1. Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсты ұйымдастыру кезiнде конкурсты ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және (немесе) тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындап, қызметтер көрсететiн, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдардан сатып алуды жүзеге асыруға мiндеттi.
Бұл орайда мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң аталған ұйымдарындағы мүгедектер саны қызметкерлердiң жалпы санының елу бiр процентiнен кем болмауға тиiс.
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң аталған ұйымдарынан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы және олардың көлемiн (процентпен көрсеткенде) Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлеп отырады.
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен және Қазақстан Республикасы мүгедектерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң сол ұйымдарынан конкурстық өтiнiмдер түспеген жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы сатып алуды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жалпы негiзде жүзеге асыруға құқылы.
5-тарау. Қорытынды ережелер
28-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылау
Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тапсырыс берушi жүзеге асырады.
29-бап. Конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң және конкурстық комиссияның iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағым жасау
1. Мемлекеттiк сатып алу процесiн жүргiзу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдары бұзылған жағдайда, ықтимал өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу процесiнiң өткiзiлуi барысында конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң немесе конкурстық комиссияның iс-әрекетi мен шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға құқылы. Бұл орайда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн таңдау шағым жасалу объектiсi болмайды.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдары бұзылған жағдайда, уәкiлеттi орган конкурсты ұйымдастырушының, тапсырыс берушiнiң немесе конкурстық комиссияның мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға дейiнгi шешiмдерiн жарамсыз деп тануға және мемлекеттiк сатып алу процесiн тоқтатуға құқылы.
Бұл орайда, егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалып, күшiне енсе, уәкiлеттi орган осы мәмiленi жарамсыз деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнуге мiндеттi.
30-бап. Дауларды шешу
Мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
31-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу ттуралы заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N17-18, 216-құжат; 1998 ж., N 23, 415-құжат; 1999 ж., N 23, 932-құжат.) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының