"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру
жөнiндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 ж. 9 наурыздағы N 61-ө өкімі
Осы редакция 2004 ж. 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкiметi нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң қоса берiп отырған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Pecпубликасының Заңынан туындайтын iс-шараларды жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiн қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Mинистрі | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2004 жылғы 9 наурыздағы
N 61 өкiмiмен бекiтiлген
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан
Республикасының Yкіметi нормативтiк құқықтық кесiмдерінің тiзбесi
┌────┬─────────────────────────────┬───────────────┬────────┬───────────┐
│ Р/с│Нормативтiк құқықтық кесiмнiң│Кесiмнiң нысаны│Жауапты │Орындалу │
│ N │ атауы │ │мемле- │мерзiмi │
│ │ │ │кеттік │ │
│ │ │ │орган │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 1 ├Қазақстан Республикасының │Қазақстан │KKM │2004 │
│ │аумағы бойынша, автокөлiк │Республикасы │ │жылғы │
│ │құралдарымен қауiптi жүктердi│Yкiметiнiң │ │наурыз │
│ │тасымалдау ережесiн, қауіптi │қаулысы │ │ │
│ │жүктердi тасымалдайтын │ │ │ │
│ │жүргiзушiлерге және автокөлiк│ │ │ │
│ │құралдарына қойылатын │ │ │ │
│ │бiлiктiлiк талаптарын бекiту │ │ │ │
│ │туралы │ │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 2 ├Қазақстан Республикасының │Қазақстан │KKM │2004 │
│ │аумағында автокөлiк құралда- │Республикасы │ │жылғы │
│ │рымен тасымалдауға рұқсат │Yкiметінің │ │наурыз │
│ │етiлетiн қауiптi жүктердiң │қаулысы │ │ │
│ │тiзбесiн бекiту туралы │ │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 3 ├Қазақстан Республикасының │Қазақстан │ККМ │2004 │
│ │Мемлекеттiк шекарасы арқылы │Республикасы │ │жылғы │
│ │автокөлiк құралдарын өткiзу │Yкiметінің │ │наурыз │
│ │пункттерiнің және Қазақстан │қаулысы │ │ │
│ │Республикасының аумағындағы │ │ │ │
│ │көлiктiк бақылау посттарының │ │ │ │
│ │тiзбесiн бекiту туралы │ │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 4 ├Қазақстан Республикасы Үкiме-│Қазақстан │KKM, ИСМ│2004 │
│ │тінiң 2000 жылғы 29 қараша- │Республикасы │ │жылғы │
│ │дағы N 1787 қаулысына толық- │Үкiметінің │ │сәуiр │
│ │тырулар енгiзу туралы │қаулысы │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 5 │Автокөлiк тасымалдаушыларын │Қазақстан │ТЖА, ККМ│2004 │
│ │төтенше жағдайларды жоюға │Республикасы │ │жылғы │
│ │тарту ережесiн бекiту туралы │Үкiметiнің │ │мамыр │
│ │ │қаулысы │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 6 ├Қазақстан Республикасының │Қазақстан │KKM │2004 │
│ │аумағында бөлiнбейтiн iрi │Республикасы │ │жылғы │
│ │көлемдi және ауыр салмақты │Үкiметiнің │ │қыркүйек │
│ │жүктердi тасымалдауды │қаулысы │ │ │
│ │ұйымдастыру және жүзеге │ │ │ │
│ │асыру ережесiн бекiту туралы │ │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 7 │Автокөлiк құралдарының │Қазақстан │KKM │2004 │
│ ├Қазақстан Республикасының │Республикасы │ │жылғы │
│ │аумағына кiру және одан │Үкiметiнiң │ │қазан │
│ │тысқары жерлерге шығу, │қаулысы │ │ │
│ │сондай-ақ оның аумағы │ │ │ │
│ │бойынша транзиттiк │ │ │ │
│ │жүрiп өту ережесiн бекiту │ │ │ │
│ │туралы │ │ │ │
├────┼─────────────────────────────┼───────────────┼────────┼───────────┤
│ 8 │Автомобиль көлiгi саласын- │Қазақстан │KKM │2004 │
│ │дағы лицензиялау ережесiн, │Республикасы │ │жылғы │
│ │соның iшiнде лицензиаттарға │Үкiметiнiң │ │желтоқсан │
│ │қойылатын бiлiктiлiк талап- │қаулысы │ │ │
│ │тарын бекiту туралы │ │ │ │
└────┴─────────────────────────────┴───────────────┴────────┴───────────┘