19) бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға рұқсаттар бередi, осындай рұқсаттарды қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады, оларды қолдану мерзiмiн ұзартады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;
20) жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына аттестациядан өткiзедi, бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердi қайтадан аттестациядан өткiзедi, аттестациядан өткен тұлғаларға бiлiктiлiк куәлiктерiн бередi және қайтадан аттестациядан өткен тұлғалар үшiн оларды қолдану мерзiмiн ұзартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қайтарып алады;
21) лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда клиенттер алдындағы лицензиаттың мiндеттемелерiн орындау тәртiбiн белгiлейдi;
22) эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және айналысқа жiберудi тоқтата тұрады және жаңартады;
23) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi кәсiби деп таниды;
24) пруденциалдық нормативтердiң және өзге де көрсеткiштердің түрлерiн немесе лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының критерийлерiн (нормативтерiн) және оларды есептеу тәртiбi мен әдiстемесiн белгiлейдi;
25) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi және лицензияланатын басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн, соның iшiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртібiне, осы мәмiлелердi есепке алуға және олар бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды айқындайды;
26) бағалы қағаздар нарығындағы төлем агентiнiң қызметiн жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;
27) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi ұсыну шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;
28) Ұлттық Банкпен бiрлесiп қаржылық және өзге де есеп беру нысандарын, сондай-ақ тiзбесiн және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;
29) лицензиаттардың бағалы қағаздар нарығындағы қызмет туралы есептер беру кезеңдiлiгiн, сондай-ақ есеп беру нысандарын және оларды ұсыну тәртiбiн белгiлейді;
30) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң мемлекеттік eмес бағалы қағаздарын, туынды бағалы қағаздарын және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздарын шығару және айналысының шарттары мен тәртібiн белгiлейді;
31) Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының шығарылымы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдарының мемлекеттiк емес бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығында айналысқа жiберу тәртiбiн белгiлейдi;
32) лицензиаттың басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
33) эмитенттердiң, лицензиаттардың, өзiн-өзiн реттейтiн ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының және бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердiң қызметiн, соның iшiнде сол жерде тексеру және бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi мамандарды консультанттар ретiнде тарту арқылы қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
34) зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;
35) Агенттiктiң рұқсаттары негізiнде бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс тәртiбiне қойылатын талаптарды белгiлейдi және осы талаптардың сақталуын бақылайды;
36) өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан және бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнен қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
37) бағалы қағаздардың, оның iшiнде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға қызметтік, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы бағалы қағаздар нарығында мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;
38) заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн бередi, сондай-ақ оны беру және жоғалту тәртiбiн белгiлейдi;
39) бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi туралы онда бар мәлiметтерді пайдалана отырып бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты (коммерциялық, банктiк, қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
40) бағалы қағаздар нарығын реттейтiн шетелдiк органдармен бағалы қағаздар нарығын реттеу жөнiнде қолданатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар нарығындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мәселелерi және өзара мүдденi бiлдiретiн өзге де мәселелер бойынша өзара iс-әрекет жасайды;
41) қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан көп процентiн бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниетi туралы хабарлама ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;
42) акционерлiк қоғамдардың қаржылық есебiн баспасөз басылымында жариялау мерзiмдерiн айқындайды;
43) акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi болуы тиiс мәлiметтердi айқындайды;
44) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн бағалау тәртiбiн айқындайды;
45) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
16. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Агенттiк:
1) жинақтаушы зейнетақы қорын құруға рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн белгілейдi;
2) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы aктивтерін тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялайды, сондай-ақ лицензияны қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады немесе оны қайтарып алады;
3) үлгi кастодиан шартының және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлерiне, басшы қызметкерлерiне және мамандарына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
5) жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдар ашуына келiсiм беру тәртiбiн белгiлейдi;
6) жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiнiң кандидатураларын келiсу және жинақтаушы зейнетақы қорларында басшы лауазымдарын атқаруға үмiткер азаматтардың бiлiктiлiк емтихандар тапсыру тәртiбiн айқындайды;
7) пруденциалдық нормативтердiң тiзбесiн, олардың нормативтiк мәнiн, есептеу әдiстемесiн белгiлейдi;
8) Ұлттық Банкпен бiрлесiп қаржылық және өзге де есеп беру нысандарын, сондай-ақ олардың тiзбесiн және жинақтаушы зейнетақы қорларының және олардың аффилиирленген тұлғаларының ұсыну мерзiмдерiн белгiлейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың және жинақтаушы зейнетақы қорымен бiрге шоғырландырылған негiзде консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметiн реттеудi жүзеге асыру ережесiн белгiлейдi;
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн келiседi;
11) жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, жарғылық капиталды қалыптастырудың тәртiбiн және құрамын белгiлейдi;
12) агенттің жинақтаушы зейнетақы қоры алдындағы салымшылардың аударылған зейнетақы жарналары туралы есеп беру нысанын белгілейдi;
13) өзiнiң құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және оларды тарату мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
14) өзiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан және өзге ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi құжаттарды сұратады және алады;
15) кастодиан банктiң жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн мақсатты орналастыруын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;
16) салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртiбiн айқындайды және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiн және жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық кiрiстiң есептелуiн бақылауды жүзеге асырады;
17) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталатын негiзгi құжаттарының тiзбесiн және оларды сақтау мерзiмдерiн айқындайды;
18) жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
19) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстеп тұрған кезеңде оның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын тiкелей немесе жанама түрде иелену, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібiн белгiлейдi;
20) өзi белгілеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға және ерікті түрде таратуға рұқсат береді;
21) жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау туралы шешiм қабылдайды;
22) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезiнде уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн реттейдi;
23) қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртiбiн белгiлейдi;
24) жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолданады;
25) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
уақытша әкiмшiлiктi тағайындау тәртiбiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;
уақытша әкiмшiлiктiң есеп және өзгe ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;
жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;
26) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып тарату комиссияларын тағайындайды;
27) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгiлейдi;
28) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату тәртiбiн және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;
29) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссиясының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:
мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi;
ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;
тарату комиссияларының есеп беру және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлейдi;
мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есептi және тарату балансын қарайды және келiседi;
тарату комиссиясының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;
зейнетақы қорының тарату комиссиялары төрағаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жаза қолданады;
таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiн қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
30) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы ақпарат жариялау тәртiбiн белгiлейдi;
31) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн тексередi;
32) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3-тарау. Агенттiктiң Басқармасы
17. Басқарма Агенттiктiң жоғары органы болып табылады.
Басқарма жетi адамнан тұрады.
Агенттiк Басқармасының құрамына Агенттiктiң Төрағасы және Агенттiктiң лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметiнен және Ұлттық Банктен бiр-бiрден өкiл кiредi.
Агенттiктiң Қазақстан Республикасының Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметiнен, Ұлттық Банктен және Агенттiктен мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ұлттық Банк және Агенттiктiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
18. Агенттiк Басқармасының құзыретiне қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асырудың мынадай мәселелерi кiредi:
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi бекiту;
3) қаржы ұйымдарын ашуға, ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға рұқсаттар бepу не беруден бac тарту және оларды қайтарып алу туралы шешiм қабылдау;
4) қаржы ұйымдарына қаржылық қызмет көрсету үшiн лицензиялар беру, оларды қолдануды тоқтата тұру, қызметiн жаңарту және қайтарып алу тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ қаржы ұйымдарына қаржылық қызмет көрсету үшiн лицензиялар беру, қолдануды тоқтата тұру, қызметiн жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;
5) актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолдануды тоқтата тұру, жаңарту және қайтарып алу тәртiбiн белгiлеу, қаржы ұйымдары қызметiнiң аудитiн жүргiзу, сондай-ақ актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, қолдануды тоқтата тұру, жаңарту және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау, қаржы ұйымдары қызметiнiң аудитiн жүргізу;
6) жеке және заңды тұлғалардың банктiң және банктiк холдингтiң iрi қатысушысы мәртебесiн сатып алуына, банктердiң еншiлес ұйымдарын құруға және сатып алуына шешiмдер қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының оның акционерлерiндегi акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдау;
8) Агенттiктiң банктiң және (немесе) банктік холдингтiң iрi қатысушысының акцияларын сенiмгерлiкпен басқаруын жүзеге асыру туралы шешiм қабылдау;
9) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын консервациялау және қаржы ұйымының (қаржы ұйымы) уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешiм қабылдау;
10) мынадай:
қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар деп тану;
бағалы қағаздар нарығындағы белгiлi бiр қызмет түрлерiн кәсiби қызмет ретiнде тану;
ашық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстеп тұрған кезеңде оның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын тiкелей немесе жанама түрде иелену, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы шешiмдер қабылдау;
қаржы агенттiгi, халықтық акционерлiк қоғам, өзiн өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және жоғалту туралы шешiмдер қабылдау;
11) Агенттіктiң рұқсаттары негiзiнде бағалы қағаздар нарығында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс тәртібiне қойылатын талаптарды белгiлеу;
12) Агенттiктiң құрылымы, жалпы штат саны және Агенттiк туралы ереженi қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсыну;
13) Агенттiк қызметкерлерiнiң еңбекақы жағдайларын, ақы төлеу жүйесi мен мөлшерлерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етiлуiн айқындау және бекiту.
Басқарма Агенттiктiң құзыретiне кiретін кез келген мәселенi қарауға және ол бойынша шешiм қабылдауға құқылы.
Агенттiк Басқармасының отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өтедi. Басқарманың отырысын Агенттiктiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда - оның орнындағы адам өткiзеді.
Агенттiк Басқармасының отырысы демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өтуi мүмкiн. Агенттiк Басқармасының отырысы өткiзiлетiн орынды Агенттiктiң Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам айқындайды.
Басқарманың отырысы қажеттiлiгiне қарай бiрнеше күн бойы жүргiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Бұл жағдайда Басқарма отырысының соңғы күнi шешiм қабылдау күнi болып саналады.
Агенттiктiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам не Басқарма мүшелерiнiң кем дегенде үштен бiрi неғұрлым шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарма отырысының кезектен тыс отырысын өткiзудi талап етуге құқылы.
Нақты мәселе бойынша Басқарманың отырысына қатысатын тұлғалар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Агенттiктiң Төрағасы айқындайды.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң, оның iшiнде Агенттiктiң Төрағасының, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның қатысу шартымен Басқарма мүшелерiнiң жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар саны тең болған кезде Агенттiк Төрағасының, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адамның даусы шешушi болып табылады. Агенттiк Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн.
Агенттiктiң Төрағасы Басқарманың шешiмiн қайтадан талқылау және дауыс беру үшiн өзiнiң келiспеушiлiктерiмен бiрге бiр аптадан кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма оның жалпы санының үштен екiсiмен бұрын қабылданған шешiмдi растаса, Агенттiктiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Агенттiк орналасқан жермен сәйкес келмейтiн орын болып табылуы мүмкiн екенiн назарға ала отырып, сондай-ақ Басқарма мүшелерiнiң кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болған немесе өзге дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда, талқыланатын мәселелер олармен Агенттiк Төрағасының телефон бойынша не басқа да байланыс құралдарын пайдаланумен сөйлесуi арқылы келiсiлуi мүмкiн. Олардың қабылданған шешiм бойынша позицияларын кейiннен растау Басқарманың қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
Басқарма оның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Басқарма мүшелерiнде Басқарманың отырысында талқыланатын мәселе бойынша, сондай-ақ Агенттiк Төрағасының, ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адамның шешiмi бойынша Басқарманың отырысы басталғанға дейiн жазбаша түрде бiлдiрген және осы отырыс басталғанға дейiн алынып тасталмаған нақты келiспеушiлiктер болған жағдайда хаттама жасалады. Бұл жағдайда Агенттiк Төрағасы, ол болмаған жағдайда, оның орнындағы адам Басқарма мәжiлiсi хатшысының функциясын Агенттiк Басқармасының кез келген мүшесiне не Агенттiктiң өзге қызметкерiне жүктеуi мүмкiн.
Басқарманың отырысына енгiзiлген мәселелер бойынша материалдар Агенттiктiң Басқарманың отырыс басталғанға дейiн кемiнде он күн бұрын кешiктiрмей алдын ала қарау үшiн Басқарманың мүшелерiне жiберiлетiн қаулыны тiкелей шығаруға (ресiмдеуге) жауап беретiн бөлiмшесiне ұсынылады. Басқарманың Төрағасы материалдарды алдын ала қараудың барынша қысқа мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.
Агенттiк Басқармасының жұмыс тәртiбiн оның регламентi айқындайды.
4-тарау. Агенттіктiң қызметiн ұйымдастыру
19. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.
20. Төраға Агенттiктiң атынан iс-әрекет жасайды және мемлекеттiк органдармен, қаржы, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда сенiмхатсыз Агенттiктiң мүддесiн бiлдiредi.
Агенттiктiң Төрағасы Агенттіктiң қызметi үшiн жауап бередi.
21. Агенттiктiң Төрағасы Агенттiктiң Басқармасы үшiн осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Агенттік қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша жедел және атқарушы-өкiмдiк шешiмдер қабылдау өкiлеттіктерiне ие, соның iшiнде:
1) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi, Агенттiк Басқармасының қаулылары негiзiнде және/немесе оларды орындау үшiн Агенттiк қызметiнiң мәселелерi бойынша бұйрықтар мен өкiмдер шығарады, Агенттiк Басқармасының қаулыларына қол қояды;
2) өз құзыретi шегiнде Агенттiктi республикада және шет елде бiлдiредi;
3) Агенттiктiң атынан Агенттiк Басқармасының мүшелерiн тағайындайды және босатады;
4) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындау үшiн Агенттiктiң Төрағасы орынбасарларының кандидатураларын ұсынады;
5) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Агенттiктiң жалпы штат саны және құрылымы негiзiнде Агенттiктiң штаттық кестесiн бекiтедi;
6) өз орынбасарларының мiндеттерiн айқындайды;
7) бекiтiлген номенклатураға сәйкес Агенттiктiң лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, көзге түскен қызметкерлердi ынталандырады, тәртіптік жаза қолданады;
8) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
9) Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес құрылатын Агенттiктiң бiлiктiлiк комиссиясының құрамын бекiтедi;
10) Агенттік қызметкерлерiнiң соттарда және басқа ұйымдарда iстердi қарау кезiнде қатысу үшiн, сондай-ақ өзінің құзыретi шегiнде өзге мәселелер бойынша сенiмхаттар береді;
11) Агенттіктiң атынан шарттар жасайды;
12) Агенттiктiң қаржы және өзге есептерiне қол қояды;
13) жоғары кәсiби бiлiктiлiгi бар және аса маңызды функцияларды орындайтын жекелеген қызметкерлерге жеке лауазымдық жалақылар белгiлейді;
14) лицензиаттың атауы, орналасқан жерi өзгерген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген лицензияларды қайта ресiмдеу туралы шешiмдер қабылдайды.
Агенттiктiң Төрағасы (не Агенттiк Төрағасының орынбасары) қаралуы Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес Агенттiктiң құзыретiне жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану жөнiнде шешiм қабылдайды.
22. Агенттiк Төрағасының екi орынбасары болады. Агенттік Төрағасының орынбасарларын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды. Агенттiк Төрағасының орынбасарлары Агенттiктiң мүддесiн сенiмхатсыз бiлдiредi, құжаттарға қол қояды және Агенттiк қызметкерлерiнiң соттарда және басқа ұйымдарда iстердi қарау кезiнде қатысу үшiн, сондай-ақ өзінiң құрызеті шегінде өзге мәселелер бойынша сенiмхаттар бередi.
23. Агенттiктiң Төрағасы оның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi шешудi өзiнiң орынбасарларына, Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына тапсыруға құқылы.
Агенттiк Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және олардың функционалдық мiндеттерiнiң бөлiнуi негiзiнде мәселелердi қарайды және шешiмдер қабылдайды.
24. Агенттiктiң Төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Төрағаның бұйрығы бойынша оның орынбасарларының бipeуi атқарады.
25. Агенттiктiң Төрағасы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн ұсына отырып қызметтен кетуге құқылы.
Агенттiк Төрағасының орынбасарын Агенттiк Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметтен босатады. Төрағаның орынбасары өзiнiң жазбаша өтiнiшiн Агенттiктiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсына отырып қызметтен кете алады.
26. Агенттiк әкiмшiлiк-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн, Ұлттық Банктен алған мүлiктi есепке алуды, салықтар бойынша есептi дербес жүзеге асырады.
27. Агенттік Төрағасының және оның орынбасарларының жеке жалақыларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
28. Агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерiн қаржы ұйымдарына тексерулер жүргізу үшін тартуға құқылы.