үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетiлген қызметтiң құны үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен асса, заңсыз сыйақы алу iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
225-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз
мәмiлелердi тiркеу
Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғат ресурстарын мемлекеттiк есепке алу мен мемлекеттiк жер кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғат ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғат ресурстарын қорғап, молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге жеке мүддесi үшiн жасаса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
226-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас
тартуға мәжбүр ету
1. Күш қолданамын деп, бөтеннiң мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп, сол сияқты жәбiрленушi мен оның жақындарының құқықтары мен заңды мүдделерiне едәуiр зиян тигiзуi мүмкiн мәлiметтердi таратамын деп қорқыту арқылы мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүз айлық есептi көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл сала отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) күш қолданып;
в) ұйымдасқан топпен жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 227-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
227-бап. Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды
бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
1. Заң мен қорғалатын компьютерлiк ақпаратқа, яғни машиналық сақтағыштағы, электронды есептеу машинасындағы (ЭЕМ), ЭЕМ жүйесiндегi немесе олардың желiсiндегi ақпаратқа заңсыз кiру, сол сияқты ЭЕМ-ге, ЭЕМ жүйесіне немесе олардың желісіне кіре алатын адамның ЭЕМ-ді, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін пайдалану ережелерін бұзуы, егер бұл әрекет ақпаратты жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған не адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты санкциясыз жоюға, бөгеуге, жаңартуға не көшiруге, ЭЕМ жұмысын, ЭЕМ жүйесiн немесе олардың желiсiн бұзуға көпе-көрiнеу әкелетiн ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар жасау немесе қолда бар бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу, сол сияқты осындай бағдарламаларды немесе осындай бағдарламалары бар машиналық сақтағыштарды пайдалану не тарату -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген абайсыздықпен ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы
қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар
228-бап. Өкiлеттiктердi теріс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алтын айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң баптарында меншiк нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымда, сондай-ақ мемлекеттiк орган, жергiлiктi басқару органы болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымда тұрақты, уақытша не арнаулы өкiлеттiк бойынша ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерi атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда басқару қызметтерiн атқаратын адам деп танылады.
229-бап. Жекеше нотариустардың және аудиторлардың
өкiлеттiктердi терiс пайдалануы
1. Жекеше нотариустың немесе жекеше аудиторлардың өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көпе-көрiнеу кәмелетке толмаған немесе әрекет қабiлетi жоқ адамға қатысты не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
230-бап. Жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн
асыра пайдалану
1. Жекеше күзет қызметi басшысының немесе қызметшiсiнiң лицензияға сәйкес, өздерiне берiлген өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қарамастан асыра пайдалануы, егер бұл әрекет күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып жасалса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қару немесе арнаулы құралдар қолданып немесе ауыр зардап келтiрген дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 131-бап өзгертілді
231-бап. Коммерциялық сатып алу
1. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметiн атқаратын адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлiк алуы, сондай-ақ өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн мүлiктiк сипатта көрсетiлген қызметтi пайдалануы -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
б) бiрнеше рет;
в) қорқытып алумен байланысты жасалған болса -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған болса немесе егер ол қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға сатып алушылық туралы өз еркiмен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Бұрын жасалған заңды әрекеттер үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда мүлiктi беру немесе алу, мүлiктiк сипаттағы қызметтер көрсету немесе мұндай қызметтердi сыйлық немесе сыйақы ретiнде пайдалану егер мүлiктiң немесе қызметтердiң құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын болса, онша маңызды болмауы себептi қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкiмшiлiк ретпен қудаланады.
232-бап. Мiндеттерiне адал қарамау
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқарушы адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн атқармауы немесе тиiстi дәрежеде атқармауы, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және
қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар
ҚР 19.02.02 ж. N 295-II Заңына сәйкес 233-бап жаңа редакцияда
233-бап. Терроризм
1. Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту, -
төрт жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) атыс қаруын қолдана отырып жасалса, -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) жаппай қырып-жоятын қаруды, радиоактивті материалдарды қолдануға немесе қолданамын деп қорқытуға және жаппай уландыруды, эпидемия мен эпизоотияны таратуды, сондай-ақ адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы ықтимал өзге де іс-әрекеттерді жасауға немесе жасаймын деп қорқытуға ұштасса;
б) абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өмiріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта, оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң өмiрiне қастандық жасау, -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
ҚР 19.02.02 ж. N 295-II Заңына сәйкес 233-1 баппен толықтырылды
233-1-бап. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін
жасауға жария түрде шақыру
1. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып не бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған нақ сол әрекеттер, -
үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 19.02.02 ж. N 295-II Заңына сәйкес 233-2 баппен толықтырылды
233-2-бап. Террористік топ құру, оған басшылық ету және
оның қызметіне қатысу
1. Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террористік топ), сондай-ақ оған басшылық ету, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Террористік топтың қызметіне немесе ол жасаған терроризм актілеріне қатысу, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
234-бап. Адамды кепiлге алу
1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында адамды кепiлге немесе кепiлдiк ретiнде ұстау -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;
г) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып;
д) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
е) айыптыға жүктiлiк жағдайы көрiнеу мәлiм әйелге қатысты;
ж) көпе-көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;
з) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
и) пайдакүнемдiкпен немесе жалдау арқылы жасалса -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе өкiметтiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
ҚР 16.03.01 N 163-II Заңына сәйкес 235-бап өзгертілді
235-бап. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық
қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны
басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу
1. Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сол сияқты оны басқару -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасау үшiн құру, сол сияқты осындай қоғамдастықты (ұйымды) немесе оған кiретiн құрылымдық бөлiмшелердi басқару, сол сияқты ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшiн жоспарлар мен шарттар әзiрлеу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге де өкiлдерiнiң бiрлестiктерiн құру -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға) не ұйымдасқан қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларының, басшыларының немесе өзге өкiлдерiнiң бiрлестiгiне қатысу -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. N 363-II Заңымен 236-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
236-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құраманы ұйымдастыру
1. Заңсыз әскерилендiрiлген құрама (бiрлестiк, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сол сияқты ондай құраманы басқару -
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құрамаға (бiрлестiк, отрядқа, жасаққа немесе өзге де топқа қатысу) -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскери құрамаға қатысуын ерiктi түрде тоқтатқан және қаруы мен әскери жабдығын тапсырған адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершiлiктен босатылады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңына сәйкес 237-бап өзгертілді
237-бап. Бандитизм
1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысу -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
238-бап. Үйлердi, құрылыстарды, қатынас және байланыс
құралдарын басып алу
1. Басып алғандарын босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлердi, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдiремiн деп қорқытумен ұштасса -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;
д) пайдакүнемдiк ниетiмен немесе жалдау арқылы жасалса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол
составын айдап әкету, сонымен бiрдей қолға түсiру
1. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлiк пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
240-бап. Теңiз қарақшылығы
1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет, не қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған дәл сол әрекет -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер
1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -