Тiзiлiм мемлекеттiк кәсiпорындарды, мемлекеттiк мекемелердi және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және қайта тiркеу, сондай-ақ ауыртпалықтардың (кепiл, басқармаға бepу) болуы, мемлекеттiң қатысу үлесiнiң өзгеруi процесiн жаңартуға жол бередi.
Тiзілiм құрылымы мемлекеттік меншiктi басқару саласындағы айқындалатын мақсаттар мен мiндеттерге сәйкес оңтайландырылады.
"Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 580 қаулысымен мемлекеттiк органдардың тиiстi шешiмдердi қабылдауына байланысты мемлекеттiк кәсiпорындардың, жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қызметiн бақылау мен мониторингi үшiн қажеттi әртүрлi көрсеткiштер енгiзетiн Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiн толықтыру және кезеңдiк жаңарту үшiн деректердi беруге жауапты субъектiлер айқындалған.
Мемлекеттiк мүлiктi есепке алу жүйесiнде мынадай проблемалар бар:
Тiзiлiмнiң қосымша кiшi бөлiмiнiң есебiн жүргiзудi iске асыру тетiгi кейiнге қалдырылмаған;
республикалық және коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк мүлiктi есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органдары арасында өзара iс-әрекет тәртiбi нақты пысықталмаған.
3.5. Экономиканы дамытудың қазiргі уақыттағы сатысында
мемлекеттiк мүлiктi жекешелендіру
Мемлекет иелiгiнен айыру және республика мемлекеттік меншiктi жекешелендiру бағдарламаларын орындау барысында елдiң экономикасында басымдық жағдай осы сатыда үлесі жалпы iшкi өнiмде (ЖIӨ): өнеркәсiпте 80-85%-ын, ауыл шаруашылығында - 99%-ын, құрылыста - 40-45%-ын, саудада 96%-ын құрайтын жеке сектор алды.
2001 жылдан бастап 2002 жылдар кезеңiне арналған акционерлiк қоғамдардың (АҚ) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге (ЖШС) қатысудың мемлекеттiк үлестерiн сату жөнiндегі толықтай деректер мынадай үлгіде берiлдi:
Сала | АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысудың мемлекеттiк үлестерін) жекешелендiру |
2001 ж. | 2002 жылғы |
бiрлiк | қорытын- дысына %-бен | бiрлiк | қорытын- дысына %-бен |
| 39 10 25 13 11 4 12 32 146 | 27 7 17 9 8 3 8 22 100 | 22 3 8 15 3 1 4 11 67 | 33 4 12 22 4 1 6 16 100 |
Келтiрілген кестеде көрсетiлгендей 2001 жылы АҚ (ЖШС) 146
акцияларының мемлекеттiк пакетi (мемлекеттiк қатысу үлесi бар) сатылды,
2002 жыл үшiн АҚ-ның (ЖШС) 67 акцияларының мемлекеттiк пакетi
(мемлекеттiк қатысу үлесi бар) сатылды.
Сол сияқты 2001 жылы 2 059 мүлiктiк кешен, жылжымайтын мүлiк
объектiлерi, аяқталмаған құрылыс, көлiктер, жабдықтар және басқа да
мүлiктер, 2002 жылы - осы объектiлердің санаттарына жатқызылғанның
1756-cы жекешелендiрiлдi.
Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден мемлекеттiк бюджетке түскен
түсiмдер 16,6 млрд. теңгенi, 2002 жылғы қаңтар-маусым үшiн 19,3 млрд.
теңгенi құрады. Республикалық және коммуналдық меншiктi (мемлекеттiк
меншiк) жекешелендiруден түскен түсiмдер бойынша мәлiметтер мынадай түрде
көрiнедi:
Кезеңi | Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден түскен қаражаттың түсімдері, мың теңге |
Барлығы | Республикалық бюджет | Жергіліктi бюджеттер |
2001 жыл 2002 жыл | 16 583 079 19 340 182 | 15 430 756 18 754 477 | 1 152 323 585 705 |
2002 жылдан бастап "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына қабылданған өзгерiстерге сәйкес жекешелендiруден түскен түсiм
бюджеттiң тапшылығын (профициттің пайдаланылуы) қаржыландыру көзi ретiнде
қаралады. Республикалық меншiк объектiлерiнің жекешелендiру көлемдерiн
қалыптастыру мемлекеттiк активтердi басқару нәтижелерiмен, жаңа қарыз алу
көлемдерiмен және мемлекеттiң қолда бар борыштық мiндеттемелерiмен
үйлесiмдi болады.
Жекешелендiру саласында 2003-2005 жылдары шешу қажет негiзгi
мiндеттер:
мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне байланысты жекешелендiрудiң
тиiмдi тәсілдерiн қолдану арқылы әлеуеттi инвесторлар ортасын кеңейту
жолымен инвестициялар тарту;
мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру процестерiнiң айқындылығын және
бәсекелестiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
3.6. Жекешелендiруден кейiнгi бақылау
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендiруден кейiнгi бақылауға 330 мемлекеттiк меншiк объектiсiн сатып алу - сату шарты жатады.
Қабылданған шараларға қарамастан, жекешелендiрудiң алғашқы кезеңдерiнде жасалған сатып алу-сату шарттарының жетiлмегендiгi, заңнама салаларындағы әртүрлi кемшiлiктер сатып алушылардың жеке мүддесiне пайдаланылады, бұл оларға кейбiр жағдайларда өз мiндеттемелерiн орындамаған және тиiсiнше орындамағаны үшiн толық жауапкершіліктен құтылуға мүмкiндiк бередi.
Жаппай жекешелендiру кезеңiнде сатылған неғұрлым iрi объектілер, сондай-ақ жеке жобалар бойынша жекешелендiрмеген объектiлер сатып алушылардың инвестициялық мiндеттемелердi атқаруына тексеру жүргiзу жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру мақсатында тұрақты негiзде экономика, заңтану, технология және басқа салалардағы білікті маман-сарапшыларды тарту қажеттілiгiне себепшi болды. Осы мiндет консалтингтiк ұйымдарды тарту тетiгi арқылы iске асырылды.
Консалтингтiк ұйымдарды қолданылып жүрген заңнамада белгiленген тәртiпке сәйкес тендер жүргiзу жолымен мемлекеттiк уәкілеттi органы тартады.
Уәкiлеттi органмен жасасқан шарттың негiзiнде консалтингтiк ұйым сатып алушылардың шарттық мiндеттемелерiн орындауға бағалау жүргiзедi, уәкiлеттi органға инвесторлармен (сатып алушылармен) одан әрi өзара қарым-қатынастар бойынша нұсқаулар бередi. Консалтингтік ұйымның есебiн шарттық мiндеттемелердiң орындалуын бақылау үшiн құрылған ведомствоаралық комиссия қарайды. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi уәкiлеттi органның орындауы үшiн мiндеттi. 2001 жылдың басынан бастап ведомствоаралық комиссияның 23 отырысы өткен, олардың қорытындысы бойынша 74 сатып алу-сату шарты аяқталған болып танылды, 17 шарт бойынша қосымша келiсiмдер жасалды.
Жекешелендiрiлген объектiлердi сатып алу-сату шарттары ережелерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшiн консалтингтiк ұйымдарды тарту тәжiрибесi жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың осы тәсiлiнiң орындылығын және тиiмдiлiгiн, оны одан әрi қолдану қажеттiлiгiн көрсеттi.
Экономиканың (мұнай-газ, кен-металлургия, көлiк-коммуникация, энергетика, машина жасау) стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарға бақылауды нығайту мақсатында "Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендiрiлген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 3 мамырдағы N 491 қаулысы қабылданды.
Сол уақытта жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың қазiргi жүйесiнде мынадай проблемалар бар:
экономиканың стратегиялық салаларындағы жекешелендiрілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнiң мемлекеттiк мониторингiн заңнамалық қамтамасыз ету жоқ;
мүдделі мемлекеттiк органдар олардың қызметін жақсарту жөнiнде негiзделген шешiмдер қабылдау үшiн мониторинг объектiлерi істерінің жағдайы туралы қажеттi ақпаратты білмейдi.
Жекешелендiрiлген кәсiпорындарды басқару тиiмдiлiгiн мемлекеттiк қадағалаудың заңнамалық негiздерiнiң болмауы мемлекет тарапынан мониторинг объектілерiн бақылау дәрежесi мен мүмкiндiктерiнде жағымсыз байқалады. Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi жиi еңбек, табиғатты қорғау заңнамасының нормалары мен ережелерi тиiсiнше сақталмай жүзеге асырылады, негiзгi қорлар жаңартылмайды, озыңқы технологиялар енгiзiлмейдi.
Өткен 10 жылда республикада 80%-дан астам өндiрiстiк қуаттар жекешелендiрiлген. 1996-1998 жылдар iшiнде мұнай өндiретiн, энергетикалық, металлургиялық және көлiк-коммуникациялық, кен өндiру салаларындағы 94 iрi кәсiпорынды жекешелендiру жүргiзiлген. Шетелдiк инвесторлар шамамен 90 өнеркәсiптiк объектiлердiң мүліктік кешендерi мен акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн сатып алған. Бұл ретте жекешелендiру процестерi рыноктық қатынастардың бiр уақытта орнығуымен, сондай-ақ елдiң нормативтiк құқықтық базасының қалыптасуымен орын алған.
Республика құрылғаннан бергi жылдары жасалған жұмыстарды қорытындылау жүргiзу оның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында жекешелендiруден кейiнгi құқықтық қамтамасыз етудi одан әрi жетiлдiрудi талап етедi.
Экономиканың басты салаларында әрекет ететiн жекешелендiрілген кәсiпорындардың қызметi туралы толық және шынайы ақпараттың болмауы, сол сияқты тұтастай алғанда стратегиялық салалардың тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететiн негiзделген шешiмдер қабылдауға әрекет етпейтiн жағымсыз фактор болады.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық дамуының жоспарын және Қазақстан Республикасында мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасын iске асыру үшiн мемлекеттiк меншiктi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған:
мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi пайдалану есебiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн арттыру;
мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн жақсарту;
белгiлi бiр салаларға және нақты кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне байланысты мемлекеттiк меншiктiң құрылымын оңтайландыру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
мемлекеттiк кәсiпорындардың және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру;
мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң кешендiк мониторингiн қамтамасыз ету және мониторинг нәтижелерi бойынша дерекқорлар құру;
мемлекеттiк активтердi басқару жүйесiн құру, мемлекеттiк активтер мен мiндеттемелер теңгерiмiнiң әдiстемесiн әзiрлеу;
мемлекеттiк мүлiктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру;
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрмеген объектілердi басқару тиiмділiгiнiң мониторингiн қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның негізгi бағыттары және оны
iске асыру тетiгi
Қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн "Мемлекеттiк мүлiк мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 мамырдағы Заңына сәйкес олардың өкілеттiктерiнiң шектеулерi мен нақтылауларын ескере отырып, әр түрлi басқару субъектiлерiнiң мемлекеттiк меншiк объектілерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру көзделіп отыр.
ҚР Үкіметінің 25.08.03 ж. N 856 қаулысымен 5.1-бөлімшесі өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5.1. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталында
мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық
қызметiн басқару жүйесiн жетiлдiру
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғаларға қатысты бiрқатар нақты шараларды iске асыру көзделедi.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары мынадай функцияларды орындайды:
мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басымды бағыттарын анықтау;
мемлекеттiк кәсiпорындар шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлық қаржылық көрсеткiштердi, оларды беру кезеңділiгi мен тәртiбiн қарау және бекiту;
уәкілеттi органға олар белгiлеген мерзiмдерде тиiстi есептердi бере отырып, мемлекеттiк кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметi жоспарлық көрсеткiштерiнiң орындалуын талдау және бақылау;
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тәртiп пен мемлекеттiк кәсiпорындарды оңтайландыру мақсатында олардың әкiмшiлiк шығыстарының мониторингiн жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және оларды аттестаттауды жүргiзу;
мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсаты бойынша пайдаланылуына және сақтығына бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен анықталатын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерiн белгiлеу мәселелерiнің реттелмегендiгiн жою үшiн алдағы кезеңде әзiрленген Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындардың таза пайдасын бөлу нормативтерiн анықтау, келiсу және бекiту ережесi қолданылатын болады.
Мемлекеттiк кәсiпорындар бюджеттiк шектеулер шеңберiнде әрекет ететiн болады. Әрбiр мемлекеттік кәсiпорын үшiн мемлекеттік басқару органы тиiстi кiрiстер және шығыстар сметасын (бюджет) бекiтетiн болады.
Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне (қатысудың мемлекеттiк үлестерiне) иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға мынадай функциялар жүктеледi:
Қазақстан Республикасының Үкiметіне тиiстi есептердi бере отырып акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлесi) мемлекетке тиесілi және экономиканың басты салаларында әрекет ететiн акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргiзу;
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тәртіппен оларды оңтайландыру мақсатында акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мемлекетке тиесілi акционерлік қоғамдар әкімшілік шығыстарының мониторингiн жүзеге асыру;
акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлі акционерлiк қоғамдардың (жауапкершілігi шектеулi серiктестiктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерi жоспарларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету.
2003 жылы:
акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің мөлшерлерiн жоспарлау тәртiбi;
Ұлттық компаниялар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ведомстволық бағыныстағыларды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметтерінің жоспарларын және мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің жоспарларын әзірлеу және ұсыну ережесі;
5.1.1. Ұлттық компаниялардың қызметiн басқарудың тиiмдiлiгін арттыру
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарына сәйкес елiмiздің экономикасы үшiн стратегиялық маңызды объектiлер болып табылатын ұлттық компаниялардың секторын құру, ұлттық компанияларды басқарудың мемлекеттiк жүйесiн ұйымдастыру - мемлекеттiң басымды мiндеттерi болып орын алуда. Мақсаты: экономиканың басты салаларында әрекет ететiн отандық ұлттық компанияларды кәсiби менеджмент ұйымдарымен және озыңқы технологиялармен дүниежүзiлiк рынокқа шығару, бұл қорытындылай келгенде Қазақстанның шет елдегi рынок шарттарында бәсекелес бола алатын мемлекет ретiнде әсер ету саласын кеңейтуге ықпал етуi тиiс.
Көрсетiлген мiндеттердi шешу үшiн негiзгi мiндетi экономиканың стратегиялық салаларындағы технологиялық байланысты өндiрiстердiң қызметiн басқаруға негiзделетiн ұлттық компаниялар базасында мемлекеттiк холдингтер құруға мемлекет ықпалдасатын болады. Холдингтердi басқару негiзiне шығындарды оңтайландыруға, технологиялық және кадр саясатын өңдеуге, кәсiпорын қызметтерiн салалар шеңберiнде үйлестiрудi жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн корпоративтiк басқару.
Ұлттық компанияларға қатысты олардың жүйе құрау маңызын нығайтатын мемлекет стратегиясын iске асыру тетiгiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi өнеркәсiптiк саясаты тұжырымдамасында (бұдан әрi Тұжырымдама) әзiрлеу қажет, бұл Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Үкiмет бағдарламасы) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес 2003 жылдың басында әзiрленуi тиiс. Тұжырымдаманың негiзгi мiндеттерi: экономиканың қалыпты өсуiн қамтамасыз ету, заңнамалық, экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық жағдайларды құру негiзiнде өнеркәсiп салалары құрылымын сапалы түрде жаңарту, өндiрiстiң бәсекелестiк қабiлетiн және тиiмдiлiгiн арттыру.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң мемлекеттiк бақылануын күшейту мақсатында ұлттық компаниялар тоқсан сайын өздерiнiң еншiлес тәуелдi ұйымдарының қаржылық ақпаратын Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн болады. Ұлттық компаниялардың бiрiншi басшылары еншiлес, тәуелдi ұйымдарды және мемлекет компанияның жарғылық капиталына берген активтердi басқару туралы, сондай-ақ ұлттық компаниялардың даму жоспарының атқарылуы туралы директорлар кеңесiнiң алдында есеп беретiн болады. Көрсетiлген шаралар ұлттық компаниялардың және олардың еншiлес ұйымдарының қаржылық жағдайы туралы неғұрлым толық елестетуге, инвестициялық бағдарламаларды және ұлттық компаниялардың дивидендтiк саясатын анықтау кезiнде экономикалық негiзделген қорытындылар әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
2003 жылы ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу, келiсу және бекiту тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу қажет.
Мемлекет тарапынан ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды нығайту, олардың еншiлес ұйымдары қызметiнiң транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн ұлттық компаниялардың директорлар кеңесi мәселелердiң тiзбесiн анықтайтын болады, олар бойынша еншiлес ұйымдар ұлттық компаниялар директорлар кеңесiнiң құзыретiне сәйкес олармен шешiмдер жобаларын жазбаша келiсудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды жетiлдiру, оларды оңтайландыру және негізсіз шығындарды жою үшiн әкiмшiлiк шығыстардың мониторингiн қамтамасыз ету мақсатында тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданатын болады.
5.2. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң кешендi
мониторингiн қамтамасыз ету
"Мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң, сондай-ақ меншiгiнде мемлекеттiң үлесi бар объектiлердiң жұмыс iстеуiне және оларды басқарудың тиiмдiлiгiне кешендi мониторинг жүйесiн енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 998 қаулысына сәйкес уәкілеттi орган шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кешендiк мониторингiн жүзеге асыру, деректер мониторингiнiң нәтижелерiн бiрыңғай есепке алу ақпараттық базасын құру жөнiндегi қызметтi нығайтатын болады. Бұл ретте кешендi мониторинг объектiлерi:
мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер;
жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар;
мемлекеттiк меншiк болып табылатын, оның iшiнде сенiмдi басқарудағы, жалдағы, концессиядағы мүлiктiң барлық түрлерi болып табылады.
Кешендi мониторинг алдын алу, кемшiлiктердi жою және қызметтi жетiлдiру жөнiндегi негiзделген шешiмдер мен нұсқалар әзiрлеу мақсатында осы объекттердiң технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметiнiң, құқықтық мәселелерiнiң сапалық және сандық жағдайын жан-жақты бақылауға және аналитикалық талдауға мүмкiндiк бередi.
5.3. Мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды жетiлдiру
Мемлекеттiк мүлiктi басқару саласында қойылған мiндеттердi шешуде толық және шынайы есепке алуды ұйымдастырудың маңызды мәнi болады.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң мониторингiн қамтамасыз ету үшiн қаржылық көрсеткiштердiң кешенiн қамтитын "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 580 қаулысына сәйкес Қосымша бөлiмшенiң тiзiлiмiн енгiзу, қосымша бөлiмшенi толықтыру және кезеңдi жаңартып отыру үшiн деректердi беруге жауапты субъектiлердi анықтау берiлген қаржылық ақпараттың есебiн жүргiзу тетiгiн iске асыруды талап етедi. Осы мақсатта жауапты субъектiлер тарапынан қажеттi ақпаратты беру тәртiбi мен мерзiмдерi регламенттелетiн болады.
5.4. Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру саласындағы
мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары
2003-2005 жылдары жекешелендiру мемлекеттiк мүлiктi басқару саласында мемлекеттiк саясаттың құрылымдық элементi ретiнде қаралатын болады, жекешелендiрудiң көлемдерiн қалыптастыру мемлекеттiк активтердi басқару нәтижелерiмен, қарыз алу көлемдерiмен және мемлекеттiң бар борыштық мiндеттемелерiмен байланысатын болады.
Мемлекеттiк меншiктi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларының дамуын сақтауға және нығайтуға, мемлекеттiң мүдделерiн негiзге ала отырып, мемлекеттiк мүлiктiң құрылымын оңтайландыруға бағытталатын болады.
Қолда бар мемлекеттiк меншiк елiмiздiң экономикасы үшiн оның маңыздылығы дәрежесiне байланысты үш санатқа бөлiнетiн болады.
Бiрiншi санатқа жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерi жатқызылатын болады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 422 Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысымен жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi анықталған. Осы тiзбеге республиканың ұлттық мүддесi үшiн аса маңызы бap мемлекеттiк меншiк объектiлерi қосылған, олар: Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер; магистральды темiр жолдар, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары; магистральды мұнай және газ құбырлары, аймақаралық деңгейдегi белгiлi бiр кернеудегi электр желiлерi; әлеуметтiк мiндеттердi шешу үшiн қажеттi мемлекеттiк меншiк объектiлерi, оның iшiнде балалар үйi, қарттар үйi, орташа бiлiм беру ұйымдары және басқалар.
Екiншi санатқа жататын мемлекеттiк меншiк объектiлерi экономиканың стратегиялық салаларында әрекет ететiн: мұнай-газ, кен-металлургиялық, көлiк-коммуникациялық, энергетикалық, машина жасау салаларындағы ұйымдар болып табылады. Осындай ұйымдар экономиканың стратегиялық салаларында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған ұлттық компаниялар болып табылады. Ұлттық компаниялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Ұлттық компанияларға жатқызылған кейбiр акционерлiк қоғамдар мен мемлекеттiк кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң бөлiгiн жекешелендiру тұтастай алғанда мемлекеттiң экономикалық саясаты ескерiле отырып, мемлекеттiк мүдделер негiзге алына отырып жүзеге асырылатын болады.
Үшiншi санатты алғашқы екi санаттарға жатқызылмаған мемлекеттiк меншiк объектiлepi құрайды: акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, жауапкершілiгi шектеулi серiктестердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiк қатысу үлесi, аяқталмаған құрылыстың жылжымайтын мүлiк объектiлерi, мүлiктiк кешендер және басқа да мүлiк.
Тауарлық рынокта басымды (монополиялық) орын алатын не елдiң экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар рынок субъектiлерi болып табылатын ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн және олардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн жекешелендiру оның неғұрлым оңтайлы нысандарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
2003-2005 жылдары үшiншi санатқа жатқызылған мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру оның мемлекеттiң меншiгiнде болғандығының орындылығы принципi бойынша жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте мемлекет республиканың экономикасында жеке секторды арттыруға және дамытуға, өндiрiстiң көлемiн арттыруға, салық салынатын базаны кеңейтуге ықпал етедi.
5.5. Жекешелендiруден кейiнгi бақылауды жетiлдiру
Жекешелендiруден кейiнгi салада негiзгi мiндеттер:
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрілген объектiлердi тиiмдi басқару мониторингiнiң жүйесiн енгiзу;
проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында кешендi мониторинг арқылы жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi туралы толық және шынайы ақпаратты алу;
жекешелендiруден кейiнгi бақылаудың құқықтық қамтамасыз етiлуiн жетiлдiру;
меншiктенушi қабылдаған мiндеттердiң тиiсiнше орындалуын бақылау, сатып алу-сату шарттарын аяқтау;
инвесторлармен конструктивтiк пiкiрталас жүргiзу, туындаған проблемалардан өзара қолайлы және негiзделген шешiмдер қабылдау;
экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрiлген кәсiпорындардың қызметi көрсетiлетiн электрондық дерекқор құру, оны кезең-кезеңiмен жаңартып отыру болып табылады.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру мемлекеттiк меншiктi басқаруды жүзеге асыратын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттiк органдардың функциялары шеңберiнде көзделедi. Осыған байланысты бағдарламаның iс-шараларын iске асыру жөнiндегi шығыстар осы органдарды көзделетiн бюджеттiк бағдарламалар шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден ағымдағы қаржыландыру есебiнен жүзеге асырылады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асырудан мынадай нәтижелер күтiледi:
мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
мемлекеттiк мүлiктi (акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтердi, мемлекеттiң қатысуы бар мемлекеттiк кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктер таза пайдасының бөлiгiн, жалдау төлемдерiн және басқаларды) пайдаланудан мемлекеттiк бюджетке түсетін түсімдерді арттыру; мемлекеттiк кәсiпорындар, мемлекеттiң қатысуы бар заңды тұлғалар қызметiнiң қаржы-экономикалық көрсеткіштерiн жақсарту;