24. Материалды, қаржылық ресурстар қызметтер ұғымына кiретiн бiртектес тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу жөнiнде тендер өткiзу кезiнде тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi оларды жеткiзiп беру (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiкке (лотқа) бөлуге мiндеттi. Сонымен бiрге тендердiң жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң әрбiр лоты бойынша айқындалады.
25. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiден тендерлiк құжаттаманың түсiнiктемесiн, тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жиырма күн бұрын сұратуға құқылы. Тапсырыс берушi өтiнiмдi алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей осы сауалға жауап беру және мұндай түсiнiктеменi тендерлiк құжаттама жолдаған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге жiберуге тиiс.
26. Тапсырыс берушi өз бастамасы бойынша тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкілiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн жетi күнiнен кешiкпейтiн мерзiмде немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң сауалына берген жауапқа хаттама ресiмдеу жолымен тендерлiк құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы.
Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндеттi күшi бар және олар туралы тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлер дереу хабардар етiледi. Сонымен бiрге тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiн тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдердегi осы өзгерiстердi әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң ескеруi үшiн кем дегенде он күнтiзбелiк күн мерзiмiне ұзартады.
27. Тапсырыс берушi тендерлiк құжаттамада көрсетілген белгiлi орны мен уақытта тендерлiк құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлермен кездесулер өткiзуге құқылы.
Сонымен бiрге тапсырыс берушi кездесу барысында тендерлiк құжаттаманы түсiндiру туралы қойылған сұрақтарды, сондай-ақ осы сұрақтарға берілген жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама тендерлiк құжаттама ұсынған барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге дереу жiберiледi.
28. Тендерлiк құжаттаманы тапсырыс берушi бекiтедi.
29. Тапсырыс берушi ұсынылған тендерлiк құжаттама үшiн тендерлiк құжаттаманы көшiруге жұмсалған нақты шығыннан аспайтын төлем өндiріп алуға құқылы.
Төлем тапсырыс берушiнiң банктiк шотына немесе оның бухгалтериясына енгiзiледi. Төлем туралы растау тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттаманы алған кезде ұсынылады.
Тендерлiк құжаттама тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiретiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен ұйымдарына, Қазақстан Республикасы мүгедектерi құрған қоғамдық бiрлестiктерiне тегiн берiледi.
11-тарау. Тендерлiк өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi,
мазмұны, оны беру, өзгерту және қайтарып алу
30. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тапсырыс берушiге тендерлiк құжаттамаға сәйкес тендерлiк өтiнiмдi мөрленген түрде ұсынуға мiндеттi.
31. Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн алынған тендерлiк өтiнiм ашылмайды және оны ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге қайтарылады.
32. Тендерлiк өтiнiм онда тендерлiк құжаттамаға сәйкес көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
Тендерге қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынған тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi кем дегенде отыз бес күн болуға тиiс.
Тендерлiк құжаттамада көрсетiлген қолданылу мерзiмi барынша қысқа болса, тендерлiк өтiнiм қабылданбайды.
33. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген, заңды тұлға болып табылатын әлеуеттi тұлғаның тендерлiк өтiнiмi:
1) 3-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн; егер сатып алынған жұмыстар мен қызметтер материалдық, қаржылық ресурстар және қызметтер ұғымына кiрген, лицензияланбаған жағдайда, онда әлеуеттi жеткiзiп берушi орындайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi бар заңды тұлға жарғысынан алынған үзiндiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе сауда тiзiлiмiнен (Қазақстан Республикасының резидент еместерi үшiн) мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiне аудармасы бар нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзiндiнi ұсынуы қажет;
бухгалтерлiк баланс; тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнi алдындағы үш ай iшiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң банк (банктер) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтерiнiң қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөрi бар анықтамасын (егер әлеуеттi жеткiзiп берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады);
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен аудиттi мiндеттi түрде өткiзу белгiленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшiн аудиторлық есебiн;
заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы куәлiктерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
құрылтай шартынан немесе құрылтайшылар құрамы туралы жарғыдан алынған нотариалды куәландырылған үзiндiнi;
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы және тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн жинақтаушы зейнетақы аударымдары туралы, мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын;
төлем мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрленiп, қолы қойылған анықтаманы қамтуға тиiс;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, iлеспе қызметтердiң құнын қоса, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған соңғы бағаны;
4) тауарлардың шыққан жерi мен сапасы куәлiктерiнiң және/немесе сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сондай-ақ сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын;
8) тендерлiк құжаттамаға сәйкес ұсынуға қажеттi және басқа да құжаттарды қамтуға тиiс.
34. Тендерге қатысуға тiлек бiлдiрген жеке кәсiпкерлiк немесе жеке тұлға болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынатын тендерлiк өтiнiм:
1) тендерге қатысуға арналған 5-қосымшаға сәйкес өтiнiмдi және жеке куәлiгiнiң немесе паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжаттардың орын алмастыруға қабылдау туралы iшкi iстер органдары берген анықтаманың көшiрмесiн;
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiге ұсынған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес растау құжаттарын:
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi өндiруге, өңдеуге, жеткiзiп беруге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және/немесе патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған (не заңмен белгiленген нысандағы) көшiрмелерiн; заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң банк (банктер) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтерiнiң қолы қойылған банктiң (банктердiң) мөр соғылған анықтамасын (eгep әлеуеттi жеткiзiп берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады);
әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы және тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш ай үшiн жинақтаушы зейнетақы аударымдары туралы, мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын, төлем мерзiмiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзiмi өткен жағдайларда, осы салық органының бiрiншi басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның мөрi бар қолы қойылған анықтаманы;
3) әлеуеттi жеткiзiп берушi ұсынып отырған бағаны, жеткiзiп берiлетiн материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң, түпкiлiктi бағасын құрайтын әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң барлық нақты шығындарын қамтуға тиiс 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соңғы бағаны;
4) куәлiктердiң және/немесе сертификаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн (не заңмен белгiленген нысандағы көшiрмесiн), сатып алуға арналған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердiң қолайлылығын және тендерлiк құжаттаманың сәйкестiгiн растайтын басқа құжаттарды;
5) техникалық сертификаттарды;
6) ұсынып отырған iлеспе қызметтердi;
7) тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң енгiзiлуiн растайтын құжаттың түпнұсқасын қамтуға тиіс.
35. Әлеуеттi жеткiзiп берушi өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн, сонымен бiрге өзiнiң тендерлiк өтiнiмiн кепiлдi қамтамасыз етiлуiн, қайтаруға берiлген құқығын жоғалтпастан өзгертуге немесе қайтаруға құқылы. Қайтарып алу туралы хабарламаны әлеуеттi жеткiзiп берушi жазбаша нысанда, бiрақ тендерлiк өтiнiмдер ұсынудың түпкiлiктi мерзiмiнен кешiктiрмей жiберуге тиiс.
Тендерлiк өтiнiмдi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдерге өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
36. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде ұсынады және соңғы бетi мөрмен расталады.
Тендерлiк өтiнiмнiң техникалық бөлiгi (тiгiлген, беттерi нөмiрленген түрде заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер үшiн соңғы бетi қойылған қолмен немесе мөрмен расталған) мен банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасы тендерлiк өтiнiмге жеке берiледi.
37. Әлеуеттi жеткiзiп берушi "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп көрсете отырып, тендерлiк құжаттамада тапсырыс берушi қажетiне қарай көрсетiлген тендерлiк өтiнiм көшiрмелерiнiң қажетті санын ұсынады.
Тендерлiк өтiнiм түпнұсқалардың көшiрмелерi машинкада басылуға немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылуға немесе оған әлеуеттi жеткiзiп берушi қол қоюға тиiс.
Тендерлiк өтiнiм жолдарының арасында ешқандай сөз енгiзу, өшiру немесе қосып жазу, әлеуеттi жеткiзiп берушiге грамматикалық немесе арифметикалық қателердi түзету жағдайларын қоспағанда, болмауға тиiс.
38. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмнiң түпнұсқасы мен әрбiр көшiрмесiн, оларды "Түпнұсқа" және "Көшiрме" деп белгiлей отырып, әртүрлi конверттерге салып мөрлейдi. Осы конверттерде әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге тиiс, бұдан кейiн сыртқы конвертке салынып мөрленедi.
Iшкi және сыртқы конверттерде:
1) тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мекен-жай бойынша тапсырыс берушiге жолдануға;
2) "______________________________ сатып алу жөнiндегi тендер"
(тендердiң аты)
және _____________________________________________________________
(тендерлiк құжаттамасында көрсетiлген конверттердi ашу күні және уақыты)
деген сөздер қамтылуға тиiс.
Осы ереженiң 35-тармағында көзделген тендерлiк өтiнiмдi өзгертудi әлеуеттi жеткiзiп берушi дайындауға және тендерлiк өтiнiмнiң өзi сияқты ұсынуға тиiс.
12-тарау. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету
39. Әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде, сонымен бiр мезгілде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық pecурстap мен қызметтер құнының үш процентi мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
40. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылған ақша кепiлi;
2) банк кепілі түрінде ұсынылуы мүмкін.
Тендерлiк өтiнiмдi ақша кепiлi түрiнде қамтамасыз етудi әлеуеттi жеткiзiп берушi тапсырыс берушiнiң тиiстi шотына енгiзедi.
41. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi тендерлiк өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиic.
42. Тапсырыс берушi тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай:
1) тендерлiк өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;
2) сатып алу шарты күшiне енген;
3) тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған;
4) тендерлiк құжаттама талаптарына жауап бермейтiн ретiнде тендерлiк өтiнiмдi қабылдамаған;
5) тендер жеңiмпазын айқындамастан сатып алу рәсiмiн тоқтатқан жағдайлар болған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарады.
43. Тендерлiк өтiнiмдi қамтамасыз ету тендерлiк өтiнiмдi және оның қамтамасыз етiлуiн ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiге егер әлеуеттi жеткiзiп берушi:
1) тендерлiк өтiнiмдi берудiң түпкілікті мерзiмi аяқталғаннан кейiн тендерлiк өтiнiмдi қайтарып алған немесе өзгерткен;
2) сатып алу шартын жасамаған, егер ол тендер жеңiмпазы деп белгiленген жағдайларда қайтарылмайды.
44. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушi тендерлiк өтiнiмдi ұсынған кезде сонымен бiр мезгiлде тендерлiк құжаттамада көзделген тәсiлмен және шарттар нысанында оның тендерлiк өтiнiмiнде ұсынылған сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтер құнының бiр жарым процентi мөлшерiнде кепiлдi қамтамасыз етудi енгiздi.
13-тарау. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу
45. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi тендерлiк құжаттамада көрсетiлген мерзiмде және орында тендерлiк комиссия ашады.
Әлеуеттi жеткiзiп берушілер не олардың өкiлдерi тендерлiк өтiнiмдердi ашу кезiнде қатысуға құқылы.
46. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу кезiнде тендерлiк комиссия қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң атауы мен мекен-жайын, олар ұсынған бағаларды, жеткiзiп берудiң шарты мен төлемiн, тендерлiк өтiнiмдердi қайтарып алу мен өзгертудi, егер олар құжаттамада көрсетiлсе, тендерлiк өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы мен болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және осы ақпаратты тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасына тiркейдi. Тендерлiк өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысқан әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге берiледi.
14-тарау. Тендерлiк өтiнiмдердi
бағалау және салыстыру
47. Тендерлiк өтiнiмдердi бағалағанда және салыстырғанда:
1) тендерлiк комиссия әлеуеттi жеткiзушiден олардың тендерлiк өтiнiмдерiне сәйкес түсiнiк сұраттыруға құқылы;
2) тендерлiк өтiнiмдi тендерлiк құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтiн ұсыныстар және рұқсаттар бойынша сауалдама жасауға жол берiлмейдi.
48. Тендерлiк комиссия өтiнiмдi мынандай жағдайда керi қайтарады:
1) әлеуеттi жеткiзуші бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерлiк құжатта қаралған шартқа сәйкес әлеуеттi жеткiзушi өтiнiмнiң сол нысандағы көлемде өтiнiмдi қамтамасыз етпесе;
3) тендерлiк өтiнiм тендерлiк құжаттың талаптарына жауап бермесе;
4) тендерге қатысуға жiберiлген әлеуеттi жеткiзушiлердiң тендерлiк өтiнiмдерiнiң бағалары осы материалдық, қаржылық ресурстар мен қызметтердi сатып алуға бөлiнген қаржыдан артық болса.
49. Тендерлiк комиссия тендердi немесе сатып алуды қандай-да лот бойынша мынадай жағдайда өткерiлмеген деп таниды:
1) тендерде қатынасу үшiн бiлiктiлiк талаптарын қанағаттандыратын екi әлеуеттi жеткiзушiден кем өтiнiм түскен жағдайда;
2) материалдық, қаржылық ресурстар және қызметтер ұғымына кiретiн бiркелкi тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша тендер өткiзген кезде, қандай да лот бойынша өткiзiлмедi деп есептеледi, егер осы лот бойынша бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн екi әлеуеттi жеткiзушiден кем өтiнiм берiлсе;
3) тендерлiк құжаттардың талаптарына жауап бере алмағандықтан тендерлiк өтiнiмдердiң барлығы керi қайтарылған уақытта.
50. Егер тендер жалпы немесе қандай да лот бойынша өткiзiлмеген деп танылған кезде, тапсырыс берушi:
1) тендерлiк құжаттардың мазмұнын өзгертедi және қайтадан тендер өткiзедi;
2) тендердi екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып өткiзедi.
51. Тендерлiк комиссия тендерге қатысу үшiн түскен тендерлiк өтiнімдердi бағалайды және салыстырады, мынадай өлшемдер негiзiнде немесе тендердiң ең төменгi бағасы бойынша жеңiмпазды анықтайды:
1) пайдалануға кеткен шығыны, материалдық ресурстарды жөндеу және техникалық қызмет;
2) материалдық, қаржылық ресурстар мен қызмет көрсетудiң мерзiмi;
3) материалдық ресурстардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасы;
4) төлемнiң шарты;
5) материалдық және қаржылай ресурстарға кепiлдiк талаптары;
6) отандық тауар өндiрушілердi - әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi қолдау;
7) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк туралы деректерi.
52. Тендерлiк комиссия тендерлiк жеңiмпазды анықтаған кезде отандық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тендерлiк өтiнiмiнiң бағасын шартты 20 пайызға төмендетедi.
Отандық тауар өндiрушiлер - 85 пайыздан кем емес жергiлiктi еңбек ресурстарын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резидентi және Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға дайын тауар өндiретiн, заңды немесе жеке тұлға.
53. Тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысын тендерлік өтiнiмдер конверттерi ашылғаннан кейiн он күн мерзiмiнен кешiктiрмей қорытындылайды.
54. Тапсырыс берушi тендердiң қорытындысы белгiлi болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде тендерге қатынасқан барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлердi тендердiң нәтижесiмен таныстырады. Хабарлама мынадай ақпараттарды қамтуы керек:
1) тендерде сатып алынған материалдық, қаржылық ресурстар мен қызмет түрлерінің атаулары;
2) тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы;
3) жеңiмпаз ұсынған бiрлiк заттың құны, сондай-ақ барлық материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жалпы сомасы.
55. Тапсырыс берушi тендер жеңiмпазымен сатып алу туралы шартқа қол қойғаннан кейiн үш күн iшiнде уәкiлеттi органға көшiрмелердi ұсынады:
1) тендерлiк өтiнiмдер конверттерiнiң ашылу хаттамаларын;
2) тендердiң қорытындысы туралы хаттаманы;
3) тендер жеңiмпазымен сатып алуға жасалған шарт;
4) тендер өткiзу және қорытындысы туралы хабарлама;
5) тендерлiк құжаттар.
15 тарау. Тендердiң қорытындысы туралы хаттама
56. Тендер арқылы сатып алуды iске асырған кезде, тендерлiк комиссия тендердiң қорытындысы жөнiнде мынадай ақпаратты қамтитын хаттаманы рәсiмдеуге мiндеттi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң қысқаша сипаттамасы мен атауы;
2) тендерлiк өтiнiмдi ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң мекен-жайлары мен атаулары;
3) тендерлiк өтiнiм ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi;
4) әр тендерлiк өтiнiмнiң бағасы мен басқа негiзгi шарттары;
5) тендерлiк өтiнiмдердi салыстыру мен бағасын жазу;
6) тендерлiк өтiнiмдi керi қайтарғанда - оларды керi қайтарудың негiздерi;
7) әр лот бойынша тендер жеңiмпазының атауы мен мекен-жайы, жеңiмпазды анықтаудың шарттары;
8) егер тендер жеңiмпазы анықталмаған кезде - комиссияның ондай шешiм қабылдауға негiзi; тендерлiк құжаттарды сұрастырудың толық жазбасы, оларға жауаптар, сонымен қатар тендерлiк құжаттардың өзгертулерi мен толықтыруларына жазбалар;
9) сатып алу туралы шартқа қол қойылатын мерзiмi (тендер жеңiмпазының хабарды алған күнiнен бастап үш жұмыс күнiнен артық eмec);
10) техникалық сарапшылар тарту туралы ақпарат.
57. Тендерге қатысушының талабы бойынша оған тендер жеңiмпазының таңдалуы жайында және нәтижесi туралы толықтай ақпарат жазба түрiнде берiлуi тиiс.
3-бөлiм. Басқа жолдармен сатып алуды iске асыру
16-тарау. Жабық тендер
58. Материалдық, қаржылық ресурстар және қызмет көрсету түрлерi өзiнiң күрделi және мамандандырылған сипатына байланысты шектеулi әлеуеттi жеткiзiп берушiлерде ғана болған жағдайда, ол туралы тапсырыс берушiге белгiлi болған жағдайда, уәкiлеттi органмен келiсiлiп жабық тендер өткiзiледi.
59. Жабық тендер өткiзу туралы хабар барлық әлеуеттi жеткiзiп берушiлерге, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызмет түрлерi оларда нақтылай болғанда, тендерге қатынасуға өтiнiмдердi қабылдаудың мерзiмi аяқталуына жиырма күн қалғаннан кешiктiрiлмей жiберiледi.
Хабар жiберiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
60. Жабық тендер арқылы сатып алу iске асырылған кезде осы Ереженiң 2-бөлiмiнде қаралған нормалар қолданылады.
17-тарау. Екi кезеңдiк рәсiмдеу арқылы
өткiзiлетiн тендер
61. Екi кезеңдiк рәсiмдеу арқылы тендер мынадай жағдайда өткiзiледi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызмет түрлерiнiң айрықшылығына байланысты қалыптастырудың, сондай-ақ техникалық мiнездемесiнiң және сапа көрсеткiшiн анықтаудың күрделiлiгi;
2) ғылыми зерттеулер, тәжiрибелер, iздестiрулер, әзiрлеулер жасаудың қажеттiгi;
3) бiр кезеңдiк ашық немесе жабық тендер өткiзу жеңiмпазды анықтай алмаса.
62. Екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендер өткiзу келесi кезеңдердiң жиынтығы болып есептеледi:
1) тендерлiк құжаттардың негiзiнде әлеуеттi жеткiзiп берушiлерден сатып алынатын материалдық, қаржылай ресурстардың және көрсететiн қызмет түрлерiнiң техникалық, сапалық сипаттамасы, оларды жеткiзудiң талаптары (орындалуы, көрсетiлуi); әлеуетi жеткiзiп берушiнiң өтiнiмдерге сәйкес ұсынған алғашқы өтiнiмiн бағаны көрсетпестен қарау; әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; керек болған жағдайда материалдық, қаржылық ресурстардың және көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң тиiстi бiлiктiлiк талаптарына, техникалық, сапалық және басқа сипаттарға сәйкестiгi, шарттың жағдайы, оларды жеткiзу (орындалуы, көрсетiлуi);
2) әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң ұсынған техникалық, сапалық және басқа да, материалдық, қаржылай ресурстар және көрсететiн қызмет түрлерi сипатының негiзiнде тапсырыс берушiнiң тендерлiк құжатқа өзгерту енгiзуi; тендердiң бiрiншi кезеңiнен өткен әлеуеттi жеткiзiп берушiлердiң түпкiлiктi өтiнiм беруi; оны бағалау және баға ұсынысына, өлшем белгiсiне байланысты салыстыру; тендердiң қорытындысын шығару.
63. Түпкiлікті тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқаннан соң он күндiк мерзiмнен асырмай тендерлiк комиссия екi кезеңдiк рәсiмдi пайдаланып тендердiң қорытындысын шығарады.
18-бөлiм. Бағалар ұсыныстарына сұраным
64. Бағалар ұсыныстарын пайдалану арқылы жеткiзушiнi таңдау айрықшылығы, тапсырыс берушi үшiн мәндiлiкке ие емес, қолда бар материалдық ресурстарды шешушi талап баға болып табылатын ретпен жүргiзiледi.
65. Бағалар ұсынысы туралы сауал салу, егер бiр жылда қандай-да бiр материалдық ресурстарды сатып алу көлемi екi мың еселiк айлық есептеу көрсеткiшiнен артпаса, Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген тәртiп бойынша пайдаланылады.
66. Баға ұсыныстары бойынша жеткiзушiнi таңдау мақсатында жыл бойы сатып алынатын бiркелкi материалдық ресурстардың көлемiн қаржыландыру жылы бойынша бөлшектеуге жол берiлмейдi.
67. Тапсырыс берушi сатып алынатын материалдық ресурстар бойынша ұсыныстарды жазба түрде екеуден кем емес тапсырушымен өздерi қосылған және/немесе әлеуеттi жеткiзiп берушiден түскен барлық баға ұсыныстарын белгiленген мерзiмде қарайды, сатып алу туралы шарт тапсырыс берушi мен ең төменгi баға ұсынған әлеуеттi жеткiзiп берушi арасында жасалады.
19-бөлiм. Бiр көзден сатып алу және
оны қолдану талаптары
68. Бiр көзден сатып алу - бұл сатып алудың тендердi пайдаланбай атқарылатын түрi және мынадай жағдайларда өткiзiледi:
1) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар және көрсетiлетiн қызметтер тек табиғи монополия субъектiсi болып табылатын әлеуеттi жеткiзiп берушiде болғанда немесе қандай-да рыноктың субъектiсi тиiстi тауардың (жұмыстар, қызмет көрсету) бiрден бiр әлеуеттi жеткiзiп берушiсi болған жағдайда;
2) табиғи апаттарға байланысты төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда (жер сiлкiну, топан су, сел), табиғи өрттер, эпидемия және эпизоотиялар, ауылшаруашылық өсiмдiктерiн және ормандарды ауру және зиянкестер басқан кезде, өндiрiс, транспорт, басқа да апаттар кезiндегi, төтенше жағдайларда, өрттерде (жарылыстарда), улы, радиоактивтi, биологиялық қатерлi заттар тараған кезде, ғимараттар мен имараттар кенеттен қираған кезде, плотиналар бұзылғанда, электроэнергетикалық және коммуникациялық өмiршең жүйелер, тазалау имараттары апаты болғанда, осы тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетуге қажеттi тапшылық шұғыл орнағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында бекiтiлген талаптарға сәйкес тендер өткiзу жүргiзiлмейдi;