"Эйр Қазақстан" ЖАҚ
Мақсаттар мен мiндеттер
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған жоспарының стратегиялық мақсаты өмiр сүруге қабiлетi және беделдi халықаралық әуе компаниясын құру болып табылады.
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ басым стратегиялық бағыттары болып Қазақстан Республикасының ұлттық және тағайындалған тасымалдаушысының мәртебесiн сақтау және флагмандық тасымалдаушының мәртебесiн алу, әуе тасымалдау рыногына қатысу үлесін үдету, әуе тасымалынан ең жоғарғы мүмкін табыстарды алу, даму деңгейін одан әрі жоғарлату және тең құқықты әріптестік ретінде дүниежүзілік авиа тасымалдау рыногына шығу болып табылады.
2004-2006 жылдары мынадай мiндеттердi шешу тұр:
ұшақ моторлы паркiн жаңарту;
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ қаржы-шаруашылық қызметiнiң оң үрдiстерiн нығайту және тұрақты қаржы компаниясын құру;
тасымалдаудан ең жоғары мүмкiн табыстар алуды қамтамасыз ету;
жоғары деңгейлi сервистi қамтамасыз ету;
тағайындалған және флагмандық тасымалдаушы мәртебесiне конкурстық негiзде қол жеткiзу;
әуе тасымалдау рыногында қатысу үлесiн үдету және реттеушi авиа тасымалдау рыногындағы позицияларын нығайту;
авиациялық қауiпсiздiк пен ұшу қауiпсiздiгiн талаптарын орындауды мен толық қамтамасыз ету.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жолдары
Технологиялық саясат:
еуропалық стандарттарға сәйкес батыста шығарылған әуе кемелерiне қызмет көрсету үшiн "Авиациялық-техникалық орталықты" сертификаттау;
жабдықтауға қазiргi заманғы техникалық талаптарға сәйкес ангарлық кешеннiң технологиялық жабдықтарын жаңарту.
Авиация рыногында шынайы сұранысты ecкеpe отырып, жаңа бағыттарды ашу
2004 жылдар кезеңiнде бастап 2006 жыл 2903,5 млн. теңге мөлшерiнде таза табыс алу жоспарлануда. 2004 жылға болжам бойынша таза табыс 453,6 млн. теңге сомасында жоспарланып отыр. Бұл ретте 21 875 млн. теңге мөлшерiнде жалпы табыс алу, оның iшiнде негiзгi қызметтен түсетiн табыс 21 559,5 млн. теңге, негiзгi емес қызметтерден түсетiн табыс 315,4 млн. теңге алынады деп күтiлуде.
2004 жылы 654751 адам, 2005 жылы - 701877, 2006 жылы - 753906 адам тасу жоспарланып отыр.
2004-2006 жылдарға арналған инвестицияның жалпы көлемi 20 млн. АҚШ долларынан астам мөлшерде жоспарланып отыр.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
Мақсаттар мен мiндеттер
Кәсiптiк менеджментпен тұрақты қаржы институты ретiнде және елдiң, оның күллi өңiрлерi халықтарының барлық топтары үшiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасы мен оған қол жеткiзудiң жоғары деңгейiн ұсынатын Қор ретiнде құрылуы, оның стратегиялық басты мақсаты болып табылады.
Мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу жоспарланады:
1) Менеджмент сапасының халықаралық стандарттарға бағынуы және оның салымшыларының күтуiнен асқан және тиісті қызмет көрсетулерді енгiзу;
2) салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына түсетiн зейнетақы қорланымдарының сақталуы мен өсуi мүддесiнде зейнетақы активтерiн тиiмдi инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету;
3) тұрғын халық үшiн зейнетақы қызметтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етумен өңiрлiк саясатты белсендi дамыту.
2004-2006 жылдар iшiнде Қор инвестициялар қоржынының айналымын сыртқы рынокты қоса отырып, ұқсас көбейтумен iшкi қаржы рыногында өзiнiң операцияларын ұлғайтатын болады.
Мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Қойылған мiндеттердi iске асыру төрт кезеңге жоспарланады:
1. Қызметтiң тиiмдiлiгi мен меншiктi бәсекеге жарамдылықты арттыру үшiн 2003 жылдың аяғы мен 2004 жылдың басына дейiнгi ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент сапасының жүйесiн енгiзу жоспарланған.
2. ИСО 9001-2000 стандарттарының талаптарына сәйкес келетiн енгiзiлген менеджмент сапасының жүйесiн жоғары деңгейде қолдау.
3. Әзiрленген менеджмент сапасының жүйесiне сәйкес жұмыста қызметкерлердiң кәсiптiк даярлығын жүзеге асыру.
4. Қордың қаржы тұрақтылығында салымшыларды сендiру мен сенiмiн қолдау және оның тұрақты табыс алуымен уақытылы сапалы зейнетақы қызметтерiн ұсыну қабiлеттiгiне қатысты рыноктық бәсекеге жарамдылықты сақтау және жетiлдiру.
Қор 2004 жылы - 393,4 млн. теңге, 2005 жылы - 459,4 млн. теңге, 2006 жылы - 544,3 млн. теңге сомасында салықтар мен дивидендтер төлеудi жоспарлайды.
"КЕGОС" ААҚ
Мақсаттар мен мiндеттер
Тұтынушыларды сапалы және үздiксiз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету, Қазақстан экономикасының электр энергиясымен өзiн өзi қамтамасыз етуiне қол жеткiзу Қоғамның басты мақсаты болып табылады.
Осыған байланысты 2004-2006 жылдар кезеңiнде мынадай мiндеттердi шешу қажет:
"КEGOC" ААҚ көлiк жүйесiн қалпына келтiруге бағытталған "Қазақстан Республикасының Ұлттық электрлiк желiлерiн жаңғырту" жобасын аяқтау және энергожүйесiн диспетчерлiк басқаруды жетiлдiру, ХДҚБ және ЕДҚБ алдындағы негiзгi борышты төлеу;
- құрылыс үшiн қажеттi заем қаражаттарын тартумен, Қазақстанның "Солтүстiгi-Оңтүстiгi" 500 кв транзиттi электр тарту екiншi желiсiнiң құрылысын бастау. Осы жобаны iске асыру қолданыстағы транзиттiң сенiмдiлiгiн арттыруға, сондай-ақ Солтүстiк өңiрдiң iрi электростанцияларынан жеткiзiлген арзан электрэнергиясы есебiнен Оңтүстiк Қазақстандағы электрэнергиясы мен қуат тапшылығын жабуға мүмкiндiк бередi;
- тарифтiк саясатты жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
Қойылған мiндеттерге жету жолдары
Қоғам қойылған мiндеттердi шешу үшiн мыналарды жоспарлайды:
тарифтiк саясатты, оның iшiнде Қоғам ұсынатын қызметтер түрлерiн ұлғайту есебiнен жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
Қазақстанның "Солтүстiгi-Оңтүстiгi" 500 кв транзиттi электр тарту екiншi желiсiнiң құрылыс салу үшiн қажеттi қаражаттарды қарызға алуды жүзеге асыру;
Республиканың бiрыңғай электрлiк желiсiнiң ұсынатын қызметтерiнiң сапасы мен сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қоғамның басқару құрылымы мен Қазақстан Республикасының Бiрыңғай энергетикалық жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
"Қазпочта" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қоғамның дамуының таяу перспективадағы негiзгi мақсаты почта байланысы қызметтерiнiң кең ауқымды спектрi, қаржы қызметi мен қаржылық қызмет көрсетулер, сондай-ақ ұлттық почта желiсi арқылы агенттiк қызмет көрсетулердi ұсынатын Қазақстан Республикасындағы почта-жинақ жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн құру болып табылады.
2004-2006 жылдары Қоғамның қызметi мынадай мiндеттерге жетуге мақсатталады:
елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына ықпал ету үшiн почта байланысымен экономикалық жағдайлардың инфрақұрылымын жақсарту;
ауыл халқы үшiн почта-жинақ жүйесiнiң базалық қызмет көрсетулерiне қол жеткiзу мен қоғамдық қолайлы сапасын қамтамасыз ету;
қала мен ауыл арасындағы почта-жинақ инфрақұрылымы объектiлерiмен қамтамасыз ету деңгейiндегi алшақтықты қысқарту.
Көзделген мiндеттерге жету үшiн мынадай шараларды жүзеге асыру болжалуда:
негiзгi қорларды жаңарту, жаңа және қолданыстағы технологияларды техникалық қайта жарақтандыруды енгiзу және қолданыстағы жабдықтар паркiнiң жөндеу-пайдалану қызмет көрсетулерiн жақсарту жолымен почта-жинақ жүйесiнiң ұсынатын қызметтерiнiң сапасын арттыру;
почта-жинақ жүйесiнiң қызметтерiне қол жеткiзудi ұлғайта отырып, халықты қамтамасыз ететiн қаржы тетiктерiн құру;
iскерлiк белсендiлiк пен шағын және орта бизнестi дамытудың өсуiне жәрдемдесетін қызметтердің түр-түрін кеңейту;
пайдаланушылар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн, сондай-ақ почта қауiпсiздiгiнiң күзет бөлiмшелерiн құру жолымен почта операторларының мүлкiн қамтамасыз ету үшiн жағдай (режим) жасайтын, олардың почта қызметiн жүзеге асыруымен байланысты почта операторларына сенiп тапсырылған почта жөнелтiлiмдерiнiң, ақша салымдарының, құпия хат жазысулардың, почталық және өзге де хабарламалардың почталық аударымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
жаңа қызмет түрлерiн ұсыну жөнiндегi Қоғамның қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру, әдiстемелiк базаны қалыптастыру;
шетел почта әкiмшiлiктерiнiң озық жетiстiктерiн зерделеу мен енгiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасының почта саласының интеграциясын әлемдiк почта жүйесiне одан әрi енгiзу. Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Почта жөнелтiлiмдерiнiң көлемiн ұлғайту, ұсынылған қызметтердiң сапасын жақсарту, технологиялық процестер мен почта бағыттарын оңтайландыру;
Әмбебап почта қызметiн енгiзу;
"Western Union" жүйесi бойынша ақша аудару бойынша клиенттер ауқымын кеңейту.
2004-2006 жылдары шығыс хаттамалық басылымдардың көлемiн 15,6 млн. бiрлiкке дейiн немесе 2002 жылға қарағанда 3,3 %-ға ұлғайтуды, қабылданған сәлемдемелердiң көлемiн 2004-2006 жылдары 1,4 млн. бiрлiкке дейiн немесе 2002 жылмен салыстырғанда 7,7 %-ға арттыруды мезгiлдiк басылымдардың көлемiн 2002 жылға қарағанда 6,6 %-ғa өсiрудi қамтамасыз ету жоспарлануда 2006 жылы 98,2 млн. бiрлiкке дейiн жеткiзу көзделедi. Қабылданатын жедел почта жөнелтiлiмдерiн санын 2006 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 336 мың бiрлiкке дейiн немесе 12 %-ға ұлғайту жоспарланып отыр.
"Қазақтелеком" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
"Қазақтелеком" ЖАҚ жұмысының негiзгi мақсаты жоспарланған кезеңге байланыс қызметтерiнде мемлекеттiк органдарды басқару және қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылады.
"Қазақтелеком" ЖАҚ мiндеттерi мыналар:
рынокта өзi позициясын нығайту;
бизнес-бағдарлы iшкi және сыртқы саясатты қалыптастыру;
қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылым және бәсекелестiкке жарамдылықты қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары:
қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары түсiмдi сараланымда бизнестi жандандыру;
қызмет және клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру.
Негiзгi телефон аппараттарының саны 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 5,9 %-ға ұлғаяды және 2,4 млн. бiрлiктi құрайды. Қалааралық, халықаралық телефон трафигi 13 %-кe ұлғаяды, ол - 1,8 млрд. минут құрайды. Қазiргi заманғы сандық жабдықтар базасында жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғырту мен дамыту, желiлер мен оны пайдалану жөнiнде жұмыстар жалғасуда. "Қазақтелеком" ЖАҚ алдағы қызметiнде озық технологияларды пайдалану негiзiнде телекоммуникациялар ұсынатын қызметтердiң спектрiн ұлғайтуға басым мән бөледi.
Болжам бойынша күрделi салымдар 2004 жылы 16,2 млрд.теңгенi, 2005 жылы - 16,6 млрд. теңгенi, 2006 жылы - 16,9 млрд.теңгенi құрайды. Көрсетiлген қаражаттар телекоммуникациялар желiлерiн одан әрi дамытуға, халықтың өсiп келе жатқан қажеттiлiктерiн және байланыс қызметiнде дамыған экономиканы қанағаттандыруға жұмсалатын болады.
2006 жылы таза табыс 10,1 млрд. теңге деңгейiнде болжанып отыр, ол 2004 жылға қарағанда 2 % деңгейiне төмен.
Жай акцияларға дивидендтер төлеу заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiлетiн болады. 2003-2005 жылдарда жай лекцияларға дивидендтер төлеуге таза табыстың кем дегенде 20 %-ын жұмсау ұйғарылуда.
"Қазақтелеком" ЖАҚ-тың инвестициялық саясаты жаңа технологиялар базасында жетекшi әлемдiк байланыс құралдарын жасаушылардың қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ақпараттық ағымдар транзитiн көбейтуге бағытталған.
"Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
"Қазақстан темiр жолы" ҰК" негiзгi мақсаты техникалық өсу деңгейiнiң негiзiнде темiр жол көлiгiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру болып табылады.
Темiр жол көлiгiн дамытудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
одан әрi тұрақты дамуды қамтамасыз eтeтін, саланың сапалы жаңа техникалық деңгейге көшуi;
баламалы көлiк дәлiздерi бойынша ұдайы нығайып отыратын бәсекелестiк тасымалдау жағдайында Қазақстанның транзиттiк әлеуетiн арттыру;
темiр жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiнде экономикалық қауiпсiздiкке қол жеткiзу;
Компанияның құнын барынша көбейту. Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу:
өндiрiс қуаттарын оңтайландыру, темiр жол көлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;
темiр жол саласында тарифтiк саясатты мемлекеттiк реттеу жүйесiн өзгерту;
жеке секторды тарту есебiнен бәсекелестiк ортаны құру;
инвестициялық бағдарламаны iске асыру.
2004 жылы болжамды жүк айналымы 140113 млн. т-шақырымды (2003 жылға қатысты 1,1%-ға арттыру), 2005 жылы - 141702 млн.т-шақырымды (2004 жылға қатысты 1,1%-ға арттыру), 2006 жылы - 141 969 млн. т-км шақырымды (2005 жылға қатысты 0,2%-ға арттыру) құрайды.
2004 жылы жолаушылар айналымы 10 384 млн. жол-шақырым деңгейiнде, 2005 жылы - 11 380 млн. жол-шақырым, 2006 жылы - 11 400 млн. жол-шақырым болжануда.
2004 жылдың қорытындылары бойынша оң қаржылық нәтиже 11 746 млн. теңге (119 %-ға өсiм), 2005 жылы тиiсiнше 21 367 млн. теңге (81,9 %), 2006 жылы - 31768 млн. теңге (48,7 %) болады деп күтiлуде.
"Қазаэронавигация" РМК
Мақсаттары мен мiндеттерi
2004-2006 жылдардағы кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында әуе қозғалысын басқару және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң барынша қауiпсiз және тиiмдi ұшуын қамтамасыз ету үшiн уақтылы, толық және нақты аэронавигациялық ақпаратты пайдаланушыларға ұсыну болып табылады.
Кәсiпорын алдына таяу болашаққа және 2004 жылға мынадай мақсаттар қояды:
1) әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн арттыру;
2) экономикалық тиiмдiлiктiң өсуi.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Кәсiпорын қойылған стратегиялық мiндеттерге жетуге бағытталған барлық күшiн мынадай жолдармен жұмсау күтілуде:
1) тұрақты әуе қозғалысы тасқынын сақтау;
2) қаржы тұрақтылығын; және
3) барлық әлеуметтiк-кадрлық мәселелердi шешу.
Қазақстан Республикасының әуе жолдарын пайдалануға талдау және тұтастай алғанда, Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азияға және керiсiнше ұшу динамикасын орындау Қазақстан Республикасының iшкi авиатасымалдау рыногына шетелдiк авиакомпанияларды тарту жөнiнде мынадай iс-шараларды өткiзудiң қажеттiгiн көрсетедi:
1) халықаралық әуе жолдарын оңтайландыру және Қазақстан Республикасының әуе жолдарының әлеуетiн барынша пайдалану мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттердiң авиакомпаниялары мен аэронавигациялық қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан рейстердi орындайтын авиакомпаниялардың қызметтерiне алым алу мәселелерi бойынша ИАТА, ИКАО азаматтық авиациялар халықаралық ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасау;
3) алыс шетел авиакомпанияларының транзиттiк чартерлiк ұшуларын тарту үшiн Қазақстан Республикасының IЖ пайдалануға рұқсат алу рәсiмдерiн жеңiлдету;
4) авиакөлiк секторы саласындағы халықаралық кеңестер мен көрмелерге аэронавигация бөлiгiнде қатысу, Қазақстан Республикасында ұқсас iс-шаралар ұйымдастыру және өткiзу.
2004 жылы инвестициялар 4 041 млн. теңгенi, 2005 жылы - 3 648 млн. теңгенi және 2006 жылы 2 789 млн. теңгенi құрайды.
Инвестициялар радиотехникалық құралдар және электробайланысты дамытуға, өндірістік қажетті негізгі құралдар, құрылыс-монтаждық жұмыстар, оның iшiнде "Көлiк Taуep" ғимаратының орнына пайдаланылатын болады.
"Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК
Мақсаттары мен мiндеттерi
"АТСА" РМК-ның негiзгi стратегиялық мақсаты көрсететiн қызметтерiн кеңейту, оларды сапалы және кауіпсiздi ету, өз клиенттерiнiң бар және күтiлiп отырған қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету арқылы жоғарғы белге қол жеткiзу, Каспий өңiрiнде теңiздiк тасымалдау рыногiнде озық позицияларға ие болу.
Тұтынушыларға жүк тасымалдау көлемдi қызметтер ұсынып отырған, бәсекелестiкке қабiлеттi кәсiпорын ретiнде "АТСА" РМК-ның негiзгi мiндеттерi:
Жүк тасымалдау рыногын кеңейту-жүк тасымалдауды одан әрi кеңейту және қарқындандыру Қазақстан рыногының азиат еуропалық бағыттарында үстемдiгін кеңейтуге көзделген;
Ақтау айлағының экономикалық саясатын қалыптастыру қосымша қаржы ресурстарын жұмсау ережелерiн тұжырымдау, инвестицияларға сонымен қатар ағымды мiндеттердi шешуге бағыттаған.
Каспий бассейнiнде қазiргi уақыттағы айлақты, ТМД-да сонымен қатар шетелдердегi экспорт, импорт, транзит ахуалдарды бақылап отыруды қамтамасыз ету үшiн деректер базасының негiзiнде өз ақпараттар жүйесi бар инфрақұрылымын құру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жолдары
Орнықты жүк базасын сақтау және қамтамасыз ету, оның одан әрi ұлғаюы, сонымен қатар 2003-2004 жж. бiруақытта өндiрістiк процестердi жетiлдiру үшiн келесi iс-шараларды өткiзу керек:
"Солтүстiгi-Оңтүстiгi" және TPACEКA дәлiздерi туралы Келiсiм ережесiн Қазақстанға қатысты қолдануды нақтылайтын тиiстi келiсiмдерге қол жеткiзу және келiсiмдерге қол жеткiзу.
Ақтау айлағына мемлекеттiк мәртебенi беру.
2004 жылға "АТСА" РМК-ның меншiктi капиталына 2095,5 млн. теңге көлемiнде инвестициялар жоспарланған, сонымен қатар Ақтау айлағы бойынша 1023,8 млн. теңге, Баутино жүк тасымалдау ауданы бойынша - 750 млн теңге. 2005 жылы инвестициялар 2251,5 млн. теңге құрайды, оның iшiне меншiктi қаражат есебiнен 86 млн. теңге, волнолом мен дамбаны қайта құру жобасын аяқтауға сыртқы заем есебiнен 2165,8 млн. теңге кiредi.
2006 жылы инвестициялар 90246,0 млн. теңге, оның iшiнде меншiктi қаражат есебiнен 89 млн. теңге, сыртқы займ немесе тiкелей инвестицияларды тарту есебiнен - 8935,6 млн. теңге
"Астана халықаралық әуе жайы" ЖАҚ
Мақсаттар мен мiндеттер
Басты мақсат - тұрақты өсудi, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жолаушылар мен әуе кемелерiне қауiпсiз және үнемi қызмет етудi қамтамасыз ету.
Кәсiпорын жақын перспективаға келесi мiндеттердi қояды:
1) жолаушылар және ұшақтарға қызмет көрсету сапасын арттыру;
2) аэропорт арқылы авиатасымалдау көлемiн ұлғайту және оның аумақта түйiскен авиатасымалдау орталық ретiнде құрылуы;
3) тиiмдi экономикалық өсу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Үкiметаралық келiсiмдер мен оған толықтырулар бекiту жолымен авиатасымалдау үшiн қолайлы жағдайлар жасау бойынша қажеттi шаралар қабылдау, сондай-ақ авиакомпаниялармен келiсiмдер, қажеттi жағдайда "еркiн ауа" түрлі деңгейлерiн пайдалануға Шетелдiк авиатасымалдаушыларға коммерциялық құқық беру;
пайдаланатын әуежайын, сондай-ақ әлеуеттi клиенттерге қатысты бұл пайдаланылып жүрген әуе кемелерiнiң, электрондық бизнес және басқалары;
ұшу көлемi мен ұшудың жиiлiк критерийлерi бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес аэропорттың инфрақұрылымын жасау;
әуежай және басқа да жұмыскерлердi оқыту және бiлiктiлiгiн арттыруды қосқанда, әуе кемелерiнен жолаушыларына қызмет көрсетудiң деңгейiн үздiксiз жетiлдiру жүйесiн ұйымдастыру.
2004-2006 жылдары кәсiпорын меншiктi қаражат есебiнен негiзгi қорларды (арнайы техника, жабдықтар әуе кемелерiне тұрақ жай) жөндеу және ауыстыру жүргiзедi.
Елеулi қаражаттар, әуе қауiпсiздiгi, отынмен қамтамасыз ету, апатты-құтқарумен қамтамасыз ету, кешендерiнiң объектiлерiне, арнайы автокөлiк әуе кемелерi, жолаушыларға қызмет көрсету үшiн және техникалар сатып алуға көзделген және әуежай инфрақұрылымының объектiлерiн тиiмдi ұстауға бағытталған болады.
"Қазинформ" ҰК" ААҚ
Мақсаттар мен мiндеттер
Қоғамның басты мақсаты қоғам мен мемлекет мүддесiндегi ақпараттық қызмет көрсетулердiң ауқымды спектрiнiң ұсынысын қамтамасыз ететiн, озат ақпараттық технологиялар негiзiнде жұмыс iстейтiн және дамитын ұлттық ақпараттық агенттiк құру болып табылады.
Болжанған кезеңнiң басым мiндеттерi болып мыналар табылады:
рыногтағы позицияны нығайту;
бағдарланған iшкi және сыртқы саясаттың бизнесiн қалыптастыру;
қазiргi заманғы ақпараттық инфрақұрылымның бәсеке қабiлеттiгiн қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
2004-2006 жылдарда Қоғамның алдына қойған мақсаттар мен мiндеттерiне жетуi үшiн мынадай шараларды жүргiзу жоспарланады:
қазiргi заманғы ақпараттық және техникалық инфрақұрылымның бәсеке қабiлеттiгiн қалыптастыруды аяқтау.
мол табысты сегменттердiң бизнесiн жандандыру;
клиенттерге қызмет көрсетудiң сапасын көтеру;
ұсынылатын қызметтерді іске асыру өсiмi;
өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердiң түр-түрiн кеңейту, оның iшiнде шетел тiлдерiнде;
қоғамның тұрақты өсуiн қамтамасыз ету, жекелеген бизнес процестерi бойынша тиiмдi еншiлес кәсiпорындар құру;
қазiргi заманғы менеджмент деңгейiн қамтамасыз ету, кеңесшiлердi тарту, әрiптестiк ұйымдармен өзара iс-әрекет;
Астана қаласының сол жағалауында ұлттық ақпараттық орталық салу, корреспонденттiк желiлер мен меншiктi радиостанциялар және фотолабораториялар құру сияқты iрi инвестициялық жобаларды iске асыру.
Көрсетiлген шараларды iске асыру 2004-2006 жылдар iшiнде мемлекеттiк бюджеттiк қаржыландырудан қалыпты рыногтық қызметке бiртiндеп көшуге мүмкiндiк бередi.
Осылайша жаңа қызметтерден түсетiн табыстар озық қарқынмен өсетiн болады. 2006 жылы 1500 астам жазылыскерлер үшiн клиенттердiң назарына өнiмдердiң 34 түрi ұсынылады. Негiзгi қызметтен алынатын табыс көлемi 2002 жылмен салыстырғанда 19 есеге өседi (22-ден 426,6 млн. теңгеге дейiн).
2004-2006 жылдарға арналған ұлттық
компаниялардың негізгі көрсеткіштері
Орташаайлық жалақының көрсеткіштері
(мың теңге)
Компаниялардың атауы | 2002 ж. факт | 2003 ж. бағалау | 2004 ж. болжам | 2005 ж. болжам | 2006 ж болжам |
"КEGOC" ААҚ 43,4 45,2 47 48,8 50,6 "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ 82 83 72 74 77 Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 26,6 26,5 29,0 30,7 32,1 "Қазақтелеком" ААҚ 32,8 34,9 36,8 38,7 40,6 "Қазпочта" ЖАҚ 12,5 13,6 15,5 18 19,9 "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ 23,6 29,1 31,4 33,3 35,2 "Қазаэронавигация" РМК 40,8 52,0 54,2 56,4 59,1 "Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК 79,4 87,4 99,8 118,3 119,2 "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 52,6 52,7 55 56,7 58,8 "ҰАТ" ЖАҚ 43,6 53,8 58,0 61,4 65,4 "МЖЗҚ" ЖАҚ 71,3 93,4 93,7 98,4 103,3 "Продкорпорация" ЖАҚ 27,9 29,7 29,7 29,7 29,7 "Қазинформ" ААҚ 18,1 33,9 33,5 34,0 45,1 Барлығы 40,4 45,9 47,5 50,5 53,1 |
Жұмыскерлердің саны
(адам)
Компаниялардың атауы | 2002 ж. факт | 2003 ж. бағалау | 2004 ж. болжам | 2005 ж. болжам | 2006 ж болжам |
"КEGOC" ААҚ 4143 3838 3843 3843 3843 "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ 30020 34414 36189 37025 37387 Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 764 810 840 924 1016 "Қазақтелеком" ААҚ 32193 32685 32970 32970 32970 "Қазпочта" ЖАҚ 16175 16922 17591 18193 18432 "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ 98274 91324 91684 91724 92459 "Қазаэронавигация" РМК 2556 2715 2744 2770 2770 "Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК 389 395 452 481 495 "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 2375 2381 2473 2549 2628 "ҰАТ" ЖАҚ 236 283 305 320 335 "МЖЗҚ" ЖАҚ 172 194 205 205 205 "Продкорпорация" ЖАҚ 215 239 239 239 239 "Қазинформ" ААҚ 63 122 181 181 230 Барлығы 206940 206741 210876 213860 214848 |
Жалақы қоры
(млн. теңге)
Компаниялардың атауы | 2002 ж. факт | 2003 ж. бағалау | 2004 ж. болжам | 2005 ж. болжам | 2006 ж болжам |
"КEGOC" ААҚ 2159,1 2082,5 2169,9 2252,8 2336,4 "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ 29674 34412 31149 32808 34374 Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 243,9 257,9 293,8 340,3 392,3 "Қазақтелеком" ААҚ 12685 13694 14574 15308 16088 "Қазпочта" ЖАҚ 1823 2160 2584 3121 3772 "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ 27815 31888 34595 36671 39018 "Қазаэронавигация" РМК 1247 1694 1785 1874 1964 "Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК 370,4 414,3 541,2 682,7 708 "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 1499 1506 1628 1736 1855,9 "ҰАТ" ЖАҚ 123,6 182,8 212,5 235,9 262,7 "МЖЗҚ" ЖАҚ 147,1 217,4 230,4 241,9 254,1 "Продкорпорация" ЖАҚ 72,1 85,1 85,1 85,1 85,1 "Қазинформ" ААҚ 13,7 49,5 72,8 73,8 124,6 Барлығы 84437,9 95931,4 97853,8 103779 109967 |
Негізгі қызметтен түскен табыс
(млн. теңге)
Компаниялардың атауы | 2002 ж. | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. |
"КEGOC" ААҚ 12599,3 13563,1 15115,8 17218,2 17856,6 "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ 346193 345194 394569 446745 467487 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 1398 1691 2835 3373 3814 "Қазақтелеком" ААҚ 56270 60574 63389 65952 66971 "Қазпочта" ЖАҚ 3930 4492 5336 5947 6277 "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ 158389 172859 192731 213704 235910 "Қазаэронавигация" РМК 7980 7528 8013 8441 8833 "Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК 2732,9 2766,2 3670,2 4681,4 4892,2 "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 17884 19188 21559 23019 24626 "ҰАТ" ЖАҚ 449,6 673,3 777,8 860,2 959,0 "МЖЗҚ" ЖАҚ 1177 1089 1197 1316 1454 "Продкорпорация" ЖАҚ 10144 11083 11462 11765 11765 "Қазинформ" ААҚ 22 167,1 288,0 353,1 426,6 Барлығы 625667 649943,7 731487,2 816859,9 867032,9 |
Өнімнің өзіндік құны
(млн. теңге)
Компаниялардың атауы | 2002 ж. | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. |
"КEGOC" ААҚ 1041,4 11206,7 12529 13999,2 15027,7 "ҚазМұнайГаз" ЖАҚ 187770 189506 210575 227011 241150 "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ 1207 1413 1861 2374 2713 "Қазақтелеком" ААҚ 33146 35633 37908 40073 40716 "Қазпочта" ЖАҚ 2507 3009 3649 4136 4367 "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ 108396 141917 150267 157001 163182 "Қазаэронавигация" РМК 3172 4455 4825 5150 5440 "Ақтау теңiз сауда айлағы" РМК 854,2 894 1138,3 1376 1398,7 "Эйр Қазақстан" ЖАҚ 14544 17168 18533 19403 20361 "ҰАТ" ЖАҚ 439,8 464,2 536,2 590,9 655,9 "МЖЗҚ" ЖАҚ "Продкорпорация" ЖАҚ 7049 8202 8482 8706 8706 "Қазинформ" ААҚ 68,1 149,5 187,9 223,3 Барлығы 390864,7 434371,2 472842,3 505043,5 531759,6 |
Таза табыс