өнеркәсiп 29,3 30,0 29,3 29,4 28,7
ауыл
шаруашылығы 7,9 7,1 6,6 6,4 6,0
құрылыс 6,1 6,5 6,8 7,6 8,4
Қызмет көрсету
өндiрiсi 50,8 49,4 50,1 49,6 50,3
Таза салықтар 7,1 7 7 6,9 6,9
Кiрiстердi құру
әдiсiмен ЖIӨ, % 100 100 100 100 100
Қызметкерлердiң
еңбекақысын
төлеу 33,2 33,9 34 34,2 34,5
өндiрiс пен
импортқа таза
салықтар 10,2 8,9 9 9,2 9
өнiмдер мен
импортқа
салықтар 8,2 6,9 7 7,3 7
өндiрiске басқа
да салықтар 2 2 2 1,9 2
Жиынтық пайда
және жиынтық,
аралас кiрiстер 56,6 57,2 57 56,6 56,5
Негiзгi
капиталды тұтыну 15,6 15,8 15,9 16 16
Таза табыс және
таза, аралас
кiрiстер 41 41,4 41,1 40,6 40,5
Соңғы тұтыну
әдiсiмен ЖIӨ, % 100 100 100 100 100
Соңғы тұтынуға
шығыстар 67,5 72 72,9 72 73,1
үй
шаруашылығының 55,01 58,7 59 59,6 58,9
мемлекеттiк
басқару
органдарының 11,6 12,8 12,7 11,3 13
үй шаруашылығына
қызмет
көрсететiн
коммерциялық
емес ұйымдарға
шығыстар 0,9 1,2 1,2 1,1 1,2
Жиынтық жинақтау 25,7 26,3 25,1 25,3 25,9
негiзгi
капиталды
жинақтау 22,61 23 22 22,3 23,5
материалдық
айналым
қаражатының
қорларын өзгерту 3,13 3,3 3,1 3 2,4
Тауарлар мен
қызмет
көрсетулердiң
таза экспорты 1,1 1,7 2,0 2,7 1
Ақша базасы,
млрд. теңге 208 286 357 415 478 125 167
Ақша массасы,
млрд. теңге 765 993,0 1225 1450 1705 123 172
Экономиканың
монеталау
деңгейi, % 20,4 22,6 25,1 26,4 27
жыл соңына Ұлттық
Банктiң қайта
қаржыландырудың
ресми ставкасы 7,5 7 6 6 5,5
Ұлттық Банктiң
алтын-валюта
қорлары, млн.
АҚШ долл. 3141 4852 5156 5679 6438 106 133
тұтыну
бағаларының
индексi, %
желтоқсан
желтоқсанға 6,6 5,5 5 5 4,5
жылына орташа
алғанда 5,9 6,4 5,4 5 4,5
ЖІӨ-ге %
мемлекеттік
бюджет түсімі 21,9 23,0 23,3 23,3 23,0
Кірістер 21,6 22,7 23,1 23,0 22,9
оның ішінде:
салық түсімдері 20,1 21,3 21,6 21,8 21,8
салықтық емес
түсімдер 1,2 1,1 1,2 1,0 0,9
капиталмен
операциялардан
кірістер 0,3 0,3 0,3 0,2 0,2
Кредиттерді
қайтару 0,4 0,3 0,3 0,2 0,1
ЖІӨ-ге %
мемлекеттік
бюджеттің
шығыстары 22,3 24,9 25,2 24,3 23,5
ЖІӨ-ге %
мемлекеттік
бюджеттің
тапшылығы -0,3 -1,9 -1,9 -1,0 -0,5
Негізгі капиталға
инвестиция,
млрд. теңге* 1193,1 1396 1536 1720 1978 110 141,7
тауарлар экспорты
(ФОБ), млн.
АҚШ доллары 10043,3 11834,4 11414 11975 13028,3 96,4 110,1
тауарлар импорты
(ФОБ), млн.
АҚШ доллары 7435,4 8240 8805 9398 10384 106,9 126,0
Өнеркәсіп
өнімінің
(жұмыстардың,
қызмет
көрсетудің)
көлемі, млрд.
теңге 2292 2621,9 2799,9 3147,1 3545,4 108,4 128,6
Ауыл
шаруашылығының
жиынтық өнімі,
млрд. теңге 555,6 561,4 598,6 647,8 698,9 101,1 124,5
Қаржы секторы
Банк жүйесіндегі
резиденттердің
депозиті, млрд.
теңге 603 770 939 1113 1316 121,9 170,9
Экономикадағы
банктердің
кредиті,
млрд. теңге 672,5 862 1053 1272 1525 122,2 176,9
Жеке тұлғалардың
мерзімдік
теңгелік депозиті
бойынша сыйақының
орташа мөлшері, % 11 10 9 8 7
Заңды тұлғаларға
берілген теңге
түріндегі
кредиттің орташа
мөлшері, % 14,1 14 13,5 12,5 11,5
──────────────────────────────────────────────────────────────────────
*2002 жылдың бағасында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 926 қаулысымен
бекітілген
6-бөлім. 2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының ұлттық компанияларын дамытудың негізгі
көрсеткіштерінің негізгі бағыттары мен болжамы
Астана-2003
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290
қаулысымен акциялардың бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың бөлiгi жатқызылған ұлттық компаниялардың және кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi бекiтiлген.
2002 жылы Ұлттық компаниялардың Тiзбесi мынадай көрiнiсте болды:
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
"Қазатомөнеркәсiбi" Ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
"KEGOC" AAҚ
"Қазпошта" AAҚ
"Қазақтелеком" ЖАҚ
"Қазақстан темiр жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
"Қазаэронавигация" PMК
"Ақтау теңiз сауда порты" РМК
"Халықаралық Астана әуежайы" ЖАҚ
Бүгiнгi күнi iс жүзiнде ұлттық компанияларға 15 ұйым жатады. Қазақстан Республикасының бұл Ұлттық компанияларын мынадай мемлекеттiк органдармен қадағалайды:
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
1. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық мұнайгаз компаниясы" ЖАҚ
2. "Қазатомөнеркәсiбi" Ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ*
3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ*
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
1. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ
2. "Қазақстан темiр жолы" ЖАҚ*
3. "Қазаэронавигация" РМК
4. "Ақтау теңiз сауда порты" РМК
5 "Халықаралық Астана әуежайы" ЖАҚ
Ауыл шаруашылығы министрлiгi
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi
"Қазақ ақпараттық агенттiгi" ҰК" ААҚ
Индустрия және сауда министрлiгi
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" AAҚ
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттiгi
1. "Қазақтелеком" ЖАҚ
2. "Қазпошта" ААҚ
3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
Ұлттық компаниялар мемлекеттiң ұлттық, экономикалық және энергетикалық қауiпсiздiгiнде үлкен рөл атқаратын ел экономикасының стратегиялық маңызды және әлеуметтiк мәндi салаларында мемлекеттiң қатысуы мақсатында, сондай-ақ объективтi нарықтық қатынастарды қалыптастыратын және республиканың экономикасын тұрақтандыратын бәсекелi орта құру үшiн құрылған болатын.
2001-2003 жылдары ұлттық компаниялардың қызметi саласында құрылымдық институционалдық қайта құрулар жүрдi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 591 қаулысымен көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау жөнiндегi "Мұнай және газ тасымалы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ құрылған болатын. Осы компанияның құрамына мынадай компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi берiлген болатын: "ҚазТрансОйл" ҚТҰК" (100 %), "Ақтөбемұнайбайланыс" AAҚ (90 %), "Байланыс" ААҚ (3,5 %), "Мұнай-Импекс" ЖАҚ (99 %), "ҚазТрансГаз" ЖАҚ (100 %), "ҚазТрансБайланыс" ААҚ (90 %), "Атырау халықаралық әуежайы (100 %), "Eуpo-Азия-Эйр" Тiк ұшақ компаниясы" ААҚ (100 %), "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТБК" ЖАҚ" (50 %). Компанияның негiзгi қызметi көмiрсутегi шикiзатын тасымалдауды оңтайландыру, мұнайгаз құбырларын тиiмдi пайдалану есебiнен жоғары тиiмдi мұнайгазтасымалдау жүйесiн құру және сыртқы және iшкi рыноктарда көмiрсутегi шикiзатының белсендi маркетингiн жүзеге асыру болды. Одан әрi Қазақстан үшiн стратегиялық маңызды мұнайгаз саласында мемлекеттiң қатысуын күшейту мақсатымен "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ мен "Мұнай мен газ тасымалы" ҰК" ЖАҚ-ты бiрiктiру жолымен мемлекеттiң 100 % үлесiмен "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ құрылған болатын.
2003 жылы "Қазақпарат" ЖАҚ-ы және "Қазақстан инжиниринг" ЖАҚ-ы құрылған болатын.
2002 жылы "Қазақстан темiр жолы" PMК көлiк-телекоммуникациялық кешенiн күшейту мақсатында жабық акционерлiк қоғамына қайта ұйымдастырылған болатын, ал "Қазаэронавигация" PMК, "Ақтау теңiз сауда порты" РМК, "Астана халықаралық аэропорты" РМК, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ компаниялары ұлттық компанияларға жатқызылған болатын. Зейнетақы қорланымдарының рыногында мемлекеттiң қатысуы мен мүдделердiң балансын қолдау үшiн "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың қызметiне ерекше назар аударылып отыр.
Ұлттық компаниялардың әрқайсысы iс жүзiнде өз саласында жүйе құраушы болып табылады және оның өмiршеңдiгiнен осы компаниядағы жұмыспен қамтылғандардың жұмысқа орналастырылуы ғана eмec, сонымен бiрге мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiн ескере отырып, салалардың жұмыс iстеуiне де байланысты.
_______________________
* монополист кәсiпорындар
2001-2003 жылдарға талдау
"ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы "Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N 811 Жарлығына сәйкес мемлекеттiң 100% үлесiмен құрылған болатын.
Компанияның жарғылық капиталы "Мұнай мен Газ Тасымалы" ҰК" ЖАҚ-ын және "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ы акцияларының мемлекеттiк пакеттерi негiзiндеқалыптастырылған.
2002 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ-тың еншiлес компаниялары жоспарланған көлемнен 105,9 % құрайтын және 2001 жылдың деңгейiнен 13,1 % асатын 7430 мың тонна мұнай өндiрдi. Жоспарға қосымша 412 мың тонна мұнай алынды.
2003 жылы компания 2002 жылдың деңгейiнен 291 мың тонна асатын 7,7 млн. тонна көлемiнде мұнай өндiрудi көздейдi.
2002 жылы мұнайды жеткiзу 7467,8 мың тоннаны құрады, 2001 жылға қарай өсу 14,2% құрайды. Бағыттар бойынша мұнайды жеткiзу мынадай түрде бөліндi: экспорт - 5404,8 мың тонна, оның iшiнде: ТМД елдерiне - 1431 мың тонна, алыс шетелдерге - 3974 мың тонна, сондай-ақ iшкi рынокқа - 2063 мың тонна.
2002 жылы мұнай өндiретiн еншiлес ұйымдардың мұнайды өткiзудiң орташа бағасы 19446 теңге/т. құрады ол 2001 жылғы деңгейден 15 %-ке жоғары.
2003 жылы мұнай өндiретiн еншiлес ұйымдардың мұнайды өткiзудiң орташа бағасы 16472 теңге/т. деңгейiнде күтiлуде.
2002 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-та мұнайды қайта өңдеу көлемi 2,2 млн. тонна мұнайды құрады, ол жоспардан 98,7% құрайды және 2001 жылдың деңгейiнен 4,1 %-ке жоғары.
2002 жылы жоспарға қатысты қайта өңдеу көлемiнiң төмендеуiнiң негiзгi себебi кейбiр бiрлескен кәсiпорындардың ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi бекiткен, АМӨЗ-ға мұнай жеткiзiлiмiнiң кестесiн орындамауы болып табылады.
2003 жылы "Атырау МӨЗ" ААҚ-нда қайта өңдеу көлемi 2,3 млн. тонна мөлшерiнде, соның iшiнде компанияның мұнай ресурстарынан - 1,7 млн. тонна мөлшерiнде көзделiп отыр. Компания зауыттан бар қуатын жаңғырту мен жаңартуға бағытталған АМӨЗ қайта құру жобасы бойынша жұмыстарды жалғастырады.
"ҚазТрансОйл" ЖАҚ жүйесi бойынша 2002 жылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемi 30317 мың тоннаны құрады ол жоспарланған көлемнен 10 % артық және 2001 жылмен салыстырғанда 5,3 %-ке төмен. Мұнай көлемiнiң төмендеуi КTК труба құбырын пайдалануға енгiзу және "Қазтрансойл" ЖАҚ жүйесiнен тенгиз мұнайының айтарлықтай көлемiн алуға байланысты болды.
"Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ бас газ құбыры бойынша газ тасымалдаудың жалпы көлемi 2002 жылы, жоспарлы 108928 млн. м3-ға 109501,7 млн. м3 құрады, ол 2001 жылғы деңгейден 2,2%-ке төмен.
Осылайша 2002 жылы iшкi тасымал 4134 млн. м3, халықаралық транзит 99422 млн. м3-тi, газды экспортқа тасу - 5946 млн. м3-тi құрады.
Көлiктiк қызметтер көлемiнiң төмендеуi негiзiнен ресей газын тасымалдау көлемiнiң төмендеуiнен болды. Бiр уақытта есептi кезеңнiң CAЦ бас труба құбыры бойынша түркiмен газын тасымалдау көлемiнiң ұлғаюы байқалады.
2002 жылға арналған негiзгi капиталға түскен инвестицияның барлығы 72,0 млрд. теңгенi, оның iшiнде өндiрiске - 56,5 млрд. теңгенi немесе күрделi қаржы салымының жалпы көлемiнен - 78,5 % құрады. 2002 жылы күрделi қаржы салымының сомасы 2001 жылғы ұқсас көрсеткiштен 12,3 млрд. теңгеге жоғары болды.
2003 жылы негiзгi капиталға инвестиция салынымы 109,87 млрд. теңге, соның iшiнде меншiк қаражаты есебiнен - 55,88 млрд. теңге, заемдық қаражат есебiнен - 53,99 млрд. теңге сомасында жоспарланып отыр.
2002 жылы өнiмдi өткiзуден түскен табыс 2001 жылмен салыстырғанда 32,2%-ке өсiп, 374,4 млрд. теңгенi құрады.
1 тонна мұнайды өндiрудiң өндiрiстiк құны 2001 жылмен салыстырғанда 8,8%-ке азайды.
2002 жылы өндiрiске арналған шығындар жоспарланғаннан 2,8%-ке аз, бiрақ 2001 жылдың деңгейiнен 21,5%-ке болды. Бұл мұнай өндiру көлемiнiң өсуiмен және көлiк және сервис саласындағы бiр қатар ұйымдар белсендi қызметiнiң басталуымен байланысты болды.
2003 жылы өнiмдi өткiзуден түскен табыс 348,8 млрд. теңге сомасында жоспарлануда.
Өндiрiске арналған шығындар - 295,1 млрд. теңге сомасында.
2002 жылы таза табыс 56,8 млрд. теңге сомада алынды, жоспардағы 44,4 млн. теңге немесе 127 %-тен алынды.
"Қазатомөнеркәсiбi" ҰАК" ЖАҚ
"Қазатомөнеркәсiбi" ұлттық атом компаниясы" мемлекет акцияларының 100% үлесi бар жабық акционерлiк қоғам түрiнде 1997 жылы құрылды. Компания уран және оның қосылыстарын, атом энергетикалық станцияларға арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтар мен технологияларды, екi қайта қолданылатын материалдарды экспорттау мен импорттау жөнiндегi бас операторы болып табылады.
2001 жылы уран өндiру 2000 жылдың көрсеткiшiнен 15 %-ке жоғары болып 2022 тоннаны құрады. 2002 жылы өндiру көлемi 2001 жылдың көрсеткiшiнен 35%-ке артып, 2726 тоннаны құрады. 2003 жылы 2815 тонна табиғи уран өндiру жоспарлануда.
2001 жылы закиси-окиси өндiрiсi 2000 жылмен салыстырғанда 47%-ке артып, 2196 тоннаны, 2002 жылы - 2648,7 тоннаны құрады. 2003 жылы өндiрiстiң жоспарланған көлемi 2773 тоннаны құрайды.
Табиғи уранды өндiру көлемiнiң тұрақты өсiмiне мынадай шараларды iске асыру есебiнен қол жеттi:
бiр уақытта барлық өндiрiстiк процестердi ретке келтiрумен қатар қолданыстағы кенiштердi кеңейту, бұл өндiрудi экстенсивтi ұлғайту;
қарқынды дамыту - 2002 жылы қосымша 417 тонна берген "Оңтүстiк Мойынқұм" және "Оңтүстiк Қарамұрын" жаңа рудниктерiн салу;
принципиалдық жаңа геотехнологиялық шешiмдердi енгiзумен қатар жаңа объектiлердi салу - бай десарбаттарды алу және оларды тазарту; осы схема бойынша "Ақдала" кенін құру өнiмнiң жалпы көлемiне 2002 жылы 468 тоннаға өстi.
2003 жылы 5036 млн. теңгенi игеру жоспарланып отыр, оның iшiнде күрделi тау жұмыстарына инвестиция 1795 млн. теңгенi құрайды, негiзгi қаражаттар мен күрделi құрылысқа - 3241 теңге.
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ
"Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы мемлекеттiк акциялардың 100 % үлесiмен 1997 жылы құрылды және өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бидай ресурстарын басқару бойынша агент өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бидай ресурстарына мыналар:
азық-түлiк бидай мемлекеттiк резервi;
тұқымды бидай мемлекеттiк резервi;
Бидайды сату мемлекеттiк ресурстары;
жем-шөп бидай мемлекеттiк ресурстары жатады.
Корпорация 2003 жылдың 1 қаңтарына бидайдың мемлекеттiк ресурстары 1132,86 мың тонна көлемiнде жиналған.
Мемлекеттiк бидай ресурстары республиканың 62 iрi нан қабылдау кәсiпорындарында сақталады, оларды iрiктеуде Ауылшаруашылық министрлiгi мен Корпорация конкурстық негiзде таңдайды.
2002 жылы бидайды сатып алу мемлекеттiк резервтi жаңалау мақсатында өткiзiлдi. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 5313,6 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлiндi. Бидайды сатып алу 2001 жылдағы сияқты екi кезеңмен жүзеге асырылды: келiсiм шарт негiзiнде көктем-жазғы маусымда қаржыландыру есебiмен жеткiзу және күзде тура сатып алу есебiмен.
2002 жылы Корпорация барлығы 489,1 мың тонна астық сатып алынды, оның iшiнде: жұмсақ сортты бидай - 401,6 мың тонна, қатты сортты бидай 22,5 мың тонна және 65 мың тонна арпа.
Алдағы деректер бойынша 2002 жылғы кiрiс 11743,17 млн. теңге құрамақшы, оның iшiнде:
мемлекеттiк астық ресурстары бойынша кiрiс - 6223,65 млн. теңге;
өз қызметi бойынша - 5519,52 млн. теңге.
2002 жылғы алдын ала деректер бойынша салық салынатын кiрiс 398,60 млн. теңге құрайды.
2003 жылға жалпы кiрiс - 11805,34 млн. теңге, оның iшiнде: мемлекеттiк ресурстар астығы бойынша кiрiс - 11355,17 млн. теңге;
өз қызметi бойынша кiрiс - 450,17 млн. теңге.
2003 жылы салық салынатын кiрiс 344 10 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланып отыр.
2003 жылы бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердi 39,91 млн. теңге мөлшерiнде аудару жоспарланып отыр.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ
2001 жылы Қоғам iс жүзiнде қайта ұйымдастыру кезеңiнен өтiп жатты. Наурыз айында Қоғамның қайта ұйымдастырылуы аяқталды, оған "Банкаралық қаржы телекоммуникациялар орталығы" ЖАҚ қосылды.
2001 жылы бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесiн (бұдан әрi БЖ ЭҚА) құру жөнiнде iс-шараларды iске асыру шеңберiнде мемлекеттiк органдарды кешендi тексеру жүргiзiлдi, тиiстi техникалық тапсырма әзiрленiп келiсiлдi. 2001 жылдың соңында техникалық тапсырма және "ақпараттық телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттiк тiзiлiмi" ақпараттық жүйенiң 1 кезегi әзiрлендi, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық өнiмiн сертификаттау жүйесiн құру жөнiнде жұмыстар жүргiзiлдi.
2001 жылы қоғамның табыстарының ұлғаюы 2000 жылға қатысты 3,1%-ға және 2002 жылы 2001 жылға қатысты 15 %-ға өстi, мұндай өсу бюджеттiк бағдарламалар бойынша жұмыстар көлемiнiң ұлғаюына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн компьютерлiк, желiлiк және перефириялық жабдығын техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметтердiң жаңа түрлерiн игеруге байланысты болды.
Сонымен қатар, қоғамның телекоммуникациялық қызметтер көрсету көлемiнiң төмендеу үрдiсi жалғасып отыр. Мәселен, 2001 жылы телекоммуникациялық қызметтер кiрiсi 2000 жылмен салыстырғанда 6,6%-ға төмендедi, ал 2002 жылы 53,4 %-ке азайды.
Телекоммуникациялық қызметтерден түсетiн кiрiстердiң төмендеуiнiң негiзгi себептерi арналардың төмен өткiзу қабiлетi және "банкнет" қолданыстағы телекоммуникациялық қызмет желiсiнiң қанағаттырмайтын сапасы болып табылады.
2001 жылы Қоғам 1,5 млн. теңге мөлшерiнде таза табыс алды. 2001 жылға қызметтiң қорытындысы бойынша алынған таза табыс резервтiк капиталды толықтыруға бағытталды.
2003 жылы Қоғам 685,3 млн. теңге сомаға табыс алуды күтуде, ол 2002 жылғы деңгейден 22,3%-ға жоғары. Қоғамның табыстарының өсуi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйесiн сүйемелдеу жөнiндегi жұмыстар көлемiнiң ұлғаюымен байланысты.
2003 жылы қоғамның күтiлiп отырған шығыстарының көлемi 630,2 млн. теңге құрайды, бұл 2002 жылғы деңгейден 27,6 %-ке төмен.
2003 жылғы қаржы шаруашылық қызметiнiң қорытындысы бойынша, қоғам 38,6 млн. теңге мөлшерiнде таза табыс алуды жоспарлап отыр, оның 10% дивидендтер төлеуге жұмсалады.
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ
2001-2002 жылдары "Эйр Қазақстан" ЖАҚ республикалық және халықаралық рейстермен 1115273 жолаушыны және 12461 тонна жүк тасыды.
Өндiрiстiк көрсеткiштердiң жақсаруы әуе кемелерiнiң ұшуларының қолданыстағы кестесiн оңтайландыруға, тиiмсiз бағыттарды жоюға және табысты бағыттарда рейстер жиiлiгiн ұлғайтуға бағытталған шараларға байланысты болды.
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ өндiрiстiк көрсеткiштерi "Ертiс-авиа" әуе компаниясы" ААҚ қосылуын ескере отырып, 2002 жылы мынадай болды:
ұшу - 36726 сағат, 2001 жылмен салыстырғанда өсу 56,5 % құрады;
ұшақ ұшу саны - 14242 (өсу 67,5 %);
тасымалдаған жолаушылар саны - 610737 адам, (өсу 21 %);
тасымалданған жүк - 7848 тонна, (өсу 70,7 %).
2002 жылы компания мынадай негiзгi бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
жаңа маршруттарды енгiзу (18 рейс) және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиiлiгiнiң ұлғаюы (8 бағыт бойынша);
өзiнiң чартерлiк жүк және жолаушылар әуе тасымалы бағдарламасын дамыту (рейстердiң 49-дан 185-ке ұлғаюы);
шығыстар бөлiгiнiң оңтайлануы;
әлеуметтiк маңызы бар рейстер бағдарламасын орындау.
"Эйр Қазақстан" ЖАҚ 2001 жылғы қызметiнiң қорытындысы компанияның қаржы экономикалық жағдайының едәуiр жақсарғанын көрсетедi. 2001 жылы 2363,4 млн. теңге мөлшерiнде таза табыс алынды.
2002 жылы 266,3 млн. теңге мөлшерiнде табыс алды.
Чартерлiк және жүк әуе тасымалдары бағдарламасын iске асыруда едәуiр табыстарға жеттi.
2001 жылмен салыстырғанда, қызметтiң осы түрiнен табыс 4 есе өстi.
2003 жылы болжамдар бойынша таза табыс 316,6 млн. теңге құрайды. Бұл ретте, жалпы табыс 20234,7 млн. теңге мөлшерiнде жоспарлануда, оның iшiнде негiзгi қызметтен табыс - 19 188,4 млн. теңге, негiзгi емес қызметтен табыс - 1046,2 млн. теңге.
2003 жылы 574517 адамды тасымалдау жоспарланып отыр.
"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ
Қор активiнiң жалпы көлемi 2003 жылғы 1 қаңтарға 1 360,8 млн. теңгенi құрады, 2001 жылмен салыстырғанда 31,5%-ғa өстi, Қор табысының жалпы көлемi - 1 230,3 млн. теңге және 21,5 %-ға сәйкес болды.
Қордың таза табысы 2001 жылмен салыстырғанда 34,4 %-ға өсiп, 2002 жыл үшiн 557,1 млн. теңгенi құрады, сәйкесiнше корпоративтiк табыс салығы 30,5 %-ға көбейiп, 226,9 млн. теңгенi құрады, есептелген дивидендтер 34,4 %-ға өсiп, 278,5 млн. теңгенi құрады.
2003 жылғы 1 қаңтарға салымшылардың саны 2 299,4 мың адамды құрайды. 2003 жылы Қордың табыстары 1 163,4 млн.теңге деңгейiнде күтiледi, осылайша негiзгi емес қызмет бойынша (инвестициялық қаражат есебiнен инвестициялық қызмет) алынған табыс көлемiнiң өсуiне қарамастан негiзгi қызметтен алынатын табыстың төмендеуi жоспарланады.
Қор шығыстарының жалпы сомасы 755,3 млн.теңге мөлшерiнде жоспарланды, 2002 жылғы сәйкес көрсеткiштер 308,9 млн.теңгеге немесе 69,2% өседi.
Жоспарланған табыстардың жалпы көлемiнiң төмендеуi мен шығыстардың өсуiн ескере отырып, 2003 жылы таза табыс 305,7 млн. теңгенi құрайды, бұл 2002 жыл үшiн 251,4 млн.теңгеге немесе 45,1%-ға тиiстi көрсеткiштен аз.
"КEGOС" ААҚ
2002 жылы компанияның желілерi бойынша электр энергияны тарату көлемi 2001 жылмен салыстырғанда, 5,3 %-ға төмендедi және 23,8 млрд. квт. caғ. құрады.
Компанияның желілерi бойынша электр энергияны тарату көлемiнiң төмендеуi республиканың Оңтүстiк аймақтарындағы тұтынушылардың ЖГРС жұмысы кезеңiнде аймақтық электр желiлiк компанияның желiлерi бойынша электрмен қамтамасыз етуге көшуiмен, электр қамтамасыз ету кестелерiнiң өзгеруiне, сондай-ақ компанияның қызметтерiн кейбiр тұтынушыларының өзiнiң ЛЭП құрылысымен байланысты. 2002 жылы негiзгi қызметтен табыс 12599,3 млн. теңге құрады, ол 2002 жылдан 1146,3 млн. теңгеге көп (10%-ға).
Компанияның негiзгi қызметiнен түсетiн табыстың өсуi жыл бойы өңiраралық деңгей желiлерiнде электроэнергияның технологиялық шығысын өтеу үшiн электрэнергиясын сатып алуға шығындарды қосқанда тарифтердi қолданумен байланысты болды.
2002 жылы компанияның негiзгi қызметi бойынша шығыстар 12138,4 млн. теңге құрады. 2001 жылмен салыстырғанда 6 %-ға ұлғаюымен, ол жыл бойы өңiраралық деңгей желiлерiнде электроэнергияның технологиялық шығысын өтеу үшiн электрэнергиясын сатып алуға шығындарды қосқанда тарифтердi қолданумен байланысты болды. (2001 жылы электр энергиясын сатып алу 1 шiлдеден бастап жүзеге асырылды).
2002 жылы қаржылық шаруашылық қызметiнiң қорытындысы бойынша компания 364,9 млн.теңге сомаға таза табыс алды, бұл 2001 жылғы деңгейден 48,4 млн. теңгеге (15,3%-ке жоғары).
2003 жылы Компания электр энергиясын 25,6 млрд. квт. сағ. көлемiнде тарату жөнiнде қызмет көрсетудi жоспарлауда, бұл 2002 жылдың деңгейiнен 7,6%-ғa жоғары. Осындай өсу Қазақстанның Ресей Федерациясына электр энергияның экспорттық жеткiзуiнiң ұлғаюына байланысты болды.
2003 жылы негiзгi қызметтен компания 13440,3 млн.теңге мөлшерiндегi табыстарды жоспарлап отыр, бұл 2002 жылдың деңгейiнен 6,7 %-ға жоғары.
2003 жылғы негiзгi қызметтен түсетiн табыстардың ұлғаюы 2002 жылмен салыстырғанда, компанияның қызметтерге тарифтiң жаңа ставкаларын 01.01.03 ж. бастап бекiтiлуiне байланысты болды.
2003 жылы Компанияның шығыстары негiзгi қызмет бойынша 13205,0 млн. теңге мөлшерiнде жоспарлануда, ол 2002 жылдың деңгейiнен 8,3 %-ғa жоғары. Шығыстардың ұлғаюы ТМЦ жоспарланып отырған бағаның өсуiне және басқа ұйымдардың қызметiне, жұмыстардың көлемiнiң ұлғаюына, сондай-ақ жоспарланып отырған негiзгi қаражаттың енгiзiлуiне сәйкес амортизациялық аударымдар өсуiмен байланысты.
Компанияның негiзгi емес қызметi бойынша шығыстары 2003 жылы 580,5 млн. теңге мөлшерiнде жоспарлануда. Негiзгi емес қызмет бойынша шығыстарға Жамбыл ЖЭС жұмыс операторы функцияларын Компанияның орындауына байланысты шығындар енгiзiлдi.
2003 жылы компания кәдiмгi қызметiнен 321,9 млн. теңге таза табыс алуды жоспарлап отыр (оның iшiнде негiзгi қызметi бойынша 235,3 млн. теңге және негiзгi емес - 86,6 млн. теңге), оны дивидендтердi төлеуге, компанияны дамытуға және ХЖДБ және ЕЖДБ алдындағы мiндеттемелердi өтеу үшін резервтер құруға бағыттау жоспарланып отыр.
Қазақстанның энергожүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң сенiмдiлiгiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында компания ХЖДБ және ЕЖДБ заем қаражатын тарта отырып "Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желiсiн жаңғырту" жобасын iске асырып отыр.
Жобаның жалпы құны - 258,4 млн. АҚШ доллары. Жоба бойынша күрделi жұмсалымдардың жалпы көлемiнен 3021,6 млн.теңге кредит қаражаты және 1421,4 млн.теңге өз қаражаты игерiлдi. 2003 жылы "Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желiсiн жаңғырту" жобасын iске асыруға сыртқы заемдар қаражатынан 7392,1 млн. теңге, өз қаражатынан 4594,4 млн.теңге жұмсауды жоспарлап отыр. ХЖДБ және ЕЖДБ кредиттерi бойынша мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету мақсатында компания 2003 жылы проценттер төлемiн - 113,3 млн. теңге, мiндеттемелер бойынша комиссияға 68,37 млн.теңге, сыртқы заемдар бойынша мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ету үшiн резервтiк шотты толықтыруға - 111,05 млн.теңге. 2003 жылы компания "Солтүстiк Қазақстанның Оңтүстiгi" 500 кв. транзитiнiң екiншi желiсiн салу жобасын iске асыруды жоспарлап отыр. Осы мақсаттарға 2003 жылы 26 млн. АҚШ долларын жұмсау жоспарланып отыр.