Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялард қаржылық есеп
пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен
мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқарамасының 2002 ж. 23 желтоқсандағы N 508 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 23.02.04 ж. N 20, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау ж/гі агенттігі төрағасының 23.02.04 ж. N 61 бірлескен қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны кредиттік серіктестіктерге және ипотекалық компанияларға жіберсін.
5. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Кредиттік серіктестіктердің
және ипотекалық компаниялардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 508 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп
танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай нормативтік құқықтық актілерінің:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 17 шілдедегі N 217 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 909 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 27 қыркүйек-10 қазанда жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ай сайын баланс пен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулыққа толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 436 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1046 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 24 сәуір-7 мамырда жарияланған);
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1093 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 27 наурыз-9 сәуірде жарияланған);
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 25 желтоқсандағы N 472 қаулысымен бекітілген Кредиттік серіктестіктердің қаржылық және реттеуші есебін жасау және ұсыну ережесін өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1331 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 18-31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Кредиттік серіктестіктердің
және ипотекалық компаниялардың
қаржылық есеп пен қаржылық есепке
қосымша мәліметтер беру тізбесі,
нысандары мен мерзімдері туралы
нұсқаулықты бекіту туралы"
2002 жылғы 23 желтоқсандағы
N 508 қаулысымен бекітілген
Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың
қаржылық есеп пен есепке қосымша мәліметтер беру
тізбесі, нысандары мен мерзімдері туралы нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық банк заңдарына сәйкес әзірленген және кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қаржылық есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер беру тізбесін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді.
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың Ұлттық Банкке беретін қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне бірыңғай талаптар белгілеу болып табылады.
3. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебі мен қаржылық есепке қосымша мәліметтері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп жөніндегі заңдарында белгіленген талаптарға және осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалады.
4. Ұлттық Банктің банк заңдарында көзделген операциялар жүргізуге берілген лицензиясы бар барлық кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар есеп береді.
2-тарау. Есеп беру
5. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есебіне:
1) бухгалтерлік баланс - N 1 нысан (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
2) кірістер мен шығыстар туралы есеп - N 2 нысан (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
3) ақша қозғалысы туралы есеп - N 3 нысан (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы) кіреді.
6. Кредиттік серіктестіктердің және ипотекалық компаниялардың қаржылық есепке қосымша мәліметтеріне мыналар жатады:
1) баланс - 700-НО нысаны (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы) мен оған қосымшалар;
2) берілген заемдар мен қаржы лизингі туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасы);
3) салымдар және ағымдағы шоттар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасы);
4) ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасы) - тек қана ипотекалық компаниялар береді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.07.03 ж. N 229 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына (бұдан әрі - Ұлттық Банктің филиалдары) мынадай кезеңділікпен қаржылық есеп және қаржылық есепке қосымша мәліметтер (бұдан әрі - есеп) береді:
1) ай сайын - есепті айдан кейінгі айдың 8-інен кешіктірмей - 700-НО нысаны және 700-НО нысанына 1-5 қосымшалар;
2) тоқсан сайын - есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей - N 1 нысан, N 2 нысан, осы Нұсқаулықтың 5, 6 және 7-қосымшалары;
3) жыл сайын - Ұлттық Банктің Басқармасы белгілеген мерзімдерде - N 3 нысан.
8. Кредиттік серіктестіктер мен ипотекалық компаниялар Ұлттық Банктің филиалдарына есепті электрондық тасымалдауышпен және қағаз түрінде береді.
9. Қағаз түріндегі есеп электрондық тасымалдауышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.
10. Қағаз түріндегі есеп үш данада жасалып, есептің екі данасы Ұлттық Банктің филиалына беріледі, үшінші данасы кредиттік серіктестікте немесе ипотекалық компанияда қалады. Қағаз түріндегі есепке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олардың қол қою құқығы бар орынбасарлары қол қояды және кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның мөрімен расталады.
11. Есеп Ұлттық Банктің филиалына жіберілген кезде есептің барлық парақтары нөмірленіп, ілеспе хатта олардың жалпы саны көрсетіледі.
12. Есептің деректері ұлттық валютамен - теңгемен көрсетіледі.
13. Есеп жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есептегі бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғарғы сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
14. Түзетілген және өшірілген қағаз түріндегі есепті Ұлттық Банктің филиалы қабылдамайды және кері қайтарады.
15. Есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп берген күннен бастап үш күндік мерзімде өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіріп, Ұлттық Банктің филиалына жазбаша өтініш хат жібереді.
16. Ұлттық Банктің филиалы қағазбен берілген есептің дұрыс ресімделгенін және толықтығын тексереді, қағаз түріндегі есептерді электрондық тасымалдауышпен берілген есептермен сәйкестігі тұрғысынан салыстырады.
17. Ұлттық Банктің филиалы кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның ұсынған есебінде дәлсіздіктер немесе қателер анықтаған жағдайда, оны пысықтау үшін қайтаруға құқылы.
18. Ұлттық Банктің филиалы есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей, Ұлттық Банкке кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның тексерілген есебінің қағаз түріндегі бір данасын және есепті электрондық тасымалдауышпен жібереді.
19. Ұлттық Банк өзінің өкілеттігі шегінде және өздерінің бақылау және қадағалау функциясын атқару мақсатында жекелеген күндерге тиісті қосымшаларымен және нысандарымен берілген есеп, сондай-ақ растайтын құжаттар талап етуге құқылы.
20. Кредиттік серіктестік немесе ипотекалық компания есеп бермегені немесе осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген есеп беру мерзімін бұзғаны, сондай-ақ толық емес және шынайы емес ақпарат бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
3-тарау. Қорытынды ережелер
21. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша
┌────────────────┐
│РНН нөмірі │
│ОКПО коды │
│ББК │
│ЖБК │
│Тіркеу нөмірі │
├Қызмет түрі │
│Орналасқан жері │
└────────────────┘
N 1 нысан "Бухгалтерлік баланс"
__________________________________________________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы)
___________________жылғы жағдай бойынша мың теңгемен
Активтер | Символ | Есепті күнге | Жыл басына |
1 | 2 | 3 | 4 |
І. Қолма-қол валюта оның iшінде: 1.1. Ұлттық валюта - теңге 1.2. Шетелдiк валюта ІІ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi салымдар мен корреспонденттік шоттар Минус: провизиялар III. Саудаға арналған бағалы қағаздар Минус: провизиялар IV Банктердегі және банк операцияла. рының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар және корреспонденттiк шоттар Минус провизиялар V. Заемдар және қаржы лизингi Минус: провизиялар VI. Басқа да бағалы қағаздар Минус: провизиялар VII. Дебиторлық берешек Минус: провизиялар VIII. Материалдық қорлар IX. Қатысу әдісімен eceпке алынған инвестициялар Х. Материалдық емес активтер (амортизацияны шегергендегі) XI. Негізгі құрал-жабдықтар XII. Басқа да активтер Минус: провизиялар Активтер жиынтығы | 110 110/1 110/2 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 10 | | |
Міндеттемелер | Символ | Есепті күнге |
1 | 2 | 3 |
I. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттары мен салымдары II. Жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен ағымдағы шоттары ІІI. Құжатпен расталған борыш мiндеттемелерi IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне берешек V. Қазақстан Республикасы Үкiметiне берешек VI. Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берешек VII. Басқа да тартылған құралдар VIII. Реттелген борыш IX. Салықтық мiндеттемелер X. Кредиторлық берешек XI. Басқа да мiндеттемелер Мiндеттемелер жиынтығы XII. Азшылық үлесi Азшылық үлесiн ескергендегi мiндетте. мелер жиынтығы (20+21 символдары) | 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 20 21 22 | |
мың теңгемен
Капитал | Символ | Есепті күнге | Жыл басына |
1 | 2 | 3 | 4 |
XIII. Жарғылық капитал (сатып алған өз акцияларын немесе қатысушылардың үлесiн қоспағандағы), оның iшiнде: жай акциялар артықшылық берiлген акциялар XIV. Қосымша капитал XV. Ұйымның резервтiк капиталы XVI. Қайта бағалау бойынша резервтер XVII. Өткен жылдардың бөлiнбеген таза кiрiсi (жабылмаған шығын) XVIII. Есептi кезеңнiң бөлiнбеген таза кiрiсi (жабылмаған шығыны) Капитал жиынтығы Пассивтер жиынтығы | 300 300/1 300/2 301 302 303 304 305 30 40 | | |
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 2-қосымша
┌────────────────┐
│РНН нөмірі │
│ОКПО коды │
│ББК │
│ЖБК │
│Тіркеу нөмірі │
├Қызмет түрі │
│Орналасқан жері │
└────────────────┘
N 2 нысан "Кірістер мен шығыстар туралы есеп"
__________________________________________________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы)
____________ жылғы "___" жағдай бойынша
мың теңгемен
Баптар | Символ | Есепті күнге | Жыл басына |
1 | 2 | 3 | 4 |
І. Сыйақы алуға байланысты кірістер: Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар және корреспонденттiк (ағымдағы) шоттар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер Облигациялар және басқа бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға берiлген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер Заңды тұлғаларға (банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан басқа) берiлген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер Жеке тұлғаларға берiлген заемдар бойынша сыйақы алуға байланысты кірiстер Дилинг операциялары бойынша сыйақы алуға байланысты кiрiстер Сыйақы алуға байланысты басқа да кірістер II. Сыйақы төлеуге байланысты шығыстар: Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салымдары және ағымдағы шоттары бойынша төленген сыйақы Басқа заңды тұлғалардың салымдары мен ағымдағы шоттары бойынша төленген сыйақы (банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан басқа) Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заемдары бойынша төленген сыйақы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң заемдары бойынша төленген сыйақы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң заемдары бойынша төленген сыйақы Бағалы қағаздар және реттелген борыш бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар Дилинг операциялары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар Сыйақы төлеуге байланысты басқа да шығыстар III. Сыйақы алуға байланысты таза кiрiс (100-200 символдары): IV. Сыйақы алуға байланысты емес кірістер: Дилинг операциялары бойынша кірістер Дивиденд түрiндегi кiрiс Комиссиялар және алымдар түрiндегі кiрiс Қайта бағалаудан болған кірic Активтердi сатудан түскен кiрiс Сыйақы алуға байланысты емес басқа да операциялық кірiстер V. Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыстар: Дилинг операциялары бойынша шығыстар Комиссиялар және алымдар төлеу бойынша шығыстар Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қайта бағалаудан шеккен шығындары Еңбекке ақы төлеуге және iссапар шығыстары Жалпышаруашылық шығыстар Табыс салығын қоспағандағы салықтар және бюджетке төленетiн басқа міндетті төлемдер бойынша шығыстар Амортизациялық аударымдар Активтердi сатудан немесе өтеусiз беруден болған шығыстар Сыйақы төлеуге байланысты емес басқа да операциялық шығыстар VI. Резервке аударғанға дейiнгi таза операциялық өрiс (300+400-500 символдары): VII. Резервке ақша бөлу VIII. Резервке аударымдар жасалғаннан кейiнгi таза операциялық кiрiс (600-700 символдары): IХ. Көзделмеген баптар: Көзделмеген кірістер Көзделмеген шығындар X. Салықтар төленгенге дейінгі кіріс (шығындар) (800+900 символдары) XI Табыс салығын төлеу бойынша шығыстар XII. Табыс салығын төлегеннен кейiнгі таза өрiс (шығын) (1000-1100 символдары) XIII. Азшылық үлесi XIV. Азшылық үлесiн ескергендегі таза кiрiс (шығын) (1200-1300 символдары) | 100 110 120 130 140 150 160 170 200 210 220 230 240 250 260 270 280 300 400 410 420 430 440 450 460 500 510 520 530 540 550 560 570 580 590 600 700 800 900 910 920 1000 1100 1200 1300 1400 | | |
М.О.
Бас бухгалтер _______________
Орындаушы ___________________
телефон
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 3-қосымша
┌────────────────┐
│РНН нөмірі │
│ОКПО коды │
│ББК │
│ЖБК │
│Тіркеу нөмірі │
├Қызмет түрі │
│Орналасқан жері │
└────────────────┘
N 3 нысан "Ақша қозғалысы туралы есеп"
__________________________________________________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы)
____________ жылғы "___" жағдай бойынша
мың теңгемен
N Р/с | Көрсеткіштер | Символ | Есепті күнге | Жыл басына |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. 1.1. 1.2. 1.3. 1.4. 1.5. 1.6. 2. 2.1. 2.2. 2.3. 2.4. 2.5. 2.6. 2.7. 2.8. 2.9. 2.10. 2.11. 3. 3.1. 3.2. 3.3. 3.4. 3.5. 3.6. 4. 4.1. 4.2. 4.3. 4.4. 4.5. 4.6. 4.7. 5. 6. 6.1. 6.2. 6.3. 6.4. 6.5. 6.6. 6.7. 6.8. 7. 8. 9. 10. | | 101 102 103 104 105 106 100 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 200 301 302 303 304 305 300 401 402 403 404 405 406 400 500 601 602 603 604 605 606 607 608 600 700 800 900 1000 | | |
Бірінші басшы _______________ М.О.
Бас бухгалтер _______________
Орындаушы ___________________
телефон
Кредиттік серіктестіктердің және
ипотекалық компаниялардың қаржылық
есеп пен қаржылық есепке қосымша мәліметтер
беру тізбесі, нысандары мен мерзімдері
туралы Нұсқаулыққа 4-қосымша
┌────────────────┐
│РНН нөмірі │
│ОКПО коды │
│ББК │
│ЖБК │
│Тіркеу нөмірі │
├Қызмет түрі │
│Орналасқан жері │
└────────────────┘
Баланс (700-НО нысаны)
__________________________________________________________________
(кредиттік серіктестіктің немесе ипотекалық компанияның толық атауы)
____________ жылғы "___" жағдай бойынша
мың теңгемен
Баланс. тық шоттар. дың NN | Шоттар және баланстық шоттар кластарының, топтарының атаулары | Сомасы |
I класс - Активтер | |
1002 Жолдағы банкноттар және металл ақшалар
1003 Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол ақша
1050 Корреспонденттiк шоттар
1051 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
корреспонденттік шот
1052 Банктердегі корреспонденттік шоттар
1053 Банктердегi корреспонденттiк шоттар бойынша
оқшауланған берешек
1100 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі талаптар
1102 Қазақстан Pecпубликасының Ұлттық Банкiндегi талап
ету бойынша салымдар
1103 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi мерзiмдi салымдар
1200 Бағалы қағаздар
1201 саудаға арналған бағалы қағаздар
1202 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдар сатып алған бағалы қағаздар бойынша
мерзімi өткен берешек
1203 Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдар сатып алған бағалы қағаздар бойынша
оқшауланған берешек
1204 Бағалы қағаздар бойынша шығындарды жабуға арналған
арнайы резервтер (провизиялар)
1250 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар
1251 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар
(бip түнге)
1252 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған талап ету
бойынша салымдар
1253 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа
мерзiмдi салымдар (бір айға дейiн)
1254 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған қысқа
мерзiмдi салымдар (бір жылға дейін)
1255 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған ұзақ
мерзiмдi салымдар
1256 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған шартты
салымдар
1257 Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың салымдар бойынша мерзiмі
өткен берешегі
1258 Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың салымдар бойынша оқшауланған
бeрешегi
1259 Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылған салымдар
бойынша арнайы резервтер (провизиялар)
1300 Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар
1302 Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн