44-79. "Оңтүстiк Қазақстан ветеринария ғылыми-зерттеу Шымкент қаласы
станциясы" қазыналық кәсіпорны
44-80. "Көктал" жүгерiнiң аталық нысандары Алматы облысы,
тұқымдарын қайта өңдеу зауыты" Панфилов ауданы".
қазыналық кәсіпорны
ҚР Үкіметінің 25.02.03 ж. N 202 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына:
1-тармақта Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрамына енгізілсін:
"Есімов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің
орынбасары - Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрі".
3. "Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі N 1020 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша елдің басқа аймақтары мен елді мекендерінен экономикалық перспективалы аймақтар мен елді мекендерге қоныс аударуы ынталандыруға жататын адамдар санын анықтайды;".
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы N 1096 қаулысымен 4-тармақтын күші жойылды
4. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
9-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттiң аграрлық және аймақтық саясатын, стратегиялық жоспарларын, басымдықты және өзге де мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеуге, iске асыруға және үйлестiруге қатысады;";
бұл абзацтағы өзгерiс алдыңғы абзацта қамтылған;
5) тармақшада "кәрiз," деген сөзден кейiн "ауыл шаруашылығы ғылымы, аймақтық даму," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) облыстарды, Астана және Алматы қалаларын әлеуметтiк-экономикалық дамыту жоспарларын өз құзыреті шегiнде келiседi;
6-2) елдi мекендердiң, жекелеген аймақтардың экономикалық перспективалығын анықтау үшiн негiзгi өлшемдердi әзiрлейдi;
6-3) бюджет қаражаты, мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар есебiнен қаржыландырылатын агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инвестициялық жобаларға қорытындылар бередi;
6-4) ауыл шаруашылығы ғылымы саласындағы мемлекеттiк саясатты өз құзыретiнiң шегiнде iске асырады;
6-5) аймақтық саясатты iске асыруда мемлекеттiк органдарға көмек көрсетедi;
6-6) мемлекеттiң аймақтық саясатын iске асыру бойынша және Министрлiктiң өз құзыретiн iске асыруы жөнiндегi өзге де шараларды әзiрлеу бойынша ұсыныстар енгiзедi;
6-7) елдiң басқа аймақтарынан және елдi мекендерiнен экономикалық перспективалы аймақтар мен елдi мекендерге қоныс аударуы ынталандыруға жататын адамдар санын келiседi;";
7) тармақша "саясатты" деген сөзден кейiн ", мемлекеттiң аймақтық саясатын" деген сөздермен толықтырылсын;
10-3) тармақша "бағдарламаларды" деген сөзден кейiн ", ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулердi" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшада:
"және iске асыру" деген сөздер ", iске асыру және үйлестiру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салаларында" деген сөзден кейiн ", ауыл шаруашылығы ғылымы саласында өзiнiң құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) аймақтық саясатты iске асыруға қатысу;";
16-тармақтың екiншi абзацында "орынбасарлары (вице-министрлерi)" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Бiрiншi вице-министр Министр болмаған кезде оны ауыстырады, Министрлiк құрылымдық бөлiмшелерінiң қызметiн үйлестiредi, Министр оған жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.".
5. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрлерi 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 96, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 114, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 124, 125, 126-127, 129, 130, 131, 132, 133, 135, 136, 137, 138, 140, 142, 144, 145, 146, 147-жолдар алынып тасталсын.