Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі
жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1270 Жарлығы
Осы редакция 2004 ж. 10 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес қаулы етемін:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
3. Агенттіктің штат саны 300 адам болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
2) Агенттікке оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік беруді жүзеге асырсын;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шаралар қолдансын.
5. Агенттік төрағасының екі орынбасары болады деп белгіленсін.
6. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1270 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегi атауы жазылған мөрi және мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
4. Агенттiктi қаржыландыру және ұстау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бюджетiнiң (шығыстар сметасының) қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Агенттiктi қаржыландырудың жалпы сомасын бекiтудi Ұлттық Банктiң Басқармасы Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша жүзеге асырады.
5. Агенттiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiредi.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Агенттiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын бiтiруге құқығы бар.
7. Агенттiктiң құрылымын және жалпы штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттiктiң орналасқан жерi: 480090, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй.
2-тарау. Агенттiктiң мақсаттары, мiндеттерi және
функциялары
10. Агенттіктiң мақсаттары:
1) қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;
2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiсiнше деңгейiн қамтамасыз ету;
3) қаржы ұйымдарын қаржы нарығындағы адал бәсекенi қолдау, бағытталған қызметi үшiн тең құқылы жағдайлар жасау болып табылады.
11. Агенттіктің мiндеттерi:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтарды болдырмау жөнiндегi шараларды iске асыру;
2) адал бәсеке принциптерiнде қаржы ұйымдарының тиiстi түрлерiнiң жұмыс iстеуi үшiн тең жағдайлар жасау;
3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды пайдалану;
4) қаржы ұйымдары қызметінiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру шараларын жасау;
5) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингi;
6) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейiм салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;
7) қазiргi заманғы технологияларды ендiрудi ынталандыру тұтынушылар үшiн қаржы ұйымдары мен олар көрсететiн қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
12. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi негізгi функцияларды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiк, сақтандыру қызметiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың қызметiн, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi негізгі функцияларды орындайды.
13. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру мақсатында, Агенттiк:
1) өзi белгiлеген тәртiппен банктер мен ломбардтар ашуға және оларды ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншiлес ұйым құруға және сатып алуға, сондай-ақ банк тура (тiкелей) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу арқылы) дауыс беретiн акцияларының елуден астам процентiн (қатысу үлесiн) иеленетiн немесе дауыс беру мүмкiндігі болатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға, сондай-ақ банктiң заңды тұлғалар қабылдайтын шешiмдердi олардың арасында жасалған шарт бойынша (не өзге түрде) айқындау мүмкiндiгiн иеленуге рұқсат бередi не рұқсат беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының аумағында, ал резидент банктер үшiн республика аумағынан тыс жерде филиалдар мен өкiлдiктер ашуға, жеке және заңды тұлғаларға банктің және банктiк холдингтің iрi қатысушысы мәртебесiн иеленуге келiсiм береді;
2) өзi белгiлеген тәртiппен банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерi лауазымдарына үмiткерлердi тағайындауға немесе сайлауға келiсiм бередi;
3) өзi белгілеген тәртiппен банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтай құжаттарына (соның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтыруларға) келiсiм бередi;
4) өзi белгілеген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргiзуге, соның iшiнде Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметiнiң аудитiн жүзеге асыруға лицензия береді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде банктiк қызмет және банктердi тарату мәселелерi жөнiнде барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың клиенттерi орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалayды жүзеге асырады;
6) банктердiң iрi қатысушыларын және банктiк холдингтердi анықтау мақсатында банктердiң тiкелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктермен аффилиирленген тұлғалардың қаржылық есептi және өзге ақпаратты ұсынуын талап етедi;
7) Ұлттық Банкпен бiрлесiп халықаралық стандарттар нысандарына cәйкеc келетiн есеп беру тiзбесiн, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық және өзге есептерді ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;
8) өзi белгiлеген тәртiппен банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың филиалдарының қызметiн, соның iшiнде аудиторлық ұйымды шақыра отырып тексередi және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктерден, мемлекеттiк органдардан және азаматтардан ол өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті деп санайтын ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсiндiрудi талап етедi;
9) банктiк топтардың қызметiн реттейдi және банктердiң аффилиирленген тұлғаларының, банктердiң қызметiне олардың әсер ету дәрежесiн және сипатын айқындау мақсатында нормативтік құқықтық актiлерге сәйкес олардың қызметiн, соның iшiнде аудиторлық ұйымды шақыра отырып тексередi;
10) банктерге, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде банктік топтарға арналған пруденциалдық нормативтердi және банктер үшiн сақталуға мiндеттi өзге нормалар мен лимиттердi белгiлейдi;
11) үмiтсiз және күмәндi активтердi қамтамасыз ету үшiн провизиялар қалыптастырудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды;
12) банктер және олардың аффилиирленген тұлғалары, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар оның құзыретіне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулi ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады;
13) банктердiң және олардың лауазымды тұлғаларының, соның iшiнде тарату комиссиялары төрағаларының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жаза қолданады;
14) банктерден, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларынан, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан қаржылық және өзге де есептi және өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын қамтамасыз етуi үшiн қажеттi басқа ақпаратты алады;
15) өзi белгiлеген тәртiппен банктерге есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассасын) ашуға келiсiм бередi және олардың арнайы есебiн жүргiзедi;
16) банктердi консервациялау және банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (банктiң уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешiм қабылдайды;
17) банк қызметiнiң аудитiн жүргiзуге өкiлеттi аудиторлық ұйымның (аудитордың) есеп жасау тәртiбiн айқындайды;
18) олардың банктiң және (немесе) банктiк холдингтiң iрi қатысушысының акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыруы туралы, ал Yкiметпен келiсiм бойынша - банктiң кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және кейiннен жедел түрде капиталының керi мөлшерi бар екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын жаңа инвесторларға сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды, банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен инвесторларға сату тәртiбiн белгiлейдi;
19) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар қайтарылып алынғаннан кейiнгi кезеңге уақытша әкiмшiлiктi (уақытша басқарушыны) тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгiлейдi;
уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) есебiн және өзге де ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
құжаттар мен мүлiктi уақытша әкiмшiлiктен (уақытша басқарушыдан) тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;
20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгілейдi;
21) мәжбүрлеп таратылатын банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссияларын тағайындайды;
22) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
мәжбүрлеп таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн, ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтеді;
тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңділiгiн белгiлейдi;
мәжбүрлеп таратылатын банктi тарату туралы есептi және тарату балансын келiседi;
тарату комиссияларының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;
таратылатын банктiң кредиторлар комитетiн қалыптастырудың және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
23) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың тарату комиссиясының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
24) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
14. Агенттiк сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;
2) өз құзыретi шегiнде сақтандыру нарығының барлық қатысушылары, тарату өндiрiсiнiң қатысушылары орындауға мiндеттi сақтандыру қызметi және оны қадағалау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
3) трансшекаралық сақтандыруды және қайта сақтандыруды жүргізудiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
4) сақтандыру брокерi қызметiнiң шарттарын айқындайды;
5) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы үшiн жарғылық және меншiктi капиталдың ең төменгi мөлшерiн қоса алғанда, пруденциалдық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
6) актуарлық қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн және оған, сондай-ақ мiндеттi актуарлық есептердi жүргiзуге қойылатын талаптарды айқындайды;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын (өкiлдiгiн) құру (тарату) ерекшелiктерiн айқындайды;
8) сақтандыру брокерiн мемлекеттiк тiркеу ерекшелiктерiн айқындайды;
9) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру нарығындағы актуарийлердiң және уәкiлетті аудиторлардың қызметiн лицензиялайды;
10) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылау құқығын иеленуге, оларды ерiктi қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсат, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының аумағында және сол сияқты аумағынан тыс жерлерде филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға келiсiм бередi және қайтарып алады;
11) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының басшы қызметкерлерiне арналған бiлiктiлiк талаптарын айқындайды, өзi белгiлеген тәртiппен оларды сайлауға (тағайындауға) келiсiм бередi;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерiнiң қызметiн инспекциялау (тексеру) тәртiбiн белгiлейдi, өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерiн инспекциялайды (тексередi);
13) сақтандыру нарығының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алады;
14) Ұлттық Банкпен бiрлесiп өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге есептердi ұсыну тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерiн айқындайды;
15) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, олармен және олардың құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қатысуымен консорциумдарға және жай серiктестiктерге қатысатын ұйымдардың қызметiн шоғырландырылған қадағалау ережесiн айқындайды;
16) сақтандыру статистикасын, сақтандыру нарығының жағдайын экономикалық талдауды дайындау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтарынан және бiрлестiктерiнен, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алады;
17) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, актуарийлерге және уәкiлеттi аудиторларға берiлген лицензияларды қолдануды тоқтата тұру, жаңарту және қайтарып алу туралы шешiм, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен тоқтату жөнiнде шаралар қолданады;
18) заңды және жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын бақылау құқығын иеленуге рұқсат беру тәртiбiн белгiлейдi;
19) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады, оның iшiнде:
уақытша әкiмшiлiктi тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгілейдi;
уақытша әкiмшiлiктiң есеп және өзге ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;
20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
21) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерiн ескере отырып тарату комиссияларын тағайындайды;
22) өзi белгiлеген тәртіппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізiлiмiн бекiтедi;
таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;
тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгін белгiлейдi;
мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есептi және тарату балансын қарайды және келiседi;
тарату комиссиясының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндетті нұсқамалар шығарады;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары төрағаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жаза қолданады;
таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
23) сапасы және өтiмдiлiгi бойынша жiктелуiн ескере отырып есептелген активтердiң құны және мiндеттемелер арасында терiс айырма белгiленген жағдайда сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының оның акционерлерiндегi акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары жөнiндегi барлық мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру шартымен сатып алуға ниет бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдайды;
24) басқа мемлекеттердiң орталық сақтандыруды қадағалау органдарымен қатынастарда, халықаралық және өзге сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерi лауазымына үмiткерлердi тағайындауға немесе сайлауға келiсiм бередi;
26) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнама актiлерiне сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өзге де функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.
15. Агенттiк бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөніндегi мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
3) өзiнiң құзыретi шегiнде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;
5) мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар шығару және айналысының шарттары мен тәртiбiн айқындайды;
6) мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, соның iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, оларға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi, бағалы қағаздарды, соның iшiнде туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi қарайды, осындай есептердi бекiтедi не бекiтуден бас тартады, сондай-ақ мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, соның iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарының күшін жояды;
7) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнiң, облигациялық бағдарламаның және облигациялық бағдарлама шеңберiнде облигациялар шығарылымдарының құрылымын, оларды жасау және ресiмдеу тәртiбiн, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердiң құрылымын белгiлейдi;
8) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттардың тiзiлiмiн және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу шарттары мен тәртiбiн белгілейдi;
9) бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбiн белгiлейдi;
10) эмитент пен өкiл арасында жасалған облигациялар ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, өкiлдiң функциялары мен мiндеттерiн орындау тәртiбiн, өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбi мен жағдайларын, сондай-ақ ипотекалық облигациялардың эмитентi таратылған жағдайда облигациялар ұстаушылар өкiлiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;
11) акционерлiк қоғамды халықтық деп тану, сондай-ақ халықтық акционерлiк қоғамның мәртебесiн жоғалту тәртiбiн белгiлейдi;
12) қаржылық агенттiк мәртебесiн бередi, қаржылық агенттiк мәртебесiн жоғалту шарттары мен тәртібiн белгiлейдi;
13) банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар шығарған облигациялар қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде олар облигациялар шығаруға ниеттi болған жағдайда сақталуы тиiстi талаптарды белгiлейдi;
14) бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi, сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында лицензиялауға жататын басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi және лицензия бередi, осындай лицензияларды қолдануды тоқтата тұрады және қайтарып алады;
15) бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшiн жеке тұлғаларды оқыту, оларға аттестация жүргiзу және бiлiктiлiк куәлiктерiн беру, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiнiң қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртiбiн белгiлейдi;
16) лицензиаттардың аудитiн жүргiзу ерекшелiктерiн белгiлейдi;
17) бағалы қағаздар нарығындағы лицензиаттардың iшкi құжаттарын келiседi;
18) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;