Табиғи монополиялар субъектiлерінің, шығындары олар көрсететiн
қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде
ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып
алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығы
Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса берiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
Ереженi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінің құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсін.
4. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң өндiрiстiк мұқтаждар үшiн материалдық және қаржылық ресурстарды, жабдықтарды тендерлiк негiзде сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетiнiң 1998 жылғы 15 тамыздағы N 03/1-НҚ бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестiктi
қорғау жөнiндегi агенттiгi
төрағасының 2003 жылғы
6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар
көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар
ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды және
қызметтердi сатып алу ережесi
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және жалпы құқықтық және экономикалық қағидаттарды, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерілетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуды өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
Осы Ереженiң мақсаттары табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуды барынша үнемдi және тиiмдi қамтамасыз ету болып табылады.
Осы Ереже шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн табиғи монополиялар субъектiлерiне, сондай-ақ акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар және олармен қосылған заңды тұлғалар - шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылады.
Осы Ережеде көзделген талаптар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 18-4-бабының 9-тармағында айқындалған рынок субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы Ереже мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды реттемейдi.
1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-тарау. Осы ережеде пайдаланылатын ұғымдар
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тапсырыс берушiнiң қосылма тұлғасы - акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан көп процентi осы тапсырыс берушiге (басқаруға берiлген) тиесiлi заңды тұлға;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң қосылма тұлғасы - шешiмдi тура және/немесе жанама айқындауға және/немесе осы әлеуетті жеткiзiп берушi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде шартқа немесе өзге мәмiлеге қарай ықпал етуге құқығы бар, кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ осы әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң осындай құқығының болуына орай кез келген жеке немесе заңды тұлға;
3) тендерлiк өтiнiмдi кепілдiк қамтамасыз ету - тендерге қатысуға тілек білдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынған ақша кепілзаты немесе банк кепiлдiгi;
4) тапсырыс берушi - сатып алуды осы Ережеге сәйкес жүзеге асырушы табиғи монополия субъектiсi;
5) сатып алу - тапсырыс берушiнiң шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi осы Ережеде белгіленген тәртiппен және тәсiлмен сатып алуы;
6) құзыреттi орган - салалық министрлiк (ведомство) және оның аумақтық органдары немесе табиғи монополия субъектiсi коммуналдық меншiкте болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган;
7) материалдық ресурстар - кез келген еңбек түрiнiң өнiмi мен сипаты, оның iшiнде шикiзат, бұйым және қатты, сұйық немесе газ түрiндегi заттар, электр энергиясы, сондай-ақ ілеспе тауарлар жеткiзiп берушiлерге көрсетілетiн қызметтер, егер мұндай iлеспе қызметтердiң құны тауарлардың өзiнiң құнын арттырмаса;
8) бiртектi тауарлар, жұмыстар, қызметтер - ұқсас болып табылмайтын, ұқсас сипаты бар және ұқсас құраластардан тұратын, оларға сол бiр функцияны орындауға және бiрiн-бiрi алмастырушылар болуға мүмкiндiк беретiн тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;
9) шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерілетiн, сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң Тiзбесi - табиғи монополия субъектiсiнiң бiр жыл iшiнде сатып алынатын шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алудың өлшем бiрлiгi, көлемдерi, мерзiмдерi мен тәсiлдерi, сондай-ақ жыл iшiнде материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi, оның iшiнде негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға жұмсалған соманың ең жоғарғы мөлшерi көрсетiлген номенклатурасы;
10) әлеуеттi жеткiзiп берушi - сатып алу шартын жасасу мақсатында сатып алу процесiне қатысушы заңды, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер;
11) тендер - әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң арасындағы сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған бәсекелестiктi көздейтiн конкурс өткiзу нысаны;
12) тендерлiк құжаттама - тапсырыс берушiнiң тендер өткiзудiң шарты мен тәртiбiн баяндайтын тендердiң өтiнiм дайындау үшiн әлеуеттi жеткiзiп игерушiге ұсынатын құжаты;
13) тендерлiк өтiнiм - тендерлiк құжаттамаға сәйкес жасалған әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң тендерлiк ұсынысы;
14) тендерлiк комиссия - осы ережеде белгiленген тәсiл жағдайында материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi қызметкерлердiң арасынан қалыптасатын комиссия;
15) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
16) қаржы ресурстары - ақша, вексель, бағалы қағаздар;
17) қаржылық қызметтер - банк операцияларын өткiзуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi лицензиясының негiзiнде жүзеге асырылып отырған мынадай банк операциялары: депозиттер қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргiзу; банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың, осы тұлғаға тиесiлi таза қымбат металдардың нақты саны көрсетiлетiн металл шоттарын ашу және жүргiзу; аудару операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша аудару жөнiндегi тапсырмаларды орындауы; заемдiк операциялар: ақша түрiнде кредиттер ұсыну; факторингтiк және форфейтингтiк операциялар: жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде банк-корреспонденттердiң тапсырмасы бойынша, олардың банкi шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; сенiмдiк (сенiмгерлiк) операциялар: сенiмгердiң мүддесiне орай және оның тапсырмасы бойынша ақшаны, тазартылған қымбат металдарды және бағалы қағаздарды басқару; клирингтiк операциялар: алым, салыстыру, сұрыптау және төлемдердi растау, сондай-ақ олардың өзара есепке алуларын өткiзу және клирингке қатысушылардың таза көзқарастарын анықтау; ломбард операциялары: қысқа мерзiмдi кредиттер депозиттелген кепiлдiкке оңай өткiзiлетiн бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiк аманаты бойынша ұсыну; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; төлем құжаттарын инкассоға (вексельдердi қоспағанда) қабылдау; ақшалай нысанда орындауды көздейтiн кепiлдiктер беру; аккредитив ашу (қою) және растау мен ол бойынша мiндеттемелер орындау; кассалық операциялар: банкноттар мен монеттердi қабылдау, беру, қайта санау, ұсату, айырбастау, сұрыптау, буып-түю және сақтау; құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаздарды сақтау; ақшалай нысанда орындауды көздейтiн үшiншi тұлғалар үшiн банктiк кепiлгерлiк және өзге мiндеттемелер беру, сондай-ақ бағалы қағаздармен операция, бағалы қағаздар рыногының кәсiптiк қатысушыларының қызметтерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген лицензияның негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердi жүзеге асыру жөнiнде ұйымдардың қызметтерi; сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiндегi операциялар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) жөнiнде сақтандыру делдалдарының (сақтандыру агенттерiнiң) қызметтер көрсетуi; төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен операциялар; зейнетақылық активтердi басқару жөнiнде қызметтер көрсету; ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнiнде қызметтер көрсету; зейнетақылық активтерден алынған инвестициялық кiрiстi бөлу және есептеу жөнiнде зейнетақы жарналарын тарту жөнiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерi; кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн iске асыру.
2-тарау. Тендер нысанында жүзеге асырылатын табиғи монополиялар
субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде
ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу процесiн
құқықтық реттеу қағидаттары
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi мынадай қағидаттарды сақтай отырып өткiзедi, олар:
1) тендер рәсiмдерiн өткiзудiң ашықтық және жариялылық;
2) барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерге қатысу үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк қағидаттарын сақтауға тиiс.
3-тарау. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары
олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар
ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн, сатып
алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен
қызметтердiң тiзбесiн қалыптастыруы
3. Табиғи монополия субъектiсi жыл сайын 1 қарашаға дейiн шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн, сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң тiзбесiн қалыптастырады және құзыреттi органның бекiтуiне ұсынады.
4. Шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн, сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердiң тiзбесi жыл сайын 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде уәкілеттi органмен келiсуге жатады.
4-тарау. Сатып алу тәсiлдерi
5. Табиғи монополия субъектiлерiнiң шығындары олар көрсететiн қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуы осы Ереженiң 6 және 9-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
6. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жабық конкурс (тендер), құнды ұсыныстар сауалнамасын пайдалана отырып, жеткiзiп берушiнi таңдау, бiр көзден және тауар биржалары арқылы сатып алу, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын кепiлдiктердi, зайымдар мен кредиттердi тарту тәсiлiмен жүзеге асыруына келiсiм беруге құқылы.
7. Ашық және жабық тендерлер екi кезеңдiк рәсiмдердi қолдана отырып, өткiзiлуi мүмкiн.
8. Сатып алу жүзеге асырылғанға дейiн он бес күн бұрын тапсырыс берушi оның жүзеге асырылу тәсiлiне қарамастан, уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Уәкiлеттi орган өз өкiлiн ашық және жабық тендер тәсiлiмен өткiзiлетiн сатып алу рәсiмiне қатысу үшiн байқаушы ретiнде жiберуге құқылы.
Уәкілеттi органның өкiлi тендер комиссиясының құрамына енгiзiле алмайды және тендер комиссиясы шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
9. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын, егер сатып алудың құндық көрiнiсiнiң жылдық көлемi уәкiлеттi орган белгiлеген соманың шектi мөлшерiнен аспаған жағдайда тендер өткiзбестен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
Табиғи монополия субъeктici негiзгi құралдарға жатпайтын, тендер өткiзбестен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуды жүзеге асыру құқығы шектерiнде соманың шектi мөлшерi;
Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiзiлiмiнiң республикалық бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - екi мың айлық есептiк көрсеткiштердi;
Қазақстан Республикасының табиғи монополия субъектiлерi мемлекеттiк тiзiлiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлген табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - бiр мың айлық есептiк көрсеткiштердi құрайды.
5-тарау. Сатып алу процесiне байланысты шектеулер
10. Тапсырыс берушiнiң қызметкерлерiне, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң қосылма тұлғаларына осы Ережемен реттелетiн сатып алуды жүзеге асыру кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ретiнде қатысуға тыйым салынады.
11. Тапсырыс берушiнiң қызметкерi сатып алу рәсiмдерiмен байланысты міндеттерді орындай алмайды, егер ол әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң лауазымдық немесе сенiмдi тұлғасы, жақын туысқаны (ата-анасы, жұбайы, зайыбы, бауырлары, апа-сiңлiлерi, балалары) не өзгедей түрде тендер нәтижесiне жеке мүдделi болып табылса.
12. Әлеуеттi жеткiзiп берушi мен қосылма тұлғаның бiр тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6-тарау. Әлеуеттi жеткiзiп берушiге қойылатын
бiлiктiлiк талаптары
13. Сатып алуға қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс:
1) кәсiптiк бiлiктiлiгiнiң, сондай-ақ сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер рыногында жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
2) сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға қажеттi қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
3) сатып алу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқықтық қабiлетiнiң болуы;
4) таратуға жатпайтын сатып алуды жүргiзу сәтiнде төлемге қабiлеттi болып табылуы, оның мүлкi ауыртпалық түсiруге тиiс емес, оның қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес тоқтатылуға тиiс емес.
14. Әлеуеттi жеткiзiп берушi оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауда тапсырыс берушiге аттестаттарының, куәлiктерiнiң, патенттерiнiң, лицензияларының, сертификаттарының, дипломдарының, анықтамаларының өзге де құжаттарының көшірмелерін ұсынады.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен мiндеттi түрде аудит жүргiзуге белгiленген заңды тұлғалар да соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп бередi.
15. Тапсырыс берушi әлеуеттi жеткiзiп берушiге осы ереженiң 13-тармағында көзделгеннен өзге бiлiктiлiк талаптарын белгілеуге құқығы жоқ.
2-бөлiм. Сатып алуды ашық тендер тәсiлiмен жүзеге асыру
7-тарау. Ашық тендердi ұйымдастыру
16. Ашық тендер өткiзу туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күнге дейiн жиырма күнтiзбелiк күн бұрын мерзiмдi басылымда хабарландыру жарияланымдармен құлақтандырылады.
Тендерлiк өтiнiмдердi қабылдаудың түпкiлiктi мерзiмi мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу процестерi арасындағы уақыт ұзақтығы екi сағаттан аспауға тиiс.
8-тарау. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама)
17. Тендер өткiзу туралы хабарландыру (хабарлама) мынадай мәлiметтердi:
1) тапсырыс берушiнiң атауын және мекен-жайын;
2) сатып алудың атауы, көлемi, сатып алынатын материалды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетудi жеткiзу орнын;
3) сатып алынатын материалдарды, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетулердi жеткiзудiң талап етiлген мерзiмiн;
4) тендер құжаттамасын алудың тәсiлi мен орны және оның құнын;
5) тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн;
6) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнi, уақыты мен орнын;
7) тапсырыс берушi айқындайтын өзге де қажеттi ақпаратты қамтуға тиiс.
9-тарау. Тендерлiк комиссия
18. Хабарландыру жарияланғанға дейiн, ашық тендер өткiзу туралы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған немесе 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жабық конкурс өткiзу кезiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге хабарламалар жiберу кезiнде, тапсырыс берушi тендерлiк құжаттаманы, сондай-ақ тендерлік комиссияның құрамын, тендерлік комиссияның хатшысын бекітеді, ал қажетті болған жағдайда техникалық сарапшыларды белгілейді.
Осы тармақта көрсетілген барлық шешімдер, тапсырыс берушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушының шешімі немесе бұйрығы (бұйрықтар) деп қабылданады.
Тендерлік комиссия тендерлік комиссия құру және сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейін сатып алуды өткізу туралы шешімді тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап іс-қимыл жасайды.
Тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және бес адамнан кем болмауға тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін, тендерлік комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға және үш адамнан кем болмауға тиіс.
Тапсырыс беруші тендерлік комиссия мүшелерінің ішінен тендерлік комиссияның төрағасын тағайындайды.
19. Тендерлік комиссия төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) мерзімді басылымдарда ашық тендер өткізу туралы хабарландыруларды жариялайды;
2) жабық конкурс өткізу туралы әлеуетті жеткізіп берушілерге хабарламалар жібереді;
3) қажет болған жағдайда тендерлік құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
4) тендерлік өтінімдер бар конверттердің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуды жүргізеді;
6) тендерлік өтінімдерді қарайды, бағалайды, салыстырады;
7) тендерлік өтінімдерді осы Ережелерге сәйкес қабылдамай тастайды;
8) тендерлік өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде конкурс қорытындысын шығарады;
9) тендердің қатысушыларын тендер қорытындысы туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
20. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссияның барлық мүшелері қатысқан жағдайда өткізіледі.
Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп есептеледi. Егер дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тендерлiк комиссияның мүшелерi жазбаша түрде баяндалуға және ашу хаттамасына қоса берiлуге немесе тендердiң нәтижелерiн шығаруға тиiс ерекшe пiкiрге құқығы бар.
21. Тендерлiк комиссияның хатшысы тендерлiк комиссиясының мүшесi болып табылмайды және тендерлiк комиссия шешiмдер қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
Тендерлiк комиссияның хатшысы әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге тендерлiк құжаттама ұсынады, тендерлiк құжаттаманы алған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тiркеу журналын жүргiзедi, әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi қабылдайды, тендерлiк комиссия отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және тендерлiк комиссия отырыстарының олар өткеннен кейiн хаттамаларын ресiмдейдi, келiп түскен тендерлiк өтiнiмдер мен тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердiң ұсынылған уақыты мен күнi, әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң (тендерлiк өтiнiмi бар конверттi ұсынушы және тендерге қатысушы тұлғаның) аты-жөнi көрсетiлген, конверттердi ашу рәсiмiне қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiркеу журналын жүргiзедi.
22. Техникалық сарапшылар тендерлiк комиссия құрамына кiрмейдi және тендерлiк комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс құқығы жоқ.
Техникалық сарапшылар әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң тендерлiк құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде қорытынды бередi. Сараптық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi және тендерлiк комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
10-тарау. Тендерлiк құжаттаманың мазмұны
23. Тапсырыс берушi барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге мынадай ақпараттарды:
1) оның ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растауға әлеуеттi жеткiзiп берушiлер ұсынуға тиiстi құжаттардың тiзбесiн;
2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң сипатын, олардың қажеттi техникалық және сапалық сипаттамасын, техникалық ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды қоса;
3) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң санын (көлемiн);
4) сатып алынатын материалдық, қаржылық pеcуpcтар мен қызметтер көрсетулердi жеткiзiп берудiң орны мен шартын;
5) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер көрсетулерді жеткiзiп берудiң талап етiлген мерзiмiн;
6) төлем шартын және сатып алу шартының жобасын;
7) ұтып шыққан тендерлiк өтiнiм деп белгiленуге тиiстi бағалардан басқа, өлшемдердiң сипатын, бағалау әдiсiнiң сипаты мен тендерлiк өтiнiмдердi салыстыруды;
8) тендерлiк өтiнiмнiң бағаларын есептеудiң тәсiлi мен әдiсiн, баға тасымалдау мен сақтандыруға, кеден бажын, салықтар, алымдар мен басқаларды төлеуге арналған шығыстар тәрiздi элементтердi қамтуға тиiс пе, соны көрсетудi қоса;
9) тендерлiк өтiнiмнiң бағасын оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бiрыңғай валютаға сәйкес келтiру үшiн қолданылатын тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен бағамы көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды;
10) тендерлiк өтiнiмдi, сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңнамасына сәйкес жасаудың және ұсынудың тiлiне қойылатын талапты;
11) тендерлiк өтiнiмнiң мерзiмiн көрсететiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң мiндетi туралы ақпаратты;
12) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етуге енгiзiлген тәртiптi, нысанды, мерзiмдi;
13) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi өзгерту немесе қайтарып алу құқығын көрсетудi;
14) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың орны мен түпкiлiктi мерзiмiн және олардың қолданылу мерзiмiн;
15) әлеуеттi жеткiзiп берушiлер көмегiмен тендерлiк құжаттаманың мазмұны бойынша түсiндiру сұрата алатын тәсiлдердi, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң осы кезеңде жеткiзiп берушiлермен ашық нысанда жеткiзiп беретiн және хаттама жасай алатын кездесулер өткiзу ниетi туралы хабарды;
16) тендерлік өтiнiмдер бар конверттердi ашу орнын, күнiн және уақытын (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу уақыты, тендерлiк өтiнiмдердiң ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқтау сәтiнен бастап екi сағаттан аспауға тиiс);
17) тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашу және тендерлiк өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын рәсiмдердi;
18) тендердi өткiзу кезiнде ұсынылатын тапсырыс берушiнiң, оның уәкiлеттi лауазымды тұлғалары туралы мәлiметтердi;
19) әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге - жауапты тауар өндiрушiлерге басымдық берудiң шарты мен тәртiбiн қамтитын тендерлiк құжаттаманы ұсынуға мiндеттi.