5-тарау. Агенттiктiң есеп беруi
29. Агенттiк жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентiне жылдық есептi бекiтуге ұсынады.
Агенттiк Ұлттық Банкке есептi және Агенттiктiң қызметiн қаржыландыруға байланысты өзге құжаттаманы Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде бередi.
6-тарау. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
30. Агенттiктiң қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1270 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң
құрылымы
Басшылық
Стратегия және талдау департаментi
Заң департаментi
Банктердi қадағалау департаментi
Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi
Сақтандыру нарығының субъектiлерiн және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті
Қаржы ұйымдарын тарату департаментi
Агенттiктiң қызметiн қамтамасыз ету департаментi
Бухгалтерия
Лицензиялау басқармасы
Қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.