2. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамаға сәйкес онда көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей ықтимал өнiм берушiлерден осы мерзiмдi нақты уақыт кезеңiне ұзартуды өтiнуге құқылы. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтып алу құқығын жоғалтпай, мұндай сауалды қабылдамауға құқылы және оның конкурстық өтiнiмiнiң мерзiмi ұзартылмаған қолданылу мерзiмi бiткен соң аяқталады.
4. Ықтимал өнiм берушi өзi берген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуге немесе керi қайтарып алуға құқылы. Мұндай өзгерiс немесе керi қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
5. Конкурстық өтiнiм берудiң ең соңғы мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн берiлген конкурстық өтiнiм ашылмайды және ол ықтимал өнiм берушiге қайтарылады.
14-бап. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету
1. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген ықтимал өнiм берушi, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген, конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн керi қайтарып алмайтынына немесе өзгертпейтiнiне кепiлдiк беретiн нысанда, тәсiл мен жағдайларда мәлiмделген жалпы соманың үш процентi мөлшерiнде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзуге, сондай-ақ оның конкурстық өтiнiмi жеңiп шықты деп танылған жағдайда мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға мiндеттi.
2. Ықтимал өнiм берушiлер, егер:
1) олар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi және (немесе) тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындап, қызметтер көрсететiн, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдар болса және олар ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi құн түрiнде тиiстi қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана;
2) мемлекеттiк сатып алу нысанасы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер, талдамалар жүргiзу болса;
3) олар екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурстың бiрiншi кезеңiне қатысса, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.
3. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) банк кепiлдiгi түрiнде берiлуi мүмкiн.
4. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi конкурстық өтiнiмнiң өзiнiң қолданылу мерзiмiнен кем болмауға тиiс.
5. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету, егер ықтимал өнiм берушi:
1) конкурстық өтiнiмдi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) конкурстың жеңiмпазы ретiнде анықтала отырып, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасаспаса;
3) конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және талаптарда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбесе, конкурстық өтiнiмдi және тиiстi қамтамасыз етудi табыс еткен ықтимал өнiм берушiге қайтарылмайды.
Бұл орайда, мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылған жағдайда, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджет кiрiсiне немесе, егер ол конкурсты ұйымдастырушы болса, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебiне аударылады.
6. Конкурсты ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiге енгiзiлген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету келiп түскен кезiнен бастап мынадай жағдайларда:
1) конкурстық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi өткен;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген;
3) конкурстың жеңiмпазы анықталмай, мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерi тоқтатылған;
4) конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн конкурстық өтiнiм керi қайтарып алынған;
5) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейдi деп, конкурстық өтiнiм қабылданбаған жағдайларда бес жұмыс күнi iшiнде қайтарып бередi.
15-бап. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
1. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақыт пен орында ашады. Конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
2. Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия қатысып отырған тұлғаларға конкурсқа қатысатын ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен тұратын жерiн, олар ұсынған бағаны, егер олар құжат арқылы көрсетiлсе, конкурстық өтiнiмдердi керi қайтарып алуды және өзгертудi, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды және конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасын жасайды.
Конкурстық өтiнiмдердi ашу хаттамасының конкурстық комиссиясының мүшелерi қол қойған көшiрмесi ашу рәсiмi кезiнде қатысушы ықтимал өнiм берушiлерге берiледi, қатыспағандарға - олардан сауал салу алынған күннен бастап екi жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
16-бап. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау мен салыстыру және конкурс қорытындыларын шығару
1. Конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде:
1) конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыруды жеңiлдету үшiн ықтимал өнiм берушiлерден олардың конкурстық өтiнiм беруiне байланысты түсiндiрмелер сұратуға құқылы;
2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiру үшiн сауалдар, ұсыныстар немесе рұқсаттар жасауға жол берiлмейдi.
2. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдi, егер онда конкурстық өтiнiмнiң мәнiн өзгертпей түзетуге келетiн грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн конкурстық өтiнiм ретiнде қарайды.
3. Конкурстық комиссия, егер:
1) осы конкурстық өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмесе;
2) ықтимал өнiм берушi, осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлем мен талаптарда конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбесе;
3) осы конкурстық өтiнiм, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмесе;
4) конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасы осы тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға бөлiнген сомадан артық болса, конкурстық өтiнiмдi қабылдамайды.
4. Егер конкурсқа қатысуға бiлiктiлiк талаптарын қанағаттандыратын екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiм берсе, конкурстық комиссия конкурс өтпедi деп таниды.
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алуға конкурс өткiзу кезiнде, егер қайсыбiр лот бойынша бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн екеуден кем ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiм бермесе, конкурстық комиссия осы лот бойынша конкурс өтпедi деп таниды.
Егер табыс етiлген барлық конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейдi деп қабылданбаса да, конкурстық комиссия конкурс өтпедi деп таниды.
5. Егер конкурс тұтас алғанда немесе қайсыбiр лот бойынша өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi конкурсты ұйымдастырушыға:
1) конкурстық құжаттаманың мазмұнын өзгертудi және қайтадан конкурс өткiзудi;
2) екi кезеңдi рәсiмдi пайдалана отырып, конкурс өткiзудi ұсынуға құқылы.
6. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қабылданған конкурстық өтiнiмдерге баға берiп, оларды салыстырады және ең төмен баға негiзiнде немесе мынадай өлшемдердi ескере отырып, жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтайды:
1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
2) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;
3) тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды аяқтау немесе қызметтердi көрсету мерзiмдерi;
4) тауарлардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары;
5) төлем талаптары;
6) тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге кепiлдiк беру талаптары;
7) мейлiнше жоғары экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ететiн басқа да өлшемдер (қосымша инвестициялар, жұмыспен қамтуды ынталандыру, технологияны беру мен басқару, ғылыми және өндiрiс кадрларын даярлау);
8) осы Заңның 26-бабына сәйкес отандық тауар өндiрушiлердi - ықтимал өнiм берушiлердi қолдау;
9) ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк деректерi.
7. Мемлекеттiк сатып алудың нысанасы консультациялық қызметтер көрсетудi тарту болатын жағдайда:
1) конкурстық өтiнiмнiң бағасы;
2) консультациялық қызметтердiң сапалық сипаттамалары;
3) ықтимал өнiм берушiнiң осы қызметтер көрсету рыногындағы жұмыс тәжiрибесi;
4) ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк деректерi, беделi, сенiмдiлiгi, кәсiптiк құзыретi iрiктеу өлшемдерi болып табылады.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған коверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде конкурстың қорытындыларын шығарады.
9. Конкурстың қорытындылары осы Заңның 17-бабына сәйкес отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның мүшелерi қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi.
10. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн уәкiлеттi органға табыс етедi.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде конкурс нәтижелерiн оның атауын, жеңiмпазы мен оның мекен-жайын, конкурс жеңiмпазы ұсынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң атауын және бiрлiгiнiң бағасын көрсете отырып, мерзiмдi баспасөзде жариялау жолымен барлық қатысқан ықтимал өнiм берушiлерге хабарлайды.
17-бап. Конкурс қорытындылары туралы хаттама
1. Конкурс арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық комиссия конкурстың қорытындылары туралы хаттама ресiмдеуге мiндеттi, онда мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) әрбiр лот бойынша конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерi және жеңiмпаз анықталатын талаптар көрсетiле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлердiң атауы мен орналасқан жерi;
3) конкурстық өтiнiмдердi табыс еткен ықтимал өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк деректерi туралы немесе осындай деректердiң жоқ болуы туралы;
4) әрбiр конкурстық өтiнiмнiң бағасы және басқа да негiзгi жағдайларының қысқаша мазмұны;
5) конкурстық өтiнiмдердi бағалаудың мазмұны және оларды салыстыру;
6) конкурстық өтiнiмдердi қабылдамаудың себептерiн көрсету;
7) егер конкурс нәтижесiнде жеңiмпаз анықталмаса, себептерiн көрсету;
8) конкурстық құжаттамаға түсiндiрме беру туралы сауалдардың, оларға қайтарылған жауаптардың қорытылған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулардың қорытылған мазмұны;
9) мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiс болған мерзiм (конкурс жеңiмпазы хабарламаны алған кезден бастап үш жұмыс күнiнен аспауыы керек).
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат конкурсқа қатысуға конкурстық өтiнiмдi табыс еткен кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талап етуi бойынша конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейiн табыс етiледi. Егер бұл ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары болса, ол Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етiледi.
3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды басқа
тәсілдермен жүзеге асыру
18-бап. Жабық конкурс
1. Жабық конкурс уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша, тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер олардың күрделi немесе мамандандырылған сипатта болуы себебiмен ықтимал өнiм берушiлердiң конкурсты ұйымдастырушыға алдын ала мәлiм шектеулi санында ғана болған жағдайларда өткiзiледi.
2. Жабық конкурс өткiзу туралы хабарлама сатып алынатын тауарлары, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерi бар барлық ықтимал өнiм берушiлерге осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жiберiлуге тиiс.
Хабарлама жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердiң тiзiмiн тапсырыс берушiнiң басшысы бекiтедi.
3. Жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген нормалар қолданылады.
19-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс
1. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс:
1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн толық тұжырымдау, олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын анықтау қиын және ықтимал өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрау не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе талдамалар жасау қажет болған;
3) бiр кезеңдi ашық конкурс немесе жабық конкурс жеңiмпазды анықтауға жеткiзбеген жағдайларда өткiзiледi.
2. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс мынадай кезеңдердiң:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, қызмет көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты ұсыныстарды ықтимал өнiм берушiлерден конкурстық құжаттама негiзiнде сұрату; ықтимал өнiм берушiлер конкурстық құжаттамаға сәйкес бағасын көрсетпей табыс еткен бастапқы конкурстық өтiнiмдердi қарау; ықтимал өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; қажет болған жағдайда тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды берудiң (орындаудың, қызмет көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн ықтимал өнiм берушiлермен талқылау;
2) ықтимал өнiм берушiлер табыс еткен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамалары негiзiнде конкурстық құжаттамаға конкурсты ұйымдастырушының өзгерiстер енгiзуi; конкурстың бiрiншi кезеңiнен өткен ықтимал өнiм берушiлердiң түпкiлiктi конкурстық өтiнiмдердi табыс етуi; олардың бағасы мен бағалық ұсыныстарын және бағалау өлшемдерiн ескере отырып салыстыру, конкурс қорытындыларын шығару кезеңдерiнiң жиынтығы болып табылады.
3. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурс арқылы мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бастапқы конкурстық құжаттамада осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 2), 7) - 9) тармақшаларында айтылған ақпарат болмауы мүмкiн.
4. Ықтимал өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтару құқығын жоғалтпай, түпкi конкурстық өтiнiмдi табыс етпеуге құқылы.
5. Конкурстық комиссия түпкi конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен аспайтын мерзiмде екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын конкурстың қорытындыларын шығарады.
6. Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын ашық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы Заңның 2-тарауында көзделген нормалар қолданылады.
Екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылатын жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, осы Заңның 18-бабында көзделген нормалар қолданылады.
20-бап. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды ппайдалана отырып ттаңдау
1. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау тапсырыс берушi үшiн егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң елеулi маңызы жоқ, нақтылы бар тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жүргiзiледi, бұл орайда баға шешушi талап болып табылады.
2. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын сұратуды пайдалана отырып таңдау қандай болса да бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемiнiң құны жағынан Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана қолданылады.
3. Өнiм берушiнi баға ұсыныстарын пайдалана отырып таңдау әдiсiн қолдану мақсатында қаржы жылы iшiнде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектi түрлерiн сатып алудың жылдық көлемiн олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгенен кем болатындай бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.
4. Тапсырыс берушi кем дегенде екi аффилиирлендiрiлмеген ықтимал өнiм берушiден сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге жазбаша баға ұсыныстарын сұратады және белгiленген мерзiмде түскен барлық баға ұсыныстарын қарайды. Тапсырыс берушi ең төмен баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнiм берушiден тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алады.
21-бап. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу
1. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу конкурсты қолданбай сатып алуды бiлдiредi және:
1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер табиғи монополияның субъектiсi болып табылатын ықтимал өнiм берушiде ғана нақтылы болған немесе қандай да бiр нақты ықтимал өнiм берушiнiң баламасы жоқ болған жағдайда осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге қатысты айрықша құқықтары болған;
2) дүлей зiлзалалар (жер сiлкiну, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, iндеттер мен эпизоотиялар, ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен ормандарды аурулардың және зиянкестердiң зақымдануы туғызған төтенше жағдайлардың, сондай-ақ өнеркәсiп, көлiк авариялары мен басқа да авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар шығаратын (шығару қатерi бар) өрттер, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, бөгеттердiң бұзылуы, тiршiлiк етудiң электр энергетикалық және коммуникациялық жүйелерiндегi, тазалау құрылыстарындағы авариялар туғызған төтенше жағдайлардың салдарынан Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сол тауарларға, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге конкурс өткiзу мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жедел қажеттiктер туындаған;
3) қандай да бiр өнiм берушiден тауарлар, жабдықтар, технологиялар немесе көрсетiлетiн қызметтер сатып алған тапсырыс берушiде нақ сол тапсырыс берушiде бiрыңғайлау, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен немесе көрсетiлетiн қызметтермен сыйымдылығын қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындайттыынн;
4) конкурс өтпей қалды деп танылған және тапсырыс берушi қолданған, осы Заңның 16-бабының 5-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға жеткiзбеген жағдайларда ғана жүргiзiледi;
5) сатып алғанда сттратегиялық маңызы зор тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер берушiнi осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Егер бiртектi тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алудың жылдық көлемi құндық түрiнде Қазақстан Республикасының заңдарында тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен асып түссе, табиғи монополияның субъектiлерiнен тауарлар, жжұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер сатып алуды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiсе отырып жжүзеге асырады. Қаржы жылы iшiнде бiртектi тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық көлемiн олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен кем болатындай бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.
3. Бiр көзден меемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық комиссия осындай ықтимал өнiм берушiден тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң осы ықтимал өнiм берушi ұсынып отырған бағасының барлық қажеттi негiздемелерiн сұратады.
4. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ықтимал өнiм берушi осы Заңның 8-бабында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.
5. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде конкурстық комиссия сатып алу туралы хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпараттар:
1) бiр көзден мемлекеттiк сатып алу әдiсiн қолданудың негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы болуға тиiс.
22-бап. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу
Мемлекеттiк сатып алу процесiнде тек қана ашық тауар биржалары арқылы сатылуға тиiстi тауарлар биржаларының тiзбесiне енгiзiлген тауарлар сатып алынатын жағдайда, мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
23-бап. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу
1. Тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазы - ықтимал өнiм берушiге хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны оларға жiбередi.
2. Конкурстың жеңiмпазы оның конкурстық өтiнiмiн жеңiп шықты деп тану туралы хабарламаны және мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын алған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде осы шартқа қол қоюға немесе тапсырыс берушiнi келiспеушiлiктер туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Егер конкурс жеңiмпазы деп танылған ықтимал өнiм берушi осы баптың 2-тармағында белгiленген мерзiмде мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тапсырыс берушi ұсынысы тапсырыс берушi үшiн конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес жеңiмпаздың ұсынысынан кейiнгi ең қолайлы ұсыныс болып табылатын конкурсқа басқа қатысушымен шарт жасасуға құқылы.
4. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе мемлекеттiк сатып алу туралы қол қойылған шартқа өнiм берушi үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерiс және жаңа талаптар енгiзуге жол берiлмейдi.
5. Тапсырыс берушi өнiм берушiден мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудi талап етуге құқылы және өнiм берушi бұл қамтамасыз етудi ол конкурстық құжаттамада көзделген жағдайда ғана Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен енгiзуге мiндеттi.
6. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттаа тараптардың оны орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн айыппұл санкциялары көзделуге тиiс.
4-тарау. Арнаулы ережелер
24-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiк сатып алудың ерекше талаптары
Мемлекеттiк сатып алу процесi үшiн құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше тәртiп белгiлеу талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк сатып алу осы Заңға сәйкес жүргiзiледi. Осындай сатып алуды жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
25-бап. Жеке адамдар үшiн мемлекет кепiлдiк берген көрсетiлетiн
қызметтердi сатып алудың ерекше талаптары
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде мемлекет кепiлдiк берген қызметтер көрсетушiнi таңдау құқығы тiкелей жеке адамға берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен белгiленген баға (тарифтер) бойынша жеке адам таңдаған өнiм берушiден осы қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушi жүзеге асырады.
26-бап. Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау тааллааппттааррыы
1. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлердiң жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтау кезiнде басымдығы болады, оның тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2. Отандық тауар өндiрушi - ықтимал өнiм берушiлерге басымдық беру талабы конкурстық құжаттамада көзделуге тиiс.
3. Егер мемлекеттiк сатып алудың нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын (көрсетiлетiн) жұмыстар (қызметтер) болса, тапсырыс берушi отандық (қазақстандық) шикiзат пен материалдарды, жергiлiктi (қазақстандық) еңбек және өндiрiс ресурстарын пайдалана отырып, жұмыстар орындауды (қызметтер көрсетудi) талап етуге құқылы. Мұндай талап конкурстық құжаттамада көзделуге тиiс.
27-бап. Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi ұйымдарын қолдау