шотты ашуға өтiнiш;
қайтадан құрылған мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген тәртiппен куәландырылған көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген тәртiппен куәландырылған ереженiң (Жарғының) көшiрмесiн;
бюджеттiң орындалуы жөніндегi мемлекеттiк мекеменiң құжаттарына бiрiншi және екiншi қолдарды қою құқығы оның басшысына және уәкiлеттiк қызметкерге жүктелуi туралы бұйрықтың көшiрмесiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiсінің мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру туралы уәкiлеттi органның шешiмi (өкiмi, қаулысы, бұйрығы) бекiтiлгеннен кейiн он жұмыс күнi өткен соң Қаржы министрлігінің аумақтық органына бередi;
салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн (СТН) бере отырып, мемлекеттiк мекеменiң салық органында есепке тұру фактiсiн растайтын аумақтық салық органы берген белгiленген нысандағы құжат;
ақылы қызметтер бойынша шоттарды ашу үшiн:
бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен, мемлекеттік мекеменi ақылы қызметтi сатудан алған қаражаттың кiрiстер мен қаражаттың шығыстарды қаржыландыру жоспарын;
демеушiлiк және қайырымдылық көмек бойынша шот ашу үшін:
демеушiлiк және қайырымдылық көмектi берушiлердiң өтiнішін;
жергiлiктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекеме үшін жергiлiктi уәкілеттi органның рұқсаты;
Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қоры бойынша шот ашу үшiн:
Алматы қаласының өкiлдi органы бекiткен Қор туралы ереженің көшiрмесiн табыс етедi.
депозиттiк шот ашу үшiн:
Қаржы министрлiгiнiң рұқсатын;
аккредитив ашу үшiн:
мемлекеттік мекеменiң өтiнішін және аккредитивтi ашу және жүргiзу қажеттiлiгiн растайтын басқа құжаттарды табыс eтедi.
306. Осы Ереженің 305-тармағында санамаланғаннан басқа қазынашылықтың аумақтық органдарына бюджеттік бағдарлама әкiмшiсінің басшысы куәландырған, мөр бедерiмен анықталған немесе нотариалды куәландырылған төлем құжаттарына бiрiншi және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың қолдарының және 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мөр бедерiнiң үлгiсi бар құжаты тапсырылады. Нотариалдық кеңселер жоқ елдi мекендерде құжатты жергiлiктi әкiм куәландырады.
Қазынашылықтың аумақтық органы белгiлеген кезең iшiнде жаңадан құрылған мемлекеттiк мекеменiң мөрi уақытша болмаған жағдайда мемлекеттiк мекемелердiң құжаттарын, егер олар бiр елдi мекенде орналасқан жағдайда тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкімшiсiнің мөр бедерiмен қабылдауға, болмаған жағдайда құжаттарды мөр бедерiнсiз қабылдауға рұқсат етiледi.
Егер тiптi бiр қолдың ауыстырылған немесе қосылған немесе мөрдi ауыстырған жағдайда Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органына осы Ережеде бекiтiлген тәртiппен куәландырылған қолдың және мөр бедерiнің үлгiлерi бар жаңа құжат тапсырылады.
Бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар тұлғалардың бiреуiнің қолы уақытша ауыстырылған кезде әрекет ету мерзiмі көрсетіле отырып қолдардың тиiстi үлгiлерi бар уақытша құжат ресiмделедi.
Қазынашылықтың аумақтық органына ұсынылатын құжаттың дұрыстығы мен уақтылылығына мемлекеттік мекеменің бiрiншi басшысы жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 307-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
307. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 308-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
308. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелердi құру туралы нормативтiк құқықтық кесімдердiң негiзiнде Қаржы министрлiгiне құрылған мемлекеттiк мекемелерді мемлекеттік мекемелердiң анықтамасына кiргiзу туралы қолдаухатты бередi.
Жергіліктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi мемлекеттiк мекемелерді құру туралы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негізінде Қаржы министрлiгiнiң аумақтық органдарына құрылған мемлекеттiк мекемелердi мемлекеттiк мекемелердiң анықтамасына кіргiзу туралы қолдаухатты бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 309-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
309. Шоттардың бiрыңғай стандарттық жоспары бюджеттiк шоттары, ақылы қызметтер бойынша шоттары, демеушілiк және қайырымдылық көмек бойынша шоттары, депозиттiк қаражаттары бойынша шоттары, Алматы қаласы әкiмiнiң бюджеттен тыс қоры бойынша шоттары үшiн осы Ереженiң 305-тармағында санамаланған құжаттар болған жағдайда, депозиттiк қаражаттың шоттары үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, ал жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн жергiлiктi уәкілеттік органдардың рұқсаттары бойынша қалыптастырылады.
310. Мемлекеттiк мекемелер Қаржы министрлiгiнің аумақтық органдарына берiлген құжаттардың жалғандығы үшiн жауап бередi және:
шоттар жоспарын қалыптастыру және жүргiзу, төлем құжаттарын ресімдеу, бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламаның паспортында көзделген мақсаттарға пайдалану тәртiбiн сақтауға мiндеттi;
шот жоспарына сәйкес бекiтілген жоспарлық соманың кассалық шығыстардан асып түсуi нәтижесінде пайда болған қаражаттың қалдықтарына билiк етуге және Қаржы министрлiгiнің аумақтық органдарынан шоттардың жоспарларына сәйкес көрсетілген операциялар бойынша қажеттi ақпаратты алуға құқығы бар.
311. Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдарының:
мемлекеттiк мекемелерден Қаржы министрлігінің аумақтық органдарына ұсынылатын құжаттарды осы Ережеде белгiленген тәртiпке сәйкес ресiмдеудi талап етуге;
мемлекеттiк мекемелердің бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың паспортына сәйкес мақсаттарға пайдалануын тексеруге құқығы бар.
36-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға
(депозиттерге) орналастыру рәсiмi
312. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚҰБ-де салымдарға (депозиттерге) орналастыруды, оларды ұтымды пайдалану және Қаржы министрлiгi мен ҚҰБ арасында жасасқан банк салымының шарты (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде республикалық бюджетке табыс алу мақсатында Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
313. Шартта уақытша бос бюджет ақшасының сомасы, сыйақы ставкасы, мерзiмді банктік салымдарды бастапқы орналастыру мерзiмi, банктiк салымдарды қайтару мерзiмi, Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда сыйақы есептеумен банктiк салымды қайтару мерзiмi көрсетiледi.
Банктiк салымдарға орналастырылған ұлттық болсын, сондай-ақ шетелдiк валюта болсын уақытша бос бюджет ақшасының нақты сомасын Қаржы министрлiгi анықтайды.
Сыйақы ставкасы оны жасасу күнiне Шартпен анықталады және рыноктың конъюнктурасына және ҚҰБ ұсынысына сүйене отырып белгiленедi.
Сыйақы сомасы Шартта көзделген ставкаға сәйкес есептеледi.
Есептелген сыйақымен банктiк салымды қайтару мерзiмiн бұзған кезде ҚҰБ Шарттың ережелерiне сәйкес Қаржы министрлiгiне тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлейдi.
Мерзiмдiк банктiк салымдарды бастапқы орналастыру мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс және кейiннен ұзарту үш айдан аспайтын мерзiмге ғана жол берiледi.
Шартты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда сыйақы есептеу арқылы банктiк салымды қайтару мерзiмi талаптар түскен күндi қоса алғанда бес банктiк күннен аспауға тиiс.
314. Шарттың мерзiмi аяқталғаннан кейiн ҚҰБ банктiк салымның сомасын Шарттағы келiсiлген деректеме бойынша Қаржы министрлiгiне қайтарады, ал сыйақыны Шартқа сәйкес Шарттағы келiсiлген деректеме бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚҰБ-да ашылған Қаржы министрлiгiнiң шоттарында дебеттiк қалдыққа жол бермеу мақсатында Шарт Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда бiржақты тәртiппен бұзылуы, және де банктiк салым Қаржы министрлiгiнiң тиiстi шоттарына қайтарылуы мүмкін.
12-бөлiм. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына ақша есептеу
және оны пайдалану жөнiндегi рәсiмдер
37-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорына ақша есептеу ережесi
315. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығымен белгiленген түсімдердің есебiнен қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 316-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
316. Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
күн сайын шикiзат секторы ұйымдарынан түскен жоспардан тыс түсiмдердi Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитетiнде ашылған Қордың арнайы шотына, содан кейiн Қордың арнайы шотынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шотына;
қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден ресми транферттердi аударады.
Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердi Қаржы министрлiгi шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түскен iс жүзiндегi түсiмдердiң жергiлiктi бюджеттердiң, тұтастай алғанда республикалық бюджет бойынша және жеке жергіліктi бюджеттер бойынша бұрын Қорға аударылған соманы және Қордан алынған шығындар өтемақысын ескере отырып, кiрiстер сыныптамасының кодтары бөлiнiсiнде қаржы жылынан бастап өспелi қорытынды республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген жылдық көлемiнен және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген тоқсандық көлемдерiнен артық сомасы ретiнде анықтайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 317-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
317. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi шикiзат секторы ұйымдарынан жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердің тоқсандық көлемдерін бекiткенге дейiн шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi бюджетке есептеу республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жылдық соманың шегiнде жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының Парламентi 15 желтоқсанға дейiнгi мерзімде кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, шикізат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдердi бюджетке есептеу Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы" Жарлығында белгiленген соманың шегiнде жүзеге асырылады.
318. ҚҰБ инвестициялық кiрiстердi есепке алуды кастодиандардан алынатын ақпараттың негiзiнде жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге түсiмдер мен кiрiстердi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң ҚҰБ шотына заңды және жеке тұлғалар аударады.
319. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің ҚҰБ шотының деректемелерi заңды және жеке тұлғаларға - резиденттер мен резидент еместерге, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне хабарланады. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi Қазақстан Республикасы Үкiметi шотының деректемелерiн Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiнде сұратады.
38-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын пайдалану тәртiбi
320. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 321-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
321. Қаржы министрлiгi өткен тоқсандарда алынған жергiлiктi бюджеттердің шығындарын өтеу сомасын ескере отырып есептi тоқсанның қорытындысы бойынша он жұмыс күнi iшінде шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке күтiлетiн түсiмдердің болжамын ескере отырып, төртiншi тоқсан үшiн де ағымдағы жылдың жиырма бiрiншi тоқсанынан кешiктірмей 36 және 37 қосымшаларға сәйкес 2-35-нысан бойынша жеке жергiлiктi бюджеттердiң шығындарын өтеу көлемдерін анықтайды.
Жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бұрын алынған жергiлiктi бюджеттердің шығындарын өтеу сомаларын ескеpe отырып, кiрiстердiң сыныптамасы кодтарының бөлiнiсiнде жергілікті бюджеттер бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін бекітілген және іс жүзіндегі сомалардың арасындағы айырмашылық түрiнде есептеледi.
Республикалық бюджеттiң шығындарын өтеу шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер бойынша және тұтастай алғанда түсiмдер бойынша республикалық бюджет атқарылмаған жағдайда жүргізіледі.
Өтемақы мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша жете атқарылмаған жалпы сомадан аспайды.
Қордан республикалық және жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн мақсатты трансферттер түрiндегi Қордың шығысы тиiстi бюджеттерде бекiтiлген көлемдердiң шегiнде жүзеге асырылады. Қаржы министрлiгi ҚҰБ мыналарды:
38-қосымшаға сәйкес 2-37-нысан бойынша тиiстi бюджеттердің шығындарын өтеудi жабуға арналған хабарламаны;
төлем құжаттарының көлемдерi мен деректемелерін көрсете отырып 2-37-нысан бойынша Қордан тиiстi бюджеттерге мақсатты трансферттер бөлу туралы хабарламаны жiбередi, олар бойынша ҚҰБ тиiстi бюджеттерге мақсатты трансферттердi аударуды жүзеге асырады.
Хабарламаны Қаржы министрлiгiнiң бiрiншi басшысы растайды және оның мөрiмен куәландырылады. Қаржы министрлiгiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда хабарламаны бiрiншi басшының міндеттердi жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлға растайды.
322. Ағымдағы жыл үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасындағы түпкi есеп айырысуларды Қаржы министрлiгi 39-қосымшаға сәйкес 2-32-нысан бойынша ағымдағы жылғы соңғы жұмыс күнiнде жүргiзедi.
323. ҚҰБ Қаржы министрлiгiнiң тиiстi бюджеттердiң шығындарын өтеудi жабуға арналған және мақсатты трансферттердi бөлу туралы хабарламаларының негiзiнде ҚҰБ мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасында жасалған сенiмдi басқару туралы шартқа (бұдан әрi - сенiмдi басқару туралы шарт) хабарламаны алған сәтiнен бастап он банктiк күн iшінде, ал төртiншi тоқсан үшiн - хабарламаны алған күнi қаражатты тиiстi бюджеттерге аударуды жүзеге асырады.
324. Шикiзат секторы ұйымдарына дұрыс емес немесе артық түскен сомаларды қайтару Қазақстан Республикасы белгiлеген тәртiппен Қордан кейiннен өтей отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жүргiзiледi.
325. Қорды пайдалану жөнiндегi өзге операцияларды жүзеге асыру үшiн ҚҰБ Қаржы министрлiгiне келiсуге мынадай құжаттарды:
сыртқы басқарушыға комиссиялық сыйақының сомасы бар төлем құжатын;
кастодиандардың төленген қызметтерiнiң сомасы бар төлем құжатын;
қажет болған кезде заң кеңесшiсiнiң төленген қызметтерiн қоса алғанда, Қорды сенiмдi басқару кезiнде туындауы мүмкiн басқа шығыстардың сомасы бар төлем құжатын;
сыртқы басқарушылармен басқару жөнiндегi келiсiмдердi мерзiмiнен бұрын бұзу кезiнде пайда болуы мүмкiн шығындардың сомасы бар төлем құжатын;
көрсетiлген сомаға негiзделетiн есептеудi қоса бере отырып, ҚҰБ комиссиялық сыйақысының сомасы бар хабарламаны;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында және сенiмдi басқару туралы шартта көзделген өзге өкілеттiктерге сәйкес Қордың өзге шығыстарының сомасы бар төлем құжатын жiбередi.
326. Қаржы министрлiгi сенiмдi басқару туралы шартта белгiленген мерзiмде ҚҰБ 40-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қордың шығыстарын растау туралы хабарлама жiбередi.
327. ҚҰБ Қордың шығыстарын растау туралы хабарламаның негiзiнде және сенiмдi басқару туралы шартқа сәйкес Үкiметтiң ҚҰБ шотынан осы Ереженің 325-тармағында санамаланған шығыстарды өтеу үшiн соманы есептен шығарады.
39-тарау. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты
бойынша операцияларды есепке алу
328. ҚҰБ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің ҚҰБ шоты бойынша операцияларды iшкi бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi.
329. Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты бойынша Қорды қалыптастыру және пайдалану жөнiндегi операцияларды есепке алуды жүргiзедi.
330. ҚҰБ нақты уақыт режимiнде Қорға ақша есептеу және Қордан пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асырғаннан кейiн Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты арқылы операциялардың жүргiзiлуін растайтын төлем құжаттарын жiбередi.
331. Қаржы министрлiгi ҚҰБ алынған төлем құжаттарының негiзiнде Қордың ақшасын есептеу және оны пайдалану жөнiндегi операциялардың бухгалтерлiк есепке алуды Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
332. Қаржы министрлiгi және ҚҰБ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚҰБ шоты бойынша салыстыруды жүзеге асырады.
40-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру
және пайдалану туралы есептiлiктi жүргiзу рәсiмi
333. Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы есептi есептiден кейiнге тоқсанның 1-i күнiне тоқсан сайын және бiр жылға Қазынашылық комитетi жасайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 334-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
334. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгiленген мерзiмде ҚҰБ-мен бiрлесiп жасайды.
Қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды:
1) 41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қордың түсiмдерi және оны пайдалану туралы жылдық есептi;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтілген нысандар бойынша балансты және есептердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң балансын;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кiрiстерi мен шығыстары туралы есептi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ақша қозғалысы туралы есептерiн;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн сенiмдi басқару жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза активтерiндегi өзгерiстер туралы есептердi;
3) Қорды басқару жөніндегі өзге де деректердi қамтиды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығында белгіленген мерзiмде сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижелерiмен бiрге Қорды басқару жөнiндегi кеңес мақұлдаған жылдық есептi Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне енгiзедi.
13-бөлiм. Ақылы қызметтi сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық
көмектен алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелердiң
депозиттік қаражатын қалыптастыру және пайдалану
41-Тарау. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражат
335. Мемлекеттік мекемелердiң ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражаты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетін ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған тәртіппен ақылы қызметтерден түсетiн қаражатты пайдалану рұқсат етілетін мемлекеттiк мекемелердiң тiзбесi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда анықталады. Қалған мемлекеттiк мекемелер ақылы қызметтердi сатудан түсетiн түсiмдерiн бюджетке есептейді.
336. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптама кодтарын, ақылы қызметтерiнің түрлерін, түciмдepдің құралу көздерi мен пайдалану бағыттарын көрсете отырып, ақылы қызметтердiң тiзбесiн Қаржы министрлiгi бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 337-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
337. Ақылы қызметтерден түсетiн қаражаттың есебiнен операцияларды жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме жыл сайын мынадай тәртiппен 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кiрiстердiң және шығыстарды қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
жоспардың кiрiс бөлігіне мемлекеттiк мекеменiң жылдың басындағы тиiстi ҚБШ-ның қалдықтары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы қызметтердiң тиiстi түрi бойынша түсiмдер енгiзiледi;
жоспардың шығыс бөлiгiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша ақылы қызметтердің түрлерi бойынша шығыстар енгiзiледi.
Мемлекеттiк мекемелер бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне жоспарларды, шығыстардың экономикалық жiктелiмiнiң әрбiр ерекшелiгiнің сыныптамасы бойынша кiрiстер мен шығыстар бойынша есептемелердi, сондай-ақ оған қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 338-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
338. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi:
мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары негiзiнде 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша кірістердiң және шығыстарды қаржыландырудың жиынтық жоспарын (бұдан әрі - жиынтық жоспар) жасайды және бекiтедi;
мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған және мөрмен расталған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің жиынтық жоспарын ведомстволық, бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарларымен бiрге келiсу үшiн ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қаржы министрлiгiне бередi. Жиынтық жоспар қағаз және магниттiк түрлерде, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлары - магниттік түрде беріледі;
басшы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған жергіліктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң жиынтық жоспарын келісу үшін ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде тиiстi жергілiктi уәкілеттi органға бередi;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстардың әрбiр түрi бойынша есептемелердi ұсынады;
жиынтық жоспарға қосымша түсiндiрме жазбаны ұсынады.
Жиынтық жоспар мен оған есептемелердi жасаудың дұрыстығына нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 339-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
339. Қаржы министрлiгi және жергiлiктi уәкiлеттi орган жоспардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексередi.
Тексеруден кейiн Қаржы министрлiгi мен жергiлiктi уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы куәландырылған жиынтық жоспарды Қаржы министрлiгiнің басшысы және жергiлiктi уәкiлеттi органның келiседi бекiтедi және мөрмен куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
340. Келiсiлген жиынтық жоспардың бiр данасы Қаржы министрлiгiнде (жергiлiктi уәкiлеттi органда) қалады, екiншi данасы мемлекеттік мекемелердiң жоспарларымен бiрге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне берiледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-1-тармақпен толықтырылды
340-1. Жоспарланып отырған жылдың 1 қаңтарына дейiн ақылы қызметтер бойынша кірiстер және шығыстарды қаржыландыру жоспарын бекiтпеген жағдайда мемлекеттiк мекемелер ағымдағы қаржы жылының 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде есептi жылдың 31 желтоқсанына ақылы қызметтер жөнiндегi қалдықтардың және есептi қаржы жылы жоспарларының шегiнде жүргiзiлген шығыстардың сомасын ағымдағы қаржы жылының жоспарына мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргiзе алады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-2-тармақпен толықтырылды
340-2. Егер жиынтық жоспар ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейiн Қаржы министрлiгiне немесе жергiлiктi уәкiлеттi органға келiсу үшiн ұсынылмаса және ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейiн келiсiлмесе, онда ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақылы қызметтер бойынша қаражат үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi бюджеттiң кiрiсiне аударуға жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. N 816 қаулысымен 340-3-тармақпен толықтырылды
340-3. Жоспарларға немесе жиынтық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қаржы министрлiгi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.