Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 қаңтардағы № 48 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87; 19.06.02 ж. № 674; 03.09.02 ж. № 962
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.11.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 03.09.02 ж. № 962 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереже бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 наурыздағы № 207 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж, № 8, 59-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қаңтардағы
№ 48 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 03.09.02 ж. № 962 қаулысымен осы ереженің күші жойылды
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі туралы
(Қаржыминi)
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде мемлекеттік қаржыларды басқару мен бақылау саласында салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ мемлекеттік меншiктi есепке алуды және оның пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитетi, Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi, Қаржылық бақылау комитетi, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң актілерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктiң, егер заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретіндегi мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар түрiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi болатын актiлер шығарады
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
472000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, Министрлiктер үйi.
7. Министрлiктiң - мемлекеттік мекеменiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі".
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заң актілерiмен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.
2. Негiзгi мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
1) салық және ақша-несие саясатымен өзара iс-қимылда мемлекеттік бюджет саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттік салық саясатын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
3) мемлекеттік меншiктi пайдаланудың мониторингi жүйесiн жасау және дамыту, мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгін арттыру;
4) ұтымды үкіметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды жүзеге асыру;
5) үкiметтiк заемдар мен Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес заемдары бойынша мемлекеттік кепілдiктер жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштың мониторингi мен оны басқару;
7) республикалық және жергілiктi бюджеттердi жоспарлау және олардың атқарылуы бухгалтерлiк есеп, есептілiк және аудит бойынша әдiстемелiк басшылық, бюджеттік бағдарламалау әдiстерiн және мемлекеттік шығыстарды функционалдық талдаудың әдiстемесiн енгізу;
8) республикалық және өз құзыретiнiң шегiнде жергілiктi бюджеттер қаражатының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету
9) бухгалтерлiк есептi, сондай-ақ республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептiлiктi енгізудiң және жүзеге асырудың тәртібін әзiрлеу;
10) Қазынашылық жүйесiн ақпараттандырудың бiрыңғай саясатын жүргiзудi ұйымдастыру;
10-1) мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру және оның мониторингі;
11) өзiне заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер болып табылады.
3. Функциялары
ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87; 19.06.02 ж. № 674 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Министрлiк заңдарда белгіленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік қаржыны және мемлекеттік меншiктi басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
2) мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, стратегиялық және индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысу;
3) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысу;
4) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдердi болжамдау;
5) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыштың жай-күйiне жыл сайынғы баға берудi және алдағы 10 жылдық кезеңге арналған болжамды жүзеге асыру;
6) түсетiн түсiмдер мен шығыстар көлемiнiң есептемелерi, үкiметтiк борыш және мемлекеттік кепiлдiктер беру лимиттерi бойынша, сондай-ақ жергіліктi атқарушы органдардың қарыз алу лимиттерi бойынша есептемелер;
7) қарыз алу лимиттерiн, сондай-ақ ерекше маңызды жергіліктi бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ең аз мөлшерiн жергiлiктi атқарушы органдардың назарларына жеткiзу;
8) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетiнiң болжамдық көрсеткiштерiн әзiрлеу;
9) мемлекеттік қаржы, фискальдық саясат және мемлекеттік меншiк саласында заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдау және қорыту, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, мемлекеттік қаржыны басқару мемлекеттік меншiкке иелiк ету, пайдалану және оған билiк ету саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын дайындау;
10) бюджеттік, салықтық және кедендiк саясат, бухгалтерлiк есеп пен аудит, қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу саласында заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын дайындау;
11) өз құзыретiнiң шегiнде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салықтық келісімдер мәселелерiнде уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;
12) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салықтық сараптамасын жүзеге асыру, сондай-ақ салық қызметi органдарымен бiрлесiп келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүргiзу;
13) халықаралық шарттардың, келісімшарттардың және келісімдердiң жобаларын дайындауға қатысу;
14) жергілiктi бюджеттердiң шоттарын, мемлекеттік мекемелердiң шоттарын жүргізу және оларға арналған аударылым операцияларын жүзеге асыру;
15) бекітілген республикалық бюджеттiң жылдық көлемi шегiнде республикалық бюджеттiң айлық тiзiмдемесiн бекіту;
16) республикалық бюджеттен шығыстарды қаржыландыруды және несиелендiрудi жүзеге асыру;
17) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есеп берулердi, сондай-ақ ерекше маңызды бағдарламаларды орындау жөніндегі есеп берудi жасау;
18) республикалық бюджеттiң атқарылу барысы туралы және үкiметтiк борыштың негiзгi сомасын өтеу туралы айлық және тоқсандық ақпарат дайындау;
19) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң шығыстары сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуiн, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының және мемлекеттік меншiктегi өзге де мүлiктiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
20) республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң әзiрленуiн және атқарылуын бақылауды жүзеге асыру;
21) Үкiметтiң резервiн жоспарлау, есептеу, қалыптасуын талдау және мақсатты пайдаланылуын бақылау;
22) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын талдау;
23) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге арналған бiрыңғай бюджеттік жiктеме мен қаржылық есептiлiктiң бiрыңғай нысанын әзiрлеу және бекіту;
24) Қазынашылық комитетi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды басқару;
25) заңды тұлғалардың тапсырмалары бойынша ұлттық та, шетелдiк те валютадағы ақша аударымдарын жүзеге асыру, төлем құжаттарын бақылау;
26) бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында, оның iшiнде өз құзыретiнiң шегiнде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласында уәкiлеттi органның функцияларын орындау;
27) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазынашылық комитетiнiң тиiстi шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердiң валюталық операцияларын жүргiзу және олардың есебi, тексеру жүргізу кезiнде заңдардың сақталуына тексерулер ұйымдастыру;
28) үкiметтiк заемдардың қаржылық шарттарын белгiлеу, жергіліктi атқарушы органдардың заемдарды тартуын келiсу;
29) мемлекеттің кепiлдiгiмен тартылатын мемлекеттік емес заемдардың және жергілiктi атқарушы органдар заемдарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзу;
30) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргізу, үкiметтiк заемдардың шарттарына қол қою, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік емес заемдары бойынша үкiметтiк кепiлдiктер беру;
31) олар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер берiлген барлық мемлекеттік заемдарды, мемлекеттік кепiлдiктердi және мемлекеттік емес заемдарды тiркеу;
32) үкiметтiк заемдарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мемлекеттік заемдардың мемлекеттік кепiлдiктерi бойынша мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету;
33) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергіліктi атқарушы органдардың заемдарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын алудың, өтеудiң және оларға қызмет көрсетудiң мониторингiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
34) үкiметтiк борыштың құрылымын оңтайландыру жөніндегі, мемлекеттік борышты қайта құрылымдау, мемлекеттік қарыз алу тәуекелдерiн басқару жөніндегі iс-шараларды дайындау және жүзеге асыру;
35) республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық, мемлекеттік бағдарламаларды және өзге де iс-шараларды несиелендiру;
36) үкiметтiк сыртқы заемдар туралы келісімдердi бекіту үшiн қажеттi құжаттарды дайындауға қатысу;
37) түпкi заемшылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтiк заемдардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бiрлесiп қаржыландыру үлестерiн республикалық бюджетке қайтаруы туралы iшкi несиелiк келісімдердiң жобаларын дайындау;
38) мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру және оның мониторингі;
39) үкiметтiк заем, мемлекеттiң кепiлдiгi бар мемлекеттік емес заем және кейiнгі үкіметтік қарыз алумен байланысты гранттар қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;
40) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша конкурстық негiзде үкiметтiк заемға, мемлекеттiң кепiлдiгі бар мемлекеттік емес заемға және келесi үкiметтiк қарыз алумен байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы диллерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әрiптестердi iрiктеу;
41) уәкiлеттi банктер-агенттермен бiрлесiп республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкiлiктi заемшылармен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
42) еркiн кеден аймағын құру туралы ұсыныстарды дайындауға қатысу;
43) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгімен бiрлесiп кедендiк төлемдер мен салықтарды төлеудiң тәртібін айқындау, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн салық салудың оңайлатылған режимiн белгiлеу
44) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функциялар.
4. Құқықтары
ҚР Үкіметінің 20.01.01 ж. № 87 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді
12. Министрлiктiң негізгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңдарда белгіленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға;
2) өз құзыретiнiң шегiнде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруға;
3) Қаржы министрлiгінiң қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де актілерiн тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
4) акционерлік қоғамдардағы мемлекеттiң үлесiне және республикалық меншiктегi басқа да мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға, сондай-ақ заң актілері мен ?кімет белгілеген жағдайларда билiк етуге;
5) лицензиялауды жүзеге асыруға;
6) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органының, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органның функцияларын жүзеге асыруға;
7) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
8) бiрыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетiнiң корреспонденттiк шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкiмет белгiлеген тәртiппен тиiмдi орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
9) бөлiнген қаражат қазынашылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды қайтарып алуға, тоқтата тұруға;
10) жергіліктi атқарушы органдардан облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бекітілген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есеп берулердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден шығыстар сметасының атқарылуы туралы ай сайынғы есеп берулердi алуға;
11) қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебiн және сақтауды ұйымдастыруды жүргiзуге;
12) ұлттық және шетелдiк валютада банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға;
13) мемлекеттік қаржы жүйесi органдарының мамандарын қайта даярлау жөнiндегі жұмысты ұйымдастырумен айналысуға;
14) өз құзыретiнiң шегiнде заңды тұлғалардың қаржылық тәртiптi сақтауын бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ оларды заңдарда белгіленген тәртiппен жауапқа тартуды жүзеге асыруға;
15) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне сәйкес және республикалық бюджетте көзделген сомалардың шегiнде несиелер беруге;
15-1) мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуын және жүргізілуін бақылауды жүзеге асыруға;
16) өзiне заңдармен жүктеген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Министрлiктiң мүлкi
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi өзiне мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Министрлiктiң балансында көрсетілетiн өзге де мүлiктiң есебiнен қалыптасады.
14. Министрлiкке бекітілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
6. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiк пен олардың аумақтық органдарын қоса есептегенде оның ведомстволары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
17. Министрдi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдiң өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, оның iшiнде бiр бiрiншi, орынбасарлары - вице-министрлерi болады.
18. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
19. Министр осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңдарға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
5) өз құзыретiнiң шегінде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат саны лимитiнiң шегінде Министрлiктiң құрылымы мен штат санын бекiтедi;
7) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктiң атынан өкiлдiк етедi;
8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
20. Министрлiк қабылдаған шешiмдер министрдiң немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресiмделедi.
21. Бірiншi вице-министр министр болмаған уақытта оның мiндетiн атқарады, Министрлiктiң комитеттерi мен департаменттерiнiң қызметiн үйлестiредi, өзiне министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
22. Вице-министрлер министр белгiлеген өздерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шегiнде Министрлiктiң нормативтiк сипаты жоқ бұйрықтарына қол қояды.
23. Министрлiктiң министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын министр бекiтедi.
24. Министрлiктiң мемлекеттік қаржы саясатын жүргiзу жөніндегі функцияларды iске асыру үшiн құрамына келісім бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
25. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастырудағы өзге де мәселелер, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң құзыретi мен құқықтық өкiлеттiгi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен, белгiленген тәртiппен бекітілетiн Министрлiк қызметiн қамтамасыз ететiн комитеттер, департаменттер және құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелермен белгіленедi.
7. Министрліктi қайта ұйымдастыру және тарату
26. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.