Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 277 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 26 тамыздағы № 803 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 29, 255-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлігінiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде:
тақырыптағы және кiрiспедегi «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
екiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, он екiншi абзацтардағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздермен толықтырылсын;
он екiншi абзацта мемлекеттік тiлдегi мәтіндегі «есептеледi» деген сөздiң алдынан»;»белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы, оның iшіндегі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi жұмыс стажы;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгілеген тәртiппен ұлттық қауіпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы есептейтiн әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметінің стажы»;
2-тармақта:
«қызметшiлерінің, iшкі істер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
«Iшкi iстер министрінің,»деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi, Салық полициясы (милициясы) комитетi) төрағасының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi төрағасының,»деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшаның он төртiншi абзацындағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшада:
үшiншi абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацтағы «Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінiң төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
сегiзiншi абзацтағы «Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң төрағасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
үшiншi абзацтағы «Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгiнiң төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «Iшкi iстер министрi» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы,»деген сөздермен толықтырылсын;
он алтыншы абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
он жетiншi абзацта:
«Iшкi iстер министрлігі,»деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi, Салық полициясы (милициясы) комитетi),»деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттік комитет» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта «iшкi iстер,»деген сөздерден кейін «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшінің немесе басшы және қатардағы құрамның абыройына нұқсан келтiретiн қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты (оның ішiнде шартты сотталуына байланысты) қызметiнен босатылған әскери қызметшілерге, iшкi істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік өртке қарсы қызметi және Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi органдарының әскери қызметшiлерiне, басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бір жолғы жәрдемақы төленбейдi. Сондай-ақ, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке ауысына байланысты мiндеттi әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге, iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының осы органдардан мiндеттi әскери қызметке не Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына есепке алынған басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына мiндеттi әскери қызметке не iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына қызметке ауысуына байланысты есепке алынған Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi.»;
11-тармақта «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»және «штаттың қысқаруына» деген сөздерден кейiн», науқастығына байланысты» деген сөздермен толықтырылсын;
12, 13-тармақтардағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
тақырыптағы және мәтіндегі «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет,»деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
тақырыптағы, 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы «iшкi iстер,»деген сөздерден кейiн «қаржы полициясы,»деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енетiн 1-тармақтың оныншы абзацынан басқа, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |