Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 ж. 1 қазандағы № 983 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.02.99 ж. № 170; 22.10.99 ж. № 1585; 29.10.99 ж. № 1624; 20.12.99 ж. № 1942; 06.01.00 ж. № 16; 26.05.00 ж. № 801; 22.01.01 ж. № 101; 02.09.01 ж. № 1133; 04.12.01 ж. № 1559; 07.02.02 ж. № 176; 28.06.02 ж. № 704; 08.07.02 ж. № 732; 02.10.02 ж. № 1083
02.11.02 ж. № 1163 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінiң 2003 ж. 25 ақпандағы № 202 Қаулысымен осы Қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшiн әлемдiк экономикалық дағдарыстың дамуына тұрақты мониторинг ұйымдастыру және оның елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына тигiзетiн зардаптарын жұмсарту жөнiнде қажеттi ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құрылсын:
ҚР Үкіметінің 24.02.99 ж. № 170; 22.10.99 ж. № 1585; 29.10.99 ж. № 1624; 20.12.99 ж. № 1942; 06.01.00 ж. № 16; 26.05.00 ж. № 801; 22.01.01 ж. № 101; 02.09.01 ж. № 1133; 04.12.01 ж. № 1559; 07.02.02 ж. № 176; 28.06.02 ж. № 704; 08.07.02 ж. № 732 қаулыларымен құрам өзгерді
ҚР Үкіметінің 02.10.02 ж. № 1083 қаулыcымен құрам жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 02.11.02 ж. № 1163 қаулысымен құрам толықтырылды
Павлов Александр Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Кеңестің мүшелері:
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары |
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Марченко Григорий Александрович | - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы (келісім бойынша) |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Өтембаев Ержан Әбілқайырұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы. |
Шалғымбаев Қамбар Басарғабызұлы | - "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
2. Кеңеске капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыноктарында қалыптасатын жағдайына талдау жасау үшiн заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардың мамандарын, отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға рұқсат етiлсiн.
3. Кеңестiң басшысы мемлекеттiң Басшысына жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы апта сайын баяндап отырсын және қажеттiлiгiне қарай тиiстi шешiмдер қабылдау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Н. Балғымбаев |