдың қорытындысы бойынша негiзгi капиталға инвестициялар 2001 жылдың деңгейiне 19 %-ға (индикативтiк жоспардың болжамы бойынша 20 % кезiнде) өстi.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары қарқындарының үрдiсi 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығында да жалғасты. Осының салдарынан ел экономикасы мен өңiрлерiнiң барлық салаларының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштердің оң серпiнi бар.
2002 жылдың бiрiншi жарты жылдығымен салыстырғанда ЖIӨ-нің нақты өсiмi 10,2 %-ды құрады. Өнеркәсiп өндiрiсiнің және жүк тасымалдарының көлемi 9,6 %-ға, ауыл шаруашылығынiкi - 5,2 %-ға артты, негiзгi капиталға инвестициялар 12,9 %-ға өстi.
Өндiрiстің нақты көлемiнiң өскен бiр уақытта ел қаржысының жай-күйiне экспорттық бағалардың жоғары деңгейi қолайлы әсер етедi. Өнеркәсiп өнiмiне бағалар өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 15,6 %-ға өстi. Бұл көбінесе мұнайға қолайлы конъюнктурамен қамтамасыз етiлген. 2003 жылдың алты айы iшiнде мұнайға трент маркасының орташа әлемдiк бағасы 1 баррель үшiн 28,9 долларды құрады, бұл орта есеппен 2002 жылы болғаннан 4 долларға жоғары және тұтастай алғанда 2003 жыл үшiн болжамдалып отырғаннан 3 долларға жоғары. Экономика салаларының өндiрiстiк-қаржылық қызметiнен рентабельдiлiк ағымдағы жылдың сәуiрiнде 29,8 %-ды, мамырда 22,9 %-ды, маусымда - 21,2 %-ды құрады. Салыстыру үшiн: 2002 жылғы қорытынды бойынша рентабельдiлiк 18,4 %-ды құрады.
Экспорттық бағалардың жоғары деңгейi ел қаржысының нығаюын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. 2003 жылғы 3 қыркүйектегi жағдай бойынша Ұлттық қордағы жинақтаулар 2,7 млрд. АҚШ долларын құрады, ал Ұлттық Банктiң алтын-валюта резервтерi 4,5 млрд. долларға жеттi.
Тауарлар мен қызметтер көрсету өндiрiсiнiң ұлғаюы халық табысының өсiмiне, сыртқы және iшкi сауданың дамуына қолайлы әсер еттi. Халықтың нақты табысы өткен жылдың бiрiншi жарты жылдығында 8%-ғa өсуiмен бағаланады, бөлшек тауар айналымы 9,9%-ға, тауарлар экспорты - 25 %-ға артты.
2003 жылдың 1-жарты жылдығында инфляция орташа жылдық есептеуде 6,7 %-ды құрады, бұл тұтастай алғанда 2003 жылы болжамдалып отырғаннан 0,3 %-ға жоғары. Ұлттық Банктi қайта қаржыландыру ставкасы 7,5 %-дан 7 %-ға дейiн төмендедi.
Шетел валютасының мол ағынына және доллардың құнсыздануына байланысты теңгенiң айырбас бағамын нығайту жүргiзiлуде. Егер 2002 жылы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа жылдық айырбас бағамы 153,5 теңгенi құраса, 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығының қорытындылары бойынша оның орташа мөлшерi 152 теңгеге дейiн түсiп кеттi. Тұтастай алғанда 2003 жылы теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамы 151 теңге мөлшерінде болжамдалып отыр.
Бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру уақтылы қамтамасыз етілдi.
Еуропалық Экономикалық Одақ пен АҚШ Конгресi Қазақстанды рыноктық экономикасы бар ел ретiнде таныды, бұл Қазақстанның сыртқы саудасында оң көрініс табады.
2002 жылғы қыркүйекте "Moody's Investors Service" рейтинг агенттiгi Қазақстанға инвестициялықтардың санатына жататын BaaЗ кредиттiк рейтингiн бердi.
2003 жылғы мамырда Standard & Poor's Rating Services агенттiгi Қазақстан Республикасының шетелдiк валютадағы мiндеттемелерi бойынша ұзақ мерзімдi кредиттiк рейтингiнің "ВВ"-дан "ВВ+"ға дейін, ұлттық валютадағы міндеттемелер бойынша кредиттік рейтингтердің "ВВ-/Оң/3"-дан "ВВВ-/Тұрақты/А-3"-ға дейiн артуы туралы жариялады, бұл Қазақстан экономикасының ықтимал мүмкiндіктерiн орнықты нығаюын көрсетедi.
2002 жылғы ақша базасы 208,1 млрд. теңгеге дейiн 19%-ға кеңейдi, ақша жиыны 764,9 млрд. теңгеге дейiн 32,8 %-ға, ал экономиканың монеталану деңгейi 17,7 %-дан 20,4 %-ға дейiн өстi. 2003 жылдың бiрiншi жарты жылдығында ақша базасы 254,1 млрд. теңгеге дейiн 22,1 %-ға, ал ақша жиыны 892,3 млрд. теңгеге дейiн 16,7 %-ға кеңейдi. Алдын ала бағалау бойынша экономиканың монеталану деңгейi 22 %-ға дейiн өстi.
3. Елді дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған
мақсаттары, мiндеттерi және басымдықтары
3.1. Стратегиялық мiндеттердi шешу саласында
Орта мерзiмдi кезеңнің мақсаттары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың 2010 жылға дейiнгi стратегиялық мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз етуге бағытталған. Индикативтiк жоспарда стратегиялық мақсат ретінде мыналар айқындалған:
2004-2006 жылдары 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ЖIӨ-нiң көлемiн екi есе арттыруға мүмкiндiк беретiн 7-8 % экономикалық өсу қарқындарын қамтамасыз ету;
бәсекеге қабiлеттi экономиканың негiздерiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
Ел экономикасының жұмыс iстеуiн дамытудың қорытындылары мен болжамы 2001-2006 жылдары стратегиялық мақсат кестеден 15,9 %-ға асып түсетiн кедергiмен қамтамасыз етiлетiнiн көрсетедi.
2001-2006 жылдардағы болжамға сәйкес (2003 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша) ЖIӨ өсiмiнің орташа жылдық қарқыны ЖIӨ-ні екі еселеу үшiн 2001-2010 жылдары оның өсiмiнің орташа жылдық қарқыны 7,2 %-ды құрауы тиiс болғанда, 9 %-ды құрауы тиiс.
2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы ЖIӨ-нi екі еселеу жөнiндегi
кестенің 2004-2006 жылдарға болжамдалған атқарылуы,
%-бен диаграммасы
Көзi: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi
3.2. Орта мерзiмдi мiндеттердi шешу саласында
Мақсаттары мен мiндеттерi
Жоспарланып отырған кезеңде бәсекеге қабiлеттi экономиканың негiздерiн құру үшiн мынадай міндеттердi шешу ұйғарылып отыр:
5,4-4,5 % мөлшерiнде инфляцияның орташа жылдық өсiмiн қамтамасыз ету;
валюталық режимді ырықтандыруды қамтамасыз ететін iс-шаралар кешенін және қаржы жүйесiнің халықаралық стандарттарға көшуiн дайындауды iске асыру;
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) кiруi жөнiндегi дайындық iс-шараларын аяқтау;
тауарлар мен қызметтер көрсету тиiмділігін арттыруды ынталандыру мақсатында салық заңнамасын жетiлдiру;
энергия және материал үнемдейтiн технологиялардың енгізілуiн ынталандыратын заңнамалық және тарифтiк жағдайлар жасау;