Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.
Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi
Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн жауапкершiлiгi
Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
Өлiмге ұшырату немесе денсаулықты зақымдау салдарынан туатын мiндеттемелер бойынша тасымалдаушының жауаптылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген ережелер бойынша белгiленедi.
ҚР 28.12.98 г. N 338-1 Заңымен 21-бап өзгертілдi
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету
Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темiр жол, әуе көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргiзудi және өрт зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлер бөлiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi жүзеге асырады. Мұндай объектiлер мен арнайы жүктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
ҚР 28.12.98 г. N 338-1 Заңымен 22-бап өзгертілдi
22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiстерi, су басу, өрт, қар көшкiнi, мiндеттер және басқа дүлей апаттар) туындаған кезде апаттарды және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолдану үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен осы кезеңге тоқтатылуы мүмкiн.
Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк кәсiпорындарының республикада жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты тасымалдарды, азаматтың қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары жөнiндегi шараларын жүзеге асыру жөнiндегi шығындары бюджеттен өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей апаттар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше санаттағы өзге де жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар пайдалануға мiндеттi.
ҚР 28.12.98 г. N 338-1 Заңымен 23-бап өзгертілдi
23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары қозғалысы және жүк тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын стансалардың, кемежайлардың, айлақтардың, әуежайлардың, автокөлiк кәсiпорындары мен темiржол тораптарының аумақтары, сондай-ақ су жолдары аса қауiптi аймақтар болып табылады. Аса қауiптi аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Аталған ережелердiң бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жол бойында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде экологиялық қауiпсiздiкке және халықтың денсаулығын қорғауға кепiлдiк беретiн, қоршаған ортаның ластауына жол бермеудi, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта сапасының нормативтерi сақталуға тиiс.
Пайдалы қазбалар қабаттары алаңдарында көлiк кәсiпорындарын жобалау мен салуға, олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға тыйым салынады. Айрықша жағдайларда бұларға арнайы өкiлеттiгi бар геология және жер қойнауын қорғау органдарының рұқсаттары бойынша жол берiледi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға қажеттi шаралардың бәрiн жүзеге асыруға мiндеттi айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. N 2832 Жарлығымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 08.05.03 ж. N 414-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
24-бап. Сақтандыру
Жолаушылар теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен сапарға шыққан кезде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
V бөлiм. Қорытынды ережелер
ҚР 24.12.01 г. N 276-II Заңымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Көлiк жұмысын бақылау
Өздерiнiң тиiстiлiгi мен меншiк нысандарына қарамастан, тасымалдаушылардың көлiк құралдарын пайдалану кезiнде көлiк заңдарын, қозғалыс қауiпсiздiгi мен экология талаптарын орындауын бақылауды көлiк саласын мемлекеттiк басқару органы және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
Көлiк құралдарын қарап-тексеру Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген ретте ғана жүзеге асырылады.
26-бап. Көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастар
Көлiк саласын мемлекеттiк басқару органы көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта осы Заңда баяндалғаннан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда тиiстi шарттың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының