"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 853 Жарлығы
(ҚР Президентінің 11.02.03 ж. N 1022 Жарлығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы N 1267 Жарлығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығымен
бекітілген
"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Президентінің 11.02.03 ж. N 1022 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрi - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес теңiз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкiмшiлiк-аумақтық шекарасының шегiндегi аумақтың бөлігінде орналасқан.
АЭА-ның аумағы 227,1 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
2. АЭА республика экономикасының дүниежүзілік шаруашылық байланыстар жүйесiне белсендi енуi, тиiмдiлiгi жоғары, соның iшiнде жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, сондай-ақ әлеуметтiк мәселелердi шешу үшiн аймақты жеделдете дамыту мақсатында құрылады.
АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екiншi деңгейдегi банктер банк қызметiн көрсетедi.
3. АЭА-ның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2. АЭА-ны басқару және атқарушы органдардың өкiлеттiктерi
4. Ақтау қаласының әкiмияты:
АЭА-ны басқаруды;
АЭА-ның даму стратегиясы мен бағдарламасын әзiрлеудi және іске асыруды;
АЭА-ның аумағындағы мемлекеттiк және өзге де органдардың өзара iс-қимылын;
АЭА-ны дамыту үшiн отандық және шетелдiк инвестицияларды, сондай-ақ несие қаражатын тартуды және оны құру мақсатына қол жеткiзудi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5. Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың АЭА қызметiн қамтамасыз етуге байланысты жекелеген функцияларын орындау үшiн Ақтау қаласының әкiмi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құруға хақылы.
3. АЭА-ның аумағында салық салу
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.
4. Кедендiк реттеу
7. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын Қазақстан Республикасының аумағы ретiнде қаралады.
АЭА шекарасының периметрлерi арнайы қоршаумен жабдықталады.
8. АЭА-ның аумағындағы кедендiк ресiмдеу және бақылау Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
5. Шетелдiк азаматтардың АЭА-ның аумағында болу тәртiбi
9. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдерде белгiленген, АЭА-ның аумағына шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлiк құралдарының кіру, шығу, транзит және онда болу тәртiбi қолданылады.
6. Қорытынды ережелер
10. Осы Ережеде Белгiленген талаптар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
11. АЭА құрылған мерзiмi аяқталғаннан кейiн таратылады.
12. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен мерзiмiнен бұрын таратылуы мүмкiн.
13. АЭА-ны таратқан кезде Ақтау қаласының әкiмияты:
таратуға дейiн үш айдан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресми жариялауға құқығы бар баспа басылымдарында АЭА-ны алдағы уақытта тарату, оны таратуға байланысты өтiнiштер мен талап-арыздарды қабылдау тәртiбi мен мерзiмдерi туралы хабарландыру жариялайды;
АЭА-ның аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кеден режимiне қайта ресiмдеу тәртiбiн түсiндiрудi қамтамасыз етедi;
АЭА таратылғаннан кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне АЭА қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп бередi.
14. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату осы Ереженiң 13-тармағында көзделген рәсiмдер сақтала отырып, алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей аяқталуға тиiс.
"Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық
аймағы туралы" Ережеге
1-қосымша
ҚР Президентінің 11.02.03 ж. N 1022 Жарлығымен 1-қосымша жаңа редакцияда
"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы
аумағының жоспары
[Графикалық нысанды қараңыз]