3) тапсырыс берушi тауарлар, жабдықтар, технология немесе қызмет көрсетудi бiреуден сатып алған болса, сол жеткiзушiден унификациялау және стандарттау мақсатында және бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиялармен және қызмет көрсету бойынша үйлесiмдiлiк орнату үшiн;
4) тендер өткiзу мүмкiндiгi екi рет орын ала алмаған жағдайда және тапсырыс берушiнiң осы Ережедегi 50-тармақты орындауға бағытталған қимыл шарасы сатып алу шартын түзуге алып келмесе.
69. Бiр көзден сатып алуды жүргiзген жағдайда тапсырыс берушi әлеуетi жеткiзушiден ол ұсынатын барлық тауарларға бағалардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудiң қажеттi негiздемелерiн сұраттырады.
70. Тапсырыс берушi бiр көзден сатып алған кезде мынадай ақпарат бар хаттама түзуi керек:
1) бiр көзден сатып алудың тәсiлiн негiздеу;
2) сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстар мен көрсететiн қызметтердiң сипаттамасы;
3) сатып алу жөнiнде шарт түзiлетiн әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы мен мекен-жайы және осы шарттың бағасы.
20-тарау. Ашық тауар биржалары арқылы сатып алу
71. Егер сатып алу процесi кезiнде алынатын тауар тек ашық тауар биржасының тiзiмдемесi арқылы сатылатын болған жағдайда, сатып алу Қазақстан Республикасының тауарлы биржалар туралы заңнамаларына сәйкес атқарылады.
21-тарау. Сатып алу шарты
72. Тендердiң қорытындысы шығарылғаннан кейiн үш күн аралығында тендерлiк өтiнiмнiң жеңiмпазы болғаны жөнiндегi ақпарат тапсырыс берушiнiң қолы қойылған жазбаша хабарлама шартпен қоса әлеуеттi жеткiзушiге жiберiледi.
Шарт, жақтардың өкiлдерi қолдарын қойғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
73. Конкурстың жеңiмпазы оның өтiнiмi жеңiмпаз деп танылғаны туралы хабарламаны және сатып алу шартының жобасын алған сәттен бастап үш күннiң iшiнде шартқа қол қояды немесе орын алған келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартқаны туралы тапсырыс берушiге жазбаша хабарлама бередi.
74. Тендердiң жеңiмпазы болған әлеуеттi жеткiзiп берушi 73-тармақта белгiленген мерзiмде шартқа қол қоймаған жағдайда, тапсырыс берушi өлшемi жағынан жеңiмпаздан кейiнгi, ұсынысы Ереженiң 51-тармағында бекiтiлгендей тапсырыс берушi үшiн басым тиiмдiлiгi бар, тендердiң басқа қатысушысымен шартқа отыруға құқылы және ол туралы тендердiң қорытындысы жөнiндегi хаттамада расталады.
75. Жеткiзушiнi таңдауға негiз болған, ұсыныстың мазмұнын өзгертiп жiберуi мүмкiн болатын сатып алу туралы қол қойылған шартқа, сатып алу туралы шарттың жобасына жаңадан талаптар мен өзгертулер енгiзуге тиым салынады.
76. Табиғи уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсi Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын бұза отырып тендер жеңiмпазымен шарт жасасқанға дейiн, оның нәтижесiн қабылдамауға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткiзуге мiндеттеуге құқылы.
77. Сатып алу туралы шартқа Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормалары қолданылады.
22-тарау. Осы Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
78. Уәкiлеттi орган, табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (баға, алым ставкасы) бекiту туралы өтiнiмiн oсы Ережеде бекiтiлген тендер өткiзу талаптары бұзылған жағдайда кері қайтаруға құқылы.
79. Осы Ереженiң бұзылғандығына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
1-қосымша
Алда тұрған тендер туралы хабарландыру нысаны
Мынадай материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) құнын көрсетпей-ақ қысқаша сипаттау);
(сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс беруші сілтеме жасауға құқылы) сатып алу жөнiнде ___________________________ тендердi
(тапсырыс берушiнiң атауы)
өткiзу туралы хабарлайды.
Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) керек. (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң немесе жұмыстардың орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
Жеткiзудiң (орындалудың, көрсетiлудiң) _______________ талап етiлген мерзiмi.
Тендерге бiлiктiлiк талаптарына сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн "___"_______ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақытын көрсету) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________________, бөлменiң N ____ ____ _____ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатты ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _______ мекен-жай бойынша алуға болады.
Тендерлiк құжаттама пакетiнiң құны _____ теңге құрайды және _______ eceбіне кіргiзіледі (тапсырыс берушiнiң тиiстi шотын көрсету) (осы абзац шығарылады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер, конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытын және күнiн көрсету) дейін.
Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер (уақытты және күнiн көрсету) мынадаЙ мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады. Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттердi ашқан кезде әлеуеттi жеткiзiп берушi қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмiрiн көрсету) телефон арқылы алуға болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
2-қосымша
Жабық тендердi өткiзу туралы хабарлау нысаны
Кiмге __________________________________________ мынадай
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып алу жөнiнде (материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң және олардың санын (көлемiн) қысқаша сипаттау);
(сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердiң толық тiзбесi, олардың саны мен тендерлiк құжаттамада көрсетiлген жан-жақты ерекшелiгiне тапсырыс берушi сiлтеме жасауға құқылы) _______________________________________________ жабық тендердi өткiзу
(тапсырыс берушiнiң атауы)
туралы Сiзге хабарлайды және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Материалдық және қаржылық ресурстар жеткiзiлуi керек. (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi) (материалдық, қаржылық ресурстардың жұмыстардың немесе қызметтердiң орындалған/көрсетiлген жеткiзiлетiн орнын көрсету).
Жеткiзудiң (орындалудың/көрсетiлудiң) _______________ талап етiлген мерзiмi.
Тендерге бiлiктiлiк талаптарға сай болатын ереженiң 13-тармағында көрсетiлген барлық жеткiзiп берушiлер жiберiледi.
Тендерлiк құжаттама пакетiн "__"__________ _____ жыл мерзіміне дейiн (тендерлiк өтiнiмдер бар конверттi ашқанға дейiн 24 сағат iшiндегi күні мен уақыты) қоса берiлген мекен-жай бойынша _________ бөлменiң N ____ _____ ______ сағат iшiнде немесе тендерлiк құжаттаманың төлемi туралы әлеуеттi жеткiзiп берушi құжатын ұсынғаннан кейiн электрондық пошта арқылы _________ мекен-жай бойынша алуға болады.
Тендерлік құжаттама пакетінің құны ______ теңге құрайды (осы абзац алынып тасталады, егер төлем алдын-ала ескерiлмесе).
Тендерге қатысуға арналған тендерлiк өтiнiмдер конверттерде мөрленген, әлеуетті жеткiзiп берушілермен (тапсырыс берушiнiң атауын көрсету) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайды, бөлменiң N көрсету) ұсынылады (жолданады).
Тендерлiк өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi (уақытты және күндi көрсету) дейiн.
Тендерлiк өтiнiмдер бар конверттер мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайын, бөлменiң N көрсету) ашылады (уақыты және күнін көрсету). Тендерлік өтінімдер бар конвертті ашқан кезінде әлеуетті жеткізіп берушілер қатыса алады.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы (телефон нөмірін көрсету) телефон арқылы алуға болады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
шығындары олар көрсететiн қызметтерге
тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын)
қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн
материалдық, қаржылық ресурстарды
және қызметтердi сатып алу ережесіне
3-қосымша
(Кiмге) _______________________________________
(тапсырыс берушiнiң атауы)
(Кiмнен) ______________________________________
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
Тендерге қатысуға арналған өтiнiм
(заңды тұлғалар үшiн)
__________________________________________________________
(тендердiң атауы)
тендердi өткiзу жөнiндегi тендерлiк құжаттамаларды қарап, алынуы осымен
куәландырылатын, тендерлiк құжаттамаға сәйкес
____________________________________________________ жалпы
(цифрамен және жазбаша)
сомаға тауарлардың (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мынадай лоттар
бойынша
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(лоттар бойынша материалдық және қаржылық ресурстарды және
қызметтердi жан-жақты сипаттау)
____________________________________________________________
(әлеуеттi жеткiзiп берушiнiң атауы)
жеткізілуін жүзеге асыруды ұсынады.
Осы тендерлiк өтiнiм мыналардан тұрады:
1. ___________________________________
2. ___________________________________
3. ___________________________________
4. ___________________________________
5. ___________________________________
6. ___________________________________
7. ___________________________________
8. ___________________________________
9. ___________________________________