2<*>. Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейский аудандары тиісінше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып қайта аталады.
3<*> Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлітөбе ауданы аумағының бір бөлігі кіреді.
4<*>. Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кіреді.
5<*>. Күршім ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл аумағының аумағы кіреді.
6<*> Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кіреді.
7<*>. Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кіреді.
8<*>. Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кіреді.
9<*>. Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып қайта аталған.
10<*>. Теректі ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кіреді.
11<*>. Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кіреді.
12<*>. Мичурин ауданы Абай ауданы болып қайта аталды.
13<*>. Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжың және Теңіз аудандарының аумағы кіреді.
14<*>. Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егіндібұлақ ауданы Болып Қазыбек би ауданының аумағы кіреді.
Қостанай облысында - Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қызылорда облысында - Шиелі ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Маңғыстау облысында - Ерәлиев ауданында, Жаңа өзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Павлодар облысында - Май және Лебяжі ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Солтүстік Қазақстан облысында - Айыртау ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Оңтүстік Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш (Келес селолық округінен басқа) аудандарында және Түркістан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Сарыағаш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Байқоңыр қаласында және "Байқоңыр" ғарыш айлағына іргелес аудандарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Ресей Федерациясы
Мурманск облысында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуірден; милицияның жеке құрамы үшін 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Карелия Республикасында - Беломор, Калевала, Кемск, Костомуш 1<*>, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск 2<*>, Пинежск, Онежк, Плесецк, Приморск, Соловецкий 2<*> және Холмогор аудандарында, халық депутаттары Северодвинск қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберінің оңтүстігіне қарай Ненец автономиялық округі жерлерінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарында - 1992 жылғы 1 шілдеден бастап;
Ескерту.
1<*>. Костомушский ауданы Калеваль ауданының құрамынан бөлінген.
2<*>. Новодвинский және Соловецкий аудандары Приморский ауданының құрамынан бөлініп шыққан.
Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Коми Республикасында (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тюмень облысында - Ямал-Ненецк автономиялық округінде (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер үшін 1969 жылғы 7 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін 1970 жылғы 1 қаңтардан, Ханты-Мансийск автономиялық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Алтай өлкесінде - Таулы-Алтай автономиялық облысының Оңгудай, Улағанск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинскі аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошейнский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке поселкесінде 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесінде - Поляр шеңберінің оңтүстігіне Эвенк автономиялы округі мен Турухан ауданы жерлерінде, Солтүстік-Енисей ауданында: әскери қызметшілер үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, халық депутаттарының Лесосибирск қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшілер үшін 1969 жылғы 7 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Якутия Республикасында (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Приморск өлкесінде - Самарги өзенінен солтүстікке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Хабаровск өлкесінде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаваны қалаларында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Сахалин облысында - Сахалин аралында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен бастап, Монерон аралында - 1980 жылғы 1 қарашадан бастап.
Қырғызстан Республикасы
Ыстықкөл облысының Ақсу, Атбашы және Жетіөгіз аудандарында, Ош облысының Алай және Кеңес аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал Ош облысының Тоғыз тарау ауданында, Москва және Панфилов аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Тәжікстан Республикасы
Таулы Бадахшан облысында, Куляб облысының Дангарин, Ленинград, Москва және Пархар аудандарында, Қорғантөбе облысының Жилікөл, Кабоден, Құманғыр, Пяньан және Шаартуз аудандарында, Яван ауданының Яван поселкесінде; Ленинабад облысы Чкалов халық депутаттары қалалық Кеңесінің Табошар поселкесінде; халық депутаттары Нүрек қалалық Кеңесінің Пастакон поселкесінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап (Душанбе қаласын қоспағанда).
Түркіменстан Республикасы
Мары облысында, Чарджоу облысының Меркен және Шаршанғын аудандарында, Керч қаласында және халық депутаттарының Чарджоу қалалық Кеңесінің Нефтазаводск поселкесінде, Ашғабат, Бахарден, Геок-Тепе, Гаур, Қаах, Серах және Теджен аудандарында, Ашғабат облысындағы Тедмен қаласында, Красноводск облысында, Байрам-Әли, Векиль-Базар, Ислотан, Қарақұм, Кушка, Мари, Мұғаб, Тахта-Базар аудандарында, Мары облысындағы Байрам-Әли және Мары қалаларында (Ашғабат қаласын қоспағанда) - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған аумақтарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Өзбекстан Республикасы
Бұхар облысы Қаған ауданының Қарауылбазар қаласында, Қашқадария облысындағы Мүбәракта, Самарқан облысының Қаттақорған және Советабад аудандарында, Зарафшан және Үшқұдық қалаларында, Бұхар облысының халық депутаттары Зарафшан қалалық Кеңесінің поселкелерін және халық депутаттары Үшқұдық қалалық Кеңесінің Көкпетас поселкесінде, Ангор, Гагарин, Жарқорған, Термез және Шерабад аудандарында, Сурхандария облысының Термез қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал республиканың қалған аумағында (Ташкент қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Қазақстан Республикасының, Түркіменстан Республикасының және Әзірбайжан Республикасының әкімшілік бағыныстарындағы Арал теңізінің, сондай-ақ Каспий теңізінің аралдарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 05.03.04 ж. N 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырып өзгертілді
N 2 қосымша
Қызметі зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдікті жағдайларда еңбек
сіңірген жылдарына есептелетін офицерлер құрамындағы адамдардың,
прапорщиктердің, мичмандар мен мерзімінен тыс қызметтің әскери
қызметшілерінің, ішкі істер, қаржы полициясы, Әділет министрлігінің
қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы
құрамы адамдарының
ТіЗБЕСі
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755 қаулысымен тақырып өзгертілді
1. Офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзімінен тыс қызметтің әскери қызметшілеріне зейнетақы тағайындау үшін жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына байланысты есептелсін:
бір айы бір жарым айға:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікелей қосындық қызмет атқаратын жедел құрамына, сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелерде қызмет атқаратындарға;
барлаушы әйелдерге - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы белгілейтін шарттар мен мерзімдердегі бөлімшелер мен лауазымдар тізбесі бойынша.
2. Осы Ереженің 3-ші тармағында көрсетілген қызмет кезеңдерінен басқа, офицерлер құрамындағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға және мерзімінен тыс әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау үшін қызмет еңбек сіңірген жылдарына бір айы екі айға, сондай-ақ мына қызметі:
атом суасты қайықтарында, қосымша атом энергетикалық қондырғыларымен жабдықталған дизельді суасты қайықтарында және арнайы энергетикалық қондырғылары бар суасты қайықтарында (оның ішінде екінші экипаждардың және жасалынып жатқан атом суасты крейсерлерінің және атом сүңгуір қайықтары экипаждарының құрамында).
Бұл ретте қосымша атом энергетикалық қондырғылармен жабдықталған атом крейсерлеріндегі, атом суасты қайықтарындағы және дизельді суасты қайықтарындағы қызмет экипажды оқу орталығында оқытудан бастап жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал оқытылуға жатпаған әскери қызметшілерге - суасты крейсерінің (қайықтың) 1<*> реактор жұмысының басталуынан есептеледі. Тұйық цикл бойынша жұмыс істейтін булы-газды турбиналық қондырғылар мен дизельді суасты қайықтарындағы қызметі олардың сапта болған кезеңінен жеңілдікті жағдайда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі, ал аталған энергетикалық қондырғылармен жасалып жатқан қайықтарда зауытта жүру сынағынан бастап есептеледі. Атом суасты крейсерлеріне (екінші экипаждарын және жасалып жатқан крейсерлер экипаждарын қосқанда) қызмет көрсеткен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің айрықша бөлімдері офицерлерінің қызметі 1977 жылғы 24 наурыздан нақ осындай ретпен жеңілдікті жағдайларда есептеледі;
Ескерту.
1<*>. Егер әскери қызметші оқу орталығында оқығаннан кейін реакторды жүргізілмеген атом крейсерінде немесе атом сүңгуір қайығында қызмет етуге жіберген болса бұл корабльдердегі қызметтің кезеңі реактор жұмыс істеген күннен бастап жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарға есептеледі
ауыр атомдық суасты крейсерлерінің техникалық экипаждары құрамында, атом крейсерлік және үлкен атомдық суасты қайықтарының және атомдық терең су қабатындағы стансалардың (салынып жатқандарын қосқанда) аталған корабльдер мен стансаларда нақты қызмет атқарған уақыты үшін - 1981 жылғы 13 қарашадан басталған кезеңге есептеледі. Бұл ретте салынып жатқан ауыр атомдық суасты крейсерлеріне, крейсерлік атом және үлкен атомдық суасты қайықтарына және атомдық терең су қабатындағы стансаларға қызмет ететін техникалық экипаждар құрамындағы қызмет еңбек сіңірген жылдарына корабль (станса) реакторы жұмыс істей бастаған күннен бұрын емес жеңілдікті жағдайда есептеледі, ал 705-ші жобадағы атом суасты қайықтарының техникалық экипаждары құрамындағы қызмет - 1970 жылғы 14 қыркүйектен бұрын емес ретте есептеледі.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. N 1755; 05.03.04 ж. N 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Ереженің 4-тармағында аталған қызмет кезеңдерінен басқа, ішкі істер, қаржы полициясы, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына жеңілдік жағдайлар:
1) қызметінің бір айы бір жарым айға: ішкі істер органдарының барлаушы әйелдеріне - ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі белгілеген лауазымдар тізбесі бойынша және шарттармен 1991 жылғы 1 қаңтардан бастап:
2) қызметінің бір айы 1,25 айға:
ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының барлаушы әйелдеріне - ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі белгілеген лауазымдар тізбесі бойынша және шарттармен 1965 жылғы 1 қыркүйектен 1990 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде есептелінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 26 тамыздағы
N 803 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
ТіЗБЕСі
1. "Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамның адамдары мен олардың отбасыларына қызмет өткерген жылдарын есептеу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы N 429 қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 мамырдағы N 429 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 қарашадағы N 1258 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі N 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 18, 153-бап).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-бап).