Қазақстан Реснубликасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетінің
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 19 маусымдағы N 674 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.09.02 ж. N 962 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы N 695 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 29 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
ҚР Үкіметінің 03.09.02 ж. N 962 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды
2. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 48 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 2, 20-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі (Қаржыминi) туралы ережеде:
11-тармақтың 20) тармақшасында "жергілікті" деген сөздiң алдынан "республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жүйесiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 1 наурыздағы N 338 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 11-12, 125-құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 22, 276-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 2-тармағы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 19 маусымдағы
N 674 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қаржы бақылау комитеті туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қаржы бақылау комитеті (бұдан әрi - Комитет) республикалық және жергілiктi бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi құзыретiнiң шегiнде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттiң облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары бар.
2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгіде бланкiлерi бар. Комитеттiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде бюджеттiк шоттар мен шоттары болуы мүмкiн. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде әрекет етуге құқығы бар.
4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар тиiстi кесiмдер шығарады.
5. Комитеттiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33, Абай даңғылы, 52, Министрлiктер үйi.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті" мемлекеттiк мекемесi.
Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің қызметi тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Егер заңнамалық кесiмдермен Комитетке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Негiзгi міндеттер
9. Комитеттің негiзгi міндеттерi:
республикалық бюджеттің атқарылуын ішкi бақылауды және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын iшкi бақылаудың және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын сыртқы бақылаудың әдiснамасын және әдiстемесiн әзiрлеу.
3. Функциялар
10. Қойылған мiндеттерге сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) pеспубликалық бюджеттiң атқарылуын бақылау саласында орталық мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерінің іс-әрекетін үйлестiредi;
2) орталық мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімдiлігiн арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiне және мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргiзудiң тиiстi кесiмдерiн, сондай-ақ хабардарлық үшiн тиiсті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жiбередi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілiкті бюджеттер қаражаттарының мақсатсыз әрi тиiмсiз пайдаланылуын анықтау, тыю және болдырмау жөнінде шаралар қолданады;
5) объектiлер лауазымды адамдарының республикалық және жергіліктi бюджеттердiң қаражаттарын пайдаланудағы iс-әрекеттерiнде қылмыстар белгiлерiн анықтаған жағдайларда бақылау материалдарын, Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылуының өзге де фактiлерiн құқық қорғау органдарына бередi;
6) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау саласында кадрлардың бiлiктiлiгiн көтерудi және қайта даярлануын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Құқықтар
11. Міндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Комитет мыналарға құқылы:
1) мыналарды бақылауды жүзеге асыру:
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасы талаптарын сақтауы;
республикалық бюджетке түсiмдер: шаруашылық серiктестіктерiндегi мемлекеттік үлестерге табыс, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар таза табысының үлестерi, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне дивидендтер, мемлекеттік мекемелерге бекiтiлген мүлiктердi сатудан алынған қаражаттар толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде мемлекеттiк органдардың қызметі;
Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша сатып алу-сату және республикалық мемлекеттік мүлікті жалдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiнің тиiстi өтiнуi болған жағдайда, оларды сенімді басқару шарттары (келісім-шарттары) бойынша мiндеттемелердiң орындалуы;
республикалық бюджеттен берiлген бюджет қаражаттарының, оның iшінде кредиттердің, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың мақсатты пайдаланылуы;
республикалық бюджет, оның iшiнде мемлекеттік тапсырыс бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлері алған қаражатты пайдаланудың тиiмдiлігі;
республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердің қаржылық есептiлiгi;
2) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасы талаптарының бұзылу себептерiне баға беру;
3) бекiтiлген республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) экономикалық тиімділiгіне және орындылығына баға беру;
4) өздерi белгілеген мерзiмде бақылау объектiлерiнен республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсiндiрмелер сұрау және алу;
5) орталық атқарушы органдардың iшкi бақылау қызметтерiнен жоспарлар, есептер және өзге де қажеттi ақпарат алу;
6) республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуында анықталған бұзушылықтар фактiлерi бойынша бақылау объектiлерiнiң лауазымды адамдарын тыңдау;
7) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына бақылау жүргiзуге мемлекеттiк органдардың тиiстi мамандарын тарту;
8) заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиялар құпиялылығы режимiнiң сақталуын ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу мәселелерiне жататын құжаттамамен кедергiсiз танысу;
9) нормативтiк құқықтық базаны және бақылау жүргiзу әдiстемесiн жетiлдіру мәселелерi бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
10) акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi иеленуге және пайдалануға берiлген мемлекеттiк органдарға мемлекеттiк сыртқы немесе iшкi бақылау органдарының қызметкерлерiн акционерлiк қоғамдар тексеру комиссияларының құрамына кiргiзудi ұсыну;
11) шетел мемлекеттерiнiң мемлекеттiк аудит пен бақылау органдарымен және халықаралық ұйымдармен байланыстарды қолдау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ынтымақтастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасасу және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы халықаралық ұйымдардың құрамына кіру;
12) бақылау нәтижелерi бойынша бақылау жүргiзу актiлерiн жасау және ұйымдар лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою туралы жазбаша нұсқаманы жiберу;
13) бақылау жүргiзу барысында алынған құжаттардың куәландырылған көшiрмелерiн немесе тiзілімiн акт бойынша бақылау объектiлерiне қалдыра отырып, құқық қорғау органдарына бақылау жүргiзу актiлерiн берген кезде оларға құжаттардың түпнұсқасын қоса тiркеу;
14) республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жүргiзуге шарттық негiзде және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiмен келiсiм бойынша тәуелсiз жеке аудиторлық ұйымдарды олардың көрсеткен қызметiне республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегiнде ақы төлей отырып, тарту;
15) құқық қорғау, салық және өзге де мемлекеттiк органдардан оларға Комитет және оның аумақтық бөлiмшелерi берген бақылау жүргiзу материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат алу;
16) бюджет қаражатын пайдаланудағы бұзушылық фактiлерi бойынша тексеру жүргiзу туралы қылмыстық қудалау органдары қаулыларының негiзiнде жоспардан тыс бақылау жүргiзу;
17) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк жазалар қолдану;
18) Комитеттің құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiне консультациялар беру;
19) бюджеттік заңнаманы қолдану практикасын талдауға және қорытуға қатысу, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау және өз құзыреті шегiнде тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
5. Мүлiк
12. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Комитеттің мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен құралады, оның құны мемлекеттiк органның теңгерiмiнде көрсетіледі.
13. Комитетке бекiтiлiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
6. Қызметін ұйымдастыру
15. Комитет және оның аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
Төраға және оның орынбасарлары Комитеттiң басшылығын құрайды.
Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапты болады.
Төраға осы мақсатта:
1) өзi орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгілейдi;
2) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде Комитеттiң құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келiсiм бойынша бeкітедi;
3) өз құзыретi шегiнде Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
4) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн ынталандырады, сондай-ақ оларға тәртіптiк жаза қолданады;
6) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкiлдiк етедi;
8) Қазақстан Республикасының Yкiметiн тиiстi шаралар қабылдауы үшiн бақылау нәтижелерi туралы хабардар етедi;
9) бақылау жүргiзудiң кезеңдiлігін және ұзақтығын анықтайды;
10) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Төраға болмаған уақытта оның мiндетiн Төраға белгiлейтiн орынбасарларының бiрi атқарады, ол Комитеттiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Төраға жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
7. Қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.