Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялард қаржылық есеп
пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен
мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы N 508 қаулысы
(ҚР ҰБ Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен;
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігінің 23.02.04
ж. N 61 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 179 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.
5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Кредиттік серіктестіктердің
және ипотекалық компаниялардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 508 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп
танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 909 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 436 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1046 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір-7 мамырда жарияланған);
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1093 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған);
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1331 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Кредиттік серіктестіктердің
және ипотекалық компаниялардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 508 қаулысымен бекітілген
Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың
қаржылық есеп пен есепке қосымша мәліметтер беру
тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленген және кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі уәкілетті органға) қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың уәкілетті органға беретін қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне бірыңғай талаптар белгілеу болып табылады.
3. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында белгіленген талаптарға және осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалады.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
4. алынып тасталды
2-тарау. Есеп беру
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебіне:
1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
3) ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс) - N 3 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);
4) меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп - N 4 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-1-қосымшасы);
5) есепке түсіндірме жазба кіреді.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне мыналар жатады:
1) кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалды нормативтерді есептеу үшін қосымша деректер (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы);
2) берілген заемдар мен қаржы лизингі туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы);
3) алынып тасталды
4) ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасы) - тек қана ипотекалық компаниялар береді;
5) кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың балансы;
6) есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп.
ҚР ҰБ Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар уәкілетті органға мынадай кезеңділікпен қаржылық есепті және қаржылық есепке қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - есеп) ұсынады:
ай сайын, есепті айдан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың балансы, осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сай кредиттік серіктестіктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша деректер;
тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есеп, 5-қосымшаға сәйкес ұсынылған заемдар және қаржы лизингі туралы есеп және осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп;
жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші сәуірінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кірістер мен шығыстар туралы есеп, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс), осы Нұсқаулықтың 3-1 қосымшасына сәйкес меншік капиталдағы өзгерістер туралы есеп, қаржылық есепке қосымша мәліметтер, есепке түсіндірме жазба, есепті жылға қаржылық есепке жүргізілген аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар уәкілетті органға есепті электрондық тасымалдауышпен және қағаз түрінде береді.
9. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның мөрімен расталады.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
11. алынып тасталды
12. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.
13. Есеп жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғарғы сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Түзетілген және өшірілген қағаз түріндегі есепті уәкілетті орган қабылдамайды және кері қайтарады.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
15. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп берген күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіріп, уәкілетті органға жазбаша өтініш хат жібереді.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 16-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
16. алынып тасталды
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Уәкілетті орган кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның ұсынған есебінде дәлсіздіктер немесе қателер анықтаған жағдайда, оны пысықтау үшін қайтаруға құқылы.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 18-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
18. алынып тасталды
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Уәкілетті орган өзінің өкілеттігі шегінде және өздерінің бақылау және қадағалау функциясын атқару мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растайтын құжаттар талап етуге құқылы.
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
20. Кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп бермегені немесе осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
21. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
N 1 нысан
200___ жылғы жағдай бойынша
бухгалтерлік баланс
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
мың теңгемен
Активтер | Ескерту | 200_ жылғы 31 жел. тоқсанда | есепті кезеңнің соңында |
1 2 3 4 |
Қолма-қол валюта 1 Қазақстан Республикасының Ұлттық 2 Банкіндегі салымдар мен корреспонденттік шоттар Саудаға арналған бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 3 Банктердегі және банк операцияларының 4 жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттiк шоттар (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегергенде) Заемдар және қаржылық жалдау (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 5 Клиенттерге қойылатын басқа талаптар (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 6 Басқа бағалы қағаздар (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 7 Капиталға инвестициялар және реттелген борыш 8 Материалдық емес активтер (амортизацияны шегергенде) 9 Негізгі құрал-жабдықтар (амортизацияны шегергенде) 10 Басқа активтер (ықтимал шығындарға арналған резервтерді шегергенде) 11 Активтердің жиынтығы 12 |
Міндеттемелер |
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салымдары 13 Жеке және заңды тұлғалардың салымдары 14 мен ағымдағы шоттары Қазақстан Республикасы Үкiметiнің алдындағы 15 берешек Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы берешек 16 Шығарылған борыштық бағалы қағаздар 17 Басқа тартылған қаражат 18 Реттелген борыш 19 Салық міндеттемелері 20 Басқа міндеттемелер 21 Міндеттемелердің жиынтығы 22 Азшылық үлесі 23 Азшылық үлесін ескере отырып міндеттемелердің жиынтығы 24 |
Меншік капитал |
Жарғылық капитал, оның ішінде: 25 жай акциялар 26 артықшылықты акциялар 27 Сыйлықақылар (Қосымша төленген капитал) 28 Алынған капитал 29 Резервтік капитал 30 Басқа резервтер 31 Таза пайда (шығын): 32 Алдыңғы жылдардың таза пайдасы (шығыны) 33 Есепті кезеңнің таза пайдасы (шығыны) 34 Капиталдың жиынтығы: 35 Меншік капитал мен міндеттемелердің жиынтығы: 36 |
Бірінші басшы: _______________
Бас бухгалтер: _______________
орындаушы: _________________
телефоны:_____________
Мөр орны
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
N 2 нысан
200___ жылғы жағдай бойынша
кірістер мен шығыстар туралы есеп
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
мың теңгемен
Баптардың атауы | Ескерту | Есепті кезеңге | Ағымдағы жылдың басынан кезеңге (өспелі жиынтық. пен) | Алдыңғы жылдың ұқсас есепті кезеңі. не | Алдыңғы жылдың басынан ұқсас кезеңге (өспелі жиынтық. пен) |
1 2 3 4 5 6 |
Сыйақы алуға байланысты кірістер, оның ішінде: 1 корреспонденттік шоттар және орналастырылған салымдар бойынша 2 берілген заемдар және қаржылық жалдау бойынша 3 бағалы қағаздар бойынша 4 сыйақы алуға байланысты басқа кірістер 5 Сыйақы төлеуге байланысты шығыстар: 6 ағымдағы шоттар және тартылған салымдар бойынша 7 алынған заемдар бойынша 8 бағалы қағаздар бойынша 9 сыйақы төлеуге байланысты басқа шығыстар 10 Заемдар бойынша ықтимал шығынға арналған резервті қалыптастырғанға дейін сыйақы алуға байланысты таза кіріс (шығын) 11 Заемдар бойынша ықтимал шығынға арналған резервтер /(резервтерді қалпына келтіру) 12 Сыйақы алуға байланысты таза кіріс (шығын) 13 Дивидендтер түріндегі кірістер 14 Комиссиялық және алымдар түріндегі кірістер 15 Комиссиялық және алымдарды төлеу жөніндегі шығыстар 16 Бағалы қағаздарды сатып алудан/сатудан түскен кірістер (шығындар) (нетто) 17 "РЕПО" операциялары бойынша кірістер (шығындар) (нетто) 18 Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен кірістер (шығындар) (нетто) 19 Шетел валютасымен операциялар бойынша кірістер (шығындар) (нетто) 20 Шетел валютасында көрсетілген қаржылық активтерді қайта бағалау кірістері (шығындары) (нетто) 21 Қауымдасқан ұйымдарға қатысуға байланысты кірістер 22 Қаржылық емес активтерді сатудан және активтерді алудан түскен кірістер 23 Сыйақы алуға байланысты емес басқа операциялық кірістер 24 Сыйақы алуға байланысы жоқ таза кіріс (шығын) 25 Жалпы және әкімшілік шығыстар 26 оның ішінде: еңбекақы және іссапар төлемдеріне арналған шығыстар 27 амортизациялық аударымдар және тозу 28 корпоративтік табыс салығын қоспағанда салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер төлеу бойынша шығыстар 29 Қаржылық емес активтерді сатудан және активтерді беруден шығыстар 30 Сыйақы төлеуге байланысы жоқ басқа операциялық шығыстар 31 Басқа операциялар бойынша резервтерді қалыптастырғанға дейінгі және салық салғанға дейінгі пайда (шығын) 32 Басқа операциялар бойынша ықтимал шығынға арналған резервтер/(резервтерді қалпына келтіру) 33 Болжанбаған кірістер (шығын) 34 Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) 35 Корпоративті табыс салығы 36 Азшылық үлесіне дейінгі таза пайда (шығын) 37 Азшылықтың үлесі 38 Таза кірістің (шығын) жиынтығы 39 |
Бірінші басшы: _______________
Бас бухгалтер: _______________
орындаушы: _________________
телефоны:_____________
Мөр орны
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша
ҚР ҰБ Басқармасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР ҚҚА 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
N 3 нысан
200___ жылғы жағдай бойынша
ақша қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс)
______________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық
компанияның толық атауы)
(мың теңгемен)
Баптың атауы | Ескерту | Ағымдағы жылдың басынан кезеңге (өспелі жиынтық. пен) | Алдыңғы жылдың басынан ұқсас кезеңге (өспелі жиынтық. пен) |
1 2 3 4 |
Салық салғанға дейінгі кіріс (шығын) 1 Ақшалай емес операциялық баптарға түзету: 2 амортизациялық аударым және тозу 3 күмәнды борыштар бойынша резервтер бойынша шығыстар 4 шетел валютасымен операциялар бойынша жұмсалмаған кірістер мен шығыстар 5 алынатын сыйақы түрінде есептелген кірістер 6 сыйақы төлеу бойынша есептелген шығыстар 7 ақшалай емес баптарға басқа түзетулер 8 Операциялық активтер мен міндеттемелер өзгергенге дейінгі операциялық кіріс (шығын) 9 Операциялық активтердегі (ұлғаю) азаю 10 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар мен корреспонденттік шоттардың (ұлғаюы) азаюы 11 Саудаға арналған және сату үшін қолда бар бағалы қағаздардың (ұлғаюы) азаюы 12 Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар мен корреспонденттік шоттардың (ұлғаюы) азаюы 13 Заемдар мен қаржылық жалдаудың (ұлғаюы) азаюы 14 Клиенттерге басқа талаптардың (ұлғаюы) азаюы 15 Басқа активтердің (ұлғаюы) азаюы 16 Операциялық міндеттемелердегі (ұлғаю) азаю 17 Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдардың (ұлғаюы) азаюы 18 Жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен ағымдағы шоттарының (ұлғаюы) азаюы 19 Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы берешектің (ұлғаюы) азаюы 20 Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың алдындағы берешектің (ұлғаюы) азаюы 21 Басқа тартылған қаражаттың (ұлғаюы) азаюы 22 Салық міндеттемелерінің (ұлғаюы) азаюы 23 Басқа міндеттемелердің (ұлғаюы) азаюы 24 Операциялық қызметтен ақшаның ұлғаюы немесе азаюы 25 Есептелген корпоративтік табыс салығы 26 Салық салғаннан кейін операциялық қызметтен ақша ұлғаюының (азаюының) жиынтығы 27 Инвестициялық қызметке байланысты ақша түсімі мен төлемдер 28 Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сатып алу 29 Өтегенге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды сату 30 Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сатып алу 31 Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді сату 32 Басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар және реттелген борыш 33 Басқа түсімдер мен төлемдер 34 Инвестициялық қызметтен түсетін ақшаның ұлғаю немесе азаю жиынтығы 35 Қаржылық қызметке байланысты ақшалай түсімдер мен төлемдер 36 Жарғылық капиталдағы өзгерістер 37 Борыштық міндеттемелерді шығару 38 Сатып алынған меншік акциялар немесе қатысушылардың үлестері 39 Дивидендтерді төлеу 40 Азшылықтың үлесін ұлғайту (азайту) 41 Басқа түсімдер мен төлемдер 42 Қаржылық қызметтен түскен ақшаның ұлғаю немесе азаю жиынтығы 43 Есепті кезеңдегі ақшаның ұлғаю немесе азаю жиынтығы 44 Есепті кезеңнің басындағы ақшаның қалдығы 45 Есепті кезеңнің соңындағы ақшаның қалдығы 46 |